Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184.01 Кб
Скачать

26) Соғыс аймағынан қазақ жеріне халықтарды, өнеркәсіп орындары мен мәдениет, ғылым ошақтарын көшіру және оны орнықтыру жолындағы қазақ халқының көмегі

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:  1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;  2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.

Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.

Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.

Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.

Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.

Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.

27) Қазақстанда жасақталған әскери бөлімдердің Ұлы Отан соғысына қатысуы және ерлік жолдары

Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).

316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.

Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар)

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.

Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.

Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).

Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.

116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]