Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоогигиена Курстық жоба 311 топ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.92 Кб
Скачать

III Қорытынды

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден - ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады.Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады.

Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.  Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады.

Жылқының адам үшін жан-жақты қасиетін кеңінен қолдану мақсатында оны санитариялық-гигиеналық талаптарға сай ұстап, күтіп-бағу негізгі мақсат болу керек,басқа түліктерге қарағанда жылқыны күтіп-бағуды, оларға дүние жүзілік деңгейде салынған әрі салынып жатқан жылқы зауыттары, қымыз және ет-көкініс шаруашылықтары қол жеткен табыстары баршылық.Ендігі мақсат осы жетістіктерді бұл салада әрі қарай дамытып жалғастыру.

IV Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1

Мырзабеков Ж.Б, Ибрагимов П.Ш. «Ветеринариялық гигиена», Алматы: ҚазҰАУ, Агроуниверситет баспасы, 2011ж.

2

Ж.Б., Ибрагимов Ж.Б.“Жануарлар гигиенасы”.Алматы, 2005ж

3

А.Н.Ахметов. Зоогигиенадағы негізгі зерттеу әдістері,Астана.С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ баспаханасы, 2009ж

4

Моторико М. Г. Кустанайская порода лошадей. – Алма - Ата: Кайнар, 1981, бет. 

5

Красников А.С. Практикум по коневодству. Изд. 3-е, перераб. и доп. М., «Колос», 1977,

6

В.А.Аликоев“Зоогигиена және мал дәрігерлік негіздері”. Алматы 1951ж

7

Е.Демеугалиев “Мал азықтандыру” .Алматы 2000ж

8

В.Ф.Матусевич, Н.К.Высакос “Мал өсіру гигиенасы”.Алматы Қайнар 1972 ж

35