Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumi_kurs.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
379.53 Кб
Скачать

2. Жерасты жазық тау-кен қазбаларын өту кезіндегі жарылыс жұмыстарындағы теспелердің орналасуы және түрлері

Жерасты қазбаларын бекемдігі жоғары таужыныстарында қазғанда міндетті түрде жару жұмыстары қолданылады. Қазбаларды жерасты әдісімен қазғанда: теспелерді (ұңғымаларды) бұрғылау; ЖЗ оқтау және аттыру; қазбаны желдету; қопарылған таужыныстарын тазарту; қазбаны бекіту операциялары орындалады

Жарылыс параметрлерін дұрыс таңдау, қазбаны өтудің басқа да көрсеткіштеріне тікелей әсер етеді. Қазбаның забойын қопару – бұрғылау-аттыру жұмыстарының (БАЖ) паспортына сәйкес орындалады. БАЖ паспортында таужыныстарының қасиеті, теспелердің саны, диаметрі және тереңдігі, үңгі түрі, ЖЗ түрі, оқтам мөлшері, жару сұлбасы мен жарылыс нәтижесі көрсетіледі.

Қазбаларды қазған кезде тек бір ашық кеңістік – забой болады. Забойға теспелерді перпендикуляр және көлбей бұрғылап аттырады. Сонымен қатар теспелер жарылысында:

- теспелердің қопару тиімділігін жоғарылату үшін бірінші забойда бір топ шпурды аттыру арқылы үңгіме жасау;

- таужыныстарын талап етілетін өлшемде қопару;

- БАЖ паспортында белгіленген қазба тиімділігін шығару талаптары орындалуы керек.

Белгіленген жарылыс нәтижесін алу үшін теспелер үш топқа бөлініп аттырылады: үңгіме (бірінші кезекте атылатын теспелер); қопарғыш (көмекші) (екінші кезекте атылады) және жиектеуші теспелер (ең соңында атылады) (6.1-сурет)

2- сурет.Қазбаларды қазған кездегі шпурлардың забойда орналасу сұлбасы: 1–4-үңгіме теспелер; 5–9-қопару теспелер; 10–21-жиектеуші теспелер

2.1. Үңгілеуші теспелер

Үңгілеушітеспелерінің атылысынан забойда үңгір пайда болады. Ол мына кезекте атылатын теспелердің таужыныстарын тиімді қопаруына үлкен үлес қосады. Үңгілеушітеспелерлерін әдетте, үңгубеттің ортасына қалған теспелерден 0,2–0,3 м тереңірек бұрғылайды. Олардың бағыты – жазық немес қазба ортасына қарай қиғаштанған болуы мүмкін (3-сурет). Үңгілеуші бағыттарын қолданылу аймағы 2-кестеде келтірілген .

3-сурет. Үңгілеуші теспелерінің үңгубетте орналасу сұлбалары:

а – пирамидалы; ә – тік сыналы; б – жазық сыналы; в – төменгі біржақты; г – жоғарғы біржақты; ғ – бүйірлік біржақты; д - тік қуысты (оқталмайтын теспе); е – призмалы; ж – қадамды

2.2. Қопарушы теспелер

Бұзу (қопару) теспелері, үңгіме теспелернен кейін атылады, яғни үңгіме теспелерінің жарылысы нәтижесінде забой ортасында үңгір пайда болып, бұзу теспелерінің қопарғыштық көрсеткішін арттырады. Забойдағы кен массасының үлкен бөлігі бұзу шпурларының жарылысынан қопарылады.

2.3. Жиектеуші теспелер

Жиектеуші шпурлар ең соңынан жарылатын теспелер. Мұның қызметі қазбаның жобалық қимасын жасау. Жиектеуші теспелерді әдетте, қазбаның сыртына қарай қиғаш бұрғылайды. теспелердің жарылысынан, толық тереңдікке дейін таужыныстары қопарылмай қалуы мүмкін. Мұны теспелерді пайдалану коэффициенті (ТПК) білдіреді. ТПК – дегеніміз жарылыстан кейін забойдың алға қарай жылжу ұзындығының теспе тереңдігіне қатынасы. Егер жарылыс кезінде ТПК < 0,65÷0,8 болса, онда жарылыстың көрсеткіші қанағаттанарсыз, ТПК = 0,8÷0,9 болса, орташа, ал ТПК > 0,9 болса, онда жарылыс дәрежесі жақсы деп танылады. ТПК -нің мәні үңгір кеңістігінің өлшемдеріне тікелей байланысты. Сондықтан теспелерді забойға орналастырған кезде үңгіме теспелеріне үлкен мән беру керек.

Қазбаларды әртүрлі таужыныстарында, көмір немесе кен қабаттарында өткенде, бірінші көмірді немесе кенді веерлі үңгімелермен қопарады. Соның арқасында қосымша кеңістік пайда болады, ал пайдалы қазбаны тазартып алғаннан кейін таужынысын параллельді теспелермен қопарады (4-сурет).

Жиектеуші теспелерді қазбаның жобалық жиегінен 15-20 см ішке, қазбаның бүйіріне қарай 85–870 қиғаш бұрғылайды. теспелердің таужынысының ішіндегі ұшы қазба қимасының жиегінен сыртқа шықпауы қажет.

4-сурет. Біртекті емес таужыныстарында теспелерді орналастыру сұлбасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]