Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маг Программа ФиАс на каз 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239.1 Кб
Скачать

1.3 Кәсіби элективті пәндер блогі үшін

Құзірет

Қалыптасу критерийі

1.

Спиральді галактикалар құрудың негізгі бейсызық модельдерін біледі. Спиральді галактикаларды суретке түсіру, анализ жасау, сәйкес қорытынды құру және тағы да басқа мәліметтерді бақылаудың заманауи әдістерін біледі. Арнайы астрофизикалық білімдері мен қабілеттіліктерін қолдана алу қабілетіне ие.

Жұлдыздық жүйенің динамикалық қасиеттері, жұлдыздық жүйенің интегралды қозғалысы мен симметриясы, стационарлы галактика, галактиканың құрамдық модельдері, жұлдыздық статистиканың интегралдық құрамдық теңдеулері, спиральді құрылым жайындағы бақылау мәліметтері, спиральді таяқшаларды тығыздық толқындары ретінде, біздің галактиканың спиральді құрылым параметрлері, сандық эксперименттегі спиральді таяқшалар, Годунов типтегі газодинамикалық әдістер, TVD MUSCL схемасы, N-body моделі, суперкомпьютер қолданысындағы газодинамикалық есептер жайында біледі. Галактиканың спектральді құрылымын генерациялауды экспериментальді модельдей алады. Галактикада алып антициклондардың ашылуы жайында біледі.

2.

Радиоастрономияда қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамасын, сәулеленудің негізгі механизмін, күн ағынындағы сәулелену құбылысын және оның әдістері мен анализдерін біледі. Арнайы астрофизикалық зерттеулер үшін қабілеттіліктер мен қажет білімдерге ие. Радиосәулелену ағынында болып жатқан құбылыстарға мәліметтерді бақылаудың заманауи әдістеріне сүйеніп, қажетті нәтижені алуда, зерттеу жүргізе алады.

Электромагниттік сәулелену және оның негізгі сипаттамалары: энергия тығыздығы, сәулелену интенсивтілігі, сәулелену поляризациясы, поляризация тензоры, Стокс параметрлері жайында біледі. Сәулеленудің механизмдері мен көздері, олардың анықтамасы мен жалпы сипаттамасы, плазмада радиотолқынның таралуы, плазмалық тербелісті радиосәулелену генерациясы, сәулеленудің поляризациясы, иондық газдың тежегіштік сәулеленуі, циклотронды сәулелену, синхротонды сәулелену, атомдар мен молекулалардың спектральді шегіндегі сәулелену, молекулярлы мазерлі сәулелену, сәуленің шашырауы, спайктер, генерация биіктігі, сәулеленудің периодтылығы, транзиенттер және жарықшақтар, радиосәулеленудің бағытталуы, корональді тесіктің радиосәулеленуі, корональді магнит өрісі және фазалық экран әдісі жайында біледі.

3.

Галактикадан тыс астрономия, жұлдыздық динамика жайында біледі. Коллективті жұлдыздар қасиеттерін, біздің галактика және басқа да галактикалардың газдық объектілерін, галактикалардың дамуы мен жұлдыздық әлімді біледі.

Жұлдыздық жүйенің эволюциясын және пайда болуының теориялық моделін құрастыру, ал соңғы этапта осы теорияның орындалуын бақылай алады. Жұлдызды астрономияда әрқашан өсіп отыратын, үлкен, тұрақты бақылау материалдарын қолдана алады. Анализ жасауда көп қолданылатын математикалық статистика әдістерін біледі. Математикалық статистика әдісін қолдана отырып, бақыланған мәліметтерді жүйеге келтіре алады, объектілерді әр түрлі белгілеріне қарап, классификациялауды, сол белгілерге сай функция параметрлерін анықтауды және галактикалық және галактикадан тыс объектілердің сипаттамаларының арасындағы корреляциялық байланысты анықтауды біледі.

4.

Жалпы салыстырмалық теорияның негізін, стандартты космография, инфляционды космографиялық модельді біледі. Жер беті моделін құрастыра алады. Сонымен бірге космология бойынша әдебиеттермен жұмыс жасай біледі.

Фридманның космологиялық моделі, жер беті дамуының негізгі эпохалары, алып масштабты жер беті құрылымының қалыптасуы және оның объектілері, жер бетінің заманауи вакуумді моделінің артықшылықтары мен кемшіліктері, ғарыштық тұрақтылық, жер бетінің статистикалық моделі, ғарыштық вакуум, скалярлы өріс, жер беті эволюциясы, шектік тығыздық, заманауи космологияның бақылау тестілері жайында біледі.

5.

Спиральді галактикалар құрудың негізгі бейсызық модельдерін біледі. Спиральді галактикаларды суретке түсіру, анализ жасау, сәйкес қорытынды құру және тағы да басқа мәліметтерді бақылаудың заманауи әдістерін біледі. Арнайы астрофизикалық білімдері мен қабілеттіліктерін қолдана алу қабілетіне ие.

Астрофизикадағы өзұйымдасқан шектік күйлер, галактикадағы және космологиядағы өзұйымдасқан процесстер, анизатропты процесстер үшін хаостың сипаттамалары (өзаффинді процесстер), галактикалық, жұлдыздық, планеталық құрылымның заманауи көрінісі мен эволюциясы, галактикадағы спиральді-құйындық құрылым, галактикада үлкен масштабты жұлдыздың құрылуы, галактиканың үлкен масштабын реттеудің фракталдық анализі, галактикадағы гигант антициклондардың ашылуы (Mrk 1040 галактикасы негізіндегі), галактиканың морфологиялық классификациясы, жаңа галактика құрылымының ашылуы мен болжамдары жайында біледі.

6.

Жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері туралы түсінікке ие.

Өз зерттеу саласындағы негізгі ғылыми-зерттеу мәселелерді атай алады. Пәндік саладағы лайықты зерттеу әдістерін таңдауын негіздей алады. Пәндік салада ғылыми зерттеу жүргізу барысында қазіргі таңда қандай этикалық мәселелердің пайда болуы мүмкін екенін болжай алады.

7.

Зерттеу міндеттеріне жету үшін әртүрлі пәндер аясында алынған білімді тоғыстыра біледі.

Жаңа білімді талап ететін жаңа сұрақтар мен мәселелерді іздей алады.

Зерттеу мәселесінің кең мән мәтінін көре алады және ғылыми зерттеулердегі пәнаралық ыңғайдың табиғатын түсінеді. Ғылыми міндеттерді шешу барысында өз құзіреттерін арттыру үшін әдеби көздерді тауып, қолдана біледі.