- •Мазмұны
- •1.2 Астық дақылдарының кең таралған аурулары
- •2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері
- •2.3 Зерттеудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі
- •2.6 Тұқымды дәрілейтін препараттардың ауруларға тиімділігі
- •2.7 Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын тежеуде фунгицидтердің тиімділігі
- •3.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау
- •3.3 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау
- •5.2 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу. Шикізат, материалдар, жанармай және қуаттың жылдық қажеттілік құнын анықтау
- •5.3 Жалпы өндірістік шығындардың сметасын құрастыру
- •5.5 Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
2.3 Зерттеудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі
Зерттеу жұмыстары 2014-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының таулы және тау етегінде орналасқан табиғи аймақтарда жүргізілді. Тау бөктерінің дала аймағында егіс алқаптары күңгірт-қызғылт қоңыр топыраққа орналасқан, ал солтүстікке қарай кәдімгі сұр топырақ басталады.
Негізгі зерттеу нысандары ретінде Bipolaris sorokiniana, Drechslera graminea, D. teres және Rhynchosporium secalis саңырауқұлақтары қоздыратын арпаның: қара-қоңыр, жолақты, торлы және жиектелген дақ аурулары; осы дақылдың Арна, Бәйшешек, Асыл, Ақжол және т.б. сорттары алынды.
Арпа дақылында кездесетін аурулардың таралу ерекшеліктері мен динамикасын, зияндылығын және олардың қоздырғыштарының түр құрамын анықтау үшін фитопатология мен микология салалары бойынша ұсынылған әдістемелер қолданылды [Чумаков, 1974; Пидопличко, 1977; Наумова, 1978; Котова, 1979].
Аурулардың даму динамикасы 2-3 тұрақты нүктелерде арпаның: түптену (25), масақтану (51-59) және сүттеніп-балауызданып пісуде кезеңдерінде анықталды. Зертхана жағдайында өсімдіктер мұқият тексеріліп, аурудың таралуы мен даму қарқыны анықталды. Жапырақтардың теңбілдену ауруларына шалдығу дәрежесі Э.Э. Гешеле [1979] ұсынған шкала (көрсеткіштері 1, 5, 10, 25, 50, 75, 100%) бойынша есептелінді. Арпаның гельминтоспориозды теңбілдену және ринхоспориоз ауруларының зияндылығын анықтау үшін А.Е. Чумаков пен Т.А. Захарова [1990] ұсынған әдістер пайдаланылды.
Қара-қоңыр және жолақты дақ аурулары қоздырғыштарының морфологиялық, биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерттегенде Н.А. Наумова [1978] мен О.С. Афанасенконың [1987] әдістері қолданылды. Саңырауқұлақтардың таза себінділерін бөлу үшін БӨҚҒЗИ ғалымдары ұсынған V4 жасанды қоректік орта қолданылды, ал арпа дақылының гельминтоспориозды дақ ауруларының тұқым арқылы таралуын анықтау үшін орама қағаз әдісі пайдаланылды [Коваленко, 2005; Афанасенко, 2005].
Арпа ауруларының дамуын тежеудегі агротехникалық шаралардың рөлін анықтау үшін ылғалмен жартылай қамтылған тәлімі жерге орналасқан Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒӨО-ның егіншілік бөлімінің тұрақты тәжірибе танаптарында зерттеу жүргізілді.
Тұқым арқылы таралатын ауруларға қарсы қолданылатын препараттардың тиімділігі «Өсімдік қорғау ҒЗИ-ның» тәжірибе базасында арпаның Арна және Комплексный сорттарында анықталды. Мөлдектердің көлемі – 5 м2, 4 рет қайталанды. Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын шектеуде фунгицидтердің тиімділігі Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында орналасқан «Светлана» ЖШС-де және «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒӨО-ның тұқымшаруашылығы бөлімінде анықталды. Олар арнайы бүріккіш (Глория) арқылы арпаның масақтану кезеңінде шашылды, бір гектарға 150 л су жұмсалды.
Арпаның тіркелген және болашағы бар сорттарының гельминтоспориоз ауруларына беріктігі Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе базасында және «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ҒӨО-ның арпа селекциясы бөлімінде табиғи фонда сыналды.
Танаптық тәжірибелер салғанда және алынған нәтижелерді талдау барысында Б.А. Доспехов [1974] ұсынған әдістемелерге сүйендік.
2.4 Гельминтоспориоз ауруларының таралу ерекшеліктері мен даму динамикасы және зияндылығы
2015-2016 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының тау етегінде егілген күздік арпа егісінде гельминтоспориозды теңбілдену ауруы айтарлықтай дамығанын байқадық. Масақтану кезінде оның жапырақтары гельминтоспориоздың 3 түріне (қара-қоңыр, жолақты және торлы дақтар) бірдей шалдықты.
Арпа егісінде жапырақтың қара-қоңыр және жолақты дақ ауруларының таралуы ауа-райы жағдайына байланысты болатыны анықталды. Мәселен, 2015 жылы сәуір-маусым айларында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық көрсеткішпен салыстырғанда 24,2 мм көбірек, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 21,1% жоғары болды. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының «Абай» ЖШС арпа егістіктерінде қара-қоңыр дақ басымырақ болды, оның таралуы 74,0% құраса, «Үмбеталы» өндірістік бірлестігінде 26,0%, «Светлана» ШҚ-да 38,0% жетті.
2016 жылы қара-қоңыр дақтың таралуы жоғарыда аталған үш шаруашылықта 38,0-50,0% дейін жеткенмен, жапырақтың ауруға шалдығу дәрежесі 3,2-4,9% аспады.
2015 жылы жолақты даққа тек қана «Абай» ЖШС арпа егістіктерінде 24% өсімдік шалдықса, 2016 жылы аталмыш шаруашылықта бұл ауру кездеспеді. Жиектелген даққа келетін болсақ, ол тек 2004 жылы Қарасай ауданында кездесіп, баяу дамыды. 2005 жылы керісінше бұл аурудың таралуы сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты «Үмбеталы» өндірістік бірлестігі мен «Светлана» ШҚ 64,0% дейін жетті.
Таулы аймақта сұр топыраққа орналасқан Көмешбұлақ арпа егістерінде жапырақтың теңбілдену ауруларының таралуы мен дамуы анықталды. 2015 жылы Бәйшешек пен Донецкий 8 сорттарында қара-қоңыр дақтың таралуы 82-96% жеткенімен, даму дәрежесі 8,3% аспады. 2016 жылы бұл көрсеткіштер 23,5-42% және 8,3 -10,5% аралығында болды (1-сурет).
Торлы даққа келетін болсақ, тау етегіндегі стационарда ауру мүлдем байқалмады. Оның басты себебі мынада ғой деп ойлаймыз. Тау бөктерінде орналасқан телімінде арпа, көбінесе көпжылдық шөптерден немесе көкөніс дақылдарынан кейін егілді. Оның айналасында 15-20 шақырымдай қашықтықта арпа егістіктері жоқ, демек жолақ және торлы дақ ауруларының ауа толқыны немесе жаңбыр тамшылары арқылы таралуы үшін инфекция қоры болмады.
2016 жылы торлы дақ ауруы тексерілген барлық шаруашылықтардың арпа танаптарында кездесті, оның таралуы 98,0%, даму дәрежесі 50,0% құрады. Жиектелген дақ 2015 жылы тексерілген барлық егістерде кездессе, 2016 жылы ол «Арна» ЖШС-де ғана байқалып, аурудың таралуы 42,0% құрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының арпа егістерінде жапырақтың гельминтоспориоз ауруларымен қатар, 2015 жылы ақ ұнтақ және сары тат кездесті. «Ақбұлын» шаруа қожалығында біріншісінің таралуы 64,0%, даму дәрежесі 11,7% жетті, ал сары таттың таралуы 14,0-тен 34,6% аралығында болды.
Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының әртүрлі табиғат-топырақ аймақтарында жүргізілген зерттеу нәтижесінде арпа егістерінде аса кең таралған гельминтоспориоз ауруларына жапырақтың қара-қоңыр теңбілі мен жолақты дақ жататыны, кей жылдары ол торлы даққа да айтарлықтай шалдығатыны анықталды. Осыны ескере отырып, алғашқы аталған екі аурулардың зияндылығы мен даму динамикасын, ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін анықтау, олармен күресу шараларын жетілдіруге көбірек көңіл бөлінді.
Гельминтоспориоз ауруларының даму динамикасы. Жапырақтардың теңбілдену ауруларының даму динамикасын анықтау 2015-2016 жж. үшін тәжірибе базасында егілген арпа сорттарында негізгі өсу кезеңдері бойынша бақылау жүргізілді.
2015 жылы арпаның түптену кезеңінде қара-қоңыр дақтың таралуы 36%, жолақты дақ - 12,5%, ал дәннің сүттеніп-балауызданып пісу мезгілінде бірінші ауру 62%, екіншісі 31,0% дейін жетті. 2015-2016 жж. қара-қоңыр дақтың таралуы өте төмен (17-27,6%) болып, жапырақтың ауруға шалдығу дәрежесі 5% дан аспады. 2015 және 2016 жылдары жолақты дақтың таралуы мен дамуы төменірек болды: түптену кезеңінде оның көрсеткіші 5,5-8,0%, ал сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде – 14,5-15,0% аспады (2-сурет).
2-сурет Оңтүстік Қазақстан облысының тау етегінде Түлкібас ауданының тұрақты учаскесінде арпаның өсу кезеңдеріне байланысты жапырақтың теңбілдену ауруларының таралу динамикасы (2014-2016ж)
Тау етегінде орналасқан тәжірибе базасында жүргізілген зерттеулер төмендегідей нәтиже көрсетті (3-сурет).
5-сурет - Drechslera graminea саңырауқұлағының
конидиялары мен конидия сағақтары
D.
graminea
саңырауқұлағының өсуіне аса қолайлы
температура 20-300С
аралығында екені анықталды.
Оның табиғи ортада қыстап шығу мүмкіндігін анықтау үшін, аңызда қалған арпа қалдықтарын наурыз-сәуір айларында жинап алып, ылғалды камерада ұстадық. Үлгілердің бір бөлігі терезе алдына, ал екіншілері термостат пен Флора қондырғысында ұсталды. 7 тәуліктен кейін оларды микроскоп арқылы тексергенімізде, тек қана терезе алдына қойылған нұсқада саңырауқұлақтың қалталары және қалташықтары түзілгені байқалды.
Республиканың оңтүстік-шығыс аймағында жолақты дақ ауруының инфекциясы тұқым арқылы таралуын және оның тамыр шірігін қоздыруы немесе қоздырмауын анықтау үшін бума қағаз әдісін пайдаланып, зертханалық тәжірибе жүргіздік. Екі жапырақ толық шыққан кезде тұқымның өнгіштігі және өскіндердің гельминтоспориоз ауруына шалдығуы анықталды. Арна сортында тұқымның зертханалық өнгіштігі табиғи фонда 85,0%, ауру қолдан жұқтырылғанда 79,0%, ал Асыл сортында 82,5 және 75,7% құрады. Демек ауру қоздырғышының салдарынан тұқымның өнгіштігі 6-7% кеміді.
Жапырақтың теңбілдену ауруларына сыналған сорттар табиғи фонда 2,5-5% аралығында шалдықса, тұқымды қолдан залалдаған нұсқаларда оның мөлшері Асыл сортында 38,2%, Арнада - 24% жетті. Тамыр шірігіне шалдыққан өскіндер бақылауда 7,5% аспаса, инфекция қолдан жұқтырылған нұсқада бұл көрсеткіш 34-40% жетті. Ауруға шалдыққан тұқым себілгенде жүйке-талшық өткізгіш түтікшелері арқылы саңырауқұлақ жіпшумағы өсімдіктің барлық органдарына жүйелі түрде таралды.
Тәжірибе нәтижелерін қорыта келе, жолақты дақ ауруының инфекциясы тұқым арқылы таралатыны, оның өнгіштігін біраз төмендететіні және ауру белгілері тамыр шірігі ретінде байқалатыны анықталды.
2.5 Ауа толқыны арқылы таралатын арпа ауруларының дамуы мен зияндылығын шектеуге бағытталған шаралар жүйесі
Агротехникалық шаралардың рөлі 2015-2016 жж. ОҚО Түлкібас ауданының ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жер жағдайындағы тәжірибе танаптарында топырақты 20-22 см тереңдікке аудара жырту, 20-22 және 10-12 см сыдыра қопсыту және де оны алдын ала өңдемей тұқымды бірден себу сияқты нұсқаларға фитосанитарлық тұрғыдан баға берілді (6-сурет).
6-сурет - Топырақты өңдеу тәсілдерінің арпаның дақ ауруларының таралуына әсері, (ОҚО Түлкібас ауданының арпа егістігі жағдайында, 2015-2016 жж.)
2015 жылы қара-қоңыр дақ ауруының таралуы мен дамуы жоғары болды. Дәннің сүттеніп-балауызданып пісу кезеңінде топырақты 20-22 см аудара жырту нұсқасында оның таралуы 43,8% болды, оны 20-22 және 10-12 см тереңдікке сыдыра өңдеу нұсқаларында бұл көрсеткіш 44-46,0% жетті. Топырақты алдын-ала өңдемей тұқымды тікелей себкен жағдайда аурудың таралуы 62,0% дейін жеткенімен, жапырақта дамуы 3,9-7,5% аспады.
2015-2016 жылдары арпа егісінде қара-қоңыр дақ орташа дәрежеде дамып, тұқымды топырақты өңдемей себу нұсқасында оның таралуы 27,5-36,5% жетті.
2015 жылы топырақты жыртпай себу нұсқасында жолақты дақ ауруының таралуы 31% жетті, ал қалған екі жылы 15% аспады. Басқа нұсқаларда оның көрсеткіші 8,2-15% аралығында болды.
Торлы дақ 2004 жылы мүлде кездеспеді, 2015 жылы ол орташа дәрежеде (23,1%), ал 2006 жылы тұқымды топырақты өңдемей тұқымды тікелей себкенде 48,1% дейін жетіп, жапырақтың ауруға шалдығуы 10,8% болды.
Сонымен зерттеу нәтижелерін қорыта келе, топырақты 20-22 см аудара жырту нұсқасында гельминтоспориоз ауруларының дамуы төменірек болатыны анықталды. Керісінше, топырақты алдын ала өңдемей тұқымды тікелей себкен жағдайда арпа егісінде дақ ауруларының таралуы біраз жоғары болды. Яғни инфекция көзі шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатын аурулармен күресуде топырақты 20-22 см аудара жырту немесе 10-12 және 20-22 см сыдыра жырту біраз рөл атқаратындығы анықталды.
Е.Қ. Жүсіпбеков пен А.Қ. Киреевтің [2006] мәліметтеріне қарағанда, тұқымды топырақты өңдемей тікелей себкен нұсқада арпадан ең төмен (12,1 ц/га) өнім жиналып, арамшөптің таралуы ең жоғары (218 дана/м2) дәрежеге жеткен.
