Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumi_kurs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
379.53 Кб
Скачать

Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау

Кенорнының геологиялық қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:

Гқ= Lсоз⋅Lқұл⋅ m 530 2,6=16866720 т

Кенорнының баланстық қоры келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:

Бқ= Гқ(1 - )= 16866720(1 - ) = 13493376 т

Кенорнының өңдірістік қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз, т:

Өқ = Бк⋅ Кш =13493376 =12683773 т

tж – шақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;

tж = Өқ / А = 12683773 /952280 = 13 жыл

Шахталық қызмет ету мерізімі келесі теңдеу арқылы анықталады, жыл:

Т = tж⋅ tдам⋅ tөшу = 13 + 3 + 3 = 19 жыл

мұнда:

tдам – шахтаның жобалық қуатын игеру уақыты (tдам=2-3 жыл)

tөшушахта өнімділігінің өшу уақыты(tөшу=2-3 жыл)

tж – шақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;

Кенді уату

Қазылатын кен әдетте профессор Протодъяконовтың шкаласы бойынша бекем не өте бекем болады.

Сондықтан кен, сілемнен алу алдында уатылады, яғни ол кесектерге ұсатылып сілемнен ажыратылады.

Кесте 1. Кенді уату тәсілдерінің жіктеушісі

Тәсіл

Ерекшеліктері

  1. Жарылыспен уату

а) Теспелік

б) Ұңғымалық

Сілемде бұрғыланған теспелермен және ұңғымаларда орналастырылған жарылғыш заттарды жару

Теспелер тереңдігі 5м-ге дейін

Ұңғымалар тереңдігі 100м-ге дейін

  1. Механикалық уату

Комбайындарды қолдану

  1. Кенді өздігінен құлату

Төменнен ашылған кен, өз салмағының және жоғарғы тау жыныстар қысымының күшімен

  1. Басқа әдістер ( гидравликалық уату)

Жоғары қысымды судың күшімен

Механикалық уату әдетте жұмсақ тау жыныстарды қазу барысында пайдаланады, кейде арнайы жабдықтармен мықтылық коэффициенты f=6-8 тең тау жыныстар уатылады. Қазымдалып жатқан тау жыныстардың 90% жарылыс тәсілімен уатылады. Өздігінен құлау тәсілімен, жарықшақтығы өте жоғары тау жыныстар уатылады.

2.Теспелік уату

Теспелерде орналастырған оқтамдарды жару арқылы орындалған уату теспелік уату деп аталады.

Теспелік уатуәдiсi – тау-кен қазбаларын қазғанда, қалыңдығы шағын (10 м-ден аспайтын) кендердi қопарып алуға қолданылады. Теспелік уату әдiсiнiң артықшылығы мыналар: таужыныстары жақсы ұсақталады; әртүрлi жағдайда (өте тар жерлерде де) қолдануға болады; жеңiл бұрғылау машиналары пайдаланылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi мыналар: бұрғылау және аттыру жұмыстарының мөлшерi көбiрек; перфоратормен бұрғылағанда шаң көп бөлінеді.

Теспе дегеніміз – цилиндр тәрізді ұзындығы 5 м аспайтын, диаметрі 75 мм артық емес тау массивін қопару үшін массивтің ішіне ЖЗ орналастыруға арналып жасалатын қуыс.

Cурет 1. Теспелік уатудың тәсімдері

а-теспелер горизонталь бағытта бұрғыланған;

б- теспелер жоғарыдан төменғе тік бағытта бұрғыланған;

в- теспелер горизонталь бағытта бұрғыланған;

г- теспелер төменнен жоғарғы бағытта бұрғыланған;

д- төбекертпешті алу;

е- қабатаралық уату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]