- •Мазмұны
- •1.2 Астық дақылдарының кең таралған аурулары
- •2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері
- •2.3 Зерттеудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі
- •2.6 Тұқымды дәрілейтін препараттардың ауруларға тиімділігі
- •2.7 Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын тежеуде фунгицидтердің тиімділігі
- •3.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау
- •3.3 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау
- •5.2 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу. Шикізат, материалдар, жанармай және қуаттың жылдық қажеттілік құнын анықтау
- •5.3 Жалпы өндірістік шығындардың сметасын құрастыру
- •5.5 Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
3.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау
Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау ГОСТ.12.0.004-90ССБТ мемлекеттік стандартына сәйкес жазылды. Қоғамымыздың басты мақсаты - еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.
Қысқасы еңбек қорғау дегеніміз - тиісті заң және нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.
Еңбек қорғаудың заңдылықтарын: Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, кәсіподақ ұйымдарымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.
Өндірістік санитария дегеніміз - еңбекшіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмауды ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық - техникалық шаралармен құралдардың жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі дегеніміз - өрттің алдын-алудың, өрт шығу себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі.
3.3 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау
Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау ГОСТ.12.2.019-86 ССБТ Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлары туралы жалпы қаупсіздік ережелеріне сәйкес жазылды..Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, түрлі жарықтық, т.б. түрлі өндірістік жағдайларда әсер етеді. Осының бәрі белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті және оның жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Жоғарыдағы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, еңбеккерлердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.
Сонымен, еңбек жағдайы дегеніміз - еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.
Ауыл шаруашылығының ең басты саласының бірі - егін шаруашылығында, еңбек қорғаудың өз ерекшелігі бар. Егін егу мен жинау науқандары негізінен далалық қоста механизаторлармен жұмысшы звенолары қону арқылы атқарылады. Далалық қостың санитарлық-гигиеналық жағдайы қатаң нормативтерге сай болуы тиіс. Әсіресе механизммен жұмыс істейтін механизаторлар мен көмекшілеріне ерекше енбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау.
Қазіргі заман өндірістік шаруашылықтары үздіксіз жаңа және күрделі машина, техника, агрегаттар құралдармен жабдықталып тұрады. Олар қауіпсіздікті қорғау талабына сай ғимараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаруашылықта электр энергиясынан пайдалану жұмыстарды, қызметшілерді электр қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігімен танысу міндетті болады.
Шаруашылықты химиялндыру ауылшаруашылығы қызметкерлерін улы заттар және тыңайтқыштар жұмыс атқару тәсілдерін терең үйренуді талап етеді. Себебі аталған заттармен білімсіз жұмыс атқару тек улануға емес тіпті жарылыс және өрткеде алып келеді.
Еңбекті қорғау ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жасау жағдайын жақсартуда қорғауда санитарлық-гигиеналық техникалық жұмыстарды жүргізуде заңмен қадағаланады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс атқарудың күрделігі ауыл шаруашылығы өсімдіктері және жануарлардың үздіксіз өсіп-өніп өркендеп баруы және олардың өнімін асыруда өз уақытында алдын-ала шараларды қолдану болып табылады.
Түрлі табиғи және кездейсоқ жағдайларға байланысты жоспарланған жұмыстар өз уақытында атқарылмай қалып кейде жұмыс уақытынан кейін түнде жұмыс атқаруға тура келеді. Солай етіп жұмыстың жүру реті бұзылады. Бұл жағдайда шешуші ролді шаруашылық басшыларының жұмысшылар еңбегін дұрыс ұйымдастыру қабілеті қажет.
Техникалық қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талабына сай барлық өзі жүретін техникалар конструкциясы бойынша таратылады. Ауыл шаруашылығы машиналар, тракторлар айдаушылар травма қауіпсіздігі үшін алынатын, ығыстырылатын, көшірілетін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыдағы аталған қауіпсіздік талаптарына жауап беретін (механизм болмауы, жабдықталмаған жұмыс орны, жөнделмеген тежегіштер, дыбысты белгілері болмаған, алғашқы жәрдем дәрі-дәрмек құтысы және температураны түсіретін дәрмек болмаған техникалар) жұмыс атқаруға жіберілмейді.
Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі
Минералды тыңайтқыштар, жеке химикаттармен жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі ГОСТ 20851.1-75 ГОСТ 20851.2-75 сәйкес жазылды.
Минералды тыңайтқыштар химикаттармен жұмыс атқару агроөндіріс, ауыл шаруашылығын химияландыру басқармасының кепілдемелерімен ауыл шаруашылығы кәсіп союзы (профсоюз) келісімімен қамтамасыз етілу қажет. Минерал тыңайтқыштар және химикаттар тарату арнайы складтардан пайдаланады.
Минералды тыңайтқыштар, химикаттарды сақтау жағдайы, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, арнайьшығына байланысты болғаны үшін склдтар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Көбінесе сұйық химикаттарды сақтауда үлкен қауіп туылады, сол үшін оларды сақтауда және тасымалдауда крандардың толық жабылуына, тесік жарық болмауына, монометр жағдайына, сұйықтың көлеміне, тағы басқа қауіпсіздік шараларға үлкен назар аударылуы қажет.
Химиялық өсімдіктерді қорғау препараттардан пайдалануда, үлкен сергектік сакталуымен бір қатарда жеке қорғаныс заттарынан дұрыс және өз уақытында пйдалану қажет.
Химиялық препараттармен жұмыс атқаруда тек дені сау медициналық көріктен өткен және химиялық препараттар қасиеттерін әсерін жақсы білетін олармен дұрыс жұмыс істей алатын адамдарға рұқсат беріледі. Химиялық заттармен жұмыс атқару тәулікте 6-сағаттан артпауы қажет. Әр бір шаруашылықта химиялық улы заттарды ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиянкестерге қарсы жұмсалуы қатаң есепке алынуы керек.
Химиялық қауіпті заттармен жұмыс алып барғанда жұмысты бастаудан алдын сол аймаққа жақын тұрғандар және медициналық пункт қызметкерлері құлақтандырылуы қажет. Уақытшалық қауіпті аудандарда қорғаныс, түсті маталар, жалаулар, белгілер қойылады.
Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама. Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама ГОСТ 12.1.004-91ССБТ жалпы ережелеріне сәйкес жазылған. Жану процесі күрделі физика-химиялық процесс болып саналады, жанатын заттармен оксидтеушілер, қышқылдар арасында жылу және жалын бөлумен жүреді.Өрт пайда болуына жану процесі көзі, жанатын заттар және 14% көбірек ауада оттегі болуы керек.Өрт дегенде арнайы жану көзі болмаған жерлерде басқарылмайтын және материалдық шығындарға алып келетін жалын көзін айтамыз. Өрттің себептері түрліше, көбінесе өрт адам әсерінде пайда болады. Кейбір жағдайларда электрленген найзағай әсеріненде болуы мүмкін.
Өндірістік ғимараттар, құрылыстың барлық А. категориясы сондай-ак, тыңайтқыш складтары, химиялық препараттар, өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар складтары, тұрғындар жасайтын ауданнан бөлек, ашық және техникалар еркін жүре алатын жерлерге құрылысы қажет. Ауылдық өңір шаруашылық басқармасы жұмыс орындарында өрттен сақтау және құтқару бойынша өрттен қорғау қарауылдық штаттар немесе өз еркімен өрт дружинасын түзеді.
Өртті өшіру жабдықтарына: су, химиялық қосылыстағы көбікті жанбайтын сұйықтық, булы сұйықтық, көмір қышқыл газы механикалық жолмен өрттен қорғауға барлық топырақ түрі, киіз, жабуға жарайтын жабынғыштар кіреді. Жоғарылардан басқа оттегінің төмендетілген концентрациясы инертті газ - азот қолданады. Өрт сөндіруде өртті сөндіргіш балон және порошоктарды пайдаланамыз
4.Қоршаған ортаны қорғау
4.1 Шаруашылықта улы химикаттарды қабылдау, сақтау және жұмсау.
Радиактивті шаң жерге және өсімдіктерге түседі. Жерге түскен радиактивті шаңның 8 – ден 25% - ке дейінгі өсімдік үстінде қалады. Атмосферадан түскен радиактивті заттар ластап қоймай, өсімдіктердің ішіне сорылады. Осыған байланысты бірнеше шаралар қолданылады, яғни дозиметристерді ДП – 5 құралдарымен жіберу. Олар астық жиналатын жердегі радиацияның деңгейін анықтайды. Техника жүре алмайтын және ұрықтыққа будандастыру үшін жүгері собықтары қолмен жиналады.
Жиналған собық жүгерілерін қоймаға тасымалдап арнайы дайындалған жерде кептіріліп, жүгері дәндері арнайы агрегаттармен бөлініп алынады.
Қоймада сақтау үшін дәннің ылғалдылығы 14-15% аспауы тиіс, ауаның ылғалдылығы 60-70% болуы қажет.Осылайша белгіленген жерлерде астық жинау әртүрлі уақытта болады.
Жүгеріні жинап болған соң келесі шараларды жасау керек:
Жүгеріні жинаудағы қолданылған барлық техникалық машиналар, арнайы киім, фартук, аяқ киім, тракторлар сәйкесінше өңдеуден өтеді.
Барлық қатысқан адамдар жинаудан соң санитарлық қараудан өтеді.
Паспортты үш экземплярда жасайды, біреуін – басшыға, біреуін – сельхозхимияға, біреуі – станцияда сақталады. Улы химикаттарды сақтау үшін мекемеден 200 м алыс қойма болу керек. Қойма құрғақ және жақсы вентиляциясы болу керек. Улы химикаттар бос ыдыстарда сақталуы керек, олардың этикеткасы болуы керек.
Улы химикаттарды өңдеу жұмыс уақыты 6 сағат болу керек.
Улы химикаттармен жұмыстағы техника қауіпсіздігі мен уланғандағы алғашқы көмек көрсету.
Зиянкестермен күрес үшін адамға қауіпті әртүрлі химиялық заттар қабылданған.Улы химикаттар мен уландырушы заттар адам организміне дем алу жолдары арқылы өтуі мүмкін.
Мекемедегі улы химикаттармен жұмыс қауіпсіздігіне агроном мен бригадир, ал улы химикаттарды дұрыс сақтауға қойма басқарушысы жауапты. Улы химикаттармен жұмыс орнында ескерту жазулары болу керек.
Улы химикаттармен уланған жағдайда алғашқы көмек адамның өзімен жасалуы керек. Жұмыс орнында дәрі қорабы болуы керек.
Удың организмге таралуын тоқтату үшін келесі шараларды қолдану керек:
А) дем алу жолдары арқылы – уланған адамды таза ауаға шығару
Б) тері арқылы – тез арада сумен шайып немесе матамен жағып алып, сумен шаю, көзге тисе – сумен шаю керек.
В) асқазан арқылы уланса, бірнеше стакан су беріп, құстұру керек, кейін тағы 2 – 3 шай қасық активтелген көмір қосылған бір стакан су беру керек. Демалуы қиындаған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету керек.
5 Экономикалық бөлім
5.1 Жобаланатын нысанды бағалау және оның экономикалық тиімділігі
Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдері өндірісін арттырудың негізгі қоры мәдени дақылдары шығымдылығының және мал өнімділігінің өсуі болып саналады. Оосы мақсатта агротехникалық іс-шаралар әзірлеп, жүргізеді. Сондықтан олардың экономикалық тиімділігін дұрыс анықтау, алынған нәтижелерді ағымдық және күрделі шығындармен салыстыру өте маңызды болып саналады.
Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптардың әртүрлі құрылымының, ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарының, озық технологиялардың және жеке агротехникалық іс-шаралардың (топырақты, егістікті өңдеу, өнімді жинау, тыңайтқышқтарды енгізу және т.б. тәсілдері) тиімділігін бағалайды.
Осы саланың тиімділігі көптеген жағдайларда қандай да бір еңбек процестерін жүргізу уақытына, олардың сапалы орындалуына байланысты болатындығы оның ерекшелігі болып саналады.
