Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.01 Кб
Скачать

65) Қазақ хандығының құрылуы. Қазіргі қр мемлекеттілігінің Қазақстан территориясындағы желгі мемлекеттік құрылымдардың ерекшеліктері

VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар". Исфиджабта шығысқа қарай т.б.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийлі Батыс түрік кағаны Дизабул осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан таразды (далаесы) шеңбері 80-90лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі кала Сығанақ. Казакстаның солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Супақ-ата жұрты бар.

66.Қазақ халқының ауызша тарих айту дәстүрі мұрасының зерттелуі, оның ерекшеліктері мен маңызы

Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер кӛбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, кӛпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сӛздерді де қамтиды. Ауызша дәстүрдің әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса құнды  мағлұматтардың тарихи ӛткен шақты қайта қалпына келтіру мүкіндігі шексіз. Жоғарыда аттары аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының ӛткен жолын жазуға Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше отаршылдық жағдайымыз, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар кӛзі шежіре «кертартпа –клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды Бір сӛзбен айтқанда ауызша тарих –бұл адамдарды айнала қоршаған тарих. Ӛзінің табиғаты бойынша ол тарихты нақты ӛмірмен толтыруы керек, яғни ол қаһармандарды тек қана кӛсемдердің арасынан ғана емес, үнсіз ӛз тіршілігін жасап жатқан қарапайым халықтың арасынан да табуға мүмкіндік береді. Міне осындай тарихтың демократиялық түрі «ауызша тарих» ұғымына мазмұн береді

Күні бүгінге дейін Қазақстан тарих ғылымында Шежіренің теориялық-методологиялық  мәселелеріне арналған зерттеулер жоқ. Алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптар игермек ниет, насаб-нама, яғни ата тарату сызба-схемаларын ғана бар. Осы себепті қазақ шежіресінің шынайы мәнін түсінуге, ӛзіне дейін және ӛз кезеңінде пайда болған сан қилы ғылыми тұжырымдарды қорытындылап, шежіретануға қажетті ұғымдар мен терминдерді жүйелі түрде қалыптастыруға күш салған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі ерекше.  Бүгінгі күні біздің Ақаң жеткен биіктен әрі баруымыз керек екені заңды. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» деген сӛз бар. Біздің ойымызша ендігі асыл мақсаттардың бірі қазақ шежіресінің деректерін ғылыми айналымға қосу, ал ол осыған дейін батыстық әдебиетте қалыптасқан ауызша дәстүрді зерттеу тәжірибесіне, сонымен бірге қазақ тілінің алтын қорына, Ұлы даланың тарихы мен этнографиясы туралы шынайы білімдерге иек артқаны жөн. Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба  дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар кӛз ретінде қолдану талпыныстары ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл әрекеттер ӛз кезегінде тарихтың осыған дейін даму нәтижелеріне сүйенді, тарих қашанда жеке ғылым саласы ретінде тарихи аңыздарды, эпикалық немесе лиро-эпостық жырларды, мифтер мен әртүрлі әңгімелерді белсене пайдалануға негізделді. Бұған кӛз жеткізу үшін Геродоттың «Тоғыз кітапты тарихын» немесе антика дәуірінің кез келген тарихшысының еңбектерін ашып кӛрсек жеткілікті. Бұл дәстүр антика әлемімен және оған кӛршілес региондармен шектелмейді. Шығыстың ерте тарихнамасы да ауызша тарихи дәстүрді пайдалануға құрылды. 

. Ауызша дәстүр қазіргі тарихнамаға тән оқиғаларға таңылу, эмпиризм гегемониясы және бір жазылғанды екінші рет кӛшіру сияқты қағидаларын тіпті де ескермейді. Оқиға және факт –қазіргі тарих ғылымы бірнеше жүз жыл ӛз жұмысына пайдаланып келе жатқан құрылыс материалдары. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]