Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зоогигиена Курстық жоба 311 топ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.92 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРАСЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ

КУРСТЫҚ ЖОБА

ТАҚЫРЫБЫ: Қостанай облысы жағдайында 80 бас жылқы малын күтіп – бағуға,

азықтандыруға, өндіріске пайдалануға санитариялық – гигиеналық баға беру қоражайларын жобалап салу

ОРЫНДАҒАН: Жақсылықова Г.К. 3 КУРС СТУДЕНТІ

ТЕКСЕРГЕН: Қ.Жетпсқанұлы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ__________________________

АСТАНА 2016 ж

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРАСЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі________________

Әбдірахманов С.Қ.

«_____»______________20_______ж.

_____ТАПСЫРМА

311 топтың студенті Жақсылықова Гүлнұр

Жұмыс тақырыбы: Қостанай облысы жағдайында 80 бас жылқы малын күтіп – бағуға,азықтандыруға, өндіріске пайдалануға санитариялық – гигиеналық баға беру қоражайларын жобалап салу

Бастапқы деректер_________________________________________________

_________________________________________________________________

Түсініктемме жазбалардың мәтіні

Орындау мерзімі

көлемі

1

Кіріспе

01.02-03.02.2016

2 бет

2

Әдеби шолу

07.02-09.02.2016

3

Физиологиялық кесте құру

17.02 -21.02.2016

4

Мал қораны жобалап салу және ішке орналастыру шамасын анықтау

24.02-09.032016

Графикалық бөлім мәтіні

Орындау

Мерзімі

Парақтар саны

Аумағы

1

Кестелер

04.02.2016

4

2

Диаграммалар

03.03.2016

2

3

4

5

6

Әдебиеттер

1. Мырзабеков Ж.Б, Ибрагимов П.Ш. «Ветеринариялық гигиена», Алматы: ҚазҰАУ, Агроуниверситет баспасы, 2011ж. 2. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов Ж.Б.“Жануарлар гигиенасы”.Алматы, 2005ж

3. А.Н.Ахметов. Зоогигиенадағы негізгі зерттеу әдістері,Астана.С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ баспаханасы, 2009ж

Тапсырма берілген күні___________________жұмысты қоргау күні____________

Қурстық жұмыс жетекшісі_______________________________________________

Тапсырманы орындауға қабылдады_______________________________________

( Күні, студентің қойған қолтаңбасы)

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИҚАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРАСЫ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА

СЫН - ПІКІР

Студент Жақсылықова Гүлнұр

Жұмыстың тақырыбы: Қостанай облысы жағдайында 80 бас жылқы малын күтіп – бағуға,азықтандыруға, өндіріске пайдалануға санитариялық – гигиеналық баға беру қоражайларын жобалап салу

Жұмыстың мазмұнының берілген тапсырмаға сәйкестігі_________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Кемшіліктер ______________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Курстық жұмысты тексеру күні ________________________________________

Алғашқы бағасы____________________________________________________

Қорғауды өткізу күні________________________________________________

Қорғанан кейінгі баға________________________________________________

Жетекші қолы____________________________

Мазмұны

І

Кіріспе

5

1

Әдеби шолу

7

2

Физиологиялық кесте құру

23

2.1

Мал қораны жобалап салу және ішкі орналасу шамасын анықтау

24

2.2

Ауа алмастыруды су буы және көмір қышқыл газымен (СО2) есептеу

25

3

Мал қораларының ішіндегі жылу тепе – теңдігін есептеп ауа температурасын қалыптау үшін шаралар жасау

27

3.1

Мал қораларын жарықтандыру тәсілдері (табиғи және жасанды жарықтандыру)

28

ІІ

Cипаттама

30

ІІІ

Қорытынды

31

ІV

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

32

І Кіріспе

Мал шаруашылығы халқымыздың ата кәсібі, республика экономикасының басты саласы. Сан ғасырлар жинақталған тәжірибенің нәтижесінде өлкемізде табиғатымен терең үйлескен мал өсірудің ерекше бір жүйесі қалыптасқан. Сонымен бірге әртүрлі мал ауруларының алдын алып, емдеуде де халқымыздың қол жеткен жетістіктері айта қаларлықтай. Өйткені ұлтымыздың сан қилы заманыды бастан өткізіп, тарихи аренада сақталып қалуды да алдымен табиғи ортаға бейімделуінде, сол ортада ең тиімді кәсіп мал шаруашылығын дамыта білуінде еді. Қазақтың болмысының экономикалық негізі, матералдық мәдинетінің бастау көзі мал шаруашылығы. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет екендігін айтты. Қазақстан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі халықты азық – түлік өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар таратуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық – түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие. Ауыл шаруашылық саласында: өндірісті бәсекеге сай сала ретінде бағыттау, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін ішкі және сыртқы рынокқа өткізу аумағын кеңейту, ауыл экономикасын қаржылық сауықтыру, ауылда нарықтық реформаны одан әрі дамыту міндеттері тұр.

Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді.Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады.  Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15 - 17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7 - 8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаған. Жылқы шаруашылығы – техникалық прогресстегі спецификалық шарттарға қарамастан, өз мәнін жоймаған мал шаруашылығының маңызды бір түрі. Аталмыш шаруашылық халық тұтынысын қамтамасыз ету үшін, яғни күш ретінде, ет және тері өнімдері, қымыз алу үшін де қажет.  Өзінің мәні бойынша жылқы шаруашылығы мал шаруашылығының басқа түрлеріне қарағанда өте құнды шаруашылық түрі. Жылқының тікелей рөлін техника мен үздік дамыған өндірістік күш өзгертсе де, адамның санасы мен даму үрдісі шаруашылықтың осы түрімен байланысты болып қала береді.

2 Әдеби шолу

Қостанай облысының  ауа-райы жағдайы жылқы шаруашылығымен айналысуға қолайлы.Қазіргі уақытта бұл өңірде 17 елді-мекен жылқы шаруашылығымен айналысады. Қостанай облысында соңғы үш жылда жылқы саны 30 пайызға өсті. «Қазақ тұлпары» жылқы зауыты болашақтың бәйге бермес қазанаттарын баптап жатқан аймақта, бүгінде асылтұқымды шаруашылық ашылды.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауыты Қостанай қаласының iргесiнде, Тобыл өзенiнiң жағасында орналасқан. Зауыттың тарихы сонау ХIХ ғасырдың 80-шi жылдарынан, Николай патшаның Қостанай елдi мекенiнде Николаев уезi үшiн ашылған атқорадан басталды.

Қостанай жылқы зауытына 120 жыл толды. Ол 1888 жылы император сарайының графы, генерал-адъютант Воронцов – Дашковтың жарғысының негізіндеқұрылған. Жылқының Қостанай тұқымы 1880-1950 жылдары, жергілікті қазақы аттар мен орловтық, дондық тағы да басқа түрлі жылқылармен будандастыру арқылы алынды. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында қазақы аттардың сапасын жақсарту үшін үш мемлекеттік жылқы орындары ашылды: Оренбургте – 1886 жылы, Торғайда – 1887 жылы, Қостанайда – 1887 жылы.  1895 жылы ат қорада 320 жылқы басы болды. Ол Ресейде ең ірі ат қорасы болып саналды. 1898 жылы Қостанай ат қорасының іргетасында жергілікті қазақ жылқыларын өсіруге арналған орындар ашылды. Жылқы өсіретін орынның штаты 300 биеден және 30 айғырлардан тұратын. Жылқы өсіру орындарының мақсаты – үйіріге жақсы бейімделген және ірілігі бойынша іріктелген, ешбір басқа тұымдармен будандастырылмаған, тек күтіп-бағу мен азытандыру жағдайын дұрыстату арқылы қазақ жылқыларын жақсарту болып келді. 1923 жылға дейін қазақ жылқыларын «өз ішінде» өсірді. 1921 жылы жылқы зауыты № 48 Қостанай жылқы зауыт аттына өзгертілді.  Бүкіл әлемдік жылқыны зерттеу ғылыми институтының қызметкерлерінің басқарылуымен әдістемелік жұмыс жүргізілді.Бірінші тәжірбие 1934 жылы басталды,ал 1938 жылдары жоспарлы және мақсаты бағытта болды.  Бұл тұқымның қалыптасуы 4 сатыдан тұрды. Бірінші сатыда (1898-1908 ж.ж) басқа қанды араластырмай алған қазақы жылқының 3 үрім-бұтағы алынды. Екінші сатыда 1908 жылы, дондық жылқы түрі мен қазақы жылқының асыл тұқымын будандастыру арқылы, ал үшінші сатыда жартылай қанды жылқылар мен жоғары қанды жылқылардың түрлерімен будандастыружұмыстарыжүргізілді. . Будандастырудың соңғы кезеңінде (1938 жылдан) мамандардың ең бірінші тәжірибелері қостанай тұқымдарын шығарудан, яғни өсіруден басталды. Бұл кезден бастап қостанай биелерін өз тұқымды, бірақ туыс емес өндіруші айғырлармен шағылыстыра бастады. 1946 жылы толығымен, таза қанды қостанайлық тұқымы алынды.  Халқымыздың қазынасы, қостанай жылқысының шығуы орасан зор жұмыстардың жемісі. Оны жергілікті қазақ биелерін қалмақ, дон, стрелец, орлов-ростоптың айғырымен шағылыстырып, одан туған құлындарды таза қанді мініс айғырларымен будандастыру арқылы дүниеге келген. Осылай сұрыпталудың арқасында шапшаң, қарқынды және дене бітімі біршама ірі жылқы түрі алынды. Кейін бұлар қостанай тұқымының негізін қалаушылары болып келеді.

Жылқыларға арналған ғимараттарға қойылатын ветеринарлық-гигиеналықталаптар.

Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда.

Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі ҥшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табыңда баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан - 5 пайыз мал басынан аспауы керек, жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс.

Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.

Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі; ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборатория қарастырылады. Мал фермасының территориясында будан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік объектілер, манеж, автотаразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуедететін механикалык жетектегіш, жем-шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері.

Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.

Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орнына және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады. Әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмауы керек, ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналасады. Әр қатарда ат тұратын орын саны отыз пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында орналасады (әжіре саны 12 пайыздан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастырылады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал саймандар тұратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада - манеж болуы тиіс. Жеңілдеу қорада топта күтіп- бағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арналған секцияда әжірелер болуы керек.

Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады (33-сурет). Әжіреде жем -шөп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның тем- пературасы 6°С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы - 75 пайыздан аспауы керек

Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан (ағаш үгіндісінен) төсеніш салған жөн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек.

Жарататын жас мал қорасын әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады.

Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Мал топтары

Ауа темпера- турасы, °С

Салыстыр- малы ылғалдылығы, пайыз

Ауа қозғалыс жылдамдығы, м/с

Зиянды газдардың концентрациясы

Опт.

Мин.

СО2 пайыз

NН3 гм3

Ересек жылқылар

8

6

60-70

0.3-0.5

0,25

20

Әжіредегі құлынды биелер

8

15

50-70

0.1-0.3

0,15

10

Құлындар енесінен ажыратылған

6

10

60-70

0.2-0.3

0,20

15

Тренингтегі малдар

4

8

60-80

0.2-0.4

0,20

20

Жұмыс аттары

4

6

60-80

0.3-0.6

0,25

20

Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7, биіктігі - 2,4 кем болмауы керек. Қораның биіктігі еденнен - төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі - 3 м; тауарлы ферма қорада - 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі - 4,5 м.

Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3 м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс.

Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәр, садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мҥмкін. Еденнің еңкіштігі жем-шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек.

Жылқыларды ұстау жүйесі

Жылқылар адам өміріне етене араласатын жануарлар қатарына жатады. Мыңдаған жылдар бойы көлік ретінде пайдаланып келеді, жылқы негізгі физикалық шама - жылқы күші атауын берген.

  Техника дамуына орай жылқы орнына машиналар келіп, оның маңызы сәл төмендеген, алайда кәзіргі кезде жылқы - сән, белсенді демалыс құралы, бизнес көзі, отбасылық қуаныш, жоғарғы спорттық көрсеткіштер түріне айналды. Жылқы ет алу үшін үй жануарларына айналдырылған, кешіккен соң оны көлік ретінде пайдаланған. Жылқы негізгі жұмыс және соғыс көлігіне айналғаннан кейін, Еуропа халықтары оны етке пайдалануды доғара бастаған. Шығыс халықтарында жылқы еті жоғары бағаланады, ал қазіргі уақытта Еуропаның көптеген елдерінде жылқы еті өзге еттермен табысты бәсекелесе алады.

Табындақ жүйеде ұсталынатын жылқы еті шығымы орта есеппен 47-50%, атқоралық жүйедегі 52-58% құрайды. Жылқы етінің қоректік қасиеті жоғары. Ақуыз мөлшері 18 ден 23% дейінгі шамада ауытқиды, жақсы семіртілген жылқыдан 15 кг дейін ішмайы алынады. Жұмсақ еттегі май бөлігі шамамен алғанда 5-8%-ды құрайды (стандартты емес қондылықта 1-2%, 1-санаттағы жылқы ұшаларында 18-20%). Бордақыланған жылқы еті жоғарғы энергетикалық қуаттылығымен сипатталады, онда 16 дан 23% май болғанда ол 2100 ден 2700 ккал (8792-11303 кДж) құрайды.

Адам жылқы сүтін б.э.д. V ғасырда тұтына бастаған. Шығыстың бірқатар елдерінің көшпенді халықтары бие сүтінен қымыз дайындаған. Қымыздың қоректілік құндылығы құрамындағы химиялық заттар мен дәрумендер болуымен түсіндіріледі. Бие сүті көп мөлшерде қант болуымен және аз мөлшерде май мен ақуыз болуымен ерекшеленеді.

1л бие сүтінде орта есеппен 20г май мен ақуыз, 70г сүт қанты, 800мг кальций және 500мг фосфор бар, ол микроэлементтер мен дәрумендерге бай. Май шарларының ішкі көлемділігіне орай бие сүті майы нәзік консистенциалы болады да, ішекке жылдам сіңіріледі. Бие сүті майы минол, минонел, арахидон қышқылына бай, олар туберкулез бактерияларының дамуын тежейді. Бие сүті қымыз дайындау  барысында ашыған кезде ақуыз нәзік, ұсақ талшықтар түрінде түседі де, организмге жақсы сіңіріледі.

Жылқы шаруашылығында атқоралық және табындық ұстау жүйелері қолданылады. Біріншісінде жануарларды жеке немесе топтап ұстайды, айғырларды, құлыны бар асыл тұқымды биелерді, желіс тұқымды және жүргек тұқымды жылқы жастарын, сондай–ақ жас жануарларды–тұрақтарда, жұмыс жылқыларын байлауда, барлық топтар мен бағыттар жастарын-бөлімдерде ұстайды. Жаз мерзімінде жылқылар тәуліктің едәуір бөлігін жайылымдарда өткізулері керек. Табындық жүйе өз алдына мәдени –табындық және жақсартылған табындық болып бөлінеді.

Бірінші түрінде жануарлар басым түрде жайылымдарда ұсталады. Жылдың аса суық кезендерінде оларды қораларда ұстайды. Жақсартылған табындық жүйеде жылқылар жыл бойы жайылымдарда ұсталынады.

Мәдени-табындық жүйе кезінде құлындарды енелерінен 6-7 айлық жасында айырады, ал жақсартылған табындық жүйеде 1 жасында айырады. Барлық ұстау жүйелерінде биелер жылдың бірінші жартысында құлындайды.

Күту гигиенасы

Жануарлар терісін үнемі тазалықта ұстау қажет. Бұл үшін оларды күнделікті тазалап, жуып, шомылдырады. Тазалау үшін жөке, қырғыш, шүберек қолданылады. Қырғыш тек жөкені шаң мен кірден босату үшін қолданылады. Тазалау үшін жылқыларды қорадан байлауларға шығарады, ауа - райы жайсыз болғанда өткелдерде тазартады. Оң жағын тазартқанда жөкені оң қолда, сол жағын тазартқанда керісінше ұстайды. Тазалуды мойыннан бастайды, сосын арқасына, белдемесіне, сауыры мен қарнына, алғы және артқы аяқтарына ауысады. Жөкені жүн өсуі бағытында және қарсы жүргізеді. Құйрығын, жалын, кекілін алдымен саусақтар арқылы тарқатып, сосын жөкемен жүргізеді. Жөкемен тазалағаннан кейін, басынан бастап шүберекпен сүртеді.

Тазалаумен қатар, жаз айларында жылқыларды шомылдырады немесе 18°С төмен емес сумен жуады. Суда жылқыны 10-15 минуттан артық ұстамайды. Қызып тұрған, жаңа азықталған жылқыларды шомылдырмайды. Шомылдыру кезінде құлағына су кіргізбеуге  тырысу қажет. Шомылдырған соң құрғатып сүртіп, жүргізеді. Жақын маңда табиғи су көздері болмаса, шарпы су астында, жоғарыда айтылған ережелерді ұстанып, шомылдырады.

Тұяқтар күтімі оларды кесіп, тазалауға келіп саяды. Құлындардың тұяқтарын тазарту 2-3 айлық жасынан басталады. Кейіннен тазарту әр 2- ай сайын, жайылым кезінде 4-5 ай сайын өткізіледі. Ересек жылқылардың тұяқтарын ай сайын, жаз айларында тазаланбағандарын 2-3 ай сайын тазартады.

Тұяқтарды өңдеу кезінде белгілі бір кезеңділік тәртібі ұсталынады, кірден тазартады, тұяқ қысқыштармен мүйізді қабырға шеттері қырқылады, тұяқ пышағымен ескі, жарылған өлі мүйізді қабат кесіледі (ақшыл - сұр, үгітілген ). Жас мүйізді қабат қоңыр - сары немесе сарғыш түсті. Кесілген қабырға шеттерін егеумен тегістейді.

Ат корадағы еңбасты құрал-жабдықтар.

Әрбір мал орны, 361 әжіре, астау белағаштармен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді. Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1 м, ал артқы жағынан еденнен 65 см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4 м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қорша- ғандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқаңды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды.

Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас ҥшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60 см, төменгі ені 40 см, ал тереңдігі 40 см болғаны жӛн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 м болу керек. Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1 м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек.

Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс.

Айғыр гигиенасы

Айғырды байлаусыз, кең әжіреде (көлемі 3,2x3,2x5,5 м) және жарық, таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, өтпе жел соқпайтын қорада күтіп-баққан дұрыс. Қораның едені өте жақсы тапталған саз балшықтан жасалып және еденге ұдайы төсеніш салып қою керек.

Шағылыстыру кезеңінің басталуына 1-1,5 ай қалғанда айғырлардың азықтандыру нормасын көбейту керек. Ал шағылыстыру кезеңінде айғырларды жеке - жеке тәулігіне 3 реттен азықтандыру 362 керек (күндік рацион құрамы: 60 пайыз - құнарлы азық, 35 пайыз - ірі азық және 5 пайыз - шырынды азық). Айғырларды әрі жеткіліксіз, әрі артық азықтандыру оның жыныс активтілігіне өте залал келтіреді. Салмағы 500 кг айғырдың рационына тәулігіне 5 кг сұлы, 1 кг үнтақ және 6-8 кг шөп енгені абзал. Рационның құрамын оқтын-оқтын ауыстырып тұрған жөн. Азықтандыруға мынандай жем-шөптер қолдануға болады: қырдағы, тоғайдағы, егілген шөптер, дәнді өсімдіктер, бұршақты шөптер (сұлы, арпа, жүгері майдаланған күйінде), тары, ұсақ бұршақ, сәбіз, қызылша, картоп, көк шөптен жасалған ұн, малдан өндірілген азық (сүт, жұмыртқа, ет-сүйек ұны), минералды-витаминді қоспалар, ал соңында айғыр- дың әр уақытта жалайтын тұзы болуы тиіс. Шағылыс біткен соң айғырдың рационынан қосымша азықты алып тастайды, құрама жемді 4 кг дейін төмендету керек, оның орнына шөп мөлшерін көбейткен дұрыс.

Айғырларды азықтандыру серуендету мерзімімен тығыз байланыста болғаны жөн және мұны жүйелі түрде өткізу керек. Сонымен қатар айғырларды шағылысқа дайындағанда оның организміне қолайлы әсерін тигізетін жағдай айғырларды таза ауада және күннің көзінде көбірек жүргізіп тұру қажет. Үйірге қосып шағылысқа жіберетін айғырларды оқтын-оқтын шаптырып қойғанның маңызы зор.

Ат қорада күтіп-бағатын айғырларды шағылыс кезінде ең кемі күн батқанға дейін қоршалған алаңда және қоршалған шабындықта (левада) бос ұстаған дұрыс, егер мұндай жағдай болмайтын болса, оңда күніне 40-50 минуттай айғырды ерттеп мініп немесе жеңіл арбаға жегіп тер шыққанша ары-бері шауып жүру керек немесе айғырды 2-3 сағатқа жеңіл жұмысқа пайдалану керек.

Осының бәрі айғырдың ұрығына және айғырдың қабілетіне (потенция) пайдалы әсерін тигізеді. Ал енді айғырды өте зорлап шаршағанша мінген жағдайда немесе ауыр жұмысқа салса, онда айғырдың барлық жағдайына керісінше әсерін тигізеді.

Жазды күні айғырларды салқын суға түсіріп (бассейнге) немесе өзендерге, көлдерге тоғытып тұрған дұрыс, күніге олардың денесін және айына бір рет тұяқтарын тазалау керек. Айғыр тұрған әжіреден қиды және су төсенішті күнделікті шығарып тазалап отыру керек.

Бие гигиенасы.

Жылқы өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек.

Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар (кальций, фосфор, натрий, хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин, витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс.

Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиялық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек, шөптің өте жақсы жарамдысы - тоғайдағы шөп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.

Майдаланған азықтың тәуірі - сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы.

Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы. Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара. Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп.

Малды, әсіресе биелерді азықтырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек-қарынның қабынуынан, тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро- микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды роль атқарады.

Жаздыкүні әр атқа 30-50 г, ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп, соның ішінде қышқыл дән көбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын - ала азықты лабораторияда зерттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкҥні әрдайым (үнемі) жайылымда бағып немесе жаңа орылған шөппен азықтандырған жөн. Жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі - ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем-шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шөппен азықтандырған пайдалы.

Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса, онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруа- шылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңышқа және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 л артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жем-шөпке әртүрлі улы шөптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың өліміне себеп болады.

Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық күнінде 4-6 рет.

Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары, бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал, егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыр жағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек. Жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат (ойық) жерінен суаруға болмайды, себебі малға суық тиеді және буаз бие іш тастауы мҥмкін. Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15°С сумен суарған жөн.

Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әртүрлі жем-шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шөптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем - шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шөптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, тамыр жемісті (сәбіз, қылша) азықтар жатады. Буаз биенің ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 1/3 көлемінің бөлігін кеміту керек.

Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып-күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіңдегі әжіренің жарық, таза, құрғақ болғаны жөн. Ал енді құлындағаннан үш күн өткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жөн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа райының жақсы күні далада - паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып-күту дұрыс. Мұндай биені жем-шөп нормасымен азықтандыру керек.

Бие сауу гигиенасы

Басқа малдарға қарағанда бие сүтінде белоктың қасиеті, аминқышқыл құрамы, микроэлементтердің саны және ферменттер, қанттың мөлшері бойынша әйелдердің сүтіне өте жақын екен. Осыған орай елімізде және шет елдерде жас сәбилерге бие сүтін беру қалыптасқан, ал осы бие сүтінің барлық құрамы мен көрсеткіштері, сонымен қатар оның шипалық қасиеті ең бірінші сауылған бие сүтінің сапасына байланысты. Әрбір сауынды биеден суалғанша (жылына) 2000-2500 литр сүт алуға болатыны анықталған.

Биені сауу тәсілдері - қолмен және механикалық әдіспен сауады. Қазақ халқының тұрмыс ерекшеліктеріне сәйкес және табындағы жылқыларды бағу мен жаю жағдайларына қарай қолмен сауу әдісі қалыптасқан. Бұл әдісті қолданғанда, күндіз құлындарды енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын оларды сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.

Таңертеңгі өрістен соң құлындарды желіге байлап қояды. Содан соң 12 сағат өткеннен кейін биелерді айдап келіп емізуге құлындарды босатады. Құлын 2-3 мәрте сорғаннан кейін оны енесінің алдына ұстап тұрып, саууды бастайды. Сауатын адам биенің сол жағынан келіп оң аяғымен тізерлеп отырады, ол тік бұрыш жасап бүгілген сол аяғының үстіне сүт ыдысын қояды. Оң қолымен биенің артқы сол аяғын құшақтай отырып оң жақтағы емшегін ыдыс ілінген сол, қолымен сол жақтағы емшекті сауады.

Сүт сауу процесі емшектерді қысып тартуға негізделген, ал мұның өзі бармақ пен сұқ саусақтың көмегімен жоғарыдан төмен қарай қысып созу арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибесі мол сауыншылар емшектерді екі қолымен алма кезек тартып сауады. Биелерді сауу кезінде ақырын сөйлесу және тыныштық сақтау керек, өйткені қандай болмасын бөтен дыбыстар, айғай-шу сүттің бөлінуін тежейтін рефлекстердің қозуына ықпал жасайды. Тыныш ортада жеделдетіп сауу, сондай-ақ шелекке шапшып құйылған сүттің дыбысы бұл рефлекстерді бәсеңдетеді және сүттің бөліну процесін күшейтеді.

Сауу кезінде емшекті қатты қысуға немесе тартуға болмайды, өйткені мұның өзі биелердің ауырсынуына және тынышсыздануына, шала сауылуына себеп болады. Үрку мен ауырсыну бір жағынан сүттің бөліну рефлексін тежейді, ал екінші жағынан бүйрек үсті бездерінің қызметін қоздырады. Мұның соңғысы қан құрамындағы адреналиннің бөлінуін күшейтеді, ол болса тамырларды тарылтады, сөйтіп сүт безіне окситоцин гармондарының келуіне кедергі жасайды.

Биелерді күн тәртібінде белгіленгендей дәл уақытында сауып отыру керек. Уақытты өзгерту, сүттің тартылуын немесе өздігінен иіп кетуін туғызады, сапасын төмендетеді және сүт безі ауруға шалдығуы мүмкін. Көшпелі халықтар қолданылып келген қолдан сауу әдісі осы күнге дейін Орта Азияның, Қазақстанның, Ресейдің (Башқұртстан, Якутия, Татарстан) көптеген шаруашылықтарында қолданылады және жылқы өсірудің табындық жағдайларына қарай жетілдіріліп келеді.

Бұл әдістің негізгі кемшілігі - өнімсіздігінде, өйткені құлындарды байлауға және ағытуға көп уақыт жұмсалады. Қолдан сауу кезінде тәуліктегі сүттің басым көпшілігін құлындар емеді. Биелерді қолдан сауудың өзі қиын және қауіпті, әсіресе малға жақындағанда сауыншылардан ерекше ептілікті талап етеді. Сондай-ақ мұндай әдістің негізгі кемшіліктерінің бірі - сүт сапасы төмен болады.

Биелерді машинамен сауу бірінші рет 1961 жылы Қазак мал шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында жҥргізілді. Биені машинамен сауу үшін шаруашылықтарда ДДА-2 дейтін екі режимді сауу аппараттары қолданылды.

Биені машинамен саууға іріктеу және оған үйрету. Биенің формасы мен көлемі біркелкі бола бермейді. Сиыр желініне қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

Бие желінінің сыртқы формасымен оны машинамен сауғанда сүт болу ерекшелігінің арасында белгілі бір тәуелділік бар.Осыған байланысты биені машинамен саууға іріктеп аларда желіннің формасымен оның жетілуіне айрықша мән берген дұрыс. Биені машинамен саууға іріктеп алардағы негізгі қойылатын талаптар: малдың желінсауға шалдықпауы. Желін формасы мен емшек көлемі және машинамен сарқа сауылуы. Машинамен сауардан бір ай бұрын биені іріктеп алу керек, сондай-ақ биеде желінсау ауруының бар-жоғы тексеріледі. Шаруашылықта бұл жұмысты мал дәрігерлер атқарады. Желінсау (сүт безінің қабынуы) ауру биеден сау биеге жұғыуы мүмкін. Ауырып жазылған биенің сүті кеміп, сапасы төмендейді, көбінесе желіні қатады. Желінсауы бар биені әбден жазылғанша басқа биелермен қосып саууға болмайды. Машинамен саууға желіннің бөліктері біркелкі жетілмей және емшектерінің ұзындығы 3,5-4 см болуы тиіс. Емшегі қысқа әрі шағын ешкі желіндес бие машинамен саууға жарамайды. Сыңар емшекті бие де машинамен саууға жіберілмейді. Әдетте желіні тостаған тәрізді биелердің емшектері ұзын және сүтті болып келеді.

Биені машинамен саууға үйрету кезінде оны тез иітуге және сүтін сарқа алуға дағдыландырған жөн. Алғашқы күні сауу қондырғысын орнатқаннан кейін биелерді қораға кіргізіп,вакуум насостың электродвигателін іске қосып, сауу шелегін вакуум жүйесіне қосады. Бие шуға және сауу машинасына біртіндеп үйрене бастайды. Осындай тәсілмен бірнеше күн үйреткеннен кейін биені саууға кірісе беруге болады. Емшекке сауу стакандарын кигізгенде кейбір биелер тынышсызданады. Осы жағдайда сауыншы шыдамдылықпен биені сылап-сипап тыныштандырғаны абзал. Алғашқы 7-10 күн биелер аппаратқа үйрене қоймағанмен де, кейіннен тез көндігіп кетеді. Жаңадан сауылатын биелерді сауыншы сақа биелермен бірге сауын қондырғыларында дағдыландырып, біртіндеп үйреткені жөн. Әдепкіде сауыншының жұмысы едәуір қиындайды, бірақ оның есесіне тұмсалар машинамен саууға тез дағдыланатын болады.

Биені тәулігіне 6-7 рет сауатын болғандықтан сүттің сапасын жақсарту жөнінде жүргізілетін санитариялық жұмыстар жоғары дәрежеде болуы тиіс. Бие сүтіне сауу мезгілінде оның желінінен зиянды микробтар түсіп, сүт сапасын төмендетуі мүмкін. Сол себептен бие желінін жуу үшін сиырда қолданатын жуғыш - дезинфекциялық ертінділер кеңінен қолданылады. Әр сауын алдында биенің үрпісіндегі алғашқы сүтті бөлек ыдысқа сауып алу керек.

Сонымен қатар, бие сүтінен әзірленетін қымыздың сапалы болуы ыдыс-аяқтардың, сауын шелегінің, сауын аппаратының таза болуына байланысты.

Сауу аппаратараттарын дұрыс әрі дер кезінде күтіп ұстау, сүтті санитариялық тұрғыдан таза алуға және тетіктердің пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Резеңке тетіктерді, әсіресе резеңке емізікті күтуге айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені, кебінесе резеңкеге май сіңіп, ісінуден бұзылады. Соның салдарынан ескіреді, сызаттар тҥседі. Сүтпен жанасатын резеңке тетіктердің пайдалану мерзімінің ұзақтығы оны қолданғаннан кейін тазалау сапасына, күтіп ұстау және сақтау тәртібіне байланысты.

Әр сауыннан кейін пайдаланған аппараттар мен сүт ыдыстарын, сондай-ақ жабдықтарды алдымен сүттің жұғынын кетіру үшін жылы сумен (25-30°С) жуып, соңынан ыстық сумен шаяды.

Қымыз шаруашылығындағы ветеринариялық сақтық шаралар. Қымыз фермасында қызмет ететін адамдар малдан адамға және керісінше жұғатын әртүрлі індетті аурулардың таралу жолдарын жетік біліп, оны болдырмау шараларын ұдайы қарастырып отыруы қажет. Шаруашылықтағы малдарға түрлі жұқпалы аурулардан аман сақтау мал дәрігерлерінің тікелей міндетіне жатады. Әсіресе, сауын биелерді маңқа, туберкулез, желінсау ауруларының алдын алу шараларын сақтау қажет.

Сауын биелерді әрбір сауын алдында тексеріп шығарады. Егер желінінде ісік, жарақат білініп сүтінен қан, ірің аққан жағдайда дереу мал дәрігеріне қарату керек.

Желінсаудың алдын алу үшін арнайы тесттермен және тұндыру тәсілімен әр айда 2 рет тексеріп тұру қажет.

Құлын өсіру гигиенасы

Ең бастысы жаңа туған құлындарды суықтан (қорада температура 6-10°С болу керек), алғашқы дымқылдан және желден сақтау керек. Сондықтан оларға құрғақ, таза әрі жылы төсеніш керек.

Құлын кезінде организмнің жетік қарқынды өсуі енесінің сүтіне байланысты. Құлынның 1 кг салмағы 10 литр енесінің сүтін қажет етеді. Сол үшін құлынды биені жұмысқа салуға болмайды. Құлын енесімен бірге жайылымда жүргенде 1-1,5 ай кезінде шөпке үйрене бастайды. Ал енді екі айлық кезінде жем беруге де болады. Құлынға жемді беруді 200-300 г бастайды да кейіннен оның көлемін көбейте береді, ал енді енесінен ажыраған кезде 2,5-3,0 кг дейін жеткізеді. Қыстыкүні құлындарға арналған рационда дәнді көне бұршақ пішендері, сәбіз, сұлы, арпа, күнжара, жүгері және азықтық бұршақ болғаны дұрыс.

Құлынның рационына витаминді, минералды қоспалар және балық майын енгізеді.

Құлынды кейбір шаруашылықтарда 8-12 бастан топтап, жарық, кең қорада ұстайды. Мұңдай секцияларда жем-шөпке арналған ақыр, су ішетін ыдыс болуы тиіс.

Құлынды мұндай қорада топтап ұстағанда қораның іші таза, ауада басқа жарамсыз иістер болмауы керек, желдеткіштер жүйесі үздіксіз жҧмыс істеп тұруы тиіс. Сонымен қатар жел өті болмауы керек.

Құлынды топтап баққанда оны жынысына, жасына, қоңдылығына қарай бөледі. Жас, кейін туған және нашар құлындарды бөлек бөліп, бөлек топ құрайды. Ұрғашы және еркек құлындарды бөлек бағады. Енесінен ажыраған құлындарға (6-8 айлығында) жақсы жайылым ұйымдастырады және қыста оларға сапалы, құнарлы жоңышқа, бидайық және шөптен жасалған ұн беріледі. Құлынның астауында сәбіз, жалайтын тұз, кальций, бор болғаны дұрыс.

Жаздыкүні күндіз табиғи немесе көп жылдық шөп егілген жасанды жайылымда бағады ал түнге қарай шарбаққа немесе секцияға қамайды. Құлындардың тұяқтарын, терісін қадағалап тұру керек.

Жарыстыруға арналған құлындарды әр күні бір бағытпен жүгіртіп отыру керек. Мұндай жаттықтыру құлын организмінің жетік өсуіне, төзімділікке үйренуіне, жеке жаттығуына, өзінің ықпалын тигізеді.

Жұмыс жылқыларын ұстау гигиенасы

Жұмыс көлігінің денсаулығының жақсы болуы, жұмысқа төзімділік қабілетінің артуы, оны жұмысқа тиімді пайдалану арқылы дұрыс іске асырылады. Жұмысқа тиімсіз пайдалану жылқыны ауруға соқтырады, оның төзімділігі нашарлайды, одан жақсы өнім алынбайды.

Жылқының жұмысқа пайдалану қабілетінің жоғары болуы және оның денсаулығының мықты болуы бірнеше жағдайларға байланысты:

- оның массасы, жасы, қоңдылығы (жылқының жұмысқа деген қабілеттілігі 4-5 жасында толығады);

- жылқының жұмысқа жаттығуы және дайындығы (жаттығуы жетіспесе жылкы терлейді және тез шаршайды);

- жұмыс әбзелдерінің денеге дұрыс орналасуы және оның ыңғайлылығы;

- жұмыс күнінің режимі (азықтандыру, демалыс уақыты);

- ауа райының жағдайы, жолдың сапасы және жер бедері;

-физиологаялық факторлар әсері.

-Көліктің жұмыс істеу қабілетін екі көрсеткішпен анықтайды: аттың күшімен және жол қашықтығымен. Күш кг есептелінеді, ал жол қашықтығы - шақырыммен. Көлік аттарын жеңіл және жеңілдеу жұмысқа салу, оларды дұрыс азықтандыру (алдымен ірі азық беріледі, сосын шырынды азық, ең соңынан құнарлы азық) және дұрыс күтіп-бағу олардың күшінің тез жиналуына, бір қалыпты болуына, төзімділігіне әсерін тигізеді (күнделікті терісін тазалау, жазда жуу немесе шомылдыру су температурасы 18° С төмен емес). Ал, керісінше болған жағдайда жас жылқының өсуі тежеледі, өкпенің қабынуы, жүрек, аяқ ауруы байқалады. Сонымен қатар жұмыс көлігінің жұмысқа төзу қабілеті оның жаттығуына да байланысты. Жұмысқа жаттыққан жылқы - тиімді, организмі шыныққан, қатайған болып келеді, жүйке жүйесіне де, бұлшық еттеріне де, басқа да органдардың қызметіне әсерін тигізеді.

Жұмыс көлігі әр кезде қоңды болғаны дұрыс. Осыған орай оларды үш топқа бөледі: бірінші топ - өте үлкен, мықты және денсаулығы зор жылқылар; екінші топ - орташа жұмысқа қабілеті бар, бір қалыпты жұмысқа пайдаланатын жылқы; үшінші топ - ұсақ, нашарлау, кәрі және жас құлынды биелер, мұндай жылқыны - жеңіл жұмысқа пайдаланады.

Жұмысқа көп атты жегіп пайдаланғанда оларды дұрыс таңдап алу керек, ол аттардың жасы, қондылығы, төзімділігі, салмағы, биіктігі, қадамының ара қатынасы және нерв жүйесінің типтігі бірдей болғаны дұрыс. Жұмыс күнінің ұзақтығы 8 сағаттан аспауы керек. Ыстық кҥүі ауаның ылғалдылығы көп буланғанда, жұмыс көлігі тез шаршайды және ыстық өтуі мүмкін. Сондықтан мұндай күндері көлікті жиі-жиі суарып тұру керек, оқтын-оқтын атқа демалыс беру керек, өте ыстық күні жылқыны көлеңкеге демалдырған жөн .

Спорттық жылқыларды ұстау гигиенасы

Спорт жылқыларының жұмысқа қабілеті мен конкуренттік қасиетін бірқалыпты ұстау үшін олардың гигиеналық, режимі мен оларды бағып-күту және жылқыларды тиімді шынықтыру ерекше- ліктерін байланыстырып, дұрыс пайдалану керек. Жылқыларды әжірелермен (көлемі 3x4 мг) жабдықталған ат қораларда ұстайды. Қора таза, жарық, және құрғақ болуы керек. Әжірелердің едені тығыздалған топырақ, құрамында 5-6 пайыз цемент болу керек. Қолданылатын төсеніш құрғақ, қалың, газды сіңіруі жоғары (сабан, ағаш үгіндісі) болу керек. Қорадағы қиды күнделікті тазалап, төсеніштерді ауыстырып, науаны тазартып, қабырғалардағы, төбедегі, терезелердегі шаңнан тазартып тұру керек. Уақытылы дезинфекция жасау ҥшін хлорлы әкті пайдаланады және бұл затты қолданғаннан кейін міндетті түрде қора ауасын тазартады.

Спорт жылқыларының жұмыс қабілетін арттырудың маңызды гигиеналық әдістері мал тұяғын, терісін, аяғын дұрыс күту, оларды шомылдыру және белсенді моционға шығару болып табылады. Бұл әдістерді жүргізу техникасы жұмыс аттарын күтіп бағу техникасына ұқсас. Сонымен бірге спорт аттарына арналған ат қораларға жылы суы бар душ орнатады. Қыс және күз мезгілдерінде душ қабылдаған жылқылардың үсті міндетті түрде кебуі керек. Ол үшін жылқыны жылы жабумен жауып, әжіреге кіргізеді. Терлеп тұрған жылқының тері кебуі үшін және оларды суықтан ауырмауы үшін жылқы жүнін арнайы электр машинасымен қырқу керек. Азықтық рационды әр жылқыға жеке құрады және олар сапалы болуы керек. Азықты науаға күнделікті бір уақытта және аз мөлшерде салады. Бұл кезде әртүрлі азықтармен азықтандыруға және суаруға аса көңіл аудару, азықтандыру кезінде ат қораларда тыныштық сақтау қажет.

Спорт жылқыларының жұмыс кезінде организмде жүретін физиологиялық процестерді білу арқылы керекті және шекті шынықтыру жұмыстарын, жылқының жұмыс істеуі мен дем алу қатынастарын, шынықтыру және жарыстан кейінгі қайта қалыптасу процестерін анықтауға болады. Спорт жылқыларының жылына белсенді дем алу мерзімі 1-1,5 айды құрайды.

Спорт жылқыларын шынықтыру жарыс түріне байланысты белгілі бір жобада және уақтылы жүргізілуі керек. Бұл кезде шынықтыру мерзімі мен қайталану дәрежесі, шынықтыру компоненттері (көлемі мен интенсивтілігі) және жылқыны дем алдыру тҥріне байланысты болады. Егер шынықтыру кезінде жылқыны дем алдыру уақыты ұзарып кетсе, организмде бұрын пайда болған шартты рефлекстік байланыстар бұзылады және жылқының жұмысқа қабілеті нашарлайды.

Спорт жылқылары бір-бірінен мінез-құлқы, темпераменті және тағы басқа қасиеттері бойынша ерекшелінеді, сондықтан спорт жылқысына жеке күтіп-бағуды ұйымдастыру керек.

Жылқыларды бордақылау гигиенасы

Табында жылқыны бордақылау кезінде қауіп-қатерден сақтану үшін жем-шөп қоры болуы тиіс.

Ол үшін шөл, шөлейт жерлерде бір жылқыға 1-3 ц, қарлы жерде 5-10 ц шөп қоры болуы тиіс. Шөлейт, шөлді жерлерде малды семірту, әсіресе көктемгі және күзгі уақытта, ал таулы аймақтарда жаздыкүні жүргізген дұрыс.

Жылқыны табында бордақылау кезінде оларды сумен қамтамасыз етуге аса көңіл аудару және жылқыны күніне үш рет суару керек. Табында семірткен жылқы етінің сапасы жоғары болады, жылқы тез семіреді, салмағы тәулігіне 1,5-2 кг дейін өседі.

Жылқыны қолда ұстап семірту немесе бордақылау.

Бордақы жылқыны жасы, салмағы, қоңдылығы бойынша іріктеп алады. Жылқыны бордақыға қойғанда оларға ветеринариялық, зоотехникалық шараларды жүргізеді және олардың қоңдылығын анықтайды, өлшейді, құрт ауруларына қарсы емдік шаралар жүргізеді.

Жылқы қолда бордақыланғанда оларға көк шөп, құрама жем, сүрлем, пішендеме, картоп, жем және арпа береді.

Алғашқы күндері рациоидағы ірі шөп және құрама жем 30 пайыз, шырынды шөп 40 пайызды құрайды да, ал бордақылаудың соңғы күндері құрама жем 60 пайыз, ірі шөп - 30 пайыз және шырынды шөп - 10 пайызды құрайды.

Қысқаша қорытынды

Жылқының адам үшін жан-жақты қасиетін кеңінен қолдану мақсатында оны сантариялық-гигиеналық талаптарға сай ұстап, күтіп-бағу негізгі мақсат болу керек. Басқа түліктерге қарағанда жылқыны күтіп-бағуды, оларға дүние жүзілік деңгейде салынған әрі салынып жатқан жылқы зауыттары, қымыз және ет-көкөніс шаруашылықтары қол жеткен табыстары баршылық. Ендігі мақсат осы жетістіктерді бұл салада әрі қарай дамытып жалғастыру.

Жылқыларды азықтандыру және суару

Асқазанының ерекшелігіне орай жылқы азықты аз мөлшерде қабылдайды. Жылқылар үшін таптырмас құрама азықтар - сұлы, арпа, жүгері, жарма, бұршақ. Тәбетін жақсартып, азықтар қорытылуы мен сіңуін қамтамасыз ететін азықтандыру тәртібі алдымен шөп, сабан, сосын шырынды соңынан құрама азықтар беру. Жылқыларға жұмысқа шығар алдында және одан қайтысымен құрама азықтар беруге боламайды.

Құрама азықтармен азықтандырылған соң жұмысты 50 минуттан кейін, ал аяқталғаннан соң 1-1,5 сағаттан кейін азықтандыру қажет. Ботулизм ауруының алдын алу үшін екпе дақылдардан (жүгері, күнбағыс) әзірленген сүрлем сабақтарының және тамыртүйінділерсіз дайындалуы, жермен ластанбауы керек.

Жылқыларды тәулігіне 3 рет суарады, ал жазғы ыстық күндері және ауыр жұмыс кездерінде 4-6 рет суарады. Жылқы шаруашылығы тәжірибесінде жылқыларды азықтандыруға дейін, немесе екі қабылдауда азықтандыруға дейін және кейін суарады .

Қызып тұрған, терлеген жылқыға  бірден суық су беруге болмайды, өйткені ол түйленулер мен тұяқтың ревматикалық қабынуын тудыра алады.

Жұмыс соңында жылқының суынуын, тамыр соғуы мен тыныс алуының нормаға келуін күту керек. Жұмыстан кейін 1 сағаттан соң 1 шелек жылы су береді, ал тағы жарты сағат өткен соң еркімен суарады. Егер жылқыны жұмыс уақытында суарса, одан соң жұмысты жалғастыру қажет. Дұрысы жұмыс соңынан 30-40 минут бұрын суару.

Жем бере алдында жылқыны суару керек екенін есте ұстаған жөн, өйткені жем асқазанда қорытылады, ал жұмыс кезінде көп мөлшерде сұйықтық (тер) жоғалуы мен асқазан бездерінің әлсіз секрециалуына орай қорытылмай қалуы әбден мүмкін.

Азықтандырысымен суару кезінде жем ісініп, ашу үрдісін тудырады, нәтижесінде түйленулер пайда болады. Мұндай жағдайларда жылқыларды азықтандырудан 40-50 минут бұрын және 2 сағат өткен соң суарады. 10°С төмен суық сумен суару суық тию ауруларын, биелерде іш тастануды тудыруы мүмкін.