- •1.Психологияның пәні, міндеттері және қызметтері.
- •2.Психологияның даму кезеңдері.
- •3. Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
- •4. Психика. Адам психикасының құрылымы. Психика дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Психологияның өзге ғылымдармен байланысы. Психологияның зерттеу әдістері.
- •6. Қазіргі психологиялық мектептер.
- •7. Түйсік - шындықты бейнелеудің алғашқы формасы.Түйсіктің түрлері мен рефлекторлық табиғаты.
- •8. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Зейін теориялары.
- •12.Ес және оның түрлері. Ес процестеріне жалпы сипаттама. Есте сақтау және оны жақсарту жолдары.
- •13.Танымның жоғарғы баспалдағы ретіндегі -ойлау және оның сөйлеумен байланысы
- •14.Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері, формалары және тәсілдері.
- •16.Эмоция және сезімдер жайлы жалпы ұғым. Эмоция мен сезімнің түрлері мен қызметтері.
- •18.Темперамент типтері және оларға психологиялық сипаттама. Темперамент типтері жайлы ілімдердің даму тарихы.
- •19.Ерік және мотив туралы жалпы түсінік. Еріктік қозғалыстарға талдау. Ерік және мотив туралы жалпы түсінік.
- •20.Психологиядағы іс-әрекет туралы ұғым. Іс - әрекеттің даралық стилі.
- •21. Тұлға түсінігі және оның құрылымы. «Адам», «дара адам», «тұлға» ұғымдарының мәні. Тұлғаның бағыт-бағдары.
- •22. Тұлға қабілеттері мен оның түрлері. Нышан және қабілет. Қабілет дамуының шарттары
- •23.Мінездің түрлері, типтері және формалары.
- •24.Мінез-құлық акцентуациясының типтері.
- •27. Сөйлеу туралы түсінік, және оның қызметтері. Ішкі сөйлеу және оның негізгі ерекшеліктері.
- •28. Қарым-қатынас туралы ұғым. Қарым-қатынастың түрлері мен қызметтері.
- •29. Қабілет туралы түсінік, қабілеттің түрлері. Қабілеттің сапасы мен деңгейлері.
8. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Зейін теориялары.
Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып,оның айқын бейнелеуін қамтамасыз ететін психологиялық процесс.Зейін үш түрі бар:Ырықсыз зейін адам алдында мақсат қоймай ақ қоршаған ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен адам санасының белгілі бір объектіге еріксіз аударуы.Мысалы: өткір иіс,оқыс дыбыс,ашық түстер.Ырықты зейін адам өз алдына мақсат қойып,қандайда ерік жігер күшін жұмсап заттарға саналы түрде көңіл аударады.Мысалы: емтиханға дайындалу,сабаққа дайындалу.Үйреншікті зейін алғашқыда ырықсыз зейінді қажет ететін кейіннен автоматизмге айналатын зейін.Мысалы:машина жүргізу.Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады:
1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды);
2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама);
3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.
Ғалым-психологтардыңкейбiрi ырықты зейiн секiлдi мақсат бағдарлы, бастапқы ерiктiк күш салуды талап ететiн зейiннiң жəне бiр түрiн айырып қарастырады. Бұл зейiнтүрiнде адам толығымен iс-əрекеткешомады, оған ендi əрекеттiң нəтижесi ғана емес, сол əрекеттiң өзi де мəндi əрi қызғылықты болып көрiнедi. Мұндай зейiн түрiн орыс тiлдiəдебиеттерде "послепроизвольный" (Н. Ф. Добрынин) деп атаса, қазақ тiлiндегi оқулықтарда "үйреншiктi зейiн" атауымен баламаланған (Қ. Жарықбаев, А.
Алдамұратов). Қай iс-əрекетболмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккiзiп, қиналысқа түсiрiп, зорлануға душар ететiнi белгiлi, ал кейiн үйрене келе, дағдыланудан əрекеттiң нəтижесi ғана емес, оның өзi де адамды өзiнен өзi баурап, əдемiорын-далуынанкөңiлдi қуаныш сезiмге бөлейдi. Əрекет ендi əдейi қайталап, еске түсiрiп тұруды, ерiк күшiн қосуды қажет ете бермейдi, өзiнен өзi орындалып жатқандай болып
көрiнедi.
Зейіннің психологиялық теориялары
Когнитивті психологияда зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.
Кеш өңдеу теориясында маңызды семантикалық ақпаратты өңдеу автоматты түрде орындалады. Мотивацияның төмен болуынан зейіннің аз көлемімен ғана жұмыс істелінеді. Әр түрлі қызмет саласы әр түрлі зейін көлемін қажетсінеді.
Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады.
Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.
1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.
2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.
3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген.
4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі.
5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.
6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.
7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.
Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.
Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.
Т. Рибоның теориясынан басқа өзгеде атағы жағынан келе түспейтін теориялары бар. Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:
Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.
Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.
Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.
Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.
Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.
Зейiннiң физиологиялық негiзi
Зейiннiң физиологиялық тетiктер арқылы қажеттi де мəндi əсерлердi таңдауы белсендi ми қызметiнiң жəне жалпы тəннiң сергектiгi арасындағы байланысынан болады.
Адамның сергектiк деңгейiн оның сырт кейпiн бақылай танумен бiрге мидағы əлсiз ток қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да бiлуге болады. Əдетте, сергектiк 5 күйде көрiнiс беретiнi дəлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы,сабырлы сергектiк,белсендi сергектiк,шектен тыс сергектiк. Тиiмдi зейiн тек сабырлы жəне белсендi сергектiк жағдайында болуы мүмкiн, ал басқа кейiп кездерiнде зейiн сапасы кемiп, кейбiр қызметтерiн ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгiген жағдайда адам бiр не екi əсерге ғана жауап берiп, қалған тiтiркендiргiштердi тiптi сезбейдi. Сондықтан да шаршаған ана ешбiр əсердi елеместен, терең ұйқыға берiлуi мүмкiн, ал нəрестесiнiң сəл ғана дауысынан оянып кетерi сөзсiз.
Зейiннiң физиологиялық негiздерiн айқындауда доминанта принципi (А. А. Ухтомский) де жетекшi мəнге ие. ''Доминанта'' түсiнiгi нақты бiр мезетте жүйке орталықтарының қызметiне ықпал жасап, уақытша үстемдiк етумен психикалық болмысқа бағытбағдар беретiн қозу ошағын бiлдiредi. Доминантаның ерекшелiктерiне байланысты жүйке жүйесiне берiлiп тұрған импульстер бiрiгедi əрi жинақталады, сонымен бiрге басқа орталықтардың белсендiлiгi шектелiп, қозу ошағының əрекетi күшейе түседi. Үстем қозукөзiнiң пайда болуына тек тiтiркендiргiштiң күшi ғана емес, бұрын болған əсерлердiң жəне жүйке байланыстарының өткен тəжiрибеден қалыптасқан iздерi де негiз бола алады.
Бiрақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөнiндегi тағылимат та динамикадағы зейiн құбы-лысын,əсiресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебi адамдарда жануарларға тəн болмаған өз зейiнiн мақсат бағдарлы басқара алу қабiлетiнiң болуында. Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейiн туындайды, тұрақталады жəне ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бiрiншi жəне екiншi сигналдық жүйкелердiң өзара ықпалды байланысымен түсiндiрген жөн, себебi қозу тiлдiк (екiншi) сигналдың таңдамалыиррадиация-сыменбiрiншi сигнал жүйесiне өтедi. Өз кезегiнде, алғашқы тiтiркендiргiштер сөздiк баламаға
келiп, мақсатты нақтылауға себiн тигiзедi де қажеттi қозу көзiнiң одан əрi күш алуына көмектеседi.
Сонымен, зейiн табиғаты өзара бiр-бiрiнетəуелдi байланыста болған ми құрылымының бiртұтас жүйесiнiңiс-əрекетiменбайланысты, бiрақ олардың зейiн түрлерiн реттеудегi ролi бiрқалыпты емес.
.Зейiннiң негiзгi қасиеттерi
Айтқанымыздай, зейiн сананың белгiлi нысанмен байланысын байқатып, оған бағытталуын бiлдiредi. Осы бағытталу ерекшелiктерi зейiн қасиеттерiн айқындайды. Бұл қасиеттер тобына зейiннiң тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлiнуi, ауысуы жəне көлемi кiредi. Түрақтылық - зейiннiң уақыт аралығына байланысты сипаты болып, оның белгiлi бiрнысанға көзделу мерзiмiнiң ұзақтығын аңдатады. Түрақтылық - перифериялық (шеткi) жəне орталық жүйке факторларына тəуелдi. Эксперименттiк зерттеулерге қарағанда,зейiн белгiлi уақыт аралығында қайталанып отыратын ырықсыз тербелiс сипатында болады. Бұл тербелiстердiң уақыт ұзақтығы 2-3секундтен 12 секундқа дейiн созылуы мүмкiн (Н. Ланге). Мысалы, сағат тықылына зейiн қоятын болсақ, бiрде ол тықыл естiлiп, бiрде байқалмайтынын сеземiз. Ал күрделi объектерге назар аударсақ, ондағы тербелiстер басқаша - заттың кейде бiр бөлiгi, екiншiде басқа бөлiгi фигура түрiнде елестейдi. Бiрақ ескеретiн жəйт: шын мəнiнде, зейiннiң өте қысқа уақыт аралығындағымайда тербелiстерi жалпыланған заңдылық сипатына ие емес. Бiр жағдайда зейiн жиi,ауыспалы қысқа тербелiстерге келетiн болса, ендiгi бiр жағдайларда ұзақ мерзiмдi тұрақтылығыменсипатталады.Қазiргi күнде дəлелденгендей, зейiн тұрақтылығының ең бiр мəндi шарты - назардағы нысанның жаңа тараптары мен байланыстарының ашылу мүмкiндiгiнiң болуы. Алға қойылған мақсатқа орай зат көзге алынып, оның бөлiктерiнiң өзара байланыстары мен бiр-бiрiнекiрiгулерiнiң жаңа қырларын ашатын болсақ, зейiн ұзақ уақыт өзiнiң тұрақтылығын жоғалтпайды. Ал назарға алынған заттың мазмұны одан əрi зерттеудеөзiнiң жаңа ерекшелiктерiн таныту мүмкiндiгiне ие болмаса, зейiн күйзелiске келiп, алаңдауға түседi. Басқаша айтсақ, қандай да бiр нысанға бағытталған зейiннiң тұрақты болуы сананың қозғалысты қалпына байланысты. Көздеген нысанымыз дамуда болып, өзiнiң жаңа мазмұнымен ашылып баруы қажеттi.Егер де зейiн барша жағдайларда тұрақсыздығымен көрiнiс тапса, онда қандай да ақыл-ойжұмысы болуы мүмкiн емес. Кезегiнде, затты тануғаақыл-ойəрекетiнiң араласуымен зейiн тұрақтылығы күшейе түседi. Сонымен бiрге, зейiн тұрақтылығы бiршама жағдайларға байланысты болып келедi. Олардың iшiнде: материал ерекшелiгi,
оның қиындық деңгейi, бұрыннан таныс, не белгiсiз болуы, түсiнiктiлiгi, субъектiнiң оған деген қатынасы, сондай-ақзерттеушi-үйренушiнiңдаралық қасиеттерi.
Зейiннiң шоғырлануы - оның белгiлi бiр нысанға бағытталып, онда топталу күшi мен дəрежесi, яғнипсихика-лықнемесе саналыiс-əрекеттiңтолығымен қажеттi нүктеге шөгуi. Зейiннiң шоғырлануы ми қабығындағы қозуошағы-ныңдоминанттық қызметiмен тiкелей байланысты (Н. А. Ухтомский). Дəлiрек айтсақ, шоғырлану нысандыошақтағы қозудың жəне сонымен бiр уақытта жүретiн бас ми қабығындағы басқа аймақтардың тежелуiнiң салдарынан келiп шығады.
Зейiннiң бөлiнуi деп адамның өз зейiнiнiң ауқымында бiр уақытта бiрнеше əртүрлi нысандарда ұстай алу қабiлетiн түсiнемiз.
Зейiн көлемi - ерекше құбылыс. Адам бiр уақытта əртүрлi заттар жөнiнде теңдей ойлап, əрқилы жұмыстарды орындауы мүмкiн емес. Осыдан сырттан келiп жатқан ақпараттарды адам өзiнiң өңдеу мүмкiндiктерiне орайтоп-тап,жiктейдi.Сондай-ақ,адамның бiр уақытта өзарабай-ланысыжоқ бiрнеше нысандарды қабылдау мүмкiндiгi де шектеулi. Осы шектер арасын танып, қабылдауы - адам зейiнiнiң көлемiн бiлдiредi.Зейiн көлемiн зерттеу үшiн адамға бiр уақытта талдануы қажет бiр топ элементтер
ұсынылып (сан, əрiп т.б.), солардың iшiнен саналы есте қалғаны есептеледi. Мұндай есептi жүргiзу үшiн тахитоскоп аппараты қолданылады.Зейiн көлемi өзгермелi құбылыс. Зейiн аймағына түсетiн элементтер саны олардың мазмұндық бiртұтастығына жəне олар арасындағы байланыстарды саналы түсiнуге тəуелдi келедi. Осыдан, педагогикалық қызметте оқу материалын жүйелестiрiп беруге мəн аударып, оқушылар зейiнiнiң көлемiне нұқсан келтiрмеудi ойластырған жөн.
Зейiннiң алаңдаушылығы - бұл зейiннiң бiр нысаннан екiншiсiне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай да iспен шұғылданып отырған адамға тыс тiтiркендiргiшəсерлердiң ықпал етуiнен туындайды. Алаңдау сыртқы жəне iшкi болып бөлiнедi. Сыртқы алаңдаушылық - субъектiге тысқы, қоршаған орта жағдайларының əсер етiп, ырықты зейiннiң ырықсыз зейiнге ауысуынан болады. Əсiресе адамды алаңдататын жағдайлар - заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күштi өзгермелi əрi жедел əсер етуiне байланысты. Сондықтан оқушылардың сабақ дайындау барысында оларды негiзгi iсiнен алаңдататын заттар мен əсерлердi болдырмауға тырысу қажет. Зейiннiңiшкi алаңдауы көңiл-күй,толғаныс нəтижесiнде туындайды, орындалатын iске қызықпаудан,жауапкершiлiктi сезiнбеуден келiп шығады. Шəкiрт өзiнiң оқу жұмысымен байыпты əрiтиiмдi шұғылдануы үшiн оның болмысындағы сабақтан алаңдататын көңiл күйзелiстерiн (ашу, ыза, қорқу т.б.) басып отыру керек. Сонымен бiрге оқушыларда алаңдаушылықтыкемiту үшiн оларда бiлiмге, оны игеруге деген ұмтылыс пен қызығушылықты тəрбиелеп бару өте маңызды қызмет.
9.Қабылдау процесі, және оның негізгі ерекшеліктері. Қабылдаудың негізгі қасиеттері. Қабылдаудың негізгі қасиеттері (заттылық, мағыналық, тұрақтылық, таңдамалылық, тұтастылық)
Қабылдаудың қасиеттері: тұрақтылық, заттылық, тұтастылық, категориялылық және мағыналық. Апперцепция.
Қабылдаудың тұтастығы: қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері
Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.
Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.
Қабылдаудағы иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер әр түрлi ерекшелiктерiне байланысты.
Иллюзияларды адамның жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, терiс бейнелерi - галлюцинациялардан ажырату қажет.
Таңдамалылық – жеке адамның қызығушылығына, бағдарына және қажеттіліктеріне байланысты сыртқы орта заттары мен құбылыстарын қабылдау қабілеттілігі.
Қабылдаудың заттылығы – адамының сыртқы орта заттарының құбылыстарының белгілі-бір топқа қатысты нақтылап қабылдауға қабілеті. Затты қабылдауда 3 нәрсе жақсы көріну керек: а) фон, б) контур, в) заттың өзі.
Апперцепция- бұл қабылдаудың адамның алдыңғы іс-тәжірибесінен, іс-әрекетінен тәуелділігі. Апперцепция бірден пайда болмайды. Апперцепция жеке адамның қабылдауына белсенді сипат береді. Затты қабылдау арқылы адам сол затқа қатысын көрсетеді. Адамның психикалық күйін жағдайын, кейпін де көрсетеді.
Қабылдаудың мағыналылығы – кез-келген қабылдау заты нақты бір мағынаға ие болады. Яғни кез-келген зат тілекке пайдалылығына байланысты қабылдайды. Осының нәтижесінде қабылданатын зат мақсат бағдарлыққа ие болады.
Қабылдаудың константтылығы немес тұрақтылығы – бұл заттың физикалық қасиеттерін білумен және танымалдылығымен байланысты болып тұрақталынуы. Заттың қабылдануының тұрақтылығы жеке адамның практикалық іс-әрекетімен, әлеуметтік тәжірибесімен байланысты болады.
Қабылдаудың тұтастығы - адамның санасында заттардың көптеген сипаттамаларымен, қасиеттерімен бірге қабылдануы. Қабылдаудың қызметінде заттардың физикалық сипаттары негізгі роль атқарады және осы заттар мен құбылыстардың қабылдануындағы, психофизикалық заңдылықтар көрініс береді.
10. Таным үрдісі ретіндегі қиял. Қиялдың физиологиялық негіздері.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2. қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3. қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».
4. қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;
5. адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
Қиялдың физиологиялық негізі.
Қиялдың физиологиялық негізі-нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.
Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.
Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.
Осылайша, қиял адам организімінің процесстерін реттеуде де және олардың жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.
Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман.
11.Психологиядағы қажеттілік, мотив және мақсат ұғымдары. Адамның мотивациялық саласының сипаттамасы.
Психологиядағы қажеттілік, мотив және мақсат ұғымдары
Мотив және мотивация
Мотив дегеніміз – адамның түрлі дәрежедегі саналы және астар санадағы қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекет-қылық актісін орындауға бағытталған итермелеуші күш.
Мотивация туралы ұғым әрекет-қылықты сипаттауда емес, оның себебін түсіндіруде анықталады. Бұл “неге?”, “неліктен?”, “не үшін?” дегенсұрақтарға жауап іздеуде анықталады.
Мотивация терминімен қазіргі психологияда екі психикалық құбылысты белгілеуге болады:
• индивидтің белсенділігін тудыратын, олардың сиптын анықтайтын
қозғаушы күштердің жиынтығы;
• әрекет-қылық деңгейін белгілі деңгейде ұстап тұратын процесс.
Сондқтан, әрекет-қылықтың ішкі және сыртқы детерминацияларының аналогыретінде диспозициялы және ситуациялы мотивациялар қарастырылады.
Мотивациялардың бұл формалары өзара тығыз байланыста.
Мотивация әрекеттің мақсатты бағыттылығын түсіндіреді, біртұтас іс-
әрекеттің белгілі мақсатқа бағытталған тұрақтылығы мен ұйымдастырылудеңгейімен анықталады.
Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады.
Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлеміжәне т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттіліктабылады.
Адамның әрекет-қылығыда өзара тығыз байланысты қозғаушы және реттеушіжақтар бар. Адамның кез-келген әрекетінің түбінде оны бағыттаушы,жандандырушы нақты тілек-мақсат (қажеттілік. жатыр.
Қажеттілік – қалыпты физикалық және психикалық жағдайды қамтамасызетуге деген ұмтылыс. Қажеттіліктің негізінде тірі табиғат өлі табиғаттанажыратылады. Қажеттілік тірі организмді белсенділікке итермелейді.Қажеттіліктерді бастапқы (тума, биологиялық. қажеттіліктер (қорекке, ұйқығақорғаныс, ата-аналық, сексуалдық. және мәдени, жүре пайда болған
(материалды, рухани. қажеттіліктер деп топтастыруға болады.
Қажеттілік – адамның саналы түрде мұқтаждану құбылысы. Ал саналықажетсінуді – тілек дейміз. Адам қажеттіліктерінің негізі ерекшеліктеріолардың күші, олардың пайда болу жиілігі және оларды қанағаттандырутәсілдерімен анықталады. Адамның қажеттілігінанықтайтын диспозициялар(мотивтер. кезегі келесідей: органикалық – материалдық - әлеуметтік –рухани.
Адам өміріндегі кездесетін проблемалардың бірі – тілектің қанағаттанбауы немесе айналысатын іс-әрекетіне деген қызығушылықтыңжоқтығы. Көп жағдайда тілектің орындалмауының басты себебі – тілектіңшындыққа жанаспауы.
