Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.01 Кб
Скачать

58. Қазіргі Қазақстан терриоториясындағы діндер тарихы.

Қазақстандағы ең кең таралған діндер ислам және христиандық болып табылады. Сонымен қатар иудаизм мен буддизм да орын алады.

2009 жылғы өткізілген халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстан халықының 97 %-ы өзін діндар деп санап, 3 %-ы өзін атеист деп санап немесе жауап беруден бас тартқан

Зороастризм

Толық мақаласы: Заратуштрашылдық

Зороастризм

Орта ғасырларда Қазақстан жеріндегі діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, қазақтың ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмніңхристиандықтыңықпалдары болды.

Қазақ жеріндегі ең көне діндердің бірі —Заратуштрашылдық немесе зороастризм. Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.

Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні. Қазақтың не нәрсені отпен аластауы, отқа май құю рәсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші бір қағидасы — дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан тұратындығы туралы ұғым. Мысалы, рухани—тәндік, пайдалы—зиянкес, адал—арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары ашылған. Соның бірі — Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны. Онда адамның сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып қоятын болған.

Тәңірлік діні

Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.

Көне түріктер Тәңірмен қатар ЖерСуға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары КүнгеАйға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.

Шаманизм

Шаманизм

Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз — адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттантаралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі.

Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.

Буддизм

Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Ақбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда(Испиджаб) табылды.

Несториандық бағыттағы христиан діні

Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты "Құдай емес, — адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.

Жалпы, христиан дінін қазақ жеріне, одан Шығыс Түркістанға, тіпті сонау моңғолияға дейін таратқан — Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар еді. X—XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман дініхристиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман халифтер тағайындады. Бірақ моңғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде моңғол хандарының біразы христиан дінін қабылдаған болатын. Мысалы, Батыйдың ұлы Сартақ несториандық дінге үлкен қолдау жасаған. Жалпы, христиан діні қазақтың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарындағы ру-тайпалардың арасында әр жерде қауым болып, бірде әлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған тарихи жәдігерлер археологиялық қазбалардан белгілі шіркеулер қалдығы, сирия тілінде қағазға, қышқа жазылған христиандық уағыздар, крест рәміздер, иконалар, металл крестер және ортағасырлық авторлардың мәліметтері. Несториандық христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — крест пен көгершін.

Манихей діні

Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиеттіқағидалары "Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбиелеп, бұл дүниедегі қызықтардың бәрінен бас тартуға шақырды. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды жәндіктер — бақа мен жыланның етін жеуге болады, негізінен, шөп тағамдарын ғана жеуге шақырды. Дегенмен де манихейлік дін біздің жерімізде кең тамыр жая алған жоқ.

Ислам діні

Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Оңтүстікте жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті. Ислам діні — өте икемшіл дін. Ол құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: ''суннит'', шийттікболып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына жатады.

Ислам дінінің қазақ жерінде орнауы халықтың рухани, идеялық жағынан бірігуіне, ынтымақтасуына жағдай жасады. Мұсылмандық: кентті (қалалы) өңірлерде, ең алдымен, оңтүстікте, содан соң Жетісуда таралып орнықты. Орталық, шығыс, солтүстік, батыс аймақтарындағы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтар арасында ислам діні XII ғасырға дейін біртіндеп таралды. Мұсылмандық этикасының, мәдениетінің казак жеріне таралуына әл-Фараби ат-Түрки, әл-Жаухари, Исхан әл-Фараби, әл-Қимани, Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, т.б. өлшеусіз еңбек етті.

Ислам діні — қазақ халқын мұсылмандық мәдениетке жақындастырып, ғылым-білімнің, әдебиеттің дамуына да оң әсер етті. Исламның адамды жақсы істерге, ой тазалығына, қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеуі — қалың бұқара арасында бұл дін уағыздарының кең таралуына жағдай жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]