- •«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика»
- •8. Қойылатын талаптар:
- •Ықтималдықтар теориясына кіріспе. Оқиғалар және оларға амалдар қолдану.
- •Жаттығулар. Мына оқиғалардың қайсысы басқа оқиғаның бөлiгi болады:
- •Жаттығулар.
- •Жаттығулар.
- •Ықтималдық ұғымы. Ықтималдықтарды анықтамалар бойынша табу жолдары.
- •Мысалдар.
- •Мысалдар.
- •Ықтималдықтың қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықты есептеудің толық және Байес формулалары.
- •Кездейсоқ шамалар жайында түсінік. Дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары. Сандық мінездеушілердің негізгі қасиеттері. Моменттер жайлы түсінік. Дискретті кездейсоқ шаманың түрлері.
- •Үздіксіз кездейсоқ шамалар үйлестірілуінің (орналасуының) интегралдық және дифференциалдық функциялары.
- •Үздіксіз кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттаушылары.
- •Кездейсоқ шаманың орналасуының классификациясы. Биномдық қалыпты, бірқалыпты үлестірім. Лаплас функциясы. Көрсеткіштік үлестірілім.
- •Үлкен сандар заңы. Чебышев теңсіздігін теоремаларды дәлелдеуге қолдану. Бернулли теоремасы. Муавр-Лапластың интегралдық теоремасының үлкен сандар заңымен байланысы. Үлкен сандар заңдары
- •Математикалық статистика пәні және маңызы. Бас және таңдамалық жиынтық қайталанатын, қайталанбайтын таңдамалар.
- •Статистикалық үлестірілу. Үлестірілудің эмперикалық функциясы. Үлестіру параметрлерінің статистикалық бағалары. Ығыспаған, тиімді және қисынды бағалар.
- •Өлшенетін шаманың шын мәнін бағалау.
- •2. Өлшеудің дәлдігінің бағасы.
- •Сенімділік. Сенімділік интервалы.
- •Пуассон үлестірілуі.
- •5. Қалыпты үлестірілу.
- •Сызықтық корреляция.
- •Түзу регрессияларды есептеу.
- •Корреляциялық таблица және регрессия теңдеуі.
- •Корреляцияның таңдамалық коэффицентті және оның қасиеттері.
- •Статистикалық болжамдар туралы түсінік. Нольдік, қарапайым және күрделі болжамдар.
- •Таңдаманың статистикалық үлестірілуі. Полигон. Гистограмма.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі әдебиет:
- •Студенттің өзіндік жұмысы
- •Бақылау сұрақтары:
- •«Ықтималдықтар теориясы» тарауы бойынша тест тапсырмалары (өзіңді-өзің тексер)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Физика – математика факультеті
«Бекітемін»
Оқу бағдарламасы комитетінің
төрағасы ________Әбдрахманов Н.М.
«___» ___________ 2010 ж.
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика»
пәнінен 050109 – «Математика» мамандығы
студенттеріне даярланған оқу бағдарламасы
(SILLABUS)
Қызылорда, 2010 ж.
Пән бағдарламасы 050109 - Математика мамандығы бойынша Мемлекеттік жоғары кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарты (2006 ж.) және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің 050109 – «Математика» (бакалавриат) мамандығы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы жасаған және ұсынған типтік оқу бағдарламалары (Алматы, 2007ж.) негізінде жасалған.
Пән бағдарламасы «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде талқыланған, хаттама № 1, « » қыркүйек 2010ж.
«Математика және математиканы
оқыту әдістемесі» кафедрасының
меңгерушісі: ________________ Ғ.Б.Баканов
Пән бағдарламасы физика-математика факультетінің оқу бағдарламалары комитетінде талқыланған және бекітілді. Хаттама № 1, « »қыркүйек 2010ж.
Физика-математика факультеті
оқу бағдарламалары комитетінің
төрағасы: ______________ Н.М.Әбдрахманов
Оқытушы туралы мәлімет:
Меңліқожаева Сәулеш Қойлыбайқызы-п.ғ.к., доцент
Күдебаева Ғалия Алмасқызы - оқытушы.
ҚМУ, 6 оқу ғимараты, физика-математика факультеті,
«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы, 218 кабинет.
1. “Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика” пәні .
Кредиттер саны: 2 кредит, VI семестрде
Өткізу орны: VI оқу ғимараты, 107 дәрісхана
Оқу жоспарынан көшірме:
Коды: TVM -202
Курс |
Семестр |
Кредиттер саны |
Лек ция |
Практика |
ӨСӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
3 |
6 |
2 |
20 |
10 |
15 |
45 |
90 |
емтихан |
Жоспар бойынша |
20 |
10 |
15 |
45 |
90 |
Емтихан (жазбаша) |
||
2. Курстың пререквизиттері:
Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін математиканың басқа салалары бойынша жеткілікті білім қоры болуы қажет.
3. Курстың постреквизиттері:
Берілген курс болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Орта мектепте математикалық білім беру бағытында бұрын оқылмаған «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» тарауы енгізілді. Оқу материалын баяндау және есептерді шешуде осы мәселе ескерілетін болады.
4. Курстың қысқаша мазмұны:
«Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» жалпығылымдық және арнайы пәндерді оқып-үйренуге қажетті фундаментальды пән. Сонымен қатар бұл пән практикада математикалық әдістерді қолдану дағдыларын жетілдірудің ең тиімді құралы.
5. Курстың мақсаты:
Курстың басты мақсаты – студенттердің ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқып-үйренуіне көмектесу және статистикалық әдістерді қолданбалы есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтері келесі бағыттарды
- логикалық және алгоритмдік ойлауды дамытуды;
- өздігінен білімін кеңейту және қолданбалы есептерді талдай білуді үйретуді мақсат тұтады.
6. Курстың міндеті: Пәнді оқытудың негізі – математика мамандығы бойынша мамандар дайындаудағы жоғарғы кәсіби білім мемлекеттік стандарты орнатқан талаптарды орындау (жүзеге асыру).
7. Пәнді оқытуда келесі міндеттер қойылады:
а) Студенттерді өздерінің практикалық жұмыстарында есептеу әдістерін қолдана білуге үйрету;
б) Студенттердің жалпы математикалық білім деңгейін жетілдіру, пән бойынша жүйелі білімді қалыптастыру;
в) Математикалық есептерді зерттеуде, талдауда болашақ мамандардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту;
Г) Студенттерді оқу және ғылыми әдебиеттермен өздігімен жұмыс жасауға үйрету.
