Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumi_kurs.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
379.53 Кб
Скачать

Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау

Әрбір кен орындары кен қорының саны, сапасы және пайдалы бөлік мөлшерімін сипатталады.Кен қоры деп жер қойнауында белгілі бір орын алып жатқан кенді айтады.Кен қоры шаруашылық мәніне қарай геологиялық, есептік(баланстық), есептелмес(баланстан тыс), өнеркәсіптік,жоғалымдық және түсім қоры болып бөлінеді.

Геологиялық қор деп кен орнының немесе шахта алабында жатқан кеннің жалпы мөлшері айтады.

Кенорнының геологиялық қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз:

Гқ= Lсоз⋅Lқұл⋅ m , т

Экономикалық маңызына қарай анықтаған геологиялық қор өз алдына санаққа алынатын есептік және есептелмес қор болып екіге жіктеледі.Есептік қор деп белгілі техникалық және қазу технология деңгейінде, сондай ақ жетілдірілген тәсілдерді қолданғанда шаруашылық мұқтажын толық қанағаттандыратын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді болатын кен қорын айтады.Бұған керісінше, тұтас кенішті немесе оның бөлігін қазу өте күрделі болып әрі оның құрамындағы пайдалы бөліктерді алудың күрделілігіне байланысты жұмсалған қаражат ақталмайтындай геологиялық қордың түрін есептелмес қор деп атайды.Кен қазу технолгиясы жетіліп, кейде олар кеннің есептік қор тобына қосылып отырады.

Кенорнының баланстық қоры келесі теңдеу арқылы анықтаймыз:

Бқ= Гқ(1 - ), т

Кен өндірісінде есептік қорды түгел қазып алу мүмкін емес.Кеннің біраз бөлігі арнайы кентіректер ретінде қалдырылады.Осындай жағдайлардың салдарынан есептік қордың біразы жер астында алынбай қалып қояды.Мұны жоғалым қоры дейді.

Өнеркәсіптік қордың қазып алынатын, бос жыныстармен құнарсызданған бөлігін түсім қоры деп атайды.

Әр кен орынына тән пайдалы бөлітің көлемі өнеркәсіптік минимум немесе кондиция деп аталады.

Кондиция – пайдалы қазылымға қойылатын өнеркәсіптік талаптар.Оларыдың негізінде кенорынды немесе оның бөліктерін игерудің экономикалық ұтымдылығы анықталады.Басқаша айтқанда, кондиция дегеніміз одан төменгі көрсеткіштерде пайдалы қазбаны өндіру тиімсіз саналатын шекаралық параметрлер.

Минимал өнеркәсіптік мөлшер – блоктағы немесе пайдалы қазбаның жекеленген денесіндегі пайдалы компаненттің, егер мәні одан төмен болса өндіру тиімсіз саналатын орташа мөлшері.

Жарамды(борттық) мөлшер – кондициялық көрсеткіш ретінде кен денесінің геологиялық шекаралары айқын болмағанда немесе пайдалы компаненттер әркелкі тараған жағдайда енгізілуі мүмкін.

Өнеркәсіптік қор есептікке тең не одан кем болады.Себебі кен қазу үдерісінде кен тағы да жоғалымға ұшырайды.

Кенорнының өңдірістік қорын келесі теңдеу арқылы анықтаймыз:

Өқ = Бк⋅ Кш , т

Кен қоры – барлау дәрежесіне, сапасын анықтау деңгейіне және қазудың техникалық жағдайына қарайпайдалы қазба қорын төрт санатқа бөледі: А, В, С1 және С2.Олардың ішінде А, В, С1 санатты қор барланған, ал С2 санатты қор алдын ала бағаланған деп аталады.Қорды тиісті бір санатқа жақызу үшін пайдалы қазбаның әртүрлі дәлдік дәрежесіндегі кеңістік-морфологиялық ерекшеліктері, сапалық сипаттамалары, кен – техникалық жағдайлар зерттеледі.

Шахталық қызмет ету мерізімі келесі теңдеу арқылы анықталады:

Т = tж+ tдам+ tөшу , жыл

мұнда:

tдам – шахтаның жобалық қуатын игеру уақыты (tдам=2-3 жыл)

tөшушахта өнімділігінің өшу уақыты(tөшу=2-3 жыл)

tж – шақтаның қызмет ету мерізімі, жыл;

tж = Өқ / А , жыл

Кесте 1.

Шахта

алабының

типы

Кен шоғырдың

белгілі қалыңдығынан

шахтаалабының

ұзындығының сәйкестігі, м

Кеншоғырдың

қалыңдығы15-ден

артығырақ

жағдайдағы

ауданының мөлшері,

мың км2

15 м-ге дейін

15 м-ден артық

Шағын

500-600 м-ге дейін

300 м – ге дейін

5 м -ге дейін

Орташа

600-1000 м

300 – 600 м

5-12 м

Үлкен

1000-1500 м

600 – 1000 м

12 - 25 м

Өте үлкен

>1500

>1500

>25

Кесте – 2.Өңдіру жұмыстарының жылдық оңтайлы төмендеуі

Шахта алабының типы

Қабаттар саны

Vж , м

Өте үлкен

1

2

15

20

Үлкен

1

2

22

25

Орташа

1

2

бірнеше

25

30

40

Шағын

1

2

бірнеше

30

45

50

Кесте – 3.Кен шоғырдың жату шамашарттарын ескеретін коэффициент.

Кеншоғырдың белгілі қалыңдығы

<5

5-15

15-25

>25

К1

1.25

1

0.8

0.6

Кеншоғырдың құлау бұрышы

90

60

45

30

К2

1.2

1

0.9

0.8

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]