- •. Қазақстан республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық маңызы және мәні
- •Сот билігінің теориялық құқықтық ұғымы және оны сипаттайтын белгілер
- •Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық құқықтық атқаратын қызметі
- •2. Құқықтық реформа және қазақстан республикасындағы сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы құқықтық сот реформасының дамуы және мәселелері
- •Медиация институты және Қазақстан Республиканың қазіргі таңдағы сот жүйесі: теория мәселелері мен еңгізу тәжірибесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздерінің мәні, рөлі мен орны және қазіргі таңдағы жағдайын кешенді зерттеу көзделеді. Әсіресе, Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық реформаларды жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық кезеңдері мен сот билігін жетілдіру мәселелеріне аса көңіл бөлінген.
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Републикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланғаннан бастап, біздің елімізде жария құқықтық мемлекеттілікті қалыптастыру қажеттіліктеріне сай, сот билігінің тәуелсіздігіне қажетті ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық және басқа да жағдайларды жасауға негізгі қадамдар жасалды.
Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздегі сот билігін дамыту мәселелеріне аса маңыз беріп отырғанын атап кету керек. Егер құқық қорғалмайтын болса, онда бостандық та, жариялылық та болмайды. Қазақстанда бұл салада аз нәрсе істелген жоқ. Оның ішінде сот органдарын одан әрі жетілдіру, соттардың әлеуметтік және құқықтық мәртебесін нығайту шаралары қабылданды. Қазіргі сот жүйесі - мемлекет негіздерінің құрамдас бөліктерінің, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғырту жолындағы демократиялық дамыту тетіктерінің бірі. Оның жағдайына азаматтардың қазіргі қазақстандық құқықтық саясатқа деген қарым-қатынасы, қоғам тарапынан билікке деген сенімділік деңгейі байланысты болады».
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп жарияланғаны көпшілікке мәлім. Осы мақсатқа жету жолында республика көлемінде құқық және экономикалық реформалар жүргізілуде. Нарықтық жүйеге сәйкестендіру үшін құқық жүйесін де қайта құруға мәжбүр болдық. Талаптарға сәйкес құқық базасы мен механизмі құрылды. Азаматтық қоғам құруда соттың ролі өте зор [1].
Қазіргі Қазақстан өркениетті әлемнің бөлінбейтін бір бөлігі ретінде қалыптасқан кезеңде халықаралық қауымдастықтың беделі мен сыйластығын жаулап алды, сот жүйесінің даму динамикасы келесі кезеңге өтті. Ал алда тұрған кезең тек сапалы тереңдетумен, сондай-ақ соңғы жылдардағы сот реформасының жетістіктерін бекітумен және оны ары қарай жалғастырумен сипатталатын болады.
Оның дәлелі 2010-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясын қабылдау болып табылады, оның құрамы тиімділік пен деңгейлік негізде сот құқықтық жүйенің дамуын қарастыратын бөлімі болып табылады.
Осыған орай сот билігі мемлекетке негізгі демократиялық құндылықтардан, адам мен азаматтың мүдделерінен ауытқуға мүмкіндік бермейтін, қоғамды басқарудың тәсілдерін іздеу жолында қалған барлық биліктерді бағыттайды [2].
Азаматтар жылдар бойы шындықты іздеп, әртүрлі сот инстанцияларына барып, табалдырығын тоздырып жүр. Сот жүйесінің құрылымы біршама өзгерістерге ұшырады. Қадағалау өндірісі, кеңестік дәуірдің сарқыншағы - ойластырылған мотивтер бойынша, бірнеше рет заңды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерді жою және қайта қарауға мүмкіндік береді.
Қадағалау инстанциаларын азайтып, істердің бір бөлігі, сыбайлас жемқорлыққа негіз жасай отырып, жоғары соттарда жатып қалмай, жергілікті орындарда шешілуіне қол жеткізу керек. Бұл мәселелердің барлығы еліміздің сот жүйесін реформалау контекстінде жедел шешуді талап етеді.
Сондықтан, Республикамызда жүріп жатқан сот-құқықтық реформа еліміздегі экономикалық және саяси жүйені жүзеге асыра отырып, оған сай келетін өзгерістердің құқықтық инфрақұрлымдарын құру және саналы заңдардың қабылдануын жоғары деңгейге көтеру, құқық қорғау органдарының кінәратсыз әрі үйлесімді жұмыс істеуі болып табылады. Сот билігінің жаңа өкілеттерінен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңының нақты көзі болатын сот құқықты қолдану практикасынан туындайтын құқықтық салдарлар да жан-жақты теориялық талдауды қажет етеді. Сот әділдігіне қатысты бүкіл заңнамалар жүйесін жетілдірумен байланысқан мәселелерді зерттеу мен теориялық тұжырымдар жасау өзекті болып көрінеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты сот билігі қызметінің теориялық және әдістемелік негіздерін және Қазақстан Республикасы сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздерінің қазіргі ережелерін, қазақстандық қоғамды демократияландыру жағдайында сот билігін әрі қарай жетілдіру мәселелерін қарау болып табылады. Қойылған мақсаттарға сәйкес, дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуді көздейді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік механизміндегі сот билігінің ролі мен мәнін анықтау; Қазақстан Республикасы сот билігінің конституциялық-құқықтық функцияларының мазмұнын ашу; Қазақстан Республикасы сот жүйесінің және сот билігінің қалыптасу және дамуының тарихи-құқықтық кезеңдерін анықтау; Қазақстан Республикасының сот-құқықтық реформасын дамыту мәселелері мен перспективаларын анықтау.
Зерттеудің объектісі және нысанасы. Дипломдық жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасындағы сот билігі институтын жетілдіру, Республикадағы сот жүйесі мен сот билігінің тарихи-құқықтық кезеңдері мен дамуын анықтау болып табылады. Зерттеудің нысанасын Қазақстан Республикасындағы сот-құқықтық реформасын дамыту мәселелері мен перспективалары және Қазақстанның қазіргі жүйесі мен медиация институты, қазақстандық қоғамды демократияландыру жағдайында теория және практика мәселелері құрайды.
Жұмыстың ғылыми негіздері. Жұмыста ғалымдық танымның жалпы және тарихи амалдар сияқты арнайы ғылыми еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары және тағы басқалары қолданылды.
Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуы туралы ғалымдар тарапынан едәуір еңбектер жазылып жүр. Бұл салада мемлекеттік тілдегі ғылыми-теориялық зерттеулер айтарлықтай көп емес деп айтсақ та болады. Мысалы, М.Нәрікбаевтың «Ұлы билерімізден Жоғары сотқа дейін» атты монографиясы, К.Халиковтың «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» туралы оқу құралы, Ғ.С.Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын көруге болатынын айта аламыз.
Ал, орыс тілінде тарихи тұрғыдан ғылыми-теориялық түрде зерттелген С.З.Зимановтың және М.А.Биндердің басқаруымен жарық көрген «История государства и права Советского Казахстан», Қ.Мәми «Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан» оқулығы пайдаланған.
Қазіргі уақытта тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан ғалымдарының ішінен: А.С.Сман, А.С.Ибраева, Ғ.Сапарғалиев, Қ.Мәми, М.С.Нәрікбаев, М.Т.Баймаханов, С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, С.Н.Сәбікенов, К.Халиков, Г.Ж.Сүлейменова, И.И.Рогов және тағы басқалардың аталған тақырыпқа байланысты монографиялары мен ғылыми мақалаларын ақпарат беттерінен көре аламыз.
Ресей ғалым-заңгерлердің ішінде сот-құқықтық реформасын зерттеуде А.Д.Бойков, Ю.В.Герасименко, К.Ф.Гуценко және т.б. атай аламыз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дереккөздер тізімінен тұрады.
. Қазақстан республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық маңызы және мәні
Сот билігінің теориялық құқықтық ұғымы және оны сипаттайтын белгілер
Сот билігі дегеніміз мемлекеттік аппараттағы ерекше орын иеленетін органдардың өздеріне тиесілі мүмкіндіктер мен азаматтардың әрекеттеріне ықпал ету қабілеттерін жүзеге асыруы және әлеуметтік үдерістер, атап айтқанда, сот өз құзыреттілігімен қамтитын қоғамдық қатынастар аясы.
Сот билігі институтын жетілдіру мәселелерін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік механизмнің құрылымдық бөлігі ретінде теориялық-әдістемелік тұрғыдан зерттеудің өзектілігі ең алдымен, Қазақстан Республикасы Конституциясындағы Қазақстаның басты байлығы адам, оның өмірі мен бостандығы болып табылатын демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет деп бекітуімен байланысты. Қ.А.Мәми бұл конституциялық негіздің маңыздылығын бағалау, құқықтық мемлекеттің дамуының өзі объективті тұрғыда мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысының кепілдігі ретінде мықты және тәуелсіз сот билігінің болуын талап ететіндігін айта отырып, қиынға соғатындығын көрсетеді [3, 3б.].
Сот билігі - бірыңғай мемлекеттік билікті бөлу доктринасына негізделетін Қазақстан Республикасының демократиялық құқықтық мемлекет қалыптастыруға деген құштарлығын көрсететін саяси және құқықтық феномен болып табылады. Өз мәнісі бойынша құқықтық мемлекетті құру елдегі әлеуметтік, экономикалық және өзге үдерістерге мемлекеттік ықпал етудің жаңа технологиясын құруды білдіреді. Бұл жерде негізгі орын Қазақстан Республикасының сот билігіне беріледі. Тиімді және тәуелсіз сот билігі тұрған жерде азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қорғалады. Қазіргі танда соттар қолжетімді болды, адамдардың сот билік органдарына деген сенімі арта түсті [4].
Ол уақыттан бері бірталай уақыт өтті. 2017 жылға дейін қаншалықты нормативтік актілер заңды күшіне енгізілсе, соншалықты заң актілері заңды күшін жойды. Сонымен бірге, сот билігінің ұйымдастырушылық тұстарын жетілдіруге қатысты жағымды өзгерістерге әкеп соққан қолданылған шараларға қарамастан, сот реформасының жүргізілуі орын алды және сот билігін қалыптастыруға байланысты барлық мәселелер шешілді деп айтуға әлі де ерте.
Бұған дәлел – Қазақстан Республикасының 2010 -2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының қабылдануы, сабақтастық пен кезеңділік негізінде соттық құқықтық жүйенің дамуын қарастыратын ережелер оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Конституция мен құқықтық заңдардағы талаптарға сәйкес сот билігінің негізгі міндеті – қоғам мүшелерін кез-келген бассыздықтардан және мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының теріс әрекеттерінен қорғау. Тәуелсіз сот билігін жүзеге асырмайынша жаңа мемлекет құқықтық деп танылмайды [1]. Осыған байланысты бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының өзара арақатынасы бастамалық негізде емес, құқықтық негізде жүзеге асырылуы тиіс. К.А.Мәми көрсеткендей, құқықтық мемлекетті дамыту логикасы жаңа мемлекеттіліктің негізі ретінде мықты және тәуелсіз биліктің болуын көрсетеді. Бұл билік мемлекет пен азаматтық қоғамды өзара байланыстырудың кепілі болып табылады, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың негізгі құралы.
Өз өкілеттілігін жүзеге асыруда мемлекеттік билік тармақтарының бірі конституциялық және өзге нормативтік құқықтық нормалардың шегінен асып кетпес үшін, басқа тармақтардың өкілеттілігін пайдаланбас үшін, билікті заңсыз тартып алмас үшін отандық Конституцияда қарсы тұру және ұстамдылық қағидасы белгіленген. Бұл жүйе мемлекеттік билік тармақтарының өз өкілеттілігі шегінде қызмет жасауын, оларды асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ететін құқықтық және ұйымдастырушылық шаралардың Конституцияда бекітілуін білдіреді. Ұстамдылық – бұл заң шеңберіндегі билік тармағы қызметін шектеудің конституциялық тәсілі. Қарсы тұру – бұл Конституциялық нормалардың бұзылуына жол бермеу және конституциялық өкілеттіліктерінде тұруды мойындату үшін мемлекеттік биліктің бір тармағының екінші тармағына қарсы тұруы [3. 6 б.].
«Сот билігі» ұғымы қазақстандық құқықтық ғылымда 1990 жылдың басында пайда болғандығы баршамызға мәлім. Кеңестік тоталитарлық саяси режим жағдайында сот билігі ұғымы өз дәрежесінде қолданылмады, себебі кеңестік конституциялар мен белгіленген соттардың жиынтығы Қазақстандағы сот билігін ашып көрсетпеді. «Сот билігі» ұғымының орнына «Сот жүйесі» ұғымы қолданылды, ал соттар құқық қорғау органдарының бірі ретінде ғана қарастырылды.Соған сәйкес сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде кеңестік ғалымдар – құқықтанушылардың зерттеу объектілері ретінде қарастырылмады [4].
Бұл жағдайға қоса кеңестік мемлекеттік саясат ортасында теориялық конституция болды, бұл жүйе бойынша КСРО-да (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) бірыңғай бөлінбеген мемлекеттік билік орнатылған. Сол себепті М.М.Алиев көрсеткендей, бұл жылдары мемлекеттік биліктің жеке тармағы ретінде сот билігі туралы мәселе көтерілмеген. Сот билігі мәселесін қарастыратын ғылыми зерттеулерде сот органдары құқық қорғау органдары жүйесінің бір бөлігі ретінде ғана қарастырылған. Құқықтық мемлекетті құруға бағытталған қоғамның биліктерді бөлу қағидасы сот билігінің мәнін зерттеуге негіз болды. Соның ішінде сот билігі ұғымын анықтау, оның мемлекеттік механизмдегі орнын белгілеу теориялық зерттеуді қажет ететін маңызды мәселелердін бірі болып таныла бастады [5. 69 б.].
Сот билігі, мемлекеттік биліктің бір тұтастығының және бөлінбейтіндігінің көрінісі болып, біркелкі және әлеуметтік санат ретінде көрініс табады, бұл сот билігі мазмұнының маңызды элементтерін бөліп шығаруға мүмкіндік береді: біріншіден, ол билік бөлінуі қағидасының өнімі болып табылады; екіншіден, өзінің функционалды белгілері бойынша мемлекеттік билік болып табылады; үшіншіден, өзінің мән-мағыналық бағытталуы бойынша әділет жүйесі ретінде ұйымдастырылып рәсімделген, мемлекеттік қызметтің бәсекелестік нысанын құрайды. Конституция сот билігінің анықтамасын бермейтіндіктен, бұл түсінікті нақты мазмұнмен толтыру – ғылымның мақсаты. Алайда, түсініктің қағидалық жаңалығы, кеңестік кезеңнің құқық ғылымында болмауы, оның мазмұнының нақты анықтамасын беруде қиындық тудырады және әркелкі талдануын туғызады.
Іс жүргізу құқығы және сот өндірісі саласындағы мамандар сот билігін, соттармен қабылданатын шешімдердің заңдылық және әділеттік кепілдігін беретін, іс жүргізушілік нормаларды сақтап, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және төрелік сот өндірісі арқылы құқықты қолдану және іске асыру кезінде пайда болатын және олардың құзыретіне жататын мәселелерді шешу бойынша мемлекеттің арнайы органдары – соттарға берілген өкілеттіктер деп санайды.
Конституциялық құқық саласындағы көптеген мамандар сот билігінің қандай да бір анықтамасын бермейді, олар тек сот билігінің жалпы сипаттамасын, оның мәнін, белгілерін, функцияларын, тармақтардың бөліну жүйесіндегі орнын көрсетумен шектеледі.
М.В.Баглай соттардың рөлін, өзінің ерекше тәсілдерімен және арнайы аппаратымен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заңдылықты және әділеттікті орнатуға бағытталған мемлекеттік биліктің тәуелсіз буыны ретінде ерекше көрсетеді. Оның анықтамасы сот билігінің әлеуметтік бағыттылығын ашады[6. 48 б.].
Басқа да ТМД елдеріндегідей Қазақстандағы сот билігі туралы әңгіме қозғау 1990 жылдардың басында кеңес үкіметінен кейін орын алған түбегейлі демократиялық өзгерістерден кейін ғана, атап айтқанда, Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі», 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және қолданыстағы 1995 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануынан кейін айтыла бастады. Сол себепті де «Сот билігі» терминінің болмауына байланысты атақты кеңестік ғалымдар К.Х.Халиков, А.Т.Бажанова, М.С.Сапаргалиев, В.М.Совицкий, М.С.Строгович, А.Я.Сухарев, М.Л.Петрухин, Н.В.Крыленко, Н.А.Чечина, С.З.Зиманов, С.С.Сартаев, М.П.Шаламов, Д.Б.Бектібаев және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектерінің басым бөлігі, көп жағдайда, оқу және оқу-әдістемелік сипатта болды, марксистік-лениндік идеологияның көрсетілуімен шектелді [7].
Тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы тәуелсіз сот билігі тарапынан мемлекеттік институттарға бақылау жүргізуге жол беретін мемлекеттің өз-өзіне шектеу жасаудың нәтижесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік механизміндегі сот билігінің орны мен ролі екі топтағы факторлар арқылы анықталады: бірінші топ сот билігіне заң шығарушы және атқарушы тармақтардың актілеріне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді; екінші топ сот билігін осы билік тармақтарының әрекеттері мен шешімдеріне тәуелді етіп қояды.
Демократиялық мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, осы факторлардың қолданылуы нақты әрі дұрыс ұйымдастырылса, билік тармақтарының қарсы тұру және ұстанымды болу жүйесі жақсы қолданылады. Болмаған жағдайда сот билігі атқарушылық биліктің бір бөлігі ретінде қалыптасады немесе басқа билік тармақтарының құзырына өзі араласуы тиіс.
Бірыңғай мемлекеттік биліктің конституциялық тармағы ретінде сот билігінің дербестігінің айтарлықтай әлеуметтік құндылығы бар, себебі ол сот билігіне ерекше конституциялық құқықтық режимде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді, бұл мүмкіндік адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Оларды қорғау қажеттілігі сот билігінің дербес болуын конституциялық деңгейде бекітуді қажет етеді.
Сот билігі – бұл соттардың мемлекеттік биліктік қызмет түрлерінің бірі, ол түрлі құқықтық қарама-қайшылықтарды шешумен байланысты болып келеді. Біздің пікірімізше, қазіргі танда құқықтық әдебиеттерде айтылып жүрген «нақты құқықтық істерді шешу – сот билігінің түпкі мақсаты емес» деген тұжырымдар әділетті болып табылады, себебі сот билігінің негізгі маңызды мақсаты құқықтың арқауын құрайтын құқықтық қағидаларды анықтап, оларды жүйелеу. Сот билігі – Қазақстан Республикасындағы бірыңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз және дербес тармағы, ол Конституция және басқа да заңдар негізінде мемлекет пен азаматтар, азаматтар мен заңды тұлғалар арасындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу үшін, сонымен қатар, атқарушы билік органдары және лауазымды тұлғалармен қарым-қатынас орнату салдарынан пайда болған қатынастарда азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, қылмыстарды тергеу мен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде азаматтардың құқықтарының сақталуына бақылау жүргізу үшін құрылған. Маңызды болып келетін құқықтық фактілерді орнатуда оның ерекше орны белгіленеді. Осыған байланысты Қ.А.Мәми сот азаматтық қоғамның дұрыс қызмет етуінің қажетті элементі екендігін көрсетеді, ол қоғам қажеттілігін ескере отырып, мемлекетпен бекітілген ережелер мен ұстанымдардың сақталуының кепілі. Сот – бұл биліктің қоғамдағы құқықтық тәртіптің сақталуына бағытталған ниетінің көрінісі, осы мағынада сотты құқықтық тәртіптің ерекше элементтерінің бірі ретінде және экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан қоғамның көптеген мүмкіндіктерін қолдайтын әлеуметтік феномен ретінде қарастырған жөн [8. 4б].
Сот билігі, заң шығарушы және атқарушы биліктермен қатар халық билігі жүйесіне енгізілген, ол адам және азаматтың, түрлі әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның негізгі және маңызды конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қызметі мен ұйымдастырылуының демократиялық негіздері оны халық еркін жүзеге асырудың ерекше жолы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Негізгісі және маныздысы мына формулада: «Сот – Демократия - Әділдік», яғни сот билігінің оның барлық атрибуттарын қоса алғанда нақты жағдайда орын алуында. Осы тұжырымдаманы айта отырып, Х.Халиков бұл ерекшелікті халықтың ұлтының, тарихи аймақтық менталитетін ескере отырып демократияны талап ету тұрғысынан оның қызметі мен міндеттерін, құндылығын анықтай отырып белгілеген жөн дейді [9. 23б.].
Осы және басқа да тұжырымдар біздің тарапымыздан сот билігінің мәнін түсінумен байланысты мәселелерді зерттеу кезінде басшылыққа алынды.
Әрине, сот билігінің мәнін ашуға байланысты туындайтын барлық шешімін таппай жүрген мәселелерге шешім табу үшін кеңестік дәуірден кейін құрылған мемлекеттердің заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізу жеткіліксіз болып табылады. Ол үшін ауқымды құқықтық теориялық материалдарға талдау жүргізу қажет, сонымен қатар мұндай материалдар Таяу Шығыс мемлекеттерінің заңнамасына жасалған талдауға негізделуі тиіс. Бұл әдіс жиырмаға жуық елдің заңнамасын талдауды қарастырады. Сонымен қатар, бұл мемлекеттерде бір-біріне деген айырмашылықтардан гөрі ұқсастық тұстары көп.
Бұрын Кеңес Одағының құрамында болған Республикалардың егеменділігіне әкеп соққан тарихи негіздердің бірыңғайлығы олардың бірыңғай құқықтық негіздерінің болуымен түсініледі. Субъектілер арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық сипатын белгілеген бұл негіз кеңестік дәуірден қалған осы мемлекеттердің бұдан әрі де осы бірыңғай жолмен жүретіндігіне себеп болмайды. Бұл жағдайдың сот билігінің бұдан әрі даму жолдарын көрсететін перспективалық даму жолдарын белгілеу үшін маңыздылығы зор.
Мемлекеттік биліктің толыққанды тармағы бола тұра Қазақстан Республикасының сот билігі оның барлық белгілерін иеленеді. Өз құзыреттілігі шегінде сот органдарымен қабылданатын шешімдер барлық мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес мекемелер мен азаматтар үшін міндетті болып келеді. Сот органдары мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жекелеген түрлерін қолданады, соның ішінде қылмыстық жазаның ең ауыр түрлерін, атап айтқанда – бостандықтан айыру мен шектеу және т.б. Осыған байланысты біздің пікірімізше, Х.Халиков мынадай дұрыс пікір айтқан: «сот органдарының қызметін құқық қолдану аясы бойынша басқа мемлекеттік органдардың қызметінен ажырататын ең басты ерекшелігі – ол соттармен мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануы» [9, 16 б.]. Осының барлығы сот билігін қоғамдық қатынастардың тиісті салаларын мемлекеттік құқықтық реттеудің ерекше нысаны ретінде қарастыруға негіз береді.
Сонымен бірге, мемлекеттік билікті ерекше нысанда жүзеге асыра отырып, сот бір жағынан басқа билік тармақтары, яғни атқарушылық және заң шығарушы органдарға тән емес ерекше өкілеттіліктерге ие. Айталық, сот заң негізінде адамды бостандығынан айыра алады, жеке немесе заңды тұлғаның мүлкін тәркілеуге, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдауға, саяси партияларды таратуға, ата-аналық құқықтан айыруға және т.б. Белгілі тұлғаларға немесе жекелеген ұйымдарға қатысты мұндай шешімдерді баршамызға белгілі, басқа билік тармақтары жүзеге асыра алмайды. Екінші жағынан, сот билігі әлсіз болып келеді. Айталық, сот билігі заң шығарушы билік секілді барлық сайлаушылар корпусына сүйене алмайды, атқарушы билік секілді оның күшті механизмі жоқ.
Сот билігі биліктің заң шығару және атқарушылық тармақтарына қарағанда саяси сипатта болмайды. Бұл, соттардың тек қана Конституция мен заңдарға сүйеніп құқықтық дауларды шешуге бағытталғанына негізделген. Соттар саясатпен айналыспайды.
Басқа жағынан, соттар сот билігін жүзеге асыра отырып, барлық құқықтық қатынасқа қатысушылардың Конституция және заңдар нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді. Осында сот билігінің құқықтық мәні болады.
Сот билігінің барлық қатысушылары Конституцияның мүмкін болатын қорғаушылары, заңның және азаматтық тұлғаның сақтаушылары ретінде оларға жататын құқықтық кеңістікте әрекет етеді.
Сот билігінің құрылымы соттардың жалпы және арнайы соттылықты жүйесінен тұрады.
Сот жүйесінің түсінігі, жоғарғы сотты көрсетуге мүмкіндік беретін, әрбір буынның нақты көрсетілген құзырымен, мақсаттардың тұтастығымен байланысты ұйымдастырудың және қызметтің біртұтас қағидаларына негізделген, мемлекеттің сот мекемелерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Сот билігінің ерекше белгісі ретінде оның қызметіне ерекше бақылау жасау қарастырылады. Ол тек құқықтық бола алады. Мұндай құқықтық бақылау сот шешімдерінің заңдылығы мен соттардың оларды қабылдау кезіндегі тәртіпті сақтауы бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, сот билігі соттармен жүзеге асырылатын биліктік өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді, мұндай өкілеттіліктермен ол нақты істерді қарау үшін қамтылған, олар процессуалдық және материалдық заңдардың қолданылуымен көрініс табатын процессуалдық тәртіпке сай жүргізіледі. Осыған байланысты, тұтас мемлекеттік қызмет ретінде сот билігі заң әдебиеттерінде заң шеңберінде және заң негізінде басқаларға ықпал ететіндей, басқаларға билік ететіндей қабілеті мен мүмкіндіктерінен көрініс табатын мемлекеттің қызметі ретінде қарастырылады. Бұл қызмет сот билігін алып жүрушілермен заңмен белгіленген процессуалдық нысанда жүзеге асырылады [1].
Биліктің тәуелсіз тармағы ретінде сот билігінің ерекшелігі – соттардың өзін өзі басқаруынан көрініс табады, айталық кадр, тәртіптік және өзге де соттарға қатысты мәселелерді шешу үшін арнайы органдар құрылады. Мұндай органдардың атаулары әр мемлекетте әртүрлі болып кездеседі. Кейбір мемлекеттерде бұл – соттардың жалпы мемлекеттің съезі (Украинада), басқа елдерде – жоғарғы біліктілік сот алқалары, Магистратураның жоғарғы кеңесі (Италияда) және т.б.
Сот билігінің маңыздылығы, оның қоғамдағы ерекше орны, азаматтар мен заңды тұлғалар арасында күрделеніп кеткен дауларды шешу сот атауын иеленген лауазымды қызметке жоғары және қатаң талап қояды. Сот қызметіне үміткер жоғары кәсіби талаптармен қатар, жоғары адамгершілік қасиеттерін иеленуі тиіс, оның өмірлік тәжірибесі болуы қажет. Осыған байланысты ресейлік зерттеушілер барлық елдерде жоғарғы кәсіби денгейде болу сот қызметіне қойылатын негізгі талап болып табылатындығын көрсетеді. Көптеген мемлекеттерде соттар конкурс тәсілімен қызметке келеді және олар тест тапсырады. Жоғарғы құқықтық білімнің болуы - сот қызметіне үміткер үшін құқықтың түрлі салалары бойынша жүйелі білімінің болуын, қолданыстағы заңнаманы түсіне білу, құқық қолдану қызметін қолдана білу қабілетін айқындайды. Дегенмен, сот төрелігін дұрыс, тиісті денгейде жүзеге асыру үшін бұл да жеткіліксіз болып табылады.
Шет мемлекеттерде судья қызметіне үміткерлерге қойылатын талаптар қатаңырақ болып келетіндігін ескерген жөн. Айталық, Франция Республикасының «Магистратура мәртебесі туралы» органикалық заңының 16 бабына сәйкес судья қызметіне үміткер магистранттардың ұлттық мектебін 2 жыл бойы жақсы бағаға бітіруі тиіс. Сөйте тұра, бұл қызметке қатаң талаптар қойылады: жоғарғы құқықтық білімінің болуы, кемінде 5 жыл көлемінде Францияның азаматтығында болуы, толық көлемде азаматтық құқықтарға ие болуы тиіс, мінсіз абыройы, әскери міндетінің болуы және оны сақтауы тиіс, соттардың қызметтік міндетін жүзеге асыруға кедергі болатындай ауыр сырқаттарының болмауы, жасы бойынша - 27 жасқа толуы қажет [10].
Сот жүйесінде менторлық (грек тілі «meviwor» - мұғалім, ұстаз, тәрбиеші – деген мағынаны білдіреді) институтын қалыптастыруы, бұл дегеніміз сот жүйесінде шәкірттерді дайындау. Айталық, USAID| IRIS халықаралық ұйымымен Орталық Азиядағы сот жүйесінің дамуына ықпал жасау үшін Жоғарғы Сот және соттар Одағымен бірлесе отырып, ментор шеберлігі бойынша бірқатар оқу семинарлары ұйымдастырылған. Сол үшін ментор институтын енгізілген, судьяларды жеке тұтастай бағалаудың жүйесі қалыптастырылған, ол судьялардың жеке қасиеттері мен адамдармен сөйлесу денгейін айқындандыра түседі.
Демек, ақыл тоқтатқан жасы мен үміткердің кәсіби мәртебесіне жоғары талаптар қою, оның адамгершілігі мен басқа да этикалық қасиеттеріне талаптар қою, біздің пікірімізше, жалпы әлемдік стандарттарға сай Қазақстандық сот корпусын қалыптастыруда үлкен мүмкіндік.
Азаматтар мен түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы дауларды шешіп, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты орнату арқылы, келісімшарттарды адал орындауға мәжбүрлей отырып, салықты төлеу мен қарыздарын өтеуді талап ете отырып, сот еліміздің экономикалық тұрақтылығын нығайтады. Айталық, кейбір мемлекеттерде, Қазақстан Республикасын қоса алғанда, аралық соттардың орны ерекше болып келеді, оларға адамдар өз еркімен барады. Мұндай соттардың шешімімен келіспеген жағдайда жәй соттарға жүгінуге болады [11].
Жалпы мемлекеттік билік ретінде сот билігі әмбебап сипатта болады, жеке юрисдикциялық салада қолданыла отырып қоғамдық қатынастарда да кеңінен қолданылады. Сот билігі қызметінің негізгіжемісі ретінде сот қызметінің ен жоғары денгейі – сот тәжірибесін жүзеге асыру қарастырылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары еліміздің демократиялық дамуы жағдайында сот билігі қызметін жетілдіруге әсерін тигізеді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Қазақстандағы тәуелсіз сот билігін қамтамасыз етуде сот билігінің дербестігін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету ерекше орын иеленеді. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету дегеніміз кадр, қаржылық, материалды-техникалық және өзге сипаттағы іс шаралар кешені қарастырылуы, олардың барлығы әділсоттың тәуелсіз жүзеге асырылуына толық жағдай жасайды. Бірақ, Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің қызмет ету тәжірибесі сот қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін тек кадр, қаржылық, материалды-техникалық сипаттағы іс- шаралармен байланыстыру сот билігі құрылымына жүктелген мәселелерді шешудегі көзқарасты азайтады.
Сот билігінің тәуелсіздігі мен оның дербестігінің кепілі ретінде оның қаржылық дербестігі қарастырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес соттарды қаржыландыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және ол әділсоттың толық және тәуелсіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасында соттарды қаржыландыру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы соттар мәртебесі мен сот жүйесі туралы» Конституциялық заңымен анықталған.
Сот билігінің конституциялық құқықтық моделінің құрылымына, құқық қолдану тәжірибесіне, Қазақстан Респуликасындағы нақты жағдайға сараптамалық талдау негізінде сот билігінің тиімді қызмет етуінің пайдалы моделін, оның басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста болуының моделін қалыптастыруға болады.
Қорыта келе, сот билігі – құқықтық даулар бойынша ақырғы шешім қабылдаудағы мемлекеттің атынан құқық қолдану қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз соттардың жиынтығы, әділсоттың барлық жүйесі. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің дербестігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы ретінде соттарға сот төрелігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кадрлық, қаржылық, материалды-техникалық іс шаралардың жиынтығы.
