- •. Қазақстан республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық маңызы және мәні
- •Сот билігінің теориялық құқықтық ұғымы және оны сипаттайтын белгілер
- •Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық құқықтық атқаратын қызметі
- •2. Құқықтық реформа және қазақстан республикасындағы сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы құқықтық сот реформасының дамуы және мәселелері
- •Медиация институты және Қазақстан Республиканың қазіргі таңдағы сот жүйесі: теория мәселелері мен еңгізу тәжірибесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
2. Құқықтық реформа және қазақстан республикасындағы сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі
Қазақстан Республикасындағы құқықтық сот реформасының дамуы және мәселелері
Құқықтық мемлекет құрылды, биліктің барлық тармақтары қалыптасып, бекіді, бірақ сот жүйесі қатынасындағы анықталған стереотиптер толығымен қарастырылған жоқ.
Өткен жүзжылдықтың тоқсаныншы жылының басында Қазақстанда 1990 жылы республиканың тәуелсіз мемлекет статусын алу нәтижесіндегі саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құрылуына байланысты ұлттық құқықтық жүйе қалыптасқан, оған қоса сот құрылымы мен сот өндірісі қарастырылған. Өткен уақыттың сол жылдарынан бері сот саласында мемлекетте мемлекеттік биліктің дара тарауы – сот билігінің құрылуына куә болатын түпкілікті өзгерістер болды.
Оған қоса нақты позитивті өзергерістерге ұшыраған сот билігі мен сот өндірісінің ұйымдастыру негіздерін жүзеге асыруға қатысты қабылданған шараларға қарамастан сот реформасы құрылып, сот билігін қалыптастыруға қатысты барлық мәселелері шешілді деп айту әлі ерте.
2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясат Тұжырымдамасын қабылдау мұның дәлелі, оның құрамдас бөлігі сабақтастық пен кезең-кезеңділік негізінде сот-құқық жүйесін дамытуды көздейтін ереже болып табылады.
Сот жүйесінің реформасы жалғасады, біз бұл жолды сынамалар мен қателер әдісін қолданамыз, себебі демократиялық қатынастағы дамыған мемлекеттердегі сот жүйесін көзсіз көшіру мүмкін емес. Оған қоса біздің сот жүйеміз нөлден басталмайды, керісінше өзінің нақты іргетасы болады. Негізгі назар Қазақстан Республикасының сот жүйесіне аударылған, оны дамыту үшін жаңа перспективалар мен міндеттер қойылады. Қазақстанның сот жүйесі азаматтардың құқығы мен бостандығын, мекемелер мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету қажеттіліктеріне жауап береді. Сот құқықтық жүйесінің дамуы тиімділік пен деңгей негізінде жүзеге асырылады және келесі бағыттар бойынша болжанады:
Ең алдымен, оның дамуының негізгі векторы сот пен сот төрешілерін мамандандыру болып табылады, оған қоса ювеналды соттың дамуы, қылмыстық қарастыру бойынша мамандандырылған сот жүйесін құру, салықтық және басқа да мамандандырылған сотты қалыптастыру. Оған қоса, ювеналды соттар еліміздегі құрылатын ювеналды әділет жүйесінінің орталық буыны болуы тиіс. Осы орайда, біздің қоғамымызда бүгінде арнайы соттың жұмыс жасап отырғанын білеміз.
Республикадағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру шаралары бойынша шешім мемлекеттің әрі қарай дамуы мен гүлденуіне байланысты басым міндеттердің бірі ретінде арнайы құқық қорғау жүйесінің қалыптасуын қарастырады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында көрсетілген адамдар мен азаматтардың бостандығы мен құқығының басымдылығы кәмлетке толмағандарға қатысты қамтамасыз етудің бастамасы болып табылады. Спецификалық құқықтар мен міндеттерді тасушы – субъектілер тобын қалыптастыруда заң шығарушы нормативті құқықтық актіге негізі психофизиологиялық және әлеуметтік сапаларға ие тұлғалар категориясы ретінде «кәмелетке толмағандар» ұғымы енгізілген. Кәмелетке толмаған жастар өмір шарттарына бейімделе алмауына байланысты олардың құқықтық қорғанысын ұлғайту жолымен компенсациялауды талап етеді, ол ювеналды әділет институттарын айқындаудың негізі болып табылады. Соңғы уақытта мемлекетіміздегі ювеналды әділеттің құрылу мәселесі өзекті мәселеге айналуда, оған деген мемлекеттік және қоғамдық қызығушылық өсуде. Оның мысалы Қазақстан Республикасында «Балалар құқығын қоғау туралы» Заң, басқа да нормативті құқықтық актілер қабылданды, «Қазақстандағы ювеналды әділет» халықаралық жобасы жүзеге асырылды [18].
Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде дербес сот билігі құрылды. Соттарды мамандандыру шаралары қабылданды. Атап айтқанда, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның тарихында мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық және қаржы соттары ашылып, сот әділ- дігін өз дәрежесінде жүзеге асыруда. Соттарды мамандандыру – реформаның ең тиімді тұсы екенін байқатты. 2008 жыл 18 тамызда Н.Ә.Назарбаев өзінің жарлығымен БҰҰ ұйымының Қазақстан Республикасының 2009-2011 жылдарға арналған ювеналды әділет жүйесінің даму тұжырымдамасын бекітті. Кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі соттардың қалай пайда болғанына тоқталсам. Алғаш ювеналды сот 1899 жылы АҚШ-та Иллинойс штатында құрылды. Жасөспірімдер деген әділет жүйесінің өзгеруіне XIX басы мен ХХ ғасырда Еуропадағы балалар қылмысының кең етек жаюы түрткі болды. Бұл жүйе бүкіл АҚШ-қа және Ұлыбритания (1908), Франция және Бельгия (1912), Испания (1918), Германия (1922) және Австрияда кеңінен тарады. 1931жылы ювеналдық соттар әлемнің 30 елінде болды. Ювеналды әділет кәмелетке толмағандардың әр түрлі мәселелер бойынша түрлі іс жүргізулерді дамытты: құқық бұзушылық, үйінен қашып кету, ескірткіге тәуелділік т.б.
Қазақстан ТМД елдері ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау бойынша мемлекеттік саясатты тыңғылықты, әрі түсінікті жүргізуде елімізде алғашқы болып қадам жасады. Жоғарғы сот республикамызда жасөспірімдерге қатысты әділет жүйесін енгізуге және кәмелеттік жасқа толмағандар сотын құруға бірден бір бастамашы болды. Кәмелетттік жасқа толмағандар үшін мамандандырылған сот төрелігінің жүйесін құрудың қажеттілігі өмірдің өзінен туындады. Жасөспірімдер әділетін белгілі мақсаткерлікпен құру, сондай-ақ ол Қазақстанның халықаралық міндеттемелерімен де жарақтандырылған. 1994 жылы республикада «Балалар құқығы туралы» БҰҰ-ның Конвенциясы бектілді. Сондай-ақ, 1985 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ-ның шектеулі стандарттағы ережелері де бар. Осы нормада көрсетілгендей, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сот төрелігі жасөспірімдер әділетінің ерекше жүйесі екенін анықтады. Оның орталық буыны мамандандырылған соттар әлеуметтік қызметпен өзара тығыз әрекет етуде. Оған қоса жеткіншектер сот өндірісінің ауқымына қалай түсетініне, үкім шыққаннан соң не күйге ұшырайтынына жете мән береді. Осы ретте жеткіншектердің құқығын қорғау туралы сөздің болуы немесе оның қылмысы үшін соттау керектігінің мәнісі де қалмайды. Ең басты тәртіп - сот төрелігі барлық кезеңде де кәмелеттік жасқа толмағандардың мүддесін және құқығын толық қамтамасыз етуі қажет [19].
Бірақ Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділет, енді белсенді даму фазасына енуде, оған байланысты оның даму бағдарламасын дайындау қажет болып табылады.
Өзінің пайда болған уақытының қысқалығана қарамастан, ювеналдық әділет көптеген елдерде танымал және мойындалды. Қылмыстық сот әділдігі жүйесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу әдістерін өзгертудің, іс тәжірибеде қылмыстық азаматтық іс жүргізу төңірегінде кәмелетке толмағандар құқтары мен заңды мүдделерін ерекше сақтаудың қажеттілігі 2008 жылғы 19 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ювеналдық юстиция жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасын қабылдауға әкелді.
Тұжырымдамада кәмелетке толмағандарға қатысты сот ісін жүргізудің барлық кезеңінде сот әділдігін жүргізудің әсерлілігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін Қазақстандағы ювеналдық әділет элементтерін игеру мен дамытуды кезең-кезеңмен жүргізу қарастырылады. Бұл кәмелетке толмағандар мен жұмыс жүргізу жөніндегі бөліністерде және әділет, ішкі істер, білім беру органында және ғылымда, соттарда, прокуратура мен адвокатураларда арнаулы бөліністер ашуды қарастырады.
Ювеналдық әділет тұжырымдамасы кәмелетке толмағандарды бастапқы негіз ретінде алады. Кәмелетке толмағандар – бұл Конституциямен және мемлекеттің өзге де заңдарымен қарастырылған субъективті құқықтарды, бостандықтарды және заңдық міндеттерді жүзеге асыруға жасы жетпеген жеке тұлға.
Кәмелетке толмағандар ұғымын заңға қосумен бірге кәмелетке толмағандар арасындағы заңдық шекара белгіленіп және соның нәтижесінде өз алдына адамдардың демографиялық бөлек тобы - арнайы құқықтар мен міндеттер арқалаушы топ пайда болды. Мұндай өз алдына бөлек топтар құру ерекше психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік қасиеттеріне негізделген кәмелетке толмағандарды арнаулы құқықтық қорғаудың ерекше қажеттілігінен туындап отыр.
Кәмелетке толмағандардың өсіп-өніп келе жатқан ағзалары айналасындағылармен, заң талаптарымен, ересектер тарапынан кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушылықтармен көрінетін шиеленіске итермелейтін жағымсыз ішкі және сыртқы әсерлерден жеткіліксіз қорғалған. Сондықтан, кәмелетке толмағандардың жасына байланысты қабілетсіздіктері өмірдің өзгермелі жағдайларына байланысты аталған адамдарды жоғары құқықтық қорғау көмегімен орнын толтыруды талап етеді. Кәмелетке толмағандардың қорғаушысы ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің көлемін анықтайтын және ювеналдық әділеттің шекарасын анықтайтын түрлі салалардың арнайы нормалары көрінеді [19].
Егер біз ювеналдық әділет жүйесінің дамуын айтатын болсақ, онда осы жүйедегі ұйымдастыру, оның қызметіне және дамытуға байланысты қателіктерге жол бермес үшін әлеуметтік жүйелері бар сәйкес қағидаларды зерделеуіміз керек. Қағидаларды зерделеу қалыптасудың бірінші кезеңінде ғана емес, сонымен бірге оның барлық кезеңдерінде қажет. Осы қағидаларды атайтын болсақ, олар: элементтердің сәйкес келуі, құрылымдық жоғарыдан басқарушылық, төменнің жоғарыға бағынуы мен үйлестірудің мақсаты мен қызметі, ұйымдық өзгермешілік, әлеуметтік кеңейту, үйлестіру және бір қалыпқа келтіру, ресми және бейресми ұйымдар тараптарының бірлігі. Кез-келген жүйе өзінің болмысында жоғарыда көрсетілген сияқты қағидаларға бағынады, сонымен бірге, көптеген жағдайда оларды практиктер ескермейді, соның салдарынан қашып құтылуға болатын кейбір жағымсыз зардаптар пайда болып жатады.
Кейбір елдерде заңгерлік емес білімді ювеналдық полицияда пайдаланудың шеңбері өте кең. Мәселен, француздық қылмыстық іс жүргізуде кәмелетке толмағандарды арнаулы әлеуметтік зерттеулер қарастырады және кәмелетке толмағандардың өзінің барлық әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары жиналатын және шағын ортасын қоршаған ақпараттар қалыптасады.
Ювеналдық әділет шеңберінде сот ісін жүргізуді даралау сот ісін жүргізудің негізінде кәмелетке толмағандар тұлғасының болатындығымен және нақ осыған ең бірінші кезекте барлық сот шараларының жалпы сот әділдігінде болмайтын ережелерінің қосылуымен көрінеді.
Кәмелетке толмағандар істері бойынша сот ісін жүргізу соттық шаралар заңымен қатаң реттелуімен көрінетін дәстүрлік түсініктен ерекше болады. Кәмелетке толмағандар үшін соттар қызмет ететін елдердегі заңдылықтар мен сот тәжірибесі мұндай құқықтық жағдайды жасөспірімдерге қатысты қолданылатын ең әсерлі құқықтық жағдайы ретінде бағалайды.
Қазіргі таңда процесте педагог пен психологтың рөлі ерекше, олар органға, қылмыстық іс жүргізушіге, дәлелдеуде көмектеседі. Кәмелетке толмағандарға қорғаушы жақтасады, ол бала психологиялық білімге ие болмауы да мүмкін, ол заңда қарастырылмаған, өздерінің қызметтерін жағдайға бейімдемейді. Көрсетілген жағдайларға байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты процестің өзіндік ерекшелігі әлеуметтік жұмысшылардың арнайы қызметкерлерінің өкілдерін құруды талап етеді. Көптеген мемлекеттерде енгізілген қызмет тәжірибесінде көрсетілгендей, олардың қызметінің мазмұны мынадай: құқық бұзған кәмелеттік жасқа толмаған адам туралы ақпарат алу; кәмелетке толмағанның оның отбасымен, ортасымен, өмір шарттарымен және дамуымен, әлеуметтік мәселелерімен танысу; психологиялық байланыс орнату мен әлеуметтік психологиялық зерттеу барысында психология аясында мамандарды кірістіру; ата-аналармен қатынаста дербес профилактикалық жұмыстар жүргізу; кәмелетке толмаған адамға мәселені шешуде көмек көрсету; тұрмыстық және еңбек құрлымына жақтасу; оқыту дағдыларын қалыптастыру, әділдік бағдарламаларын дайындау мен пайдалану; сот алдында әлеуметтік психологиялық зерттеу нәтижесі бойынша қорытындыны дайындау мен ұсыну [19].
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысты қауіпсіздік шаралары туралы арнайы нормалар болу қажеттілігі де туындап отыр. Одан қала берді, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізуде айыпталушы мен сезікті де сияқты куәлар мен жәбірленушілердің құқықтарын мейлінше қорғауға есептелген қауіпсіздіктің мүлдем өзгеше шаралары әзірленуі тиіс.
Ювеналдық әділет жүйесінің маңызды буыны құқық қорғау органдардағы кәмелетке толмағандар қараусыздығы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесінің мамандандырылған мекемелерімен, адвокатурамен және құқық қорғау ұйымдарымен жасөспірімдер сот ісін жүргізу саласына тартылған кезде де, сол сияқты үкім шығарылғаннан кейін де тығыз өзара әрекеттесетін мамандандырылған ювеналдық сот болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға арналған сот әділдігінің мақсаты – одан әрі тұлғалардың қылмыстануына жол бермеу және баланың әлеуметтік қайта қалпына келуіне, оның қоғамнан алыстамауына көмек көрсету.
Ювеналдық соттардың негізгі міндеттері, қазақстандық соттардың пікірінше қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамдарға қатысты қылмыстық құқықтық ықпал ету шараларын қолдану ғана емес, сонымен бірге қылмыстылықты әсерлі ескерту, теріс басқан жасөсперімнің қылмыстық қылығының себептерін анықтап және түсініп, олардың тұлғаларын одан әрі қылмыстануынан сақтандыру, өскелең ұрпақтың адамгершілігін сақтау [19].
Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарайтын соттарды молырақмамандандыру үшін сот құрамына арнайы халық қосшы билері - ювеналдық соттарды енгізу туралы мәселелерді қарастыру керек. Мұндай мамандырылған соттар құрамы біздің ойымызша, көптеген жағдайда кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігі саласында халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Азаматтық қоғам институттарының қызметін белсендіруге қатысты осы сияқты ұсныстарды жүзеге асыру бүгінгі күн талаптарына жауап берер еді.
Ювеналдық соттардың қарауына кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар туралы істерді қарау ғана емес, сонымен бірге отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар туралы істерді де беруге болады. Тәуелсіз орган ретінде сот, нақты бір қылмыстық істерге тергеу жүргізу тиісті әсермен ықпал ететіндей ұымдастырушы құқықтар мен өкілеттіктер жиынтығына ие болуы тиіс. Ювеналдық соттар өкілеттілігіне қылмыстық іс жүргізуге қатысушы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірген мәселелерді шешетін рұқсат етілген барлық әрекеттер мен шешімдер кіруі тиіс.
Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу және тергеу әрекеттерін жүргізуге соттық бақылау жасаудың мынадай шаралары, яғни бостандығы мен жеке өміріне қолсұғушылықтан қорғаудың конституциялық құқықтарын, хат-хабар алысу құпиялықтарын, тұрғын үйіне қолсұқпаушылықтарды шектеу және т.б. енгізілуі тиіс.
Ювеналдық соттың қылмыстық ізге түсу органарының қорытынды шешімдеріне шағым-арыздарын қарау кезінде қылмыстық іс жүргізуге қатысушы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауын соттың бақылауы жөніндегі мүмкіндігі кеңейтілуі тиіс. Атап айтқанда, ювеналдық сот кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қысқарту не тоқтата тұру заңдылығы мен негізділігіне баға беруі тиіс.
Сондай-ақ, судьялардың құқық мәселелері жөніндегі көмекшілері ғана емес, сонымен бірге психолог, не әлеуметтанушы, не педагогтық білімі мен мамандықтары бар, әлеуметтік қызметтер функциясын атқаратын көмекшілердің қажеттіліктері де туындайды.
Ювеналдық сот штатына әлеуметтік қызметкер функциясын орындайтын судья көмекшілері лауызымы енгізілуіне байланысты соттардағы қызмет атқаратын мамандарға қатысты қойылатын талаптарды тұжырымдайтын нормативтік актілерге де өзгертулер енгізу қажет сияқты болып көрінеді.
Соттарда әлеуметтік қызметкелер лауазымын енгізу жолымен кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жетілдірудің тиімділігі жайында қазақстандық та, сол сияқты ресейлік ғалымдар да көрсетуде.
Сот қызметкерлерін мамандандырумен бірге, кәмелетке толмағандар мәселелерімен айналысатын барлық органдар мен мекемелердің өкілдерін де мамандандыру қажет. Егер, мысалы, мектеп мұғалімі, жағдайдан жағдайға қарай, маман-педагог ретінде және мұндай жағдайды өзінше қосымша ауыртпашылық жұмыс деп санайтын болса, бұл маманның сотқа қатысуының жақсы амалы деп тануға келмейді. Ал іске маман-педагог ретінде осы үшін арнайы дайындалған, сот ісіне қатысуда тәжірибесі мен дағдысы бар адам қатысатын болса, онда жағдай басқаша.
Заңның реттелетін нысана соттармен, өзге де мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен, үкіметтік емес коммерциялық ұйымдармен қатысуында бала құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қамтамасыз ету барысында қалыптасатын қатынастар болып табылады.
Заңда ювеналдық әділет жүйесін заңмен белгілеген негіздегі баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан іс-әрекеттер шараларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің, лауазымды адамдардың, үкіметтік емес коммерциялық ұйымдардың жиынтығы ретінде танылуын анықталған жөн.
Бұдан басқа ювеналдық әділет жүйесіне мыналар да жатуға тиіс: балалар мүдделеріне қызмет ететін және олардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен және қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де үкіметтік емес коммерциялық емес ұйымдар; мемлекеттік емес әлеуметтік, зерттеушілік, диагностикалық, дағдарыстық, қалыпқа келтіру қызметтері мен мекемелері, соның ішінде панасыз және қараусыз қалған балалар тәулік бойы болатын мекемелер; адвокаттар алқасы.
Ювеналдық әділет жүйесі шеңберінде жергілікті өзін өзі басқару органдары мына төмендегі қызметтерді қамтамасыз ете алады: қоғаншы және қамқоршы органдарды; асырап алушы отбасыларды; әлеуметтік, зерттеушілік, диагностикалық, дағдарыстық және қалпына келтіру орталықтары, қызметтері мен мекемелері.
Ювеналдық әділет жүйесінің шеңберінде сондай-ақ балаға қатысты алдын алу мен қалпына келтіруге бағытталған әлеуметтік, педагогикалық, заңдық, психологиялық және медициналық сипаттағы түрлі бағдарламалар, жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, осы заңмен реттеуге жататын субъектілердің тізілімдерін анықтау керек. Атап айтқанда ювеналдық юстиция мен оның институттарының қызметі кәмелетке толмағандарға, соның ішінде ең бірінші кезекте панасыздар мен қараусыз балаларға қатысты олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жәбірленуші деп танылатын кәмелетке толмағандарға қатысты, заңмен түрлі нысандарда кереғар өмір сүретін кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне жауапты ата-аналарға және оларды ауыстыратын адамдарға қатысты жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы ювеналды әділеттің даму бағдарламасын қалыптастыру кезінде, ғылым мен тәжірибеде көрсетілген ұғымның бірыңғай анықтамасы қалыптаспағандығы мен «ювеналды әділет» терминінің әртүрлі түсініктер қолданылатынынын қарастыру қажет. Бірақ, көрсетілген ұғымның бір мәнді анықтамасының приципті мәні бар, себебі оған сәйкес институттың құрылым формасына байланысты.
Ювеналды әділеттің дамуының алғышарттары: құқықтық әсер ету концепциясын анықтау; нормативті құқықтық базаны қалыптастыру; институционалды базаны қалыптастыру; мамандардың квалификациясын (біліктілігін) көтеру мен дайындау жүйесін қалыптастыру.
Заңдық ықпал ету концепциясының қалыптасу негізіне Бала құқығы Декларациясы (1959ж.), Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы (1989ж.), Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жіберуге қатысты БҰҰ ең қысқа стандарттық ережелері (1995 жылғы Пекиндік ережелер) және т.б. халықаралық құқықтық база қызмет етеді.
Мамандандырылған сот ювеналды юстиция жүйесінің маңызды буыны болуы керек, ол Қазақстан Республикасының Конституциясындағы сот билігі республикадағы Конституция, заң, басқа да нормативті актілер, халықаралық келісімшарттар негізінде пайда болатын даулар мен істерде кеңінен таралғандығымен дәйектеледі. Сот кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты сұрақтарды шешу кезіндегі кең мүмкіндіктерге ие.
Бірақ, мамандандырылған сотты ғана емес, әділдіктің негізі жүйесін қалыптастыруды қарастыру қажет, ол қылмыстық юстиция мысалында көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңын дайындау кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық саясат аясындағы халықаралық стандарттар қолданылды. Сондықтан қазіргі заңда еліміздегі ювеналды юстиция жүйесін құрудағы дұрыс әдістеркөрсетілген, ол қазіргі халықаралық стандартқа, оның ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінежауап береді. Іс жүргізу заңнамасында кәмелетке толмағандар ісі бойынша құқықтық процедураның барынша егжей-тегжейлілігін арттыру мақсатында толықтыруды қажет ететінін уақыт көрсетіп отыр.
Кәмелетке толмағандарға қатысты әділдік мәселелері туралы әңгімені жалғастыра отырып, қазіргі таңдағы қылмыстық жауапкершілікке жасына жетпеген, қылмыс белгілері бар қауіпті іс жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты процессуалды емес әділсот жүйесі қарастырылады. Оның нәтижесінде кәмелетке толмаған қылмыскерді мемлекет тұтқынға алады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Айрықша іс жүргізу» тарауына «Қылмыстық жауапкершіліке жасы жетпеген кәмелетке толмаған адамның қоғамдық қауіпті қылмыстық істерін қарастыру ерекшеліктері» тарауын енгізу қажет. Аталған тарауда істер категориясына сәйкес, сотқа дейін материалдарды дайындау мен сотта талқылау ерекшеліктері көрсетілуі тиіс.
Құқықтық даму Тұжырымдамасының кәмелетке толмағандарға қатысты ережесін жүзеге асыруды ювеналды әділеттің автономды жүйесі жүзеге асыруы мүмкін, оны қалыптастыру мен нәтижесінде құқықтық институтының барлық аспектілері кіретін «Ювеналды әділет туралы» заңы анықталды.
Барлық әлемде дауларды шешудің альтернативтіпроцедурасы дамуда және мемлекеттік сот орындарына конструктивті бәсекелеске түсетіндей болып табылады. Қазақстандағы арбитражды талқылау әлемдік стандартқа сәйкес келуде. Ия, ол заңды тұлға мен азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесінде өзінің жоғарғы орнын табады.
Сот өндірісіндегі тең құқықтық пен бәсекелестік қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сот ақпаратының фиксациясын енгізу, ол туралы 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясаттың концепциясында көрсетілетін өзекті сұрақтардың бірі болып табылады.
Бұл бағытта қазіргі таңда мемлекеттің барлық сот орындары жұмыс жасайды. Қазір бірқалыпты жоспар бойынша сот жүйесіндегі ақпараттандыру әділдік процесін ақпараттық құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сот қазіргі заңнамаға сай техникалық құралдармен жабдықталған, яғни сот процесінің аудио, бейнефиксациясы тіркелуі, ол тараптардың тең құқықтық қағидаларын, сот талқылауының ашықтығын, процесті енгізу сапасын ұлғайтуды, қағазбастылықты төмендетуді, істі қарастыру мерзімін қысқарту, сот шешімінің орындалу тиімділігін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Қоғам сот билігінің толық, объективті және тиімділік белгілеріне қызығушылық танытады. Осы мақсаттарда сот жүйесінің ашықтық деңгейін ұлғайту қажет, нақтылап айтқанда, тұрғындарға сот қызметі туралы ақпараттың кең түрде қолжетілімділігі болып табылады.
Бұл сот билігі әділсотты жүзеге асыру арқылы адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қызмет етуі деген сөз. Сонымен қатар сот билігі сол азаматтар мен адамдардың мемлекетке, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы пайда болған дауларды шешеді. Бұл сот билігі мен әділсоттың тиісті деңгейде жүзеге асырылуының кепілдігі. Сот билігі жүзеге асыратын бұл қызметке тек қоғамдық бақылау жүргізілуі мүмкін. Бұл өз кезегінде сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуді, сот қызметіне қатысты ақпараттардың қоғам үшін қолжетімді болуын, олар қабылдайтын шешімдердің қоғам үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді талап етеді. Сот пен бұқаралық ақпарат жүйесі түрлі қызметті жүзеге асыра отырып, түрлі сипатта бола отырып бір әлеуметтік ортада, бір құқықтық кеңістікте қызмет етеді. Олардың ортақ қасиеті бар, ол қоғам мүддесі үшін қызмет ету. Соған қарамастан жекелеген жағдайларда олардың қызметінде қарама-қарсы тұстар да орын алады, тіпті олардың қызметінде қақтығыс орын алады. Дегенмен, олар ынтымақтастықта жұмыс жасауды қажет етеді [20].
Әділсотты жүзеге асыру үшін айқын тетігі бар соттың ашық бейнесін қалыптастыру аса маңызды. Міне, содан да болар соттар үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыста болу маңызды болып келеді. Журналистер мен соттардың арақатыстылығы баспа беттерінде соттардың қызметін жариялау үшін соттық ақпарат алумен шектелмеуі тиіс. Ол сантүрлі арақатынастылықты қажет етеді, оларды пайдалану нәтижесінде адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілуі тиіс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы маңызды мәселелердің бірі бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық жағдайы мен олардың сот органдарымен арақатынастылығы қарастырылады.
Кез-келген мемлекеттік жаңалықтар, соның ішінде сот жүйесінің құқықтық реформасы секіді кең ауқымды жаңалықтар ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді, бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауын қажет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық көзқарасқа, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы тұрғысында азаматтардың құқықтық көзқарастарына әсер етеді. Олар халықтың құқықтық мәдениетіне әсер етеді. Сол себепті кез-келген реформаның негізін құрайтын идеяларды дұрыс қабылдау-қабылдамаудан алға қойған өзгертулердің түпкі нәтижелі болуы қамтамасыз етіледі. Осы жағдайлардың проблема ретінде қарастырылуының өзі бұқаралық ақпарат құралдары мен сот органдары арасындағы байланыстың болуын қажет етеді.
Ақпаратқа қолжетімділік құқығын жүзеге асыра отырып және өзіне бақылаушылық қызметті жүктей отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің сот жүйесінің таза, мөлдір болуын қамтамасыз ететін ұйым мәртебесін иеленеді. Егер бұрын-сонды ашықтық идеясы бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан қозғалған болса, қазіргі таңда сот органдары тарапынан қозғалуда.
Сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының байланысын жақсы деп айтуға болмайды, себебі бұл қатынас қазір проблемалы болып келеді, бұқаралық ақпарат құралдарымен сот органдарының қызметін бағалау бірдей емес. Мысал ретінде бұқаралық ақпарат құралдарыда соңғы кездері жарияланып жүрген «аса шулы» істердің қаралуын жария етуді айтуға болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен туындайтын қатынастардың проблемалы болуына қазіргі таңда әрбір соттың төрағасы ерекше мән береді, себебі орталық немесе аймақтық баспа беттерінде, әдетте сот қызметіне деген түрлі сындар айтылуда, сонымен қатар сынай келе,бұқаралық ақпарат құралдары сот органдарының сыбайлас жемқорлыққа да қатыстылығы туралы ойлар айтады. Осы секілді баспа беттерінде сот қызметіне деген бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан келтірілген сындарды айта отырып, олар сот органдарын мемлекеттік билік тармағының бірі екендігін де көрсетеді. Міне, содан болар қазіргі таңда сот органдарының төрағалары бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыста болуды проблема ретінде қарастырады.
Жариялымдарға талдау жасау нәтижесі сот талқылауларын жариялауда бұқаралық ақпарат құралдары әдетте, өз шешімін қалыптастыратындығын көрсетеді. Олар мұндай шешімнің негізіне өздері жариялайтын фактілерді қояды, сөйте тұра олар қоғамды ақпараттандыру бойынша өз қызметтерін жүзеге асырады.
Нақты іс бойынша шешім қабылдаса, қылмыс жасаған адамның кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы тұжырым жасауға тек сот қана құзырлы. Шешімін таппай жүрген мәселелердің басым бөлігі ол қоғамдық көзқарасқа деген күрестің әдіс-тәсілдерінің қалыптасуы. Тапсырыс берілген ашық жарияланымдардан кейін жекелеген бұқаралық ақпарат құралдары, журналистер мен аналитиктер салихалы баспа беттерінде сот реформасына деген өз көсқарастарын жария етеді, сөйте тұра олар сот жүйесін сынға салады. Әрине, мұндай басылымдар судьялардың құқықтық жағдайына, олардың қоғамдағы беделіне көлеңке түсіреді, сот жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екендігі туралы ой қалыптастырады, мұндай жарияланымдар сот жүйесін қылмыстық қауымдастықпен байланыстылығы мен дербестік қағидасынан тыс жұмыс жасайтындығына сендіреді.
БАҚ-мен қарым-қатынас орната отырып сот басшысы олардың мүдделерін, олардың оқырмандарының көлемін, ең бастысы, өздеріне қажетті ақпарат алудағы олардың мақсаты мен міндеттерін ескерген жөн.
БАҚ-мен орнатылатын қарым қатынас жүйелі сипатта болуы тиіс, ал оны ұйымдастырудың негізінде төмендегі негізгі қағидалар жатуы қажет:
- Тазалық (мөлдір) қағидасы. Сот шешімдері мен сот қызметіне қатысты басқа да мәліметтер (егер мәселе заңмен тыйым салынған мәліметтерді жарияламауға қатысты болмаса) қоғам үшін қолжетімді болуы тиіс.
- Келісімділік қағидасы. Сот шешімдері жедел және нақты БАҚ-мен жеткізілуі тиіс. Бірінші кезекте, соттар кем дегенде сот органдарынан шығатын мәліметтерге деген пікір айтулар мен кез-келген сілтемелерге дайын отыруытиіс. Бұл джентельмендік қағида өзара сыйластық кепілі болып, ақпаратты беру тиімділігін қамтамасыз етеді.
- Объективтілік қағидасы. БАҚ сот қызметін шынайы жария етуге тырысуы қажет және өз түсініктері мен талдауларында этикалық шектен шықпауы дұрыс.
Нақты соттың сот өндірісінің ашықтық шегі туралы айта отырып оның өз шегі туралы да білгені жөн. Сот мәжіліс залындағы ақпаратқа деген шектеуді тек заң қоя алады. Сол үшін ең басты міндет мүдделілікті қамтамасыз ету, айтылып отырған ашықтық басқа құқықтарға шектеу болып келмеуі тиіс, айталық адам, қоғам және мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне кері әсерін тигізбеуі тиіс.
Баспасөз тарапынан айтылатын сынды айтылымдар сот билігінің имиджін қалыптастыруда аса маңыздылыққа иеленеді. Ақылға қонымды сын айту орын алған жайттарды жөндеуге, оларды болашақта болдырмауға деген ескертпе ретінде қолданылады, дегенмен барлық жағдайда айтылған сын әділ болып келе бермейді.
Сот билігінің беделіне келтірілген ақаулар, өкілетті емес, субъективтік жарияланымдарды баспасөз беттеріне шығару азаматтардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді, халықтың сотқа деген сенімділігін азайтады. Сол себепті сот қызметін баспа беттерінде жария ету құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуының кепілі болып табылады.
Үшінші билік өкілдері мен журналистерге әлі де ортақ мүдделілікті үйрену қажет. Журналистер сот қызметінің кемшіліктері туралы ғана емес, сот қызметінің жетістіктері, олардың тәжірибесі туралы да ұтымды насихат жасауы тиіс [21. 11 б.].
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірнеше жылдар бойы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысқа түсуді қолға алған. Осы тұста ең маңызды құжаттардың бірі ретінде Жоғарғы Соттың 7 қараша 2000 жылғы 10-9 санды хатын айтуға болады. Онда баспасөз өкілдерінің құқықтарының шектелмеуі мен нақты істер бойынша сот мәжіліс залдарынан шығатын ақпараттарды ашық түрде жариялау мүмкіндігі туралы айтылған.
Бұл хатта сонымен қатар, қолданыстағы заңнама негізінде түбегейлі тұжырым жасалған: ашық сот мәжілістерінде нақты істерді қарау бойынша шешімдердің нәтижелері туралы мәліметтерді алуға байланысты журналистердің құқығы ешқандай негіздер бойынша шектелмеуі тиіс, мұндай шектеулер жергілікті сот органдарына да қойылмауы тиіс.
Келесі маңызды құжат – Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің имиджін арттыру Бағдарламасы. Бұл құжат Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында қабылданған және соттардың қызметі туралы оңтайлы пікір қалыптастыруға бағытталған басымдықтарды анықтайды, олардың азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін қолжетімді және ашық болуының одан әрі дамуын көздейді.
Бұл бағдарламалы құжат сот жүйесінің имиджін жалпы алғанда жақсартуды көздейді, сот қызметінің қамтамасыз етілуінің кешенді ақпараттандыру жүйесін қалыптастыруды көздейді. Алға қойған нәтижелердің бірі халықтың ақпараттандырылуы, азаматтардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібімен қорғауға қатысты іскерлік белсенділігін қамтамасыз ету.
Аталған құжаттарды жүзеге асыру барысыда сот билігі мен БАҚ арасында оңтайлы қарым-қатынас орнату негіздері көріне бастады, ол өз кезегінде сот жүйесінің дұрыс имидж қалыптастыруына себеп болды, халық тарапынан сот органдарына деген құрмет сезіле бастады.
Бұл құжаттардың қабылдануының өзі кездейсоқтылық емес. Жоғарғы Сот БАҚ өкілдерімен өркениетті қарым-қатынас орнату үлгісін жергілікті соттарға көрсетуі тиіс еді. Жоғарғы Соттың кейінгі қадамдары, яғни соттарда баспасөз хатшысы институты мен БАҚ өкілдерімен жұмыс жасау жөніндегі үйлестірушілер институтын қалыптастыру қоғамдық мүдде үшін БАҚ өкілдері мен сот органдарының үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етті.
Біз, сот билігінің тәуелсіздігі әділсот талқылауына деген құқықтық базалық элемент болып келетіндігіне, заң мен демократияның жоғары болуына есеп береміз. Дегенмен бұл да БАҚ тарапынан сот қызметіне деген қоғамдық бақылау жүргізуді алып тастамайды.
Қоғамның соттарға деген сенімділігін нығайту мақсатында журналистердің соттарға деген қолжетімділігін марапаттау қажет. Сот мәжілістеріне қатысатын журналистер үшін ешқандай кедергілер болмауы тиіс.Міне, сол себепті болар қазіргі танда Қазақстанның Соттар одағымен журналистердің соттық ақпараттарға, сонымен қатар сот процестеріне қатысуға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар жүйелі қадамдар жасалуда [22. 69 б.].
БАҚ мен сот билігі ынтымақтастығының төмендегідей нысандарын көрсетуге болады:
1) «Сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдары» атауымен тұрақты жұмыс жасайтын аймақтық форумдар өткізу. БАҚ мен сот билігі арасындағы ынтымақтастықты қолға алуға көп жағдайда «Әділ сөз», «Сот билігі мен бұқаралық ақпарат құралдары» сөз еркіндігін қорғау Халықаралық қорының орны ерекше деген ойдамын. Бұл жобалар Тамара Конееваның басшылығымен Қазақстанның Соттар Одағының қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұл жобаны Астанадағы ЕОҚҰ орталығы мен халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі қолдаған (ЮСАИД).
Жоба екі жыл бойы қолданылуда. Еліміздің түрлі аймақтарында тұрақты қызмет ететін «Сот билігі және бұқаралық ақпарат құралдары» форумының мәжілістері жүргізіледі. Барлығы диалог жүргізуден басталды, біртіндеп, төрешілер мен журналистердің арасындағы мәдениетті қарым-қатынас қалыптаса бастады, туындаған мәселелер ашық талқылана бастады, оларды шешу бойынша біріккен жұмыстар жүргізілді.
Форумда талқыланатын маңызды мәселелер болып: сот репортерлерінің Гильдийін құру және жұмыс жасаудың халықаралық тәжірибесі, бұқаралық ақпараттық құралдарымен соттардың қарым-қатынасын реттеу саласындағы халықаралық стандарттар, сот ақпаратын журналистердің алу және таратуға құқық алуы, сотқа сенімділік факторларының бірі ретінде сот жүйесінің ашықтығы, біреуді масқаралайтын ақпаратты жариялау (диффоимация) және тағы да басқалары;
2) заңды жетілдіру бойынша нұсқаулықтар, конференциялар мен форумдарда журналистер төрешілермен бірігіп қолданыстағы заңды талқылайды, оны жетілдіру бойынша бірігіп нұсқаулықтар дайындайды. Соңғысына мысал ретінде форумда біреуді әшкерелейтін ақпаратты жариялауына жауапкершілік мәселесі талқыланғанын атап өтуге болады. Талқылау нәтижесі бойынша форумда масқаралау және жала жабу нәтижесіндегі жеке мүліктік емес, құқықтарға жауаптылықты қылмыс деп танымауға бағытталған заңды жетілдіру бойынша нұсқаулықтар жасалып, мақұлданды.
Бірқатар мәселелер бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын жетілдіру жөнінде нақты нұсқаулықтар енгізілді. Осылайша, биліктің үшінші және төртінші салаларымен конструктивтік ынтымақтастық орнатудың оң беталыстары, үндеудер мен нұсқаулықтар анықталды. Соттар Одағының Орталық Кеңесі соттар мен БАҚ өзара байланысының ерекше мәселелерін талдай отырып, Қазақстанның төрешілер Одағының төрағаларына және соттардың төрағаларына бағытталған «Сот билігі және БАҚ» (2010 жылы 24 тамызда Қазақстан Республикасының Төрешілер одағының Орталық кеңесінің №34 қаулысымен бекітілген) тұрақты жұмыс істейтін форумның тиімділігі туралы мәселені қарау нәтижесі бойынша Нұсқаулықтарды әзірлеп, бекітті.
Нұсқаулықтарда төрешілердің назары азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша әділсотқа жіберу кезінде жариялылық принципін қамтамасыз ету бойынша жұмысты түбегейлі жақсарту қажеттілігіне, сот істерін қарау графигін соттардың веб-сайттарына жариялау практикасын жалғастыру, ұлттық заңнама және халықаралық келісімшарттардың талаптарының аясында нақты істер бойынша сот процестерін жариялауға баспасөз өкілдеріне жағдай жасауға аударуға бөлінген. Төрешілер одағының төрағалары мен сот этикасы бойынша комиссиямен және соттардың баспасөзқызметтерімен бірігіп, қоғамдық пікірталас тудырған сот процесі туралы БАҚ сыни сөздерді зерттеу, нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылуы тиіс, сот этикасының Кодексіне қайшы, төрешілердің іс-әрекеттері туралы мәліметтерді тексеру ұсынылды. Төрешілер одағының Орталық кеңесі Қазақстанның журналистер Одағының Басқармасына журанлистердің БАҚ сот процестерін жариялау кездерінде жалпы қабылданған этикалық нормаларды сақтауларын, олардың кәсіби назарына ілінген обьектілеріне айналған адамдардың ар-намысын сыйлауын және соттарға БАҚ көздеріндегі ресми позициясын көрсетуіне мүмкіндік беруін өтіне отырып, өздерінің осындай нұсқаулықтарын әзірлеуін ұсынды. Үндеулер Төрешілер одағының веб-сайттарында, Қазақстанның ақпараттық-құқықтық «Параграф» жүйесінде жарияланады.
4) қоғамдық бақылау-кері байланыс. Журналистер тарапынан Төрешілер одағының веб-сайтында «Қоғамдық бақылау» ашу бойынша Төрешілер одағының бастамасы дұрыс қабылданды. Оған дұрыс ұйымдастырылған жұмыс түрткі болды.
«Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғаудың халықаралық қоры сот талқыламасының жариялылығы принципінің бұзылуы туралы БАҚ өкілдерінен келген ақпараттарды қорытындылап талдап, Төрешілер Одағына ұсынды. Төрешілер одағының Орталық кеңесі журналистерден келіп түскен ақпаратты тексеру бойынша шаралар қолданды. Тексеруге арналған материалдар Төрешілер одағының филиалдарының және облыстық соттардың төрағаларына жіберілді. Жекелеген фактілер расталып, олар бойынша кінәлі адамдар жауапқа тартылды, соттарда журналистердің сот процесіне қатысуы заң талаптарына нақты сәйкес болуы туралы сұрақтар бақылауға қойылды. Тексеру нәтижелері бойынша төрешілер одағының орталық кеңесінің аппаратында талданып, Төрешілер одағының веб-сайтына жарияланды.
Осылайша, Төрешілер одағы қоғамдық бақылау орнатып, қоғаммен кері байланысты қамтамасыз етті;
5) Төрешілер одағының сайтты жаңа форматта жүргізуі. Төрешілер одағы мазмұны қоғамның мүдделеріне жауап беретіндей, оның ішінде төрешілер қауымдастығының мүддесіне сай жаңа форматтағы ресми сайтты жаңарту шараларын қабылдады. Төрешілер одағының сайтына мына адрес арқылык іруге болады:www. Ujk. Kz, немесе www. Supcourt. kz (union), яғни Жоғарғы сот сайты арқылы: www.Supcourt.Kz. Сайтта жарияланған ақпарат тек төрешілерге ғана емес, сонымен қатар журналистер және жалпы республиканың халқы үшін де қызықты. Бұл жерге төрешілер қауымдастығының соңғы жаңалықтары мен Төрешілер одағының актілері ғана емес, сонымен қатар сот жүйесінің тәуелсіздігінің халықаралық стандарттары, «Қоғамдық бақылау» тарауындағы журналистердің үндеуі де жарияланады.
6) Сот репортерлерінің (тілшілері) Одағы. Көптеген форумдарда сот тілшілерінің Одағын құру туралы Жоғарғы соттың ұсынысы талқыланды. Оны құру ұлттық заң талаптарын ескере отырып, сот процестерін жариялауға кәсіби білікті журналистерді даярлауға, төрешілер тарапынан және журналистер тарапынан да кәсіби сипаттағы кикілжіңдерді бодырмауға мүмкіндік береді. Төрешілер одағы сот тілшілерінің Одағының өкілдеріне және ол үшін отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып төрешілерді оқытатын тренингтер өткізуге дайын. Теледидар бағдарламасының эфирдегі уақытын қаржыландыру бойынша Жоғарғы соттың жаңа ұсынысы талқылау және іздестіру үстінде, оның ішінде үлкен қоғамдық пікірге ие болған сот істері бойынша теледидарда қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру түріндегі жұмыс формасы. Қандай азаматтық және қылмыстық істер халық тарапынан үлкен қызығушылық танытқанын анықтау қажет, одан соң қоғамдық тыңдауды даярлаудың басталғаны туралы барлық мүдделі адамдарға хабар берілуі тиіс. Сот жүйесі тарапынан бұл телебағдарламаға отставкадағы төрешілерді шақыру көзделеді. Бұл бағдарлама аясында мүдделі тараптардың барлығына заң жағдайы, сот ісінің маңызы туралы өз пікірлерін толық айтуларына және білікті жүргізушінің қатысуымен пікір-таласқа қатысуға мүмкіндік беріледі [22. 86 б.].
Осылайша, біз әділсотқа қолжетімділікті зерттеу және жариялау бойынша соттар мен БАҚ арасындағы іскерлік әрекет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша соттардың қызметін бағалаудағы халықтың құқықтық позициясына оң ықпал ететіне сенімдімін.
Өкінішке орай, қазақстандық журналистердің барлығы бірдей олардың қызметіне қатысты құқықтық салада бағдар жасай білмейді. Мысалы: БАҚ, журналистердің айыпты деп танылмаған адамды қылмыскер деп атай отырып, сотқа дейінгі ақпаратты жариялайтын жағдайлары көптеп кездеседі және бұл жерде кінәсіздік презумпциясы бұзылады. Яғни, теріс қоғамдық пікір қалыптасады, беделге нұқсан келеді, сот ауыртпалықтары басталады.
Кейбір отандық басылымдар мен интернет-газеттер өздерінің мүмкіндіктерін асыра пайдалана отырып, әдейі теріс қоғамдық пікір қалыптастыра отырып, «тапсырыс берілген» материалдар жариялайды, теріс құқықтық тексерулерге негіз болып жатады. Көптеген фактілер, әдетте расталмайды, ал басылымдарға ешқандай шара қолданылмайды.
Тәуелсіз сот билігі және бұқаралық ақпарат құралдары - бұл бірін-бірі жоққа шығаратын институттар емес, қазіргі қоғамдағы құқық пен жариялылықтың негіздері. Міне сондықтан да біз әрі қарай Қазақстанның жас демократиялық қоғамында соттар мен БАҚ ролін арттыруды жүйелі қолға алуды көздеуіміз керек.
Сот мамандарын таңдау тәртібі құқықтық саяси Концепциядағы сот- құқықтық жүйенің даму бағыттарының бірі болып табылады. Оған қоса сот кандидаттарына қойылатын біліктілік талаптарының қатаңдығы өзекті сұрақ болып табылады, себебі судьялардың кәсіби шеберлігі мен жоғарғы моралдық сапасы сот корпусының қалыптасуының негізі болып табылады [22. 74 б.].
Сонымен бірге соттар қауымдастығынының өздерінің тарапынан судьялардың судьялар әдеп кодексінің талаптарын сақтауына, барлық жіберілген бұзушылықтарға теңбе-тең, тез жауап қайтаруына қатаң бақылау қажет.
Қазіргі кезде республиканың соттары мен сот төрешілерінің жұмысының сапасына, тапсырылған іске олардың жауапкершілігін арттыруға және әділсотты жүзеге асырушы Фемидаға қызмет етушілердің жоғары кәсіби және моралдық-адамгершілік қасиеттеріне аса назар аудару керек. Біздің пікірімше, бұл қасиеттер сот қызметінің нормасы болуы тиіс. Мемлекет басшысы еліміздің сот корпусының алдына өте маңызды және жедел шешілуі тиіс міндет қойды. Оны шешу, әділсотты орындауда қателіктер жібермеуге, соттардың жұмысына басқа тараптан араласуды болдырмауға, сот жүйесіне қоғамның сенімін бекіту және арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан республиканың бүкіл сот корпусы мен сот жүйесінің мемлекеттік қызметкерлері мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың негізгі тапсырмаларын орындауға барлық күш-жігерін салуы тиіс.
Бұл жұмыс аудандық соттан жоғарғы сотқа дейін жоспарлы негізде жүргізіліп отыр, мұнда міндетті нақты жүзеге асырып отырған Жоғарғы соттың үлесі мол.
Осының негізінде құқықтық тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің беделін арттыру бағдарламасы жасалды. Бағдарлама республиканың соттары мен сот төрешілерінің беделін нығайтудағы негізгі ақпараттық, ұйымдастырушылық, кадрлық және құқықтық іс-шараларды көрсетеді.
Осы мақсатты іске асыру барысында тұрақты түрде тренингтер, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда. Судьялар жоғары сатылы соттарда тәлімгерліктен өтіп, сот төрелігі институтында білімін жетілдіруде. Судья лауазымына үміткерді іріктеу талаптары күшейтіліп, халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған өзге де бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Алайда, көптеген үкіметтік емес ұйымдар тарапынан халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар халықтың сотқа деген сенім деңгейінің әлі де болса төмендеу екенін байқатады.
Сот имиджіне кедергі болатын жағдайлар: ең алдымен судьялар өздерінің жоғары мәртебесіне лайықты болуы тиіс. Мұны біздер сот төрелігін сапалы және жедел жүзеге асырумен, мүлтіксіз мінез-құлықпен және сот қорғауына жүгінген тұлғаларға ілтипатты, ықыласты қатынаспен ұдайы дәлелдеуге міндеттіміз.
Судья және судья лауазымына үміткер азамат жоғары кәсіби білімді ғана емес, сонымен бірге, оған адами қасиеттер тән болып, қажет десеңіз, бөтеннің қайғысын да бөлісе алуы, өзгенің ауыртпашылығына бойкүйездік танытпай, түсіністікпен қарай білуі тиіс. Бұл асыра сөйлеушілік емес. Өкінішке орай, біздің қатарымызда әлі де болса тәкәппар, паң, өркөкірек, өзін басқалардан жоғары санайтын судьялар кездеседі. Бұл тұрғыда қазақтың билер сотының тарихи тәжірибесі баға жетпес құндылық десек, артық айтпағандық болар еді. Қажетті халықаралық озық тәжірибелерді өз жүйемізге еңгізгенімізбен, ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұраны толық көлемде қолданбай келеміз. Ақиқат пен әділдік, оларға қол жеткізуге ұмтылу қазақ құқығы нормаларына негізделіп қабылданған билердің сот шешімдерінің және сот өндірісінің тұғырлы негіздері болған [23, 3 б.].
Қазақтың әдет-құқықтық жүйесінде билер сотының мәртебесі мен мәнін айқындайтын бірқатар айшықты қағидаттар және нормалар қалыптасқан. Олар халықтың құқықтық түйсігіне терең бойлап, көп жағдайда оның әдеттегі ділінің мазмұнын анықтаған. Мысалы: «Би төрттің құлы: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік». Осындай асыл ойлар сот жүйесі имиджін көтерудің басты формуласы болып табылады. Бұл сөздерде бүгінгі судьялардың қандай болуының мағынасы мен маңызы және қандай талаптарға сәйкес болу керектігінің негізі қаланған.
Судьялардың әрбір іс-әрекеті барлық уақытта қоғамның назарында, көпшіліктің көз алдында болады. Судьяның сот процесін біліктілікпен, сауатты жүргізуінен және қабылдаған шешімінен сот жүйесі туралы жалпы қоғамдық пікір қалыптасады. Сот мәжілісіне қатысатын тараптардың және олардың өкілдерінің нақты бір судьяға жан-жақты мінездеме беретіні және ол пікірдің көп жағдайда объективті болатыны даусыз. Бұл ешкімге құпия емес.
Судья немесе судьялыққа үміткер, оқуды үздік бітірген, ғылыми атағымен қатар, біліктілік емтиханын өте жақсы тапсырып, іріктеуден сүрінбей өткенімен, немқұрайлы және қатыгез, тасжүрек адам болуы мүмкін. Біздің пікірімізше, мұндай кадрлар қажет емес деп есептейміз. Себебі, мұндай судья істің байыбына бармай, түбінде жаңа дауларды туындататын сот актілерін шығара беретін мантиядағы біркелкі адам болып шаға келуі мүмкін.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан судьялар үшін сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған. Жылдан жылға соттарды қаржыландыру ұлғаюда, еңбекақы сатылы түрде өсуде, әлеуметтік кепілдік мәселелері жоспарлы түрде шешілуде. Осыған байланысты халқымыздың біздерден тиісті қайтарымды күтуі орынды. Бұл қайтарымның қаншалықты тиімді болары бірінші кезекте судьялар қауымдастығына тікелей байланысты.
Сонымен қатар қоғамда жүргізіліп отырған сот реформасы, оның нақты нәтижелері, соттардың қызметіндегі мәселелер, сот этикасының нормаларындағы кемшіліктерді жою жұмыстары, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы обьективті және толық түсінік жоқ. Қылмыстық сот өндірісінде сот алқаларының төрешілерінің қатысуы, жеке бостандыққа азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша сот бақылауын күшейту туралы, қамауға алу және басқа да іс-жүргізушілік әрекеттері туралы конституциялық ережелер жүзеге асырылмай қалып отыр. Сот шешімдерінің дұрыс орындалуында да мәселелер бар. Заңды күшіне енген қабылданған сот шешімдеріне қоғамның наразы сынының фактілері де орын алып жүр. Сот процесінде жарыстылық пен тараптардың нақты теңдігі толық деңгейде қамтамасыз етілмейді. Осыған орай соттардың өздерінің жұмысының сапасы мен мазмұнын жақсартпай сот жүйесінің беделін арттыру мүмкін емес.
Халық, әсіресе алыс елді-мекендердегі халық, білікті заң көмегін қажет етеді. Соттардың қызметін кадрлық қамтамасыз ету мәселелері әлі де шешілмеген. Сот төрешілерінің қызметіне конкурсқа қатысушы заңгерлердің кәсіби даярлығы төмен күйінде қалып отыр. Сот төрешілігіне кандидаттарды тәжірибеден өткізу қағаз жүзінде өткізіледі.
Жалпы беделге теріс ықпал ететін себептер болып:
-әділсот органдарының қызметі туралы ақпараттың жеткіліксіз тиімділігі;
-беделді арттыру іс-шараларына мақсатты қаржыландырудың жоқтығы;
-сот қызметін көрсететін фактілерді ақпарат құралдарымен бір жақты, обьективті емес көрсету.
Бағдарламаны жүзеге асыру келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
-әрбір өзгерістен кейін жүйенің жағдайын жедел басқаруға және қажет жағдайда түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін сот жүйесінің позитивтік беделін қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шараларды жүзеге асыру;
-қолданыстағы құқықтық институттарды әрі қарай реформалау және жетілдіру, соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық бекіту;
Соттардың қызметін кешенді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жасау;
-соттардың заңмен қарастырылған тәуелсіздігінің әлеуметтік кепілдігін нақты қамтамасыз ету;
-әділсот және ақпарат алмасу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Құқықтық саясат және оны жүзеге асыру механизмінің маңызды буыны болып, соттар корпусының кадрларын даярлау және оқыту, сот төрешілерінің кәсіби және білім шеберлігін арттыру, сот төрешілігіне кандидаттарды тәжірибеден өткізу бойынша шараларды қабылдау табылады [24. 95 б.].
Сот төрешілігіне кандидаттар дайындалатын әділсотты басқару функциясының маңызын ескере отырып, негізгі қызметтен босатумен байланысты ақы төлеуге немесе тағылымдамадан өткізуге бюджеттен қосымша қаражат бөлу туралы мәселені қараудың уақыты келді. Қазіргі кезде мемлекеттік органдарда қызметкерлердің біліктілігін артыруды және біліктілігіне сәйкес жас мамандарды даярлауды көздейтін арнайы оқу орындары бар.
Маңызды іс-шаралардың бірі сот жүйесінің қызметкерлері мен сот төрешілерінің біліктілігін арттыру Институтының Жоғарғы Сотының жанындағы арнайы оқу орнында білім беру болып табылады. Сот кадрларын даярлау үшін, Институт базасында магистратура ашу және күндізгі форма бойынша жоғары білім беру негізінде сот төрешілдерінің мамандығына оқытатын факультет жұмыс жасауда.
Осылайша, Бағдарламаны жүзеге асыру, соттардың қызметін жариялауды реттейтін мәселелер бойынша тиісті нормативтік актілерді қабылдауды талап етеді. Бұл қоғаммен тұрақты байланыс орнатуға, сот аппараттарының құрылымдық бөлімшелерін кадрлармен бекітуге, оның ішінде қоғаммен және БАҚ-мен байланысты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазіргі күні сот төрешілерінің бос орындарына конкурс өткізу функциялары Жоғарғы сот кеңесіне берілді, бірақ іріктеу процедурасы мен критерийі жалпы қоғамнан да және сот қауымдастығынан да жабық күйінде қалып отыр.
Конкурсты өткізу кезінде келесіден көрінетін басымдықтарды нақты реттеуді ұсынамын. Қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сот төрелігіне бос орындарға:
-облыстық соттар, одан кейін қалалық және аудандық соттардың қатысуға құқы бар;
-конкурсқа бірнеше соттар қатысу кезінде кімнің дәрежесі жоғары, сол адамға артықшылық берілуі тиіс;
-тең кластарда- тәжірибесі мол адамдарға;
-өтілі тең жағдайда-өзгерту және жоюдың аз көлеміне ие адамдарға;
-соттарда, прокуратура органдарында заң қызметінің мол өтілі барларға берілуі тиіс.
Бұл талаптардың жұмыс істеп отырған соттарға маңызы зор, өйткені ірі қалаларда сотта ешқашан жұмыс істемеген кандидаттар іріктеліп, тәжірибесі бар сот төрешілері қойылған талаптарға сай келмей жататын жағдайлар жиілеп кетті. Одан басқа, бұл жүйе тәжірибелі сот төрешілеріне үлкен стимул береді, ал жаңадан тағайындалған сот төрешілеріне аудандық соттарда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді, ол өз кезегінде істі қарау сапасына ықпал етеді [25. 61 б.].
Сот тәуелсіздігінің қарапайым кепілі үшін ең маңызды сұрақ Конституциядағы талаптарды толыққанды жүзеге асыру болып табылады, онда сотты қаржыландыру мен судьяларды үймен қамтамасыз ету «әділдікті толық және тәуелсіз түрде жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет», оның нәтижесінде қаржылық мүмкіндіктерімен қоса сотты материалдық және техникалық қамтамасыз ету мен соттарды әлеуметтік қорғау деңгейін кезең-кезеңмен ұлғайту болжанған.
Сол уақытта әділдікке араласқан, сотқа қарсы келген кінәлі тұлғалар заңда көрсетілген жауапкершілікке тартылады.
Соттар мен сот төрешілерін қаржымен және әлеуметтік қажетті деңгейде қамтамасыз етілмейтіні туралы фактілер республиканың Конституциялық кеңесінде бірнеше рет қаралған. Оның ішінде соттарды қаржыландыру және сот төрешілерін тұрғынүймен қамтамасыз ету практикада толық деңгейде жүзеге асырылмайды, ол соттарды жергілікті атқарушы биліктерге тәуелді етеді және жемқорлыққа орын берілуіне ықпал етеді [25. 64 б.].
Одан басқа, қазіргі кезде сот төрешілерінің бірдей статусы бар екендігі және олар бір-бірінен тек өкілеттіліктері арқылы ажыратылады деген «Қазақстан Республикасындағы соттар мен сот төрешілерінің статусы туралы» бекітілген ережесіне сот төрешілерінің еңбек ақысын дифференциациялаудың қайшы екендігін атап кетуге болады. Республиканың жоғарғы сотының сот төрешілерінің еңбекақысы жергілікті соттардың сот төрешілерінің еңбекақысынан артық екендігі анықталған.
Сот өндірісіндегі соңғы стадиясы сот актілерін орындау болып табылады, сондықтан олардың орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдау қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындаушылармен қатар жеке сот орындаушылар институты енгізілгендігі – сот өндірісінің тиімділігін ұлғайтудың маңызды шарасы болып табылады.
Қазіргі кезде қабылданған және әрекет етіп жатқан «Атқарушы өндіріс және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сот актілерінің мүлтіксіз орындалуына, оның ішінде сот шешімдерін орындаудан бастартқаны үшін жауаптылықты күшейту жолымен, борышкерлерге қатысты шектеулі шараларды қолдануды әрі қарай кеңейтуге, атқарушы өндіріске соттық бақылауды күшейтуге бағытталған алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруды растайды.
Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі аясында тек мемлекеттік сот орындаушылары ғана мемлекетке пайдасына кіріс өндіру туралы, сондай-ақ мемлекеттен өндіріп алу туралы құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығын иеленуі тиіс.
Сот актілерінің тиімді орындалуы мемлекеттің құқықтық жүйесін бекіту мен сот билігінің имиджін көтеруде маңызды құрам болып табылады. Жеке орындаушының альтернативті институтын енгізу мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік берді. Қазақстанда жеке сот орындаушыларының институтын енгізу идеясын 2005 жылы соттардың 4-ші съезінде мемлекет басшысы Н.Назарбаев баяндаған болатын. Үш жылдан астам уақытта осындай институттары бар мемлекеттердің тәжірибесі белсенді түрде игерілді. Осы уақытта әлемнің 60 мемлекетіндегі тәжірибе жеке орындау институтының тиімділігінің дәлелі болып табылады.
Азаматтар өздерінің тұрғылықты мекен-жайындағы мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларына жүгінуге құқылы, осы арқылы сот орындаушылардың кәсіби бәсекелестігі көтермеленеді. Қазіргі сот орындаушыларына қарағанда, оларға тым жоғары талаптар қойылады. Сот орындаушысы 25 жастан асқан, жоғарғы құқықтық білімі бар, жеке орындаушы боп бір жыл жұмыс жасаған, біліктілік емтиханынан өткен, атқарушық құжаттарды орындау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензиясын алған және конкурстан өткен Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.
Жеке сот орындаушылар институтын енгізудегі шетелдік тәжірибелерді төмендегідей қарастыру қажет.
Франция, Германия, Бельгия, Люксембург пен Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде сот орындаушылары жеке және лицензия бойынша жұмыс жасайды.
Сот орындаушыларын басқаруды аймақтық және ұлттық палаталар жүзеге асырады, палата мәліметтерін өзіндік басқару органдары басқарады. Мысалы, Францияда атқарушы өндірісін тек қана сот орындаушылары емес республика прокурорлары, командир мен офицерлер жүзеге асырады. Сот шешімін негізгі атқарушы тұлғалар сот орындаушылары болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін тәуелсіз тәжірибеден өтуші мен мемлекеттік қызметкерлер мәртебесінің элементтері құрайды. Сот шешімін атқару кезінде орындаушы мәртебесіндегі бірінші жоспарда мемлекеттік қызметкерлердің белгілері қарастырылады, себебі орындаушының жұмысы қаражат пен басқа да құндылықтармен тығыз байланысты, осы кездегі тәуекел сақтандырумен жабылады. Сақтандыру сыйақысы сот орындаушыларының мүшелері арасында үлестіріледі [26].
Германияда атқарушы өндірісті сот тіркеушілері жүзеге асырады, оларда сот шешімін орындау құқығын дәлелдейтін арнайы сертификаты болады. Израилде орындаушылардың қызметі магистратты соттарда қарастырылады. Оны директор басқарып отырады, ол берілген соттың судьясы немесе сол соттың тіркеушісі болып табылады. Мынадай қызық жәйт бар, егер орындаушылар директорға бағынатын болса, онда олар әділет министрімен тағайындалады.
Грецияда атқарушы өндірістің негізгі органына тек орындаушылар ғана емес нотариустар жатады, оның қызметіне қаржылай өндіріп алу туралы сот актілерін орындау кіреді. Мұндай нотариус көпшілік аукционының клеркі деп аталады және тек қана ол көпшілік аукционды жүргізуге құқылы.
АҚШ-та атқарушы өндіріс қызметтерін шерифтер мен олардың орынбасарлары, федералды деңгейдегі маршалдар, сот орындаушылары мен жеке заңды агенттіктер атқарады. Егер ереже бойынша шериф заңгер болмаса, онда оның орынбасары міндетті түрде полиция академиясында оқуы қажет, онда атқарушы өндіріс пәндері де өткізіледі [27. 24 б.].
Құқықтық қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасына институтты енгізуге байланысты қазіргі таңда орындалған сот актілерінің пайыздық көлемі өте аз. Мұндай жағдайлардың себебі ретінде сот орындаушыларының өкілеттілігінің шектеулілігі, еңбек төлемі туралы сұрақтары, атқарылатын актіге дейін қызығушылықтың болмауы қарастырылады. Бірнеше жыл бұрын судьялардың съезінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деген:«басқа мемлекеттердің тәжірибесі жеке сот орындаушылар қызметінің жоғарғы тиімділігінің дәлелі болып табылады. Осы тәжірибені жетік меңгеру керек және егер ол қолдануға тиімді болса, онда оны енгізу қажет». Мен мұнымен толық келсемін. Жаңаның барлығы – жаман емес. Тек біздің халқымыз жаңа нәрсені кері қабылдайды. Жеке нотариустарды енгізу кезіндегідей. Сол уақытта да даулар болған. Бірақ уақыт өтті, және жеке нотариат өзін дәлелдеді. Сот орындаушысы мамандығының беделі мен жұмыс сапасын ұлғайтудың басқа да әдістері бар. Бұл мамандықтың беделін көтеру үшін заңға сәйкес үйлесімділіктегі атқарушы санкция ретінде түсетін қосынды үлестіруді қарастыратын өзгерістер енгізу жоспарланды: атқарушы өндірісінің дамуындағы республикалық бюджет және бюджеттен тыс қор. Жеке сот орындаушылар институты мемлекеттік сот орындаушысының баламасы ретінде талқыланады. [2].
Жеке сот орындаушыларының жұмысы өнімдірек, себебі өздерінің қызметін өздері қаржыландырады, офис арендасын төлейді, қосымша жұмыс орындарын құрады. Олар материалдық түрде қарыздарды өндіріп алуды жедел әрі тиімді түрде жүзеге асырады. Мұндай әдіс бәсекелестікті ұлғайтады. Ал ол сот орындаушыларының жұмыс сапасына оң әсер етуде.
Егер халықаралық тәжірибелерге қарасақ, онда мұнда жағдай екіжақты болып табылады. Егер Франция жеке сот орындаушыларды жақтаса, ал Германия оны енгізуге бастапқы кезде қарсы болған. Ал бізде, Қазақстанда – жеке және мемлекеттік сот орындаушы симбиозы қалыптасқан. Литвада 2003 жылдан бастап жеке сот приставтары жұмыс жасауда. Бұл елдегі қозғалған атқарушы өндірістер көлемі үш есеге азайған болатын. Сот приставтарының жоғарғы төлеміне байланысты шаруашылық субъектілері не кешірім береді немесе қарызды өтеудің басқа да баламалы көздерін іздей бастайды. Қаулылардың 30% ғана шын мәнінде орындалады. Сауланама мәліметтері бойынша, сот приставтарына тек халықтың 60% ғана сенеді.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше әлемде қолданылатын мәжбүрлеп атқару жүйесінің механизмінің тиімділігі жеке немесе мемлекеттік екендігіне байланысты емес. Қарызданушылардың жағдайы, құқықтық деңгейі жоғары, заңға деген құрметтеу бар мемлекетте өмір сүру нашар болып табылады. Мұндағы танылған көшбасшылар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Финляндия. Әлемде қарызды төлетудің әртүрлі әдістері көп.
Мысалы, Беларуссияда бюджет алдындағы қарызданушыларды шетелге жібермейді. Ал бізде Қазақстанда дәл осы заң бар. Біз ол туралы барлық ақпаратты бірыңғай орталыққа тапсырады, мұнда мәліметтер өңделіп, сәйкес инстанцияларға бағытталады және осылай қарызданушы Қазақстан сыртына шыға алмайды. Ол несиелік қарызды өндіріу талаптарын орындауды қамтамасыз ету жоспарында тиімді шаралардың бірі болып табылады. Біз ұятсыз кәсіпкерлерге шетелге шығуға тыйым салынғаннан кейін, бірден ақша табылып, қарыздары төленеді. Қанада, АҚШ пен Израильдегі қарызданушылардан жүргізуші құжатын алып қояды. Бізде, Қазақстанда, нақты айтқанда Маңғыстауда, барлығы басқаша – сот орындаушылары қарызданушылардың көлігін қамауға алады, ал содан кейін жол полициясы қызметкерлерімен бірге көлікті айыппұл тұрағына қояды. Бұл әдісте машинаны өзіне қайтару тез әрі оңай және қарызданушы сот шешімін тез орындайды. Бұндай әдіс басқа да мемлекеттерде кеңінен таралған – лицензиясынан айыру.
Израильде қарызданушы төлем карталарын қолдана алмайды. Олар келісімшарттың аяқталғандығы жайлы хабарламаны алады. Оған қоса бұл мемлекетте, егер қарызданушы корпорация құрылтайшысы немесе корпорация басшысы болса, онда ол корпорация капиталына салым салуды тоқтату туралы өкім шығарылады. Бізде Қазақстанда қарызданушының есеп шотын жауып тастаймыз. Жалпы алғанда, әсер ету түрлері көп. Олардың әрбірін қолдануға болады.
Жеке сот орындаушы институттар мемлекеттік сот орындаушылар ортасына бәсекелес және мемлекеттік сот орындаушылар жұмысын жалғастыру үшін жақсы нәтиже көрсетуде.
Теріс сипаттамаға: жеке сот орындаушыларда қарызданушыдан атқарушы санкцияларын өндіріп алу бөліміндегі атқару өндірісі туралы Қазақстан Республика заңы қарастырылмайды, яғни жеке орындаушы шығындарын өндіріп алушылар төлейді.
Қазақстан Республикасының құқықтық ортасына жеке сот орындаушылар институтын енгізу мен оның өзіндік жеке құрылымын белгілеу, менің ойымша, әлемнің басқа мемлекеттеріндегідей оң әсер беруде.
Сот реформасына дейін сот, сот төрешілері тек қабылданатын шешімдердің сапасына ғана емес, сонымен қатар сот актілерінің орындалуына да жауап беретін болған.
Сот актілерінің орындалуын бақылау функцияларын Әділет Министрлігіне бергеннен кейін, сот төрешілері сот актілерінің орындалуына жауап бермейтін болды.
Соған орай азаматтық істерді қарау кезінде, сот төрешілері шағым-талаптарды қамтамасыз ету шараларын әрдайым қабылдай бермейді (мүлікті алып қою, банктердегі салымдарды жауып тастау). Сондықтан шағым-талаптарды қамтамасыз етудің басқа механизмдерін және сот шешімдерінің орындалуын қарастыруды ұсынамыз (мысалы, алынатын сомадан 5-10 % көлемде сот орындаушыларына сыйақы қарастыру) [28].
Қорыта келе, сот - құқықтық реформаның ағымдағы деңгейінде көрсетілген шаралар, сөзсіз, сот беделінің сот билік органы ретінде көтерілуіне мүмкіндік берді. Адамдар өздерінің құқықтарын қорғау мен дауларды шешу үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік алды. Азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейінің ұлғаюы, сот статустарының бекітілуі, сот төрелігінің қолжетімділігі осы мемлекеттік құжатта көрсетілген. Берілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында кәсіби деңгейде жұмыс жасау қажет. Басқа да факторлармен қатар мемлекеттің күші Қазақстан Республикасының азаматтарының бостандығы мен құқығын қорғауға бағытталған сот жүйесінің тұрақты және күшті болуы болып табылады.
Қазіргі күннің міндеті соңғы жылдағы сот реформасының жетістіктерін және оның алға жылжуын бекіту болып табылады.
