- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
38 мемлекетті қатыстырып, 10 млн. сарбаз өмірін қиып, 12 млн.-дай бейбіт халықты жойған аса ауқымды алапат қырғын халықтар трагедиясының драмасына айналды. Осы жылы ғасыр толған жиһан соғысы жайында қазіргі тарихнамада адам өмірі мәселесі туралы әлеуметтік сұрақтар басым назарға алынып, сондай-ақ соғыстың медицинаның дамуына, әскери техниканың сыналуына, милитаризмнің қарқындауына және ең соңында жаһандану үрдістеріне ықпалы деген мәселелерді қарастыра бастады. Бұған соғыс зардабына ұшыраған аз халықтардың қасіреті туралы сұрақтарды қосар едік. Өйткені, бұл соғыстың екпіні мен дүмпуін қазақ, қырғыз сияқты Ресей империясының барынша отарлық қанауға ұшыраған халықтары көрді, күйзелді. Дүние жүзілік соғыстың қазақ халқына және тұтастай алғанда Қазақстанға тигізген зардабы жайында кең мәліметтерді сол кезеңде ғұмыр кешкен Алаш зиялылары мұраларынан кездестіруге болады. Жаһан соғысының зардабы қазақ жерінде атақты 1916 жылғы көтеріліске әкелгенін терең талдап, алғашқы зерттеулерін жүргізген-де осы Алаш қайраткерлері болатын. Бірінші Дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлды- рауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Erіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі — жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Транссібір темір жолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарын да қамтыды. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарды тыл жұмысына алу туралы жарлығы шықты. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болды. Шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты – ұлттық және саяси, азаттық болды. Қазақстанның әртүрлі аудандарында пайда болған стихиялы қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады: Жетісуда (басшылары: Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов, Тоқаш Бокин, Әубәкір Жүнісов, Серікбай Қанаев, Монай және Мұқан Ұзақбаевтар) және Торғайда (басшылары — Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин) оның ірі ошақтары пайда болды.
10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
Зерттеу жұмысында Түркістан генерал-губернаторлығы Жетісу облысы құрамындағы ортақ тағдырлы қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихы талданып, олардың көтеріліске шығу себептері мен барысы, билік жүйесінің бұл оқиғаға байланысты ұстанымы, көтерілістің басып-жаншылуы, босқыншылыққа ұшыраған халықтың жағдайы және Отанына қайтып оралғаннан кейінгі тағдыры талдауға алынады.
1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығының қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басты себебі ретінде қарастырылуы. Ақиқатында, халықтың қолына қару алып, бұрын-соңды болмаған жаппай Орта Азия мен Қазақстан, Қалмықия, Солтүстік Кавказ елдері ауқымының көтеріліске шығуына Ресей империясының XIX ғасырдың 60-ыншы жылдарындағы реформаның іс жүзіне асырылмауынан, 90-ыншы жылдары шаруашылық дағдарысына жол бергендігінде. Шикізат қорларын иемдену мақсатында отарларға әскери жорықтар ұйымдастыру жеделдетілді. Еуропадан келетін тауарлар тоқтатылды. Сонымен бірге Парсы, Ауған тарапынан ағылшындар да бұл аймаққа көзін тікті. Яғни, шетелдердің сыртқы саяси ойын технологиясының әсері де болмай қалмады. Өлкедегі билік орыс үкіметінің әскери және азаматтық әкімшілігінің қолында болатын. Әскери қысым, парақорлық, алым-салықтардың өсуі, сауатсыздық, тұрғындардың жұпалы аурулар мен індетті науқасқа шалдығуы, олардың тұрмысын жүдетті. Әкімшілік болса орыс қоныстанушыларын өздерінің үстемдігін қамтамасыз ететін күш ретінде қарады. Сондай әкімшілік әпербақандарының бірі: «Әрбір орыс қоныстанушысы жауынгер батальонына тең» деген. XIX ғасырдың 90-ыншы жылдары орыс қоныстанушыларына қару-жарақ та таратылған. «Бұратаналардың» көтерілісі бола қалған жағдайға 30 мыңдай қоныстанушыны қарумен қамтамасыз ететін, қоймада бірнеше ондаған мың қару-жарақ сақталған. Осындай жағдайда «бұратаналарды» тыл жұмысына шақыру «отқа май құйғандай болды». Бүгін барша әлем мойындап, үлкен беделге ие болып отырған тәуелсіз Қазақстанның тарихы күрделі кезеңдерден тұратыны белгілі. Қазақ халқы аса ауыр саяси, әлеуметтік- экономикалық процестерді басынан кешірді. Ең ауыр кезеңнің бірі – ХХ ғасырдың алғашқы жартысы болғаны күмәнсіз. Ресей империясының отарлық саясатының кесірінен қазақ халқының құнарлы да шұрайлы жерлерінен айырылуы, көшпелі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы, 1917 жылғы орыс революциялары, азамат соғысы, ашаршылық халыққа ауыр тиді. Екінші жағынан, социалистік қайта құрулар нәтижесінде қазақ халқы өз тарихында тұңғыш ұлттық республикасына ие болып, отырықшы өмір салтына өтті. Қазақстан аумағының тең жартысы, яғни бүгінгі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Маңғыстау облысының бір бөлігі 1917-1924 жылдары әкімшілік жағынан Түркістан Республикасының құрамында болды. Революция мен азамат соғысы жылдарында Түркістанның басқа да мұсылман халықтары сынды қазақтар да үлкен әлеуметтік-экономикалық апатқа ұшырап, сұрапыл ашаршылықты басынан өткізді. Миллиондаған қандастарымыз жазықсыз опат болды. Елге аса ауыр болған осындай қиын-қыстау кезеңде Тәңірінің өзі туған халқына қызмет етуді несіп еткен тарлан тұлғалар аз болған жоқ, солардың бірі Орталық Азияның ірі саяси қайраткері – Тұрар Рысқұлов еді. Ол – Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның болашақ саяси және экономикалық тәуелсіздігінің негізін қалаған тарихи тұлғалардың бірі болды. Тұрар Рысқұлов алдымен Түркістан Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы, артынан Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесін басқарды. Орталық Азияның халық шаруашылығын қалпына келтіру және өркендету, өндірісті дамыту, оқу-ағарту ісі жолға қою, сауатсыздықты жою, халықтардың саяси-экономикалық және әлеуметтік құқығын теңестіру және тағы басқа орасан зор ауқымдағы шараларды іске асырды. Тұрар Рысқұловтың (1894-1938) қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі біршама дәрежеде зерттелінген. Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін зерттеу өткен ғасырдың 60-шы жылдары басталған болатын. Алғашында мерзімді баспасөз бетінде көрініс тапқан жарияланымдар бірте-бірте ірі ғылыми ізденістерге жол ашты.
