- •1)Студент жастарға Білім және Тәрбие берудегі «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінің міндеттері мен маңызы
- •2)Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық жағдайы. Тәуелсіздік үшін күрестің алғышарттары
- •3) Ресей империясының қазақ жеріне қоныс аудару саясатының күшеюі. Столыпиннің аграрлық реформасы және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдайдың күрт шиеленісуі
- •4) Хх ғ. Бас кезіндегі Қазақ жеріндегі өндіріс ошақтарының қалыптасуы ерекшеліктері және оның отарлық сипаты
- •6) Қазақ зиялыларының I және II-Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы және қызметі.
- •7)Қоғамдық сананы дүр сілкіндірген қазақ ұлттық зиялы қауымының қалыптасуы, құрамы, қоғамдық қызметі. Ұлт-азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы.
- •8)20Ғ. Бас кезіндегі қазақ ағартушылары: ерекшеліктері, мақсаты, тарихи тұлғасы.
- •9) Бірінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстанда жалпы ұлттық дағдарысты күшеюі.
- •10) 1916 Жылғы ұлт-азаттық көтерілісі :себептері, қозғаушы куштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •11) Ақпан буржуазиялық демократиялықреволюциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі
- •12) Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси және діни партиялардың құрылуы
- •13) «Алаш» ұлттық партиясының құрылуы және бағдарламасы. Бүкілресейлік Құрылтай съезіне депуттатар сайлау. Алаш партиясының жеңісі.
- •14) Қазан төңкерісі және Қазақстандағы қоғамдық саяси өмірі. Қазақстанда Кеңестер билігінің орнауы
- •15.Алғашқы ұлттық автономиялардың құрылуы мен қызметі
- •16.Қазақстан территориясындағы Азамат соғысы және оның зардаптары
- •17. Ұлттық автономиядан таптық автономияға. Қырғыз (Қазақ) акср-нің құрылуы
- •18. «Әскери коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •19. Қырғыз (Қазақ) акср-нің территориялық шекарасын айқындауға командалық-әкімшілік шешімдер. Біртұтас Түркістан идеясының жеңіліске ұшырауы.
- •20.Қазақстандағы индустрияландыру және оның жүргізілуі бағытына қазақ қайраткерлерінің көзқарасы
- •21)Қазақстандағы ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.Қазақтардың шет мемлекеттерге ауа көшуі және олардың қасіретті тағдыры.
- •22)XX ғ. Ғ. 30-шы жылдарындағы республикадағы мәдени құрылыс.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы кеңестік реформалардың қарама қайшылықтары.Қазақ халқының ұлттық және мәдени қайнарларының бұзылуы.
- •23)Республикадағы Сталиндік жаппай қуғын сүргіннің жүргізілуі.Қазақ жеріне көптеген халықтардың күштеп қоныс аударылуы және оның зардаптары.
- •24)Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰтзу-дың құрылуы, қалыптасу және даму тарихы.
- •25.Ұлы Отан соғысы басталуы мен негізгі кезеңдері
- •26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі
- •27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары
- •28) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерен ерліктері. Соғыс салдарынан қираған елді мекендерді қалпына келтірудегі қазақстандықтардың көмегі
- •30. Соғыстан кейінгі коғамдык-саяси жағдай
- •31. «Жеке басқа табынудың» шарықтауы және «Хрущев жылымығы». Одақ пен Республика басқарушыларының арасындағы қарым-қатынастардың қиыншылықтары. Орталықтың ұлттық мүддені елемеуі
- •32) Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның қорытындылары мен зардаптары
- •33) Әлеуметтік-экономикалық жағдай: қарама-қайшылықар мен қиыншылықтар. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытының күшеюі(1965-1985жж)
- •34.Рухани және мәдени өмірдегі тоқыраулық құбылыстардың тереңдеуі. Экологиялық проблемалар және Арал қасіреті (1965-1985 жж.)
- •35.Ұлттық саясатты жүргізудегі Орталықтың әділетсіз шешімдерінің күшеюі. Целиноград оқиғасы. Қазақ тілінің қоланыс аясының шектелуі(1965-1985)
- •36.Тәуелсіздік жаршысы болған 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •38.Тәуелсіздік қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай
- •39. Ксро-ның ыдырауының себептері және Тмд-ның құрылуы.
- •40. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы.
- •41. Тәуелсіз Қазақстандағы конституциялық-құқықтық реформаларды іске асырудың өзіндік жолы: қиындықтар мен тарихи шешімдер.
- •42.Қазақстан Республикасы рәміздерінің бекітілуі. Тарихи мәдени мұраларды қорғау және патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы.
- •43)Қр-ның қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру жолындағы іс-шаралардың атқарылуы және саяси партиялардың қалыптасуы барысындағы қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар
- •44) Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы Қазақстан экономикалық дағдарыстың жағдайы және нарықтық қатынасқа көшу
- •45) Елбасының биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясаты – Қазақстанның жаһандануға берген жауабы
- •47. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау, спорт және дене тәрбиесән дамыту, саламатты өмір салтын қалыптастыру.
- •48. Елбасының «Қазақстанныі әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы (2012 ж). Елдің еңбек қуатын, адам капиталын дамыту стратегисы.
- •50. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. «Интеллектуалды ұлт-2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •2012 Жылдың бірінші жартыжылдығында Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізу жөніндегі жүйелі жұмыстар жүргізілді.
- •52)Қазақстанның көп этностылығының қалыптасу тарихы және ұлтаралық келісімнің қазақстандық жолы
- •54)Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасы.
- •55)Қр-ның мдәени құрылысы барысындағы қиыншылықтары мен жетістіктері
- •57. Мәдениет саласына жаһандық өзгерістердің әсер етуі және ұлттық мәдениетті сақтау міндеттері.
- •58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.
- •59. Қазіргі Қазақстан территориясындағы ислам мәдениетінің тарихы.
- •60.Конференциялық келісім және діни сенім бостандығының қазақстандық үлгісі
- •61. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлттық тарихты ұлықтауға арналған іс-шаралар. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты еңбегіндегі ұлттық таризты зерделеу мәселелері.
- •63.Ұлттық тарих рухында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
- •65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері
- •66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы
- •67. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи бастаулары және бүгінгі тәуелсіздігімізбен сабақастығы
- •68. Мәңгілік елдің негізгі идеялары мен құндылықтары.
- •70. Қазақстан - әлем таныған ел.
- •75. Қр президенті н.Ә.Назарбаевтың – өмір жолы және қайраткерлік қызметі.
- •76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
- •78.Назарбаев н. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. (Елбасының 2016ж Қазақстан халқына жолдауы)
76)Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың халықаралық тұрақтылық және бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы рөлі.
Елдегі түрлі конфессиялардың келісімі мен ынтымағын нығайтудың оңтайлы әдісі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін атап өтсек болады. Идея авторы – Н.Ә. Назарбаев. Әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы келісімге бағытталған Қазақстанның саясаты мен тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа түрлі конфессиялардың өзара сенімі негізінде бірлесе ғұмыр кешуінің нақтылы мүмкіндіктері барлығын және оның қажеттілігін тағы бір рет дәлелдеді. Нәтижесінде Қазақстан дінаралық үнқатысу орталығы ретінде танылды. Оған, Астанада 2003, 2006, 2009, 2012 жылдары өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің съездері дәлел. Осы айтулы шаралардың әрқайсысы өзіндік маңызымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда Қазақстан әлемге діни бейбітшілік орнатудың бастамашысы ретінде танылған мемлекет. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдегі дін төңірегінде туындаған дүрдараздықтарды ауыздықтауға, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге зор үлес қосып келеді. Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің келешек даму стратегиясын айқындап, дін саласына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер көтеріп, оны шешу жолдарын жан-жақты қарастырып өтті. Елбасы дәстүрлі дініміздің жағдайына тоқтала келе, бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір тұрғанын қадап айтты. «Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз» екендігін алға тартты. Сондай-ақ, «Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек», - деп ескертті.
Бүгiнгi қоғамдағы түбегейлi өзгерiстер халқымыздың ауыз бiрлiгiн, белсендiлiгiн, әр азаматтың жеке басының жауапкершiлiгiн талап етедi. Қоғамдағы келiсiм мен бейбiт өмiр, саяси тұрақтылық үшiн жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына, елi мен жерiне деген сүйiспеншiлiктен ғана туады.
Халық бiрлiгi, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы ұранымыз ортақ тарихымызға деген көзқарасымыз, өзге ұлт өкілдеріне деген құрметiмiзді келешек ұрпаққа жеткiзу, насихаттау болып табылады.
2006 жылы Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті cессиясында Елбасы Құрбан айт пен Рождествоның алғашқы күндерін мерекелік демалыс күндері етіп жариялауды ұсынды. Халық қызу қолдаған осы бір тарихи оқиғаны желтоқсан айының басында Мәжілістің бір топ депутаттары қолдап, жалпы отырысқа ұсынды. Онда «Мерекелер туралы» Заңға жедел өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде мәселе көтеріліп, кейін Парламентте қаралып, мерекелік демалыс күндері болып бекітілді. Бүгінде бұл діни мерекелер халқымыздың дәстүрлі мерекесіне айналып, жылда республикалық деңгейде аталып өтуде.
2006 жылдың 28 маусымындағы № 593 Қазақстан Республикасының Қаулысымен «Қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім үлгісін жетілдіру бойынша» арнайы Бағдарлама қабылданған болатын. Әрине, бұл құжат елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуда және Қазақстан халықтары арасындағы келісім мен татулықты бекіте түсуде ұйымдастырушы, үйлестіруші басты құжат болды десе де болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды. 2008 жылы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойғаны мәлім.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ассамблеяның ХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Ассамблея қызметінің басты қағидаларын айқындап берді:
Қазақстандағы этностық, конфессиялық, мәдени және тіл ерекшеліктерін;
этностардың мәдениеті мен тілдерін дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар туралы;
сондай-ақ, қазақ ұлтының толеранттылығы мен жауапкершілігін;
қазақ этносының ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін;
Қазақстан халқының бірлігі екендігін, – нақты көрсеткен болатын.
Жалпы алғанда, ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіру мәселесінде өзіндік жаңа үлгіге ие болған, елімізде татулық пен бірлікті, ынтымақтастықты барынша нығайта түсуде ұйтқы болған –Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі айрықша.
Бүгінде еліміздің дін және мәдениеттер арасындағы сұхбатты қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесі әлемдік қауымдастық үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр. Біздің этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі - бұл Қазақстанның жалпыәлемдік даму үдерісіне қосқан үлесі, өзара түсіністік пен сыйластық орнатудан, және де ғаламдық қауіпсіздікті қолдаудан көрініп отыр.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі мен саяси тұрақтылығының басты тұғыры – этносаралық бейбітшілік пен келісім болып табылады.
77)Н.Ә.Назарбаевтың “Әлем.XXI Ғасыр” манифесінің негізгі бағыттары.
Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХI ғасыр» атты манифесi арқылы дүйiм жұрттың назарын бейбiт өмiр сүруге бұрып, әлемдік тыныштықтың тіні тек қана ядролық қарусыздануда екенін анық аңғартты сонда. Манифесте қазақ президенті жаһанда тыныштық орнатуға ең басты себеп ретiнде ядролық қаруды таратпау туралы шарттың өз мiндеттерiн толық орындай алмай отырғанын ашық айтты. Өйткені, әлем елдерiнде әлі күнге ядролық қаруды дамытуға деген ұмтылыс толастамай жатыр.+
Бүгінде дүниежүзіндегі халықтың қолында 1 миллиардтан астам түрлі деңгейдегі қару бар екенін еске салған президент күн өткен сайын жүздеген жұмыр басты пенденің ажал құшуы осы қарудың салдары екенін дөп айтты. Мұнымен қоса, бүгінгі таңдағы әскери қауiп жаһандық қайғы-қасіретке айналуының қаупі тым жоғары екенін де аңғартты президент. Халықаралық қатынас шиелінісе берсе, әскери жанжал ошақтары кеңейiп, соғыс операциялары Еуропаның шығысын, Африканың солтүстік тарабын, Таяу Шығыстың атырабын қамтитынын ескерткенiнің стратегиялық маңызы аса жоғары екенінде шүбә жоқ. Қазақстан басшысы адамзат баласының бейбiтшілікпен матасқан өміріне қауiп-қатер төндiретін осы сынды себептердi жіліктеп айтып, халықаралық лаңкестіктің қатерін де қаперге салды. Тек ол ғана емес, байқасақ, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік жиындарда жаппай қырып-жоятын соғыс қаупiн болдырмауға қарсы бастамаларын үнемі ортаға салып отыратыны да назар аударуға лайық. Президент «Әлем. ХХI ғасыр» кең ауқымды бағдарламасын жасау керегiн, алдағы он жылда жер бетiнде барлық кикiлжiңдер мен соғыстарды тоқтату жалпыға ортақ мiндет екенiне тоқталды. «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендi өмiрлiк ұстанымы еткен Қазақстанның бейбiтсүйгiш мемлекет екенiн Нұрсұлтан Назарбаев ғаламдық тұғырлы мінбердегі сөзiмен осылайша жаһан жұртшылығы алдында кезекті мәрте айқындап берді. Қазақ халқы өз тарихында небiр зұлматты жылдарды бастан өткергені белгiлi. Алайда, соның қай-қайсысында болмасын алаш жұрты өз бетiнше бірінші болып жанжал шығармаған, соғыс ашуға талпынбағаны белгілі. Осындай жаймашуақ мінезi арқасында тәуелсiздiгiн соғыссыз, бейбiт алған ұлт екені шығар күндей шындық. Тыныштығы сетінеп, тағдыры көкпар тартысқа түскен елде экономикалық та, әлеуметтiк те даму болмайтыны белгілі. Егемен ел болған 25 жыл аясында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы өзге мемлекеттермен салыстырғанда экономикасы дамып, озық 30 елдiң қатарына енуге ұмтылып отырған мемлекетiмiздiң қай салада болса да қол жеткiзген жетiстiгi жетерлік. Бұл орайда өндiрiстi өркендету, ауыл шаруашылығының өн бойына қан жүгірту, кәсiпкерлiктiң тасын өрге домалатудың кешенді істері Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың жыл сайын халыққа арнайтын жолдауында қадам-қадамымен жазылған. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары – осы орайда бүгiнде жүзеге асырылып отырған басты стратегиялық бағыт екені сөзсіз. Бұл жәйттің барлығы да егемендiгiн жариялаған алғашқы жылдары бірден ядролық қарудан бас тартып, күллі әлемге бейбiтсүйер ұстанымын паш еткен Қазақстанды қай жағынан да болсын үлгі етуге лайық екенін шетелдік сарапшылар да баса айтты. Бейбiт өмірдің тінін бұзбаған болмысымыз, тынышсүйгiш қасиетiмiз арқасында жаһан елдерін ынтымақ пен ырыс-құт қонған тіршілік кешуге шақырғанымыз қай-қай жағынан алғанда да парасатты бастама екенi даусыз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бiрi-бiрiне түрлi санкциялар арқылы айыптап, мін тағып, жазалап жатқан мемлекеттердiң бетiн берi қаратар парасаты мол пайымдарын жаһан жұрты да өз кезегінде қуана құптады. Әлбетте, мұның зор себебi бар. Қазақ мемлекетінің басшысы әлемдiк тарихтағы жұмыр басты пенденің атомдық алапатсыз жаңа кезеңiнің негізін салған ірі ауқымдағы саяси тұлға екенiн әлдеқашан iсімен дәлелдеді. Вашингтон саммитіндегі сөзiнде президент еліміздің ядролық нысандар мен материалдар қауiпсiздiгiнiң деңгейi өте жоғары мемлекеттердiң алғашқы жиырмалығының сапына кiретiнiн алға тартып, бүгiнде уран қоры мен оның кенiн өндiру тұрғысынан әлемдiк көшбасшы ғана емес, негiзгi экспорттаушы да екенін баса айтты. Мұнымен қоса, бұдан былай түрлi елдердiң ұлттық энергетикалары мен өнеркәсiптерiн төмен байытылған отынға көшiру iсiн ынталандыру шараларын әзiрлеу қажет екенін қадап айтты. Себебі түсінікті де. Тұтастай ғаламшар аясында жыл сайын адам санының жедел артуы мен осы заманғы ғылымның шапшаң қарқынмен дамуы ықпалымен қуат көздерiне деген сұраныс ұдайы өсіп жатыр. Келешекті демек, ядролық технологияларсыз елестетудің өзі қиын.
Қазақстан президентінің «мемлекеттердiң азаматтық ядролық технологияларға қолжетiмдiлiгi тең болуын қолдайды» деп биік мінберден айтқаны әуелгі «атомның күшi мен құдiретi әуелде сол адамзатты қырып-жоюға бағытталған» делінген қауіпті көзқарасты өзгерту керек екенін меңзегенi деп түсінген мақұл. Бұған қоса, Елбасы БҰҰ аясында барлық елдiң қатысуымен лаңкестікке қарсы күрестiң жаһандық желiсiн құру қажеттiлiгінің де пiсiп-жетiлгенiн де айтты. Бұл ұсыныс бүгiнгi үрей мен күдікке маталған жаһан жүзінің жарияланбаған соғыстардан зардап шекпеуiне алдын-ала алаңдаған көріпкел қадам десек шындықтан қағыс кетпейміз. Бұл байламның негізінде де шартарапты мекендеген адам баласының тағдырхал ахуалын күйттеу, ертеңіне қобалжу жатыр. Күллі адамзат баласына әлемдік соғыстың өрті тұтану қаупі төніп тұрғанын Қазақстан басшысы мәмілегерлік манифесiнде басын ашып, нақты ұсыныстарын білдірді. Демек, мамыражай тату тiршiлiктi көздеген жаһан жұрты бұл қағидаттарды берiк ұстанымына айналдыруы тиiс.
