- •1.Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі
- •Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау
- •Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау
- •Кенді уату
- •2.Теспелік уату
- •2. Жерасты жазық тау-кен қазбаларын өту кезіндегі жарылыс жұмыстарындағы теспелердің орналасуы және түрлері
- •2.1. Үңгілеуші теспелер
- •2.2. Қопарушы теспелер
- •2.3. Жиектеуші теспелер
- •3.Теспелер өлшемдері мен санын анықтау
- •3.1. Теспелердің диаметрі.
- •3.2. Теспелердің саны.
- •3.3.Теспелердің тереңдігі.
- •4.Теспелерді бұрғылайтын перфораторлар мен және бұрғы қондырғылар
- •Жарылғыш заттар мен қоздыру құралдарын таңдау
- •Кенді өңдіру кезіндегі теспелік уатудың шамашарттарын есептеу
3.3.Теспелердің тереңдігі.
Теспелердің тереңдігі бұрғылап-аттыру жұмыстарының негізгі параметрлерінің бірі болып табылады. Теспелердің тереңдігі қазбаны өту циклінің ұзақтығын, қазбаны өтудің жылдамдылығын, оған кететін жалпы қаржының көлемі мен еңбек шығымдылығын анықтауға мүмкіндік тудырады.
Теспелердің тереңдігінің оптимальды мәнінің негізгі көрсеткіштері ретінде қазбаның 1 метрін жүргізу үшін жұмсалатын еңбек пен уақыттың және қаржының ең аз кететін шамалары алынады.
Теспелердің тереңдігін анықтағанда қазба өтудің геологиялық, техникалық және еңбек ұйымдастыру факторларын ескеру керек.
Негізгі геологиялық факторларға таужыныстарының бекемдігі, жарықшақтығы, тақталануы (напластование) және судың қазбаға келімінің көлемі мен газ режимі жатады.
Техникалық факторларға – қазбаны жүргізудің технологиялық үлгісі, қазбаның көлденең қимасы, қолданылатын бұрғылау және тиеу машиналарының түрлері, ЖЗ-тың сапасы және тағы басқалары кіреді.
Ұйымдастырушылық факторларына – қазбаны өту циклінің ұзақтығы және осыған байланысты қазбаны өтудің жылдамдығы жатады [5, 8, 18].
Теспелердің тереңдігі тайыз (1,0–1,5 м) болғанда қазбаны ілгері жүргізудің 1 метріне шаққанда жұмсалатын көмекші жұмыстардың (қазбаны желдету, теспелерді бұрғылау және таужыныстарын тиеу кезеңдерінің, даярлау – қорытындылау операциялары және т.с.) уақыт мөлшері ұзарады.
Қазбаларды өтуге терең теспелер (3,5–4,0 м) қолданылса, онда таужынысының уатылу сапасы және теспелерді пайдалану тиімділігі төмендейді. Бұл жағдайда да қазбаның 1 метрін қазуға жұмсалатын уақыт мөлшері ұзарады.
Негізі теспенің тереңдігін қазба өтудің мөлшерленген техникалық жылдамдығына, қолданылатын тау-кен жабдықтарының түрлеріне және олардың санына немесе қазба өтудің өнім шығару мөлшеріне, яғни бұрғылау қарнақтың ұзындығына (0,7-4,3м, әдетте 1,5; 1,8; 2,2м.) байланысты.
4.Теспелерді бұрғылайтын перфораторлар мен және бұрғы қондырғылар
Перфораторлар бөлінеді:
тасымалды;
керме бағаншада орнатылған;
телескопты.
Қолданатын перфораторлардың түрлері ПР-25Л, ПР-30К, ПТ-29, ПТ-38, КС-50, ПК-60, ПК-75, ПП36В, ПП50В, ПП54ВБ, ПП63СВП.
Кесте 3. Тасымалды перфораторлардың техникалық сипаттамасы
Шамашарттары |
Өлшем бірлігі |
Шамашарттардың сандық мәндері |
|||
ПП36В2 |
ПП54В2 |
ПП63В2 |
|||
Сығылған ауаның жұмыстық қысымы |
МПа(кгс/см2) |
0,5 (5)
|
|||
Соққының қуаты |
Дж (кгм) |
36 (3,6) |
54 (5,4)
|
63 (6,3) |
|
Соққылардың жиілігі |
с-1(соқ/мин) |
38 (2300) |
30 (1800) |
||
Бұраушы қуаты |
Н·м(кгм) |
20 (2,0) |
29 (2,9) |
27 (2,7)
|
|
Ауаның шығыны |
м3/мин |
3,3 |
4,5 |
4,0 |
|
Масса |
кг |
24 |
31 |
32 |
|
Ұзындығы |
мм |
700 |
820 |
850 |
|
Ауа құбыршегінің ішкі диаметрі |
мм |
25
|
|||
Су құбыршегінің ішкі диаметрі |
мм |
12,5
|
|||
Пайдалану мерзімі |
сағ |
1600 |
|||
Кесте 4.Телескопты перфораторлардыңтехникалық сипаттамасы
Шамашарттары |
Өлшем бірлігі |
Шамашарттардың сандық мәндері |
|
ПТ38 |
ПТ48 |
||
Соққының қуаты |
Дж |
80 |
86,3 |
Соққылардың жиілігі |
с-1 |
43,3 |
43,3 |
Бұраушы қуаты |
Н∙м |
19,6 |
32,3 |
Сығылған ауаның шығыны |
м3/мин |
3,4 |
5 |
Ауаның жұмыстық қысымы |
МПа |
0,5 |
0,5 |
Теспелердің диаметрі |
мм |
42-85 |
|
Теспелердің тереңдігі |
м |
≤15 |
|
Кесте 5.Керме бағаншада орнатылғанперфораторлардыңтехникалық сипаттамасы
Шамашарттары |
Өлшем бірлігі |
Шамашарттардың сандық мәндері |
|
ПК60А |
ПК75А |
||
Соққының қуаты |
Дж |
90 |
150 |
Соққылардың жиілігі |
с-1 |
41-45 |
33-37 |
Сығылған ауаның шығыны |
м3/мин |
9,1 |
13 |
Ауаның жұмыстық қысымы |
МПа |
0,5 |
0,5 |
Теспелердің диаметрі |
мм |
40-65 |
65-85 |
Теспелердің тереңдігі |
м |
25 |
50 |
Үңгубеттің ені 1,5 м-ден жоғары болған жағдайда теспелер 2-3 перфораторлармен жабдықталынған өзіжүргі бұрғы қондырғылармен бұрғыланады.
1976 жылдан бастап БК сериялы кареталары іске қосыла бастады. Бұл кареталардың доңғалақты жүрісті түрінің 9 өлшемдері бар, екеуі – толық жетекті пневматикалық жүрісті ПК-60 тың 1 және 2 перфораторлары, қалғандары – 2 және 3 ПК-60 перфораторы немесе ПК – 75 дизельді жетек перфораторлары. диаметрі 40 – 50 мм., тереңдігі 3 – 4 м. Арнайы айналдыру перфораторымен жабдықталған өте күшті кареталар 30 м.тереңдіктегі теспелерді бұрғылауға мүмкіндігі бар. Бұрғылау құрылғысының типіне қарай 7 м., салмағы -5 т.-дан 20 т.-ға дейін. Бұрғылаушының жартастардағы еңбек өнімділігі бойынша орташа беріктіліктің ең жақсы көрсеткіші ауысымына 500м. болып табылады. Өте күшті дизельді жетегі бар өздігінен жүретін шахталық бұрғылау құрылғылары қымбат тұрады және жоғары білікті қызметті талап етеді, сондықтан оларды ірі кен қазбаларында пайдалану өте қолайлы. Ал кіші көлемді кен қазбаларында немесе өнімді аз шығаратын кенжарларда қуаты аз дизельді немесе пневматикалық жетекті өздігінен бұрғылау құрылғылары қолданылады. Пневматикалық жетекті бұрғылау құрылғысы – үш доңғалақты, екі құбырлы перфоратормен жабдықталған және дизельді жетекке қарағанда шамамен 7 есе арзанырақ тұрады. Бірақ олар шағын маневрлі және ауысымына бір ғана кенжарды бұрғылай алады.
Бұрғылау құрылғыларын қолдану басқаруды толық автоматтандыру, бұрғылау құрылғыларын қосу, белгіленген жерлерде тесіктерді бұрғылау, жарылыс бұрғылау құжаты бойнша бағытталған жұмыстарда, белгіленген тереңдікте бұрғылау, бұрғылау құралдарын өзінің бұрынғы қалпына келтіру, бұрғылау төбелерін ауыстыру жұмыстарынан басталады.
Бұрғыланып жатқан тау жыныстарының мықтылық коэффициенті 4-6, 10-14 және 19-20 аралығында болған жағдайда, айтылған мықтылықтарға сәйкес бұрғылаушының еңбек өнімділігі:
жеңіл перфоратормен бұрғылағанда 60, 30 және 20 м/ауысым;
ауыр перфоратормен бұрғылағанда 95, 50 және 35 м/ауысым
