- •1.Психологияның пәні, міндеттері және қызметтері.
- •2.Психологияның даму кезеңдері.
- •3. Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
- •4. Психика. Адам психикасының құрылымы. Психика дамуының негізгі кезеңдері.
- •5. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Психологияның өзге ғылымдармен байланысы. Психологияның зерттеу әдістері.
- •6. Қазіргі психологиялық мектептер.
- •7. Түйсік - шындықты бейнелеудің алғашқы формасы.Түйсіктің түрлері мен рефлекторлық табиғаты.
- •8. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Зейін теориялары.
- •12.Ес және оның түрлері. Ес процестеріне жалпы сипаттама. Есте сақтау және оны жақсарту жолдары.
- •13.Танымның жоғарғы баспалдағы ретіндегі -ойлау және оның сөйлеумен байланысы
- •14.Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері, формалары және тәсілдері.
- •16.Эмоция және сезімдер жайлы жалпы ұғым. Эмоция мен сезімнің түрлері мен қызметтері.
- •18.Темперамент типтері және оларға психологиялық сипаттама. Темперамент типтері жайлы ілімдердің даму тарихы.
- •19.Ерік және мотив туралы жалпы түсінік. Еріктік қозғалыстарға талдау. Ерік және мотив туралы жалпы түсінік.
- •20.Психологиядағы іс-әрекет туралы ұғым. Іс - әрекеттің даралық стилі.
- •21. Тұлға түсінігі және оның құрылымы. «Адам», «дара адам», «тұлға» ұғымдарының мәні. Тұлғаның бағыт-бағдары.
- •22. Тұлға қабілеттері мен оның түрлері. Нышан және қабілет. Қабілет дамуының шарттары
- •23.Мінездің түрлері, типтері және формалары.
- •24.Мінез-құлық акцентуациясының типтері.
- •27. Сөйлеу туралы түсінік, және оның қызметтері. Ішкі сөйлеу және оның негізгі ерекшеліктері.
- •28. Қарым-қатынас туралы ұғым. Қарым-қатынастың түрлері мен қызметтері.
- •29. Қабілет туралы түсінік, қабілеттің түрлері. Қабілеттің сапасы мен деңгейлері.
3. Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлiкте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi. (Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов). Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндiк бердi. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектiсi жалғыз-ақ:ол - адам, оның психикалық процестерi, қалыптары жəне қасиеттерi. Қазіргі психологияда психологияның медициналық сондай-ақ пациенттердің психологиялық жағдайын коррекциялауға байлансты мәселелерді зерттеуде түрлі методологиялық бағыттар бар. Орыс психологиялық мектебі ХХ ғ. басында қалыптасты. Ресейде оның негізін салушы көрнекті психоневролог В.М.Бехтеров. Ол басқарған психоневрологиялық институтта жүріс-тұрысты объективті зерттеу үшін экспериментальды әдістер анықталды. 1908 жылы В.М.Бехтерев индивидтің туа қалыптасатын нышандарымен сәйкестендіретін механикалық себептерінің көрінуімен өзара байланысатын генетикалық рефлексологиялық зерттеу әдісін жасап шығарды.
ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механизмдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И.П.Павловтың концепциясымен В.М.Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта.
4. Психика. Адам психикасының құрылымы. Психика дамуының негізгі кезеңдері.
Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.
Психика —
1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;
2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.
Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады
Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың алғашқы ең қарапайым айрықша түрі жәндіктерге тән.Ал психиканың ең жоғарғы формасы- адамның санасы. Сана- адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп , күрделеніп отырады.
Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түйсіну , қабылдау , елестету арқылы көрінеді. Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге , ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері , өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым , пікір ой қорытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары олардың пайда болып туындауы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына соншалықты бейімделгенімегн , оны өзгертіп қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетін нақты іс-әрекетімен дәлелдейді.
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері 4 түрлі жағынан қарастырылады.
1. Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмыту, мұрат, дүние танымдық көзқарасы, сенімі. Бұл жеке адамның адамгершілік қасиетін білдіретін сипат.
2. Адамның білімдарлығы, дағдысы, бейімділігі. Бұл сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.
3. Жеке адамның дара психикалық процестердің тиянақтылығы мен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қысиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім—кірлері мен ерік адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады.
4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері-нышан, жоғары жүйке қызметі жатады. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне және белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер мақшықтану, жаттығулар арқылы қалыптасады.
