- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
