Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Хамит диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
482.82 Кб
Скачать
    1. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық құқықтық атқаратын қызметі

Қазақстан Республикасындағы сот билігі құқықтық негіздері Конституцияда бекітілген бірқатар маңызды қызметтерді атқарады. Бұл міндеттер сот билігін біріншіден, мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде қарастырады, екіншіден, мемлекеттік биліктің басқа тармақтарына қатысты қарсы тұру және ұстану механизмін иеленген мемлекеттік органдардың жүйесі ретінде, үшіншіден, ерекше қағидалар, нысандар мен әдістер негізінде қызмет ететін мемлекеттік билік түрі ретінде және төртіншіден, әділсотты жүзеге асыратын орган ретінде қарастырады [1].

Сот билігінің атқаратын қызметі қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеуге арналған құқықтың рөлін айқындап, құқықтық қызметке негізделген. «Құқық қызметі» ұғымы арқылы қоғамдағы құқықтық қызметтің бағытын анықтауға болады. Құқықтың атқаратын қызметі оның сапалық ерекшеліктерін, оның қоғам өміріндегі сұранысқа иелігі мен қарқынын көрсете отырып, келесідей қасиеттермен сипатталады:атқаратын міндеттерінің мазмұны мен тізбесі құқықтың шынайы мәнімен және оның қоғамдағы әлеуметтік арналуымен айқындалады;құқықтың атқаратын міндеттері салыстырмалы түрде тұрақтылығымен және беріктілігімен ерекшеленеді.Ол қоғамдағы ең қажетті құндылықтарды реттеп қана қоймай, тәртіпті де қамтамасыз етеді; құқық қызметі кешенді, жүйелілігімен ерекшеленеді.

Сот билігінің атқаратын қызметін былай бөліп қарастыруға болады: әділсот; іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларын заңды және негізді қолдануға сот бақылауын жүргізу; құқықтық нормаларды түсіндіру; құқықтық маңыздылығы бар фактілерді куәландыру.

Қазақстанда сот билігі заң шығарушы және атқарушы органдардың қызметіне құқықтық бақылау жасау, шектеу және тежемелік қызметін атқарады. Сот билігінің бұл қызметі сот билігін жүзеге асыруға бағытталған өз мәнінен туындайды. Кең мағынада сот билігін жүзеге асыру – бұл барлық азаматтарды, барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды басынан аяғына дейін бақылау. Соған сәйкес әділсотты жүзеге асыру туралы тек сот билігі қолданыстағы құқықтық тұрғыдан қарастырғанда мемлекеттік органдардың қызметіне бағалау жүргізу мүмкіншілігін иеленген жағдайда ғана айтуға болады. Қарастырылып жатқан сот билігінің қызметінің мәні бойынша соттар өздері қолданатын барлық құқық нормаларын Конституциялық нормаларға сәйкестендіруі тиіс.

Қазақстан Республикасының Конституциясында егер сот заң немесе өзге нормативтік құқықтық актілердің нормалары Конституцияда бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейтіндігін байқаса іс бойынша өндірісті тоқтатып, Конституциялық Кеңеске сол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныс беруі тиіс делінген [1].

Бұл құқық барлық соттарға, атап айтқанда, жергілікті соттарға, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына берілген және олармен нақты іс жүзінде қолданылуда.

Қандай мемлекеттік мүдделерге қатысты және Конституциямен қорғалатын, яғни сот қызметіне қатысты айтуға болады?

Олар мыналар:

  • соттар мемлекет қызметінің негізін құрайтын қағидаларды қорғауы тиіс: қоғамдық келісімділік пен саяси тұрақтылықты, халық мүддесі үшін экономикалық даму, қазақстандық отансүйгіштік, мемлекеттік өмірдің демократиялық әдістері. Қылмыстық, әкімшілік және азаматтық заңнамада осы қағидаларға қол сұққандығы үшін құқықтық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Ол Конституцияның 39 бабына негізделеді. Онда ұлтаралық келісімділікті бұзатын кез-келген әрекет конституциялық емес деп танылуы қажеттігі көрсетіледі.

  • соттар Республикамыздың егемендігін қорғауы тиіс. Егемендік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Соған сәйкес Респуликамыздың егемендігін шектейтін ішкі және сыртқы актілер орын алуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда мұндай актілер сот талқылауының нысанасы болып қалуы мүмкін.

  • мемлекеттік органдарда саяси партияларды құруға жол берілмейді. Бірде бір заңда, егер саяси партиялар мемлекеттік органдарда құрылған жағдайда, оларды тарату және жою мәселесі қарастырылмаған. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар деген ойдамыз - әкімшілік және сот тәртібімен. Бұл мәселенің ерекше маңыздылығын ескере отырып, оны терең реттеу қажет.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде қорғалатындығы және танылатындығы көрсетілген. Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру кезінде атқарушы органдардың билік басында тұрған лауазымды тұлғалар мемлекеттік меншікті жеке меншікке заңсыз тәртіппен өткізген жағдайлар орын алды. Жеке тұлғалар адал ниетті иеленушілер болып танылғаннан кейін меншік объектілері олардың меншігінде қалдырылды. Мемлекеттік қызметшілердің заңсыз әрекеттері сатып алу сату шарттарын жарамсыз деп тануға негіз болмады. Соттар мемлекеттік меншіктің де тен дәрежеде қорғалатындығына мән бермеді, себебі Конституция ережелеріне сәйкес олар тек нормативтік құқықтық құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеген жағдайда ғана Конституциялық кеңеске сұраныс жасайтындығы көрсетілген [1].

  • Конституцияда мемлекетіміз өз территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және басқаларға қолжетімді болмауын қамтамасыз ету қажет екендігі көрсетіледі. Қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті органдардың мемлекетіміздің тұтастығына қол сұғуға бағытталған акциялар, шешімдер және т.б. әрекеттері орын алуы мүмкін. Мұндай акциялар да сот талқылауының нысанасы болып табылуы мүмкін.

  • Конституциямен бекітілген мемлекетіміздің біртұтастығы мен президенттік билік нысаны өзгертуге келмейді. Мемлекеттік құрылымның біртұтастық нысанын өзгерту үшін бірқатар қадамдар жасалған болатын. Мұндай қадамдар нормативтік құқықтық сипатта орын алуы мүмкін.

Осылардың негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясында басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан бұзылуы мүмкін мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажеттілігі қарастырылған [1].

Сот билігінің негізгі және маңызды қызметі – ол әділ сотты жүзеге асыру. Конституция мен заңдарда белгіленген соттардың өкілеттілігі оларды мемлекеттің дербес тәуелсіз билік тармағы ретінде сипаттайды, ол өз кезегінде демократиялық, құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен дамытуда үлкен роль атқаратындығы сөзсіз.

Сот жүйесінің ұтымды қызмет жасауы, әдетте судьялардың құзыреттілігіне, олардың нақты істерді қарау нәтижесі бойынша әділ шешімдер шығару арқылы қаншалықты халықтың, жалпы қоғамның өзіне деген құрметін көрсете білуіне, соттардың өздері Қазақстан Ресупбликасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінде көрсетілген адам құқықтары туралы нормаларды қаншалықты деңгейде жүзеге асыр алатындығын көрсете білуіне байланысты болады [12].

Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес Республикада мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс деп белгіленді. Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұруы демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу мемлекеттің құқықтың жоғарылығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді. Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы олар заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді [1].

Конституция мен заңның талаптарына (олардың нормаларын қолдануға және оларды басшылыққа алуға) бағынуға тиіс. Соттардың мемлекеттік биліктің атқарушы органдары тармағынан айырмашылығы олар ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сот билігінің негізгі мақсаты – қоғамның мүшелерін кез келген бассыздықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың бассыздығынан, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Сот билігі заңда белгіленген шеңберде азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға іс жүзінде өкілдігі бар біртұтас мемлекеттік биліктің түрі. Сот билігі деп мемлекет атынан заңның үстемдігі мен әділеттілікті қалпына келтіру, заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғушы адамдарға мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану мақсатындағы сот құзыретіндегі жауапты биліктік өкілеттіктердің жиынтығын айтамыз, - деп тұжырымдайды заң ғылымдарының докторы, профессор К.Х.Халиков4. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады. Сот билігі туралы конституциялық құқықтық нормаларға сүйене отырып сот билігінің мынадай белгілерін көрсетуге болады: - сот билігі конституциялық тұрғыда бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады; - сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға – Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі болады; - сот билігінің тәуелсіздігі. Сот билігінің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсолюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заң актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерінің күшін тек сот жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді. - сот билігі мемлекеттің атынан жүзеге асырылады: үкімдер мен соттардың өзге де шешімдері Қазақстан Республикасының атынан жария етіледі; - сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолданылады [13. 15 б.].

Әділсот мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, себебі оған ерекше орын беріледі, оны жүзеге асыру кезінде әлеуметтік, экономикалық, саяси және азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарын, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің заңды мүдделерін қорғау бойынша күрделі шешімдер қабылдау міндеті жүктелген. Жекелеген азаматтарды кінәлі деп танып, оған жаза тағайындау кезінде осы әділсотқа ақырғы сөз беріледі. Дәл осындай құқық оларға азаматтық, жер қатынастары, отбасылық даулардан, еңбек дауларынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау кезінде де беріледі.

Демократиялық қоғамдағы сот билігінің әлеуметтік ролі, бірінші кезекте, әртүрлі құқықтық қарама-қайшылықтар орын алған реттерде Конституция мен басқа да заңдардан туындайтын, халықаралық келісімшарттардан, сонымен қатар заңға теңестірілген заңға тәуелді актілер, атап айтқанда жарлықтар, декреттер және т.б. көрініс табатын құқықтардың басымды болуын қамтамасыз етуде байқалады [1].

Әділсот – бұл құқық нормаларын қолдануға қатысты қарама-қайшылықтарды шешу бойынша мемлекеттік қызметтің бір түрі. Қазақстан Республикасында әділсот тек соттармен жүзеге асырылады, ол сот мәжілістерінде қажет болған реттерде мемлекеттің атынан қажетті мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, заңмен белгіленген тәртіпте қарау бойынша заңмен реттелетін сот қызметі. Мұндай мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын түрлі қолсұғушылықтардан қорғау, нұқсан келтірілген немесе даулы құқықтарды қорғау, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау, сонымен қатар, халықты адамгершілік құқықтық тәрбиелеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қолданылады.

Әділсот және сот билігі - бір-біріне жақын, бірақ ұқсас болып келмейтін ұғымдар. Әділсот – сот билігінің негізгі әрі басты қызметі, сипаттап айтар болсақ , оның жүрегі, себебі сот билігі тек әділсотты жүзеге асыру арқылы ғана жүргізіледі, ол көптеген басқа да міндеттер мен әрекеттердің жиынтығын қамтиды.

Сот билігін бақылаушы қадағалау қызметінің құқықтық саласында мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қадағалау бойынша мемлекеттік биліктің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Сот бақылауы – бағыныстылық бақылаудың ерекше түрі болып табылады, ол бақылау объектілерінің ұйымдастырушылық сипатын ғана емес, бақылау субъектісінің ешкімге тәуелді болмайтындығы мен оған ешкім нақты істер бойынша сот шешімін қабылдау кезінде нұсқау бере алмайтындығын көрсетеді [14. 46 б.].

Сот бақылауының мәнін ашуда оның ғылыми негізделген жіктелуі ерекше орын иеленеді. Бақылау дербестендірілген түрде кездеспейтіндіктен және ол нақты қызметтің мазмұнына сәйкес жүзеге асырылатындықтан оның көлемі, нысаны мен әдістері басқару саласы мен ерекшеліктеріне қарай, бақылауды жүзеге асыратын субъектінің орнына қарай жіктеледі. Сот бақылауының жіктелуі ғылыми және тәжірибелік міндеттеріне қарай түрлі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Заңдылық мәселесі соттың қарауына жатқызылған іс бойынша шешім қабылдауға әсер ететін жағдайлар орын алған реттерде туындайды және ол жол-жөнекей қарастырыла береді. Сот атқарушы органның нормативтік актілерінің заңдылығы туралы арнайы шешім қабылдамайды. Оның заң нормаларына сәйкес келмеуін анықтай отырып, сот жеке ұйғарым шығарады немесе істі қайта тергеуге жібереді немесе бұл фактіні қабылдануға жататын шешімнің негізіне қояды.

Жүзеге асыру тәртібі бойынша сот бақылауы нақты және абстрактілік болып екіге бөлінеді. Абстрактілік бақылау түрлі заңды күші бар нормативтік құқықтық актілердің бір-біріне қарама-қайшы келуі немесе келмеуі туралы дау туындаған реттерде қолданылады. Нақты сот бақылауы нақты істерді қарау кезінде қолданылады.

Ғылыми әдістемелілік пен тәжірибелік қажеттілік тұрғысынан сот бақылауының төмендегідей түрлері белгіленеді: атқарушы билік саласындағы соттық-конституциялық бақылау; қылмыстық сот өндірісіндегі бақылау; қылмыстық жазаның орындалуын қадағалау бойынша сот бақылауы; ішкібағыныстылық сот бақылауы, бұл бақылау түрі жоғары сатыдағы соттардың төменгі сатыдағы соттарға бақылау жүргізуінде тұрады.

Атқарушы билік саласындағы сот бақылауы азаматтардың құқықтарын сақтау, соттардың құқыққорғаушылық әлеуетін арттырудың құқықтық нысандары мен әдіс-тәсілдерінің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік қадағалаудың бір түрі ретінде жетілдіру қажеттілігінен туындайды. Атқарушы билікке сот бақылауындағы негізгі қызмет әділсотты жүзеге асырудан туындағанымен, сот жүйесінен тыс бағытталған, себебі сот шешімі басқарушылық актілер мен әрекеттерге баға беруі мүмкін.

Заң әдебиеттерінде сот бақылауының мамандандырылған, ұйымдастырушылық және процессуалдық нысаны «әкімшілік әділет» атауын иеленген: «атқарушы билік органдарының, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне бақылау жүргізу әкімшілік әділеттілік деп аталады, жекелеген жағдайларда әкімшілік істер бойынша әділсоттылық» [15. 63 б.].

Әкімшілік юстицияға азаматтар мен заңды тұлғалардың билік субъектілерінің әрекеттеріне берген арыздарын қарау жүктелген. Сот бақылауының бұл түрін жүзеге асыратын орган мемлекеттік әкімшілік органдарына тәуелсіз және жалпы соттардан тәуелсіз болып келетін арнайы орган жүзеге асыруы тиіс деген зерттеушілік тұжырымдар осы реттерде өзінің тәжірибелік мәнін көрсетеді.

Ішкі бағыныстылық сот бақылауы жалпы сот жүйесін құрайтын жоғары сатыдағы сот органдарының төменгі сатыдағы сот органдарына бақылау жүргізуінен тұрады: қаралған іс бойынша қабылданған сот шешімінің заңдылығын қадағалау аппеляциялық және қадағалау сатысында жоғарғы сатыдағы соттардың өкілеттілігі шегінде жүргізіледі, сонымен қатар, сот бақылауының бұл түрі жаңадан пайда болған мән-жайлар бойынша қаралатын істерге де қолданылады.

Сот және сот төрелігі туралы конституциялық заңнамада көрсетілген Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының сот бақылауының қызметі іске қатысушы тұлғалардың арыздары мен прокурорлық наразылықтар бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге, Жоғарғы Сот төменгі сатыдағы соттардың жалпы қызметіне де бақылау жүргізеді, сот тәжірибесіне қатысты түсіндірмелер береді.

Сот бақылауын жіктеу жүйесінде нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына бақылау жүргізу ерекше орын алады.

Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына қатысты жалпы талаптарға байланысты сот билігін мынадай түрлерге бөліп жіктеуге болады. Олар, құқықтық актіні шығарушы субъектілерге қойылатын талаптардың орындалуын бақылау; актінің нысанына байланысты қойылған талаптардың орындалуына бақылау; актінің мазмұнына қайлатын талаптардың орындалуын бақылау; актіні қабылдау сатысына қойылатын талаптардың орындалуын бақылау. Нысанына байланысты сот бақылауының екі түрін көрсетуге болады: тікелей және жанама. Тікелей бақылау бағыныстылығы бойынша жоғары заңды күші бар нормативтік актілерге сәйкестігіне бақылау болып табылады. Жанамалық бақылау нақты істерді қарау кезінде орын алады.

Жалпы ережелер бойынша сот бақылауының мәні бақылау мақсаттарына нәтижелердің сәйкестігін тексеруде тұрады: сот органдары мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметінің заңдар мен қызметтік міндеттеріне сәйкестігін тексеруде тұрады; алға қойған мақсаттары мен оларға жету тәсілдерінен ауытқуларды бекіту; олардың алдын алу мен кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады. Сот бақылауының мазмұнына мемлекеттік бақылаудың барлық түрлеріне тән элементтер жатқызылады – бақылау объектілерінің қызмет етуіне бақылау жасау, тапсырмалар мен ережелерді орындау бойынша объективтік ақпараттарды алу, олардың жағдайын бақылау, жинақталған мәліметтерге талдау жүргізу, жобалауды жасау, оның себептері мен беталыстарын белгілеу; заңдылық пен тәртіптіліктің алдын алу бойынша шаралар қолдану; зиянды салдардың алдын алу, нұқсан келтіру жағдайларының алдын алу, жаңа құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу, заңға сәйкес келмейтін әрекеттердің орын алуы салдарынан келтірілген шығындардың орны толтырылуын бақылау; нақты құқық бұзушылықтарды есепке алу, олардың себептері мен жағдайларын анықтау; кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту жағдайларын қарастыру.

Сот билігі тармағының қызметтерінің бірі ретінде сот бақылауы билікті бөлу механизмінің көптеген құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде билікті бөлу механизмі нормативтік құқықтық ықпал етуге ұшырайтын өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде қарасырылатындығы көрсетіледі. Оны құрудағы нормативтік құқықтық негізі мен оны одан кейін жетілдіруде көрсетілген механизмнің құрамдас бөлігінің құқықтық жағдайын белгілейтін құқық нормалары. Билікті бөлу механизмінің құрамдас тармақтарының өзара байланысы құқықтық қатынастарда, ерекше субъектілі-объектілік ортада көрініс табады, ал оның жүзеге асырылуы ерікті актілерде көрініс табады [16. 57 б.].

Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктердің әрекеттері мен шешімдерінің заңдылығына сот бақылауын жүргізу ерекше басымдылық орынға ие, себебі сот басқа бақылау – қадағалаушы органдарға қарағанда тәуелсіз және тек заңға ғана бағынады, тарбағыныстылықтағы мүдделермен байланысты емес, ал судьялар өздерінің кәсіби мәртебесіне сәйкес заңнама негізінде бірқатар мәселелерді шешеді.

Сот бақылауының бірнеше түрлерде болуы сот билігінің мемлекеттік биліктің дербес тармағы екендігін дәлелдейді. Биліктің бұл түрі тәуелсіз сотпен жүзеге асырылады, бұл билікті жүзеге асыру кезінде судья мемлекеттің басқа да институттарымен байланыста болады.

Сот билігінің тағы бір қызметін атқаратын, ол құқықтық маңыздылығы бар фактілерді ресми мойындату, таныту болып табылады. Айталық, тек сот қана азаматты өлді деп жариялай алады, тек сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тани алады, туыстық немесе некелік қатынастарды белгілей алады.

Құқықтық маныздылығы бар фактілерді белгілеу бойынша істер Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодекісіне сай ерекше сот өндірісінде қаралуға жатады. Ерекше өндіріс бұл соттың қарауына жатқызылған істерді қараудың өзіндік тәртібі болып табылады, ол құқық туралы даудың болмауымен ерекшеленеді. Оны жүргізу тәртібінде өз ерекшеліктері болады және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы ерекше әдіс- тәсілдер қоданылады.

Ерекше сот өндірісінің мақсаты азаматтардың арасындағы дауларды шешу емес, оның мақсаты біржақты түрде даусыз құқықтық маңыздылығы бар мәселелелердің орын алғандығын және арызданушының талассыз құқықтары мен заңды мүдделерін бекіту.

Сот билігінің тағы бір маңызды және өзекті атқаратын қызметі ретінде, құқықтық нормаларды түсіндіруді жатқызуға болады. Бұл сот қызметінің көрініс нысаны ретінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Конституция нормаларын түсіндіру болып табылады. Конституцияны түсіндіру тек сот қызметінде ғана қолданылмайды, оның «сыртқы» сипаты болады, яғни ол басқа да соттар үшін міндетті болып келеді, жария түсіндірудің бір түрі болып келеді. Құқықты түсіндірудің нысаны ретінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты беретін түсіндірмелерді де жатқызамыз. Олар оның Пленумы шығарған қаулылар нысанында кездеседі. Олар тек сот органдары үшін ғана емес, сонымен қатар сот қызметінде қандай да болсын қатысы бар басқа да органдар үшін де міндетті (азаматтар, прокурорлар, адвокаттар және т.б.).

Терең құқықтық бастауларды, соттық қызметтегі құқық рухын бекіту – қазіргі заманғы отандық сот төрелігінің қағидалы қалпы болып табылды және соттық тәжірибе бұл жерде өзіндік құбылыс болып көрініс береді. Құқықтық әдебиеттерде соттық тәжірибе - тәжірибедегі құқықтық қызметті келістіретін жалпы заңдылықтарда көрініс беретін өзіндік аймақ деп дұрыс атап көрсетілген.

Соттарға заңды түсіндіру құқығының тағы бір мысалы соттың заң ұқсастығымен және құқықтық қағидаларды іс жүзінде қолдануға нақты шешім қабылдауы. «Заң ұқсастығы» - заң шығаруда нақты құқықтық жағдайды реттейтін қажетті заңдық нормалар болмаған жағдайда, соттың осыған ұқсас жағдайда қолданылған заңдық нормаларды қолдануы, іс жүзінде заңдағы ашық жерлерді соттың толтыруы, қалпына келтіруі болып табылады, сонымен бірге тікелей заңмен немесе соған ұқсас қатынастарды реттейтін заңға тәуелді актімен, құқықтық нормалармен қарастырылмаған, құқықтық реттеуді талап ететін, нақты қоғамдық қатынастарға қолдану. Егер ұқсас жағдайларды реттейтін қажетті нормалар табылмайтын болса, сот істі жалпықұқықтық қағидалар негізінде, яғни «Заң ұқсастығына» жүгіну арқылы шеше алады.

Осыған сәйкес, мұндай түсіндірме заң шығарудағы ашық жерлерді, ақтаңдардың орнын заңдық қағидаларды негізге ала отырып толтыру болып табылады, бұл өз кезегінде соттың арнайы заң шығару қызметінің бар екендігін куәландыратын, соттық шешімді қатынастарды жеке нормативтік реттеу актісі деп қарайды.

Осы орайда сот нақты істі шешуде өзінің реттегіштік қызметін қаншалықты деңгейде қолданады, басқаша айтқанда, соттық шешім қай деңгейде заң шығарушылық қызмет атқарады деген сұраққа жауап табу қажет. Бұл мәселе өз өзектілігін арттырып келе жатыр, себебі екі үлкен құқықтық жүйенің – континенттік және англо-саксондық жүйелердің бір-бірімен жақындасу тенденциясы анық көріне бастады. Біз бұрынғыдай сот прецедентінің доктринасы мен сот заң шығару қызметінің субъектісі деген пікірден үзілді-кесілді бас тартпаймыз. Бірақ мәселе тек мұнда емес. Тек қоғамдық қатынасты соттық реттеу шекараларын ғана емес, соған қатысты мәселелерді мағыналы талдау, сараптау жасау қажеттілігін әлеуметтік және құқықтық шындық туғызып отыр. Кез-келген нормативтік-құқықтық акт ол қанша жерден заң шығару техникасының талаптарына сай, кемел болғанның өзінде жалпы жұртқа жариялағаннан бастап, кей тұстарда адами тұрғыдан ескіретінін атап өту керек. Бұл құбылыс объективті. Қоғамдық қатынастар олардың мазмұнын объективтілейтін құқықтық қатынастарға қарағанда серпіндірек, тезірек дамиды. Жергілікті соттық заң шығару қызметі сұрағын туғызатын сол заңдардың кемшіліктерінің өзі екендігін мойындауымыз қажет. Жоғарыда аталған мәселелер объективті шындық ретінде болған және бола береді, сондықтан осы мәселелерді заңдық қолданыс арқылы шешетін жолдар іздестірілуі керек [17. 39 б.].

Жоғарғы сотқа аталған қызметті беруді жақтайтын басқа да негіздер бар: соттық тәжірибені жалпылау мәселесі бойынша Жоғарғы соттың беретін түсінігінің мақсаты сот ісін жүргізуде соттардың пайдаланатын соттық нормаларының мағынасын анықтау болып табылады; заңды пайдаланушыға міндетті ететін жағдай туғызу үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында аталған түсініктерге арнайы ереже тағайындалған; Жоғарғы соттың түсіндірмелері тек заңда және заңішілік актілерде қаралған құқықтық нормаларға ғана қатысты; Жоғарғы соттың бұл құқығы заң шығарушыны немесе басқа да заң шығару органдарын ауыстыру деген сөз емес. Жоғарғы соттың құрамында ең білікті, терең теориялық білімі мен бай тәжірибесі бар заңгерлер қызмет етеді; заң шығарушылар тарапынан заңды түсіндіретін ресми субъект тағайындалмаған. Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында берілген түсініктерінде берілген міндетті ережелер заңдарды соттардың біркелкі және бірдей қолдануына мүмкіндік береді.

Арнайы субъектпен жүзеге асырылатын анықтама берілетін түсініктердің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның екінші бір ажырамас бөлігі анықталу болып келеді, яғни құқықтық норманы өзі үшін анықтау, саралау. Бұл анықтаманың міндетті бөлігі болып табылады. Осыған орай, Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы түсіндіру актісі болып табылады деген пікірге қарсы тұрарлық дәлел жоқ.

Қазақстанда жаңа соттық-құқықтық жүйенің қалыптасу барысында заңдарға ресми түсінік беру мәселесі аса бір талқылануды талап ететін тақырып болып қала береді. Құқықтық әдебиеттерде заңдарға ресми түсінік беретін субъектілер туралы әртүрлі пікірлер айтылады, оның ішінде заңдарға ресми түсінік берудегі Парламент, Бас прокуратура және Жоғарғы сот секілді мемлекеттік органдардың ролі туралы пікір барлық жерде бірдей емес.

Сонымен қатар, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларына қолданыстағы заңның құрамдас бөлігі деген статус беру арқылы билікті бөлу жүйесінде соттардың ролін жоғарылатып жіберуі мүмкін деген қауіп бар. Әрине, Жоғарғы сотқа заңды түсіндірушілік құқығын беру кейбір зерттеушілердің пікірінше ұстанымдар мен қарсылықтар жүйесінде дисбалансқа алып келуі мүмкін.

Нормативтік-құқықтық актіні оны қабылдаған орган орнататын жағдайларда түсіндірудің қате болу қорқынышы одан да жоғары.

Мәселенің осылай шешілуіне қарсы біздің пікіріміз, заң шығарушы актілердің ресми нормативтік түсіндірілуі, түсіндіріліп жатқан заңды өздері шығармайтын, алайда осындай әрекетжасауға заңды жергілікті түсіндіруге заңмен рұқсат алған мемлекеттік органмен іске асуы қажет деп есептейміз.

Жоғарыдағы айтылғандарды есепке ала отырып, заңды түсіндіру құқығына ең бірінші Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ие болуы қажет. Конституция Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы қабылдауына рұқсат етеді, осылайша аталған мемлекеттік орган қолданыстағы конституциялық қатарлардың аясында қолданыстағы заңды ресми түсіндіру бойынша нормативтік қаулы шығаруына болар еді. Оның үстіне, соттар заңды түсіндіру, оның қателіктерімен алғашқы болып кездесетін орган.

Аталған ережені дәлелдеу үшін, қайсыбір нормалардың мағынасын түсіндіру объективті түрде соттық түсіндіруді қажет ететін жағдайларды мысалға алу жетіп жатыр.

Сондықтан осындай жағдайда Парламентке жоғарыда көрсетілген және соған ұқсас нормаларға түсінік бер деп өтініш жіберу ақылға қонымсыз және мақсатсыз болар еді. Аталған өтініштің ұзақ уақыт бойы Мәжіліс пен Сенаттың комитеттері мен комиссиялары арқылы өтетінін айтпағанда, өкілетті орган депутаттары соттық тәжірибенің тенденцияларымен толық таныс екендігі және жұмыс жасап жатқан соттарға заңдық нормалар бойынша әсерлі және тәжірибеге пайдалы түсінік беретіні күмән келтіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында Жоғарғы Сотқа заңды ресми түсіндіру құқығының берілгендігі туралы анық айтылмаса да, біздің көзқарасымызды қолдайды.

Осылайша, соттар бірқатар себептер кесірінен ала алмаса да нормативтік реттеуді қажет ететін құқықтық қатынас режимін анықтауда шешуші рольге ие.

Осы көзқарас негізінде азаматтық сот ісін жүргізуге соттық прецеденттерді енгізу туралы ұсыныс мақсатты болар еді, бұл өз кезегінде қолданыстағы заң жүйесін бұдан да тұрақты және кемел ету жолында сәтті қадам болатыны анық.

Тағы бір маңызды сәт. Заңдардың қазіргі ниверлирленуінің (фран. Тілі «niverlir» - асыра сілтеулер деген мағынаны білдіреді) қарқыны қорқыныш тудырады және техникалық түрде алып қарағанда оларды орындау мүмкін емес. Тіпті тәжірибелі заңгерлерге де мәелені шешуде өзекті заң шығару ережесін орнату қиындық туғызады. Қазіргі таңға дейінгі заңға оңайлықпен енгізілетін өзгертулер ұзақ уақытқа созылған құқықтық нигилизмнің белгісі болып табылады және толығымен алғанда құқықтық жүйенің қызметі мен сенімділігіне нұқсан келтіреді.

Бұл мәселенің шешілуіне Жоғарғы Сотқа заңды ресми түсіндіру құқығын беру әсерін тигізер еді, бұл өз кезегінде соттық түсіндіру мен заңды ресми түсіндіруді біріктірер еді, сол уақытта құқықтық нормалардағы әртүрлі түсіндірулер мен коллизиялардың жедел түрде алдын алуға және заңға тәуелді актілердің саны мен ролін азайтуға қол жетпес мүмкіндік туғызған болар еді. Соттарға заңды ресми түсіндіру құқығын беру мәселесінің дұрыстығы және мақсаттылығына соттық жүйесі жақсы дамыған басқа елдердің тәжірибесі де кепіл бола алады.

Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын құқықтық бастау ретінде конституциямен бекіту соттық заң шығармашылығы қызметі заңмен қатал келісімде орындалып, заңды негізге алып, Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметін толықтырып, байытса да бұл әлі де болса соттық прецедентті құқықтық бастау деп мойындау емес.

Қорытындылай келе, айтылғандарды есепке ала отырып, заңды түсіндіру құқығына ең бірінші Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ие болуы қажет. Конституция Жоғарғы Соттың нормативтік қаулы қабылдауына рұқсат етеді, осылайша аталған мемлекеттік орган қолданыстағы конституциялық қатарлардың аясында қолданыстағы заңды ресми түсіндіру бойынша нормативтік қаулы шығаруына болар еді. Оның үстіне, соттар заңды түсіндірумен, оның қателіктерімен алғашқы болып кездесетін орган.

Сол себепті, бұл тарауда заң ғылымына және соттардың норма шығарушы қызметіне қатысты құқықтық тәжірибесінде әйгілі мәселелер көтеріліп отыр, сондықтан зерттеудің үлкен тәжірибелік мәні бар екендігін атап өткеніміз жөн.