- •. Қазақстан республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық маңызы және мәні
- •Сот билігінің теориялық құқықтық ұғымы және оны сипаттайтын белгілер
- •Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық құқықтық атқаратын қызметі
- •2. Құқықтық реформа және қазақстан республикасындағы сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы құқықтық сот реформасының дамуы және мәселелері
- •Медиация институты және Қазақстан Республиканың қазіргі таңдағы сот жүйесі: теория мәселелері мен еңгізу тәжірибесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Қорытынды
Осы ғылыми жұмыстың әрбір параграфында диссертация тақырыбында қаралған мәселелер егжей-тегжейлі талданып, зерделенді, тұжырымдарымыз бен ғылыми болжамдарымызға негіз етіп алынған мәселелер ғылыми-теориялық тұрғыдан нақтыланады. Қазақстан Республикасының сот билігінің қазіргі таңдағы жағдайы мәселесін кешенді зерттеу оның теориялық-құқықтық реттелуінде проблемалардың бар екені көрсетті. Аталған мәселе бойынша зерттеу жүргізу нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды:
Мемлекеттік билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қазіргі ролі және сот билігінің конституциялық-құқықтық бағыты нақтыланған;
Сот билігінің негізгі қағидаттары туралы құқықтық идеяларды дамыта келе, олардың ішінде тәуелсіздік қағидасы бөлек бөлініп алынады, осы кездегі негізгі қағидаттардың бірі ретінде және сот билігін реформалау туралы тұжырымдамада көзделген сот билігінің жариялылық қағидасы қарастырылған.
Жариялық қағидасының өз деңгейінде орындалуының бір белгісі, қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану сияқты әділсоттың ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды аспектісі анықталды. Қазіргі кезде іс бойынша тараптар да, сонымен қатар журналистер де сотқа бармай-ақ, Интернет арқылы істің өндіріске қашан қабылданғандығы, оның барысының тағайындалуын, қарау нәтижесінің қандай екендігін білуіне болады. Сот шешімі бірден оларды жариялағаннан кейін ақпараттық компьютерлік бағдарламасына енгізіледі. Осы арқылы бұл мәселені шешуге болады деп есептейміз.
Cот билігі қызметінің мәселелерін әрі қарай зерттеу және Конституцияның нормаларын жетілдіру, сот төрешілерінің өзін-өзі басқаруын дамыту, қоғамдағы сот төрешілерінің беделін арттыру және қызметтің транспаренттілік жағдайын жасауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының құқықтық-сот реформасын зерттеу бойынша ғылыми-тәжірибелік нұсқаулықтарды енгізу;
Cот билігінің орнау генезисін қарастырып, Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік биліктің тұрақты дамушы институты екендігін және сот билігінің конституциялық-құқықтық тұрақтылық белгісін иеленетіндігін көрсеткен.Cоттар және сот өндірісінің мамандандырылуын зерттеу қажеттілігін анықтау және әр адамға сот билігін оның қоғамдағы құқық қорғау ролін күшейтуді ескере отырып, сот билігінің институтын жетілдіру беталысы ретінде әділсотты қамтамасыз ету.
Сот-құқықтық жүйедегі құқықтық перспективалардың бірі экологиялық сот институтын енгізу болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында азаматтардың құқықтарын қорғауда қолданыстағы заңнамалар соттарға маңызды роль артады. Осыған байланысты мамандандырылған экологиялық соттарды құру қажет деп есептейміз. Мамандандырылған экологиялық соттарды құрғанда экологиялық соттар қоршаған ортаның ластануы бойынша қарауға міндетті жағдайларда дауларды сапалы қарайтын еді. Соттарды мамандандыру оларға көптеген заң актілерінің арасынан себепті-тергеу байланыстарын анықтау мен дәлелдеуді біліктірек қарауға мүмкіндік беретін еді.
Сот билігі саласындағы жүргізілген құқықтық реформалар оның сот билігі механизмін жетілдіруге ықпал ететіні туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Cот билігін одан әрі дамыту үшін «ювеналды әділет туралы» заң қабылдау ұсынылады, бұл заң ювеналды механизм мен ювеналды жүйенің туындауына ықпал ететін болады. Сол себепті, өз деңгейінде жүзеге асырылмай жатқан ювеналды әділет жүйесінің дамуындағы тек әлеуметтік қызметкерлер институты сияқты ең маңызды бағыт қана емес, Ювеналды прокуратура, ювеналды полиция, ювеналды адвокатура, мамандандырылған қылмыстық-атқарушылық инспекциясының пробация қызметі, органдарды үйлестіретін ювеналды әділет саласындағы қадрлар дайындау жүйесі сияқты ювеналды әділет құрылымының кезек күттірмейтін атрибуттарын құрған жөн.
Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділет саласындағы «маман» түсінігіне жаңа көзқарасты қалыптастыру үшін, кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша психолог пен әлеуметтік педагогтың іс жүргізу мәртебесін анықтау қажет. Сонымен қатар есте сақтайтын нәрсе, оларды мамандардың анықтауы кезінде, олардың өкілеттіктерінің көлемі қылмыстық істер бойынша қатысатын басқа да мамандарға автоматты түрде таралады.
Ерекше мәртебесін және толықтай әлеуметтік қамсыздандырылудың конституциялық кепілдігін ескерсек, зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы шектік мөлшері олардың ауыр еңбегіне сай зейнетақы алуларына кедергі келтіретінін байқау қиын емес. Осыған орай, заң жобасында зейнет жасына жетуге байланысты орнынан түскен судьяларға ғұмыр бойғы ақы төлеу институтын енгізу ұсынылады.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңымен қабылданған медиация жүйесі істерді сотқа дейін қарауды жетілдіру механизміне ықпал етіп, соттардың іс қараудағы қызметін айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен бірге, медиация ролі мен маңызын күшейту үшін ұсынылады: Қазақстан Республикасындағы медиаторлардың этика Кодексін қабылдау керек; медиацияның тұрақты курстарын енгізу керек, яғни заң факультетінің бітірушілері медиация курсын өтуі қажет; қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бітімгершілікті жүргізу тәртібін регламенттейтін арнайы тарау болуы керек; медиациялық процедура басқа процессуалды іс-әрекеттен бөлініп шығуы керек.
Біз әділсотқа қолжетімділікті зерттеу және жариялау бойынша соттар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы іскерлік әрекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тұрғысында соттардың қызметін бағалаудағы халықтың құқықтық позициясына оң ықпал ететіне сенімдіміз. Осыған байланысты тәуелсіз сот билігі және бұқаралық ақпарат құралдары - бұл бірін-бірі жоққа шығаратын институттар емес, қазіргі қоғамдағы құқық пен жариялылықтың негіздері. Міне, сондықтан да біз әрі қарай Қазақстанның жас демократиялық қоғамында соттар мен бұқаралық ақпарат құралдары ролін арттыруды жүйелі қолға алуды көздеуіміз керек.
Сондыктан журналистерді құқықтық сауаттылыққа оқытқан дұрыс және қажет деп есептейміз, себебі дәл солар осы немесе басқа да жағдайлардың құқықтық сипаттамасын дұрыс емес бейнелейді және бұрмалайды. Заңдардың емес судьялардың әділетті еместігі туралы айтады, ал судьялар тек заңдардың орындалуы үшін әрекет жасайды.
