Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бектай Жупар (Восстановлен) (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
498.89 Кб
Скачать

2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі – 117,4 мың шаршы километр.

Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке бөлінген: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық-оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және Батыс Тянь-Шань бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге – солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.

Жер биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақырында шалғынды топырақ. Зерттеу аймағының топырағы сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі кәдімгі сұр топырақ. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын бедерлі, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы далалық топырақ егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Зерттеу жүргізілген аймақта таулы дала - топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақ майлы дақыл-дардан мол өнім алудың бірден-бір дұрыс жолы тікелей себу технологиясын ерте көктемде жүргізу. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы жоғарғы қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық үдерістердің жоғары қарқынды жүруі әсер етеді, олардың топырақтағы өзгерістері екпе дақылдар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді. Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды жинауға болады.

Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см). Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.

Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Қарашірік қабаты төмендеген сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер жүргендіктен) құрылысты болады.

Карбонатты- иллювиальді қабатының құрылымы бойынша жаңғақты. НСl - да қайнауы жоғары. Өнделетін топырақ қабаты кесекті немесе сазды кесекті құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен ерекшеленеді. Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:

А1 0- 10см. Сұр, кұрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (5см-ге дейін) қабатты-созымды, төменірек-үйінділі, ауыр саздақты.

А- 10-20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті,

кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В1 - 20-40 см. Карбонатты көгерген құба ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В - 40-65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ, тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.

С -65-120 см. Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз, ұсақ дәнді, ауыр саздақты.

В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 см қабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.

Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы азот 0,07-0,08%, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады. Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықган топырақтың сілтілі реакциясына қарамастан (рН-8,2-8,5) топырақ тұзданбаған.

Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін азот және фосфор немесе органо-минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. Бұл суармалы танаптар үшін өте маңызды болып табылады (кесте 2). Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозанды және сазды фракциядан тұрады.

Кесте 2 Тәжірибе жүргізілген танап топырағының химиялық-физикалық құрамы

Топырақ қабаты

Жалпы құрамы

Сулы суспен зиялық, рН

Жылжымалы форма мөлшері, мг/100г

Қара шірік, %

Азот, %

СО2, %

СаСО3, %

Гидро

лизді

азот

Р2О5

К2О

0-10

1,3

0,08

4,8

10,8

8,2

13,3

2,7

40,6

10-20

1,2

0,07

4,9

11,0

8,2

10,8

2,7

43,9

20-35

0,5

0,05

6,9

15,8

8,3

6,5

1,6

30,8

35-50

0,3

0,05

8,7

19,7

8,5

-

1,4

32,0

50-100

-

-

9,0

20,5

8,5

-

-

-

Танаптың жоғары қабатында су өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35-40 пайызын құрайды, суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылатын қабатының көлемдік салмағы орташа 1,3 г/см2. Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен-орташа, фосформен- әлсіз, калиймен - жақсы.

a