Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gumi_kurs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
379.53 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1.Кеніштің өнімділігі

1.1)Кеніш

1.2)Кеніштің өнімділігін анықтау

1.3)Кеніштің қызмет ету мерізімін анықтау

2.Теспелік уату тәсімдері

2.1)Теспелердің орналасуы мен түрлері

2.2)Үңгілеуші теспелер

2.3)Қопарушы теспелер

2.4)Жиектеуші теспелер

3.Теспелердің өлшемдері мен санын анықтау

3.1)Теспелердің диаметрі

3.2)Теспелердің саны

3.3)Теспелердің тереңдігі

4. Теспелерді бұрғылайтын перфораторлар, бұрғы қондырғылар

5. Жарылғыш заттар мен қоздыру құралдарын таңдау

6. Теспелік уатудың көрсеткіштері

7. Теспелік уатудың салыстырмалы сипаттамасы (ұңғымалық)

7.1) Артықшылықтары

7.2) Кемшіліктері

1.Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі

Кеніш–бір немесе бірнеше шахталар мен аршықтардан тұратын белгілі бір кен орнын игеруге арналған кәсіпорын. Кен орнының аршық немесе шахтамен қазып алатын бөлігін кеніш немесе шахта алабы деп атайды.

Кеніштің жылдық өнімділігі бір жылда өндірілетін кен массасының мөлшерімен анықталады. Оның көлемі кен шоғырында кеннің өнеркәсіптік қорларын ескере отырып белгіленеді. Кен орнын игеру тиімділігі, кеніштің экономикалық лайықты жылдық өнімділігі кезінде жетеді.Есептелетін қор шахта қуатын (жылдық өнімділігін) тағайындайтын негізгі тау-кен-геологиялық мәлімет болып саналады.

Кенорынның қуаты жоғарылаған сайын кеніштің жылдық өнімділігі артады.Кеніштің жылдық өнімділігі келесі факторларарқылы анықталады:өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі, кеннің тығыздығы, кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы,кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті,кеннің құнсыздану мөлшері.

Мысалы:1990 жылдардың басына дейін Қарағанды көмір бассейнінде «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінде барлығы 26 көмір шахталары қызмет істеген.Шахталардың жалпы жылдық көмір өнімділігі 48,0—49,0 млн. тоннаға дейін жеткен. Орташа, әр шахтаның жылдық өнімділгі 1,95 млн. тоннаға жеткен.

Кеніштің жылдық өнімділігін келесі теңдік арқылы есептеледі:

, т/жыл

мұнда:

A – кеніштің жылдық өнімділігі, т/жыл;

V – өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі, т/жыл;

– кеннің тығыздығы, т/м3;

S – кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы

- кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті;

Қ – кеннің құнсыздану мөлшері;

Көлемдік салмақ – бір көлемнің заттық саны,яғни кен өнеркәсібінде 1 текше метрдегі тау жынысының салмағы (т/м3).

Кен тығыздығы тұрғысынан, яғни 1 текше метр жыныс массасының шамасына қарай үш түрге бөлінеді:

А) ауыр - 3,5 – 4,0 т/м3;

В) орта – 2,5-3,5т/м3;

Г) жеңіл – 2,5 т/м3- ден кем.

Кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы:

S = , м2

Кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті:

=

мұнда: Ж = кеннің жобаланған жоғалымы

Кен орнын игеру кезінде кеннің бөлігі немесе пайдалы компонент алынбай қалып қоюы мүмкін. Бұл -жер қойнауында алынбай қалған қорлар пайдалы қазба жоғалымы деп аталады.

Жоғалымның екі түрі болады: сандық және сапалық.

Кен шығарудағы қымбат жүйелі әдістерді қолдана отырып, өте бағалы кендерді кен орынынан игеру кезіндегі жоғалымды 2-3% - ға дейін төмендетуге болады (толтырмалармен, қазба кеңістігінің қатайған толтырмаларымен).Көптеген құндылығы орташа кен орындары үшін жоғалым - 10-12% болуы қалыпты болып саналады . Төмен құндылықты кендер үшін - 20% . Ал кейде құндылығы төмен кендер үшін жоғалым 50%-ға дейін жетеді.

Жоғалым коэффициенті дегеніміз кен жоғалымының жалпы қорларға қатынасы. Жоғалым пайызбен немесе жоғалым коэффициентімен анықталады.

Мысалы, еліміздегі басты көмір бассейні саналатын Қарағандыда жоғалым 23,9% тең.

Кеннің құнсыздануы деп –құрамындағы падалы компонент азайып, кен сапасының төмендеуі.яғни кенді өндіру кезінде кеннің бос жыныстармен араласуын айтамыз.

Ол тұтынымдық жоғалым мен құнсыздандыратын бос тау жынысының деңгейіне байланысты.Сөйтіп, қазылатын кен қоры тұтынымдық жоғалымға да ұшырайды және бос тау жыныстары араласуынан сапасы төмендейді.

Өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі анықталады:

V = Vж ⋅K1⋅K2 , м

мұнда:

Vж – өңдіру жұмыстарының жобалық төмендеуі (2 кесте) м/жыл;

K1 – кен шоғырдың қалыңдығын ескеретін коэффициент (3 кесте)

K2 – кен шоғырдың құлау бұрышын ескеретін коэффициент (3 кесте)

Есеп 4- нұсқа

Кеніштің өнімділігін анықтау

Кенорынның созылымы бойынша ұзындығы Lсоз = 1530 м

Кенорынның созылымы бойынша ұзындығы Lқұл = 530 м

Кеншоғырдың құлау бұрышы α = 63

Кеншоғырдың қалыңдығы М = 8 м

Кеннің бекемдік коэффициенті f = 10

Кеннің көлемдік салмағы γ = 2,6 т/м3

1. Өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі, м/жыл:

V = Vж ⋅K1⋅K2= 25⋅0,6⋅1,1 = 16,5 м/жыл

мұнда:

Vж=25 м/жыл; өңдіру жұмыстарының жобалық төмендеуі (2 кесте);

K1 =0,6; кен шоғырдың қалыңдығын ескеретін коэффициент (3 кесте)

K2= 1,1; кен шоғырдың құлау бұрышын ескеретін коэффициент (3 кесте)

Кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы, м2:

S = = =13752 м2

Кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті:

= = = 0,94

Кеніштің жылдық өнімділігін келесі теңдік арқылы есептеледі, т/жыл:

=609410т/жыл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]