Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жипломды жмыс Балынбек даиын-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.04 Mб
Скачать

1.2 Колледждің жетістіктері мен табыстары

Лицей ұжымы 2010 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімі тағайындаған «Жылдың үздік кәсіби лицейі» номинациясын жеңіп алды.

3-сурет- Колледждің жетістіктері

Бүгінде колледжде 81 адам еңбек етеді. Педагогикалық ұжымда 39 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері бар. Оның ішінде жоғарғы санатты 10, бірінші санатты 13, екінші санатты 10.

Оқытушылардың инновациялық қызметінің картасы жасалынып, қолданылатын жаңа технологиялар негізінде ашық сабақтар өтіп, озық тәжірибе тарату мектебі, жас мұғалімдер мектебі, шығармашылық топтар және әдістемелік бірлестіктер жүйелі жұмыстар атқаруда. Олардың сапалы жұмысы оң нәтижесін беруде. Әр мамандық бойынша «Үздік аспаз», «Үздік механизатор», «Үздік әрлеуші», «Үздік дәнекерлеуші» және басқа да кәсіби шеберлікті шыңдауға арналған байқаулар, көңілді тапқырлар сайысы, пікір-таластар, ашық сабақтар, тақырыптық кештер, пән апталықтары жүйелі өткізіледі. Білікті, білімді кәсіби маман даярлауда өткізіліп жатқан шаралардың ықпалы зор.

Ұстаздар еңбегінің, ізденісінің нәтижесі студенттердің білім дәрежесінен көрінуде. Колледж студенттері облыстық, облыс аралық деңгейде пән олимпиадаларына, ғылыми зерттеу конференцияларына, кәсіби шеберлік сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

2015 оқу жылында колледждің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Химия және біз!» облыстық химия биология пән олимпиадасы, «Үздік дәнекерлеуші» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысы, «Менің өлкем» атты облыстық ғылыми - тәжірибелік конференциясы, «Мамандықтар әлемінде» атты аудан мектептері оқушыларына арналған облыстық зияткерлік сайыстары өткізілді.

2015 жылдың 21 қазанында «Зайсан технология колледжінің 70 жылдығы» мерейтойы аталып өтті. Шараға ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиев, облыстық кәсіптік және техникалық білім беру орталығы директорының міндетін атқарушысы Л.Т. Кездікбаева, аудан әкімі А.А.Оңдақанов және колледждің ардагер ұстаздары, әр жылдардағы түлектер, оқытушылар мен студенттер қатысты. Аталмыш шара барысында «Кәсіптік білім берудегі әлеуметтік серіктестіктің рөлі» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға кәсіпкерлер палатасының басшысы Р.Қ.Қадырбеков, колледж директорлары, әлеуметтік серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер, ауыл округінің әкімдері, мектеп директорлары қатысты. Семинар жоспарының бағыт бағдарына тоқтала келіп, кәсіптік білім беруде әлеуметтік серіктестіктермен байланысты жетілдіру мақсатында колледж директоры Сейлханов Е.Т. «Әлеуметтік серіктестіктермен бірлескен жұмыстардың қорытындысы - сапалы маман және оның келешекте еңбекпен қамтылуы» туралы баяндамасы тыңдалып, ұсыныстар талқыланды. Семинарға қатысушылар аудандағы әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың бірі «СМУ-Шығыс» ЖШС-де өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттердің іс-әрекетімен танысты.

Колледж тарихына арналған мұражайдың ашылу рәсімі өтіп, лентасы қиылды. Сонымен қатар талай жылдар білім ошағына еңбегі сіңген ардагер ұстаз басшы А.Ж.Кемелбаев атындағы электргазымен дәнекерлеуші кабинеті, осы оқу орнында 30 жыл еңбек еткен өндірістік оқыту шебері С.Жадыков атындағы шеберхана, өндірістік оқыту шебері А.Затов атына өндірістік тәжірибе шаруашылығы және Алматы ҚазҰУ оқытушысы, самбо, суммо, дзю-до, қазақша күрестен бірнеше дүркін жүлдегері түлек Ф.Қойшымановтың атына берілген спортзалдың ашылу салтанаты болып өтті.

Аудандық мәдениет үйінде пленарлық жиын өтті. Аудан әкімі А.А. Оңдақанов колледж ұжымын мерекелерімен құттықтап, ардагер ұстаздарды, қазіргі таңдағы оқытушыларды грамоталармен марапаттады. ШҚО білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиев облыстық білім басқармасының басшысы А.А.Нургазиевтің құттықтау хатын оқып, қаржылай сыйлықтың сертификаты мен бағалы сыйлықты салтанатты түрде табыс етті және ардагер ұстаздарды, қазіргі таңдағы оқытушыларды облыстық білім басқармасының басшысының грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ шара барысында колледж директоры Е.Т.Сейлханов облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Қ.Ә Оспанғалиевке, аудан әкімі А.А.Оңдақановқа және мәртебелі меймандарға, ардагер ұстаздарға, әр жылдардағы түлектерге және қазіргі таңда үздіксіз 30 жыл еңбек еткен ұстаздарды «Зайсан технология колледжіне 70 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды. Шара өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

1-кесте – Колледжде оқытылатын мамандық түрлері

Шифр

Мамандық түрі

Оқу мерзімі

1

0508012

Аспаз

2ж. 10ай

2

1502033

Агроном

2 ж.

6 ай

3

1504062

Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист машинисті

2ж. 10ай

4

1401042

Сылақшы

2ж.

10 ай

5

1504012

Бухгалтер

2ж. 10ай

6

1114042

Электргазымен дәнекерлеуші

2ж.

10 ай

7

1504092

Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер

2ж. 10ай

8

1513032

Ветеринариялық – санитар

10 ай