- •Мазмұны
- •1.2 Астық дақылдарының кең таралған аурулары
- •2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері
- •2.3 Зерттеудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі
- •2.6 Тұқымды дәрілейтін препараттардың ауруларға тиімділігі
- •2.7 Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын тежеуде фунгицидтердің тиімділігі
- •3.2 Кәсіпшілік қауіпсіздікті денсаулыққа әсерін басқару және бағалау
- •3.3 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау
- •5.2 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу. Шикізат, материалдар, жанармай және қуаттың жылдық қажеттілік құнын анықтау
- •5.3 Жалпы өндірістік шығындардың сметасын құрастыру
- •5.5 Жобаланатын нысанның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................... |
8 |
1 Аналитикалық бөлім......................................................................................... |
11 |
1.1 Астық дақылдарының халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары |
11 |
|
12 |
2 Технологиялық бөлім....................................................................................... |
24 |
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы ерекшеліктері......................... |
24 |
2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері..................................................... |
27 |
2.3 Зерттеудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі |
29 |
2.4Гельминтоспориоз ауруларының таралу ерекшеліктері мен даму динамикасы және зияндылығы |
29 |
2.5Ауа толқыны арқылы таралатын арпа ауруларының дамуы мен зияндылығын шектеуге бағытталған шаралар жүйесі |
37 |
2.6 Тұқымды дәрілейтін препараттардың ауруларға тиімділігі |
38 |
2.7 Ауа толқындары арқылы таралатын аурулардың дамуын тежеуде фунгицидтердің тиімділігі |
39 |
2.8 Арпаның пайдалануға тіркелген және болашағы бар сорттары ның гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларына беріктігі |
71 |
3 Тіршілік қауіпсіздігі........................................................................................ |
73 |
4 Қоршаған ортаны қорғау................................................................................. |
77 |
5 Экономикалық бөлім...................................................................................... |
78 |
6 Бизнес жоспар.................................................................................................. |
84 |
Қорытынды........................................................................................................... |
88 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................................................................... |
88 |
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. МҮТ 7.32 - 2001 мемлекетаралық үлгі – талап. Ғылыми – зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.
2. МҮТ 7.1 - 84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі-талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.
АНЫҚТАМАЛАР
Ауыспалы егіс – екпе дақылдар мен жердің ғылыми негізде егіс танаптарындағы белгілі уақыт аралығында алмасып отыруы.
Егістіктің ылғалмен қамтылуы – танаптағы екпе дақылдардың топырақ ылғалына талабын қамтамасыз ету.
Жалпы өнім – белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Қарашірік – құнарлықты анықтайтын және топырақтың жоғарғы қабатындағы қара қоңыр түсті органикалық зат.
Құрғақшылық – ауаның шамадан тыс температурасы мен аңызақ желдің салдарынан туындайтын жайсыз құбылыс.
Өнімді ылғал қоры – өнімге тікелей әсері бар топырақтағы өсімдіктер пайдаланатын ылғал мөлшері.
Сүрі танап – ауыспалы егістегі ылғал жинайтын және арамшөптермен күрес жүргізілетін танап.
Сыдыра жырту – топырақты қайырмасыз құралдармен жыртып өңдеу.
Сыртқы орта – тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта факторларының жиынтығы.
Тәлімі егіншілік – ауа райының қолайсыз жағдайында өсірілетін дақылдар өнімі көктемгі жауын-шашынға негізделген суарылмайтын егіншілік саласы.
Эрозия - топырақтың жоғарғы құнарлы қабатын желдің ұшырып немесе сумен шайылуы.
Топырақ бұрғысы – жер қыртысының әр түрлі тереңдігінен топырақ үлгілерін алуға арналған құрал.
Тұқымның өнгіштігі – белгілі бір жағдайда тұқымның өніп шығу қасиеті.
Тыңайтқыштың әсерлі заты – тыңайтқыш құрамындағы өсімдік сіңіре алатын элемент мөлшері.
Фенология – табиғаттағы маусымдық құбылысты және оның ауа райы ерекшелігімен байланысын зерттейтін ғылым саласы.
Белгі – өсімдік құрылымының шаруашылықта пайдалы және тиісті құралдармен өлшенетін немесе көріп бағаланатын нақты сипаты.
Дақыл – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін мәдени егісте өсірілетін өсімдік түрі.
Сорт – белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі бойынша туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы.
Технология – нақты топырақ-климат жағдайында тиімді мөлшерде және сапалы өнім алу мақсатында арнайы ғылыми-зерттеу нәтижесінде әзірленген белгілі бір дақылды өсіру тәсілдерінің жиынтығы.
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ц/га – 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері
АШҒЗИ – ауыл шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты
г/см3 – 1 куб сантиметрдегі грамм есебі
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты
млрд. – милиард
P – фосфор
N – азот
кг/га – 1 гектарда килограмм есебі
ә.е.з. – әсер етуші зат
с.е. – су ерітінді
э.к. – эмульсиялы концентрат
с.д.т. – суға дайындалған түйіршік
т.с.с. – тағы сол сияқты
КІРІСПЕ
Территориясы үлкен, ауа-райы құрғақтау және топырағы әртүрлі келетін Қазақстан үшін арпа аса бағалы дақыл. Дәнді дақылдардың ішінде түсімділігі жөнінен бидайдан кейін ол екінші орын алады, бүкіл әлем бойынша төртінші орынға ие. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығыс аймағында оның егіс көлемі 580 мың га, Оңтүстік Қазақстан облысында 220 мың га [Сариев, Джумаханов, Ортаев, 2003].
Л.Д. Казенастың [1974] деректері бойынша арпада жолақты бактериоз, вирустардан туындайтын қуыршақтану және де саңырауқұлақтар қоздыратын тасты, тозанды және жалған тозаңды қара күйелер, ақ ұнтақ, гельминтоспориозды және фузариозды тамыр шірік, сызықты, сары және қортық тат, септориоз бен жиектелген дақ, гельминтоспориозды теңбілдену ауруларының бірнеше түрлері кездеседі. Кейбір жылдары олар эпифитотия дәрежесіне дейін дамып, дақылдың өнімділігін 20-30% дейін төмендетеді.
Республика жағдайында арпаның қара күйе және тамыр шірігі аурулары бойынша терең және жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізілген. Олардың таралуы мен зияндылығы, қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері анықталған, агротехникалық және химиялық шаралардың тиімділігі жан-жақты зерттелген [Әлмұратов, 1975; Қойшыбаев, Пономарева, 1999].
Арпа дақылының гельминтоспориоз (торлы, жолақты, қара-қоңыр дақтар) ауруларына келсек, өкінішке орай олар жайлы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары некен-саяқ. Л.А. Пономарева мен М. Қойшыбаев [1996, 1999, 2000] республиканың солтүстік аймағында олардың таралуы мен зияндылығын, ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін, дамуын тежеуде агротехникалық және химиялық шаралардың тиімділігін анықтау бағытында зерттеу жүргізген. Республиканың оңтүстік-шығысында бұл бағытта бірен-саран жұмыстар осыдан 25-30 жыл бұрын атқарылған.
ТМД-нің көптеген елдерінде арпаның гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларының кең таралып, айтарлықтай зиян келтіретінін ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында олардың терең зерттелмеуі, осы бағытта арнайы жұмыстар жүргізуге себепші болды.
Республиканың оңтүстік аймағында арпа жапырақтарының гельминтоспориозды және ринхоспориозды теңбілдену аурулары қоздырғыштарының түр құрамы мен таралу ерекшеліктерін және зияндылығын анықтау және олардың дамуын тежейтін кешенді шаралар жүйесін жетілдіру.
Осы мақсатты іске асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- республиканың оңтүстігінде арпа егісінде гельминтоспориоз және ринхоспориоз ауруларының таралу ерекшеліктері мен даму динамикасын, зияндылығын анықтау;
- ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- жапырақтың гельминтоспориоз ауруларының таралуы мен дамуына агротехникалық шаралардың әсерін пайымдау;
- тұқым дәрілейтін препараттар мен фунгицидтердің биологиялық және шаруашылық тиімділігін анықтау;
- арпа сорттарының жапырақтың гельминтоспоирозды теңбілдену ауруларына беріктігін сынаудың зертханалық және танаптық әдістемелерін жетілдіру;
1 Аналитикалық бөлім
1.1 Астық дақылдарының халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары.
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді - бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар. Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
- ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
- кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді. Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады.
Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
Арпа (Ноrdeum) - астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. Шыққан жері - Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12 - 10-мыңжылдық) қолдан өсіре бастаған. Арпаның тамыр жүйесі шашақты. Сабағы қуыс, биікт. 30 - 135 см, жапырағы таспа пішіндес. Жемісі - дәнек. Арпа морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес: дақылдық арпа, эфиоптық арпа және аласа бойлы арпа деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Арпа дәнінде 45 - 67% крахмал, 7 - 26% белок, 7 - 11% пентозан, 1,7 - 2% сахароза, 3,5 - 7,0% клетчатка, 2 - 3% май, 2 - 3% күл болады. Қазақстанда дақылдық арпаның дәні қос қатарлы және көп қатарлы екі түрі өсіріледі. Дәні қос қатарлы арпаның дәні масағының ортасында ғана болады. Ол сыра қайнатуға пайдаланылады. Дәні көп қатарлы арпа спирт өндірісінде (6 қырлысы), азық-түлік және мал жемі (4 қырлысы) түрінде пайдаланылады. Арпаның бұлардан басқа жаздық және күздік түрі бар. Жаздық арпа Қазақстанның барлық облыстарында егіледі. Күздік арпа Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында өсіріледі. Жаздық бидай мен сұлыға қарағанда оның түсімі жоғары әрі 10 - 15 күн ерте піседі. Арпаның Казақстанда "Нутанс-970", "Бәйшешек", "Сәуле", "Қарағанды-4", "Күздік", "Оңтүстік Қазақстан - 43", т.б. сорттары өсіріледі. Арпа зиянкестері: швед, қаракөз, егеу, гессен шыбындары. Ауру қоздырғыштары: катты қаракүйе, тозаңды қаракүйе, ақұнтақ, т.б. Арпаны екпестен бұрын формалинмен немесе ерте көктемде, күзде гранозан, меркургексан препараттарымен дәрілеу қажет.
Қазақстанда арпа дақылы шаруашылық маңызы және егістік көлемі жөнінен бидайдан кейін екінші орынды алады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында арпаның егістік көлемі 1,8 млн.га. Оның 90 пайызы мал азығына жұмсалатын болса, 10 пайызы сыра өндірісінде қолданылады. Жарықтың экономикалық қатынасқа байланысты еліміз де мал басының көбеюімен қатар, сыра өнеркәсібі жақсы дамуда.
Осы себепті бұл өнеркәсіп салаларының негізгі шикізаты арпа дәні болғандықтан оған сұраныс артуда. Осыған байланысты селекционер– ғалымдарының негізгі мақсаты жемдік қасиеті мен сыралық сапасы жоғары арпаның жаңа сорттарын шығару болып табылады.
Жемдік жаңа сорттарға қойылатын талаптар – тегінің (генотип) тұрақтылығы, өнімнің жоғарылығы, өсу мерзімі, ауа райы жағдайына бейімділігі, масақтың сынбауы, дәннің төгілмеуі, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі және қолдануға байланысты дән сапасының жоғары болуы.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай селекцияның, генетиканың, биохимияның, физиологияның және биотехнологияның тәсілдерін қолдана отырып арпаның жаңа сорттарын шығару жұмысымен айналысу мәселесі артып отыр [9].
Дән – жем дақылдары селекциясы бөлімінің негізгі міндеті – мал шаруашылығының талабына сай арпаның мол өнімді, дәнінің сапасы жоғары сортын шығару. Сонымен қатар олардың технологиялық көрсеткіштері жоғары болу. Ол көрсеткіштерді біз жалтыр элеваторында болғанда анықтадық.
Сондықтан менің дайындаған дипломдық жұмысымда сол технологиялық сапаларды қалай анықтағанымыз, қандай көрсеткіштерді алғанымыз келтіріледі. Оларды іс жүзінде керек болса жақсарту немесе дұрыс қолдану жолдарын көрсетемін.
