Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tmim.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.5 Mб
Скачать

Механизмнің негізгі түрлері. Механизмнің еркіндік дәрежесі.

М еханизмдер жоғарғы және төменгі жұпты механизмдерге бөлініп, олар жазық және кеңістік бола алады. Қозғалыстағы барлық нүктелері параллель жазықтықтарда қозғалатын механизм жазық механизм деп аталады, ал егер звеноларының қозғалыстағы нүктелері жазық емес траекторияларды сызса немесе траекториялары қиылысатын жазықтықтарда жатса, ондай механизм кеңістік механизм деп аталады. Төменгі жұпты механизмдердің ең көп тараған түрі – иінтіректі, сыналы және бұрамалы, ал жоғарғы жұптылар – жұдырықшалы, тісті, фрикционды т.б.

2.1.1 Төменгі жұпты механизмдерден ең көп тарағаны төрт звенолы топсалы механизм(1 - сур.). Бұл механизмде төрт звено бар (үш қозғалмалы - 1, 2, 3 және бір қозғалмайтын звено – 0-тіреуіш.). Қозғалмайтын осьтің айналасында толық айналым жасайтын звено айналшақ (1- звено), Қозғалмайтын осьтің айналасында қайтымды айналмалы қозғалыс жасайтын звено күйенте (3-звено). Тек қозғалатын звенолармен кинематикалық жұп құрайтын звеноны бұлғақ (2 - звено). Төрт звенолы топсалы механизм айналмалы қозғалыстың бір түрін екінші түріне түрлендіреді. Олар престерде және соғу (ковочные) машиналарында, теңселмелі конвейерлерде, жабдықтарда, т.б. қолданылады.

Айналшақтың бар - жоқтығына байланысты төрт звенолы топсалы механизм үш түрге бөлінеді: айналшақты-күйентелі, қос айналшақты, қос күйентелі.

2.1.2 Айналшақты-сырғақты механизм (2-сур.) ең көп таралған механизмдердің бірі. Мұнда 1 – айналшақ, 2 – бұлғақ, 3 – сырғақ. Қозғалмайтын бағыттауышқа қатысты қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс жасайтын звеноны сырғақ деп атаймыз. Айналшақты-сырғақты механизм кірер звеноның (айналшақ) үзіліссіз айналмалы қозғалысын шығар звеноның (сырғақ) қайтымды-ілгерілемелі қозғалысына түрлендіреді. Ол поршеньді машиналарда, соғу машиналарында және престерде негізгі механизм болып табылады (іштен жану қозғалтқышы, компрессорлар, сорғыштар).

2.1.3Кулисалы механизмдерсүргілеу және қашауыш станоктарында, поршеньді сорғыштарда және компрессорларда, гидроөткізгіштерде, т.б. қолданылады. 2-звено кулисаның тасы. Бойымен кулистік тас (2-эвено) орын ауыстыратын ойық звеноны кулиса (3-звено) деп атаймыз. Кулисаның қозғалысы тербелмелі, айналмалы, ілгерілемелі және күрделі болуы мүмкін. Кулиса бағыттаушы болып табылады.

2.1.4 Жұдырықшалы механизмдер. Жұдырықшалы механизмдер әртүрлі машиналар, станоктар мен жабдықтарда, әсіресе автомат-машиналарда қ

а)

б)

олданылады. 1-звено – жұдырықша, 2-звено – итергіш. Жұдырықшаның беті айнымалы (4а,б - сур.), ол итергішпен жанасып жоғарғы жұп құрайды. Жоғарғы жұптың тұйықталуы күштік (4а-сур.) немесе геометриялық (4б-сур.) жолмен қамтамасыз етіледі.

2.1.5 Тісті механизмдер. Тісті механизмдер машиналар мен жабдықтарда кеңінен қолданылады.

Тісті механизмдердің ең қарапайым түрі үш звенолы механизм. Бұл механизм екі тісті дөңгелектен тұрады. Бір дөңгелек екінші дөңгелекпен тістері арқылы ілінісіп, айналмалы қозғалысты береді. Тісті механизмдерде іліністер сыртқы (5а-сур.), ішкі (5б-сур.) және рейкалық болып бөлінеді.

2.1.6Төменгі жұпты кеңістік механизмдер. 6 – суретте универсалды Гук топсасы немесе карданды берілістің кинематикалық схемасы көрсетілген. Ол осьтері қиылыспалы біліктерде айналмалы қозғалысты беру үшін қолданылады. Карданды берілістер автомобильдерде, станоктарда, жабдықтарда кеңінен тараған.

М

Рисунок 6

еханикалық жүйенің еркіндік дәрежесінің саны (Н) деп жүйенің тәуелсіз орын ауыстырулар санын айтады. Кеңістікте еркін қозғалатын қатты дененің еркіндік дәрежесі алтыға тең: үшеуі қозғалмайтын координаттар осьтерінің бойымен мүмкін орын ауыстыруы, ал үшеуі - осы осьтердің айналасында айналуы. Кинематикалық жұпқа кіретін звенолар үшін олардың салыстырмалы қозғалысындағы еркіндік дәрежесі әрқашанда алтыдан кем. Себебі кинематикалық жұп звеноларының тұрақты жанасу шарты мүмкін қозғалыстар санын азайтады. В.В.Добровольскийдің ұсынуы бойынша кинематикалық жұптар еркіндік дәрежесінің саны бойынша бір-, екі-, үш-, төрт-, бес қозғалмалыболып бөлінеді.

Өзара кинематикалық жұп жасап байланысқан звенолар жүйесі кинематикалық тізбек депаталады. Егер кеңістіктегі звеноның қозғалысына ешқандай байланыс шарттары қойылмаса, онда оның еркіндік дәрежесі алтыға тең болады. Звенолардың кинематикалық жұп құрап қосылулары олардың салыстырмалы қозғалысына жұптардың класына қарай әртүрлі байланыстар санын қояды.

р1 - I класты, р2 – II класты, р3 – III класты, р4 – IV класты, р5– V класты кинематикалық жұптар саны болсын. Онда КТ-тің еркіндік дәрежесінің саны Н:

. (1)

Егер КТ - тің бір звеносы қозғалмайтын болса, онда тізбектің жалпы еркіндік дәрежесі алтыға кемиді:

. (2)

Қозғалмайтын звеноға қатысты КТ - тің еркіндік дәрежесінің саны КТ - тің қозғалғыштық дәрежесінің саны:

.(3)

Егер деп алсақ, онда

, (4)

мұндағы n - КТ-тің қозғалмалы звеноларының саны. (4) - теңдік кинематикалық тізбектің жалпы түрдегі структуралық формуласы болып табылады және Сомов – Малышев формуласы деп аталады.

Жазық КТ үшін (4) – теңдік төмендегідей түрге келтіріледі де Чебышев формуласы деп аталады:

. (5)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]