- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Зайсан технология колледжінің тарихы
- •1.2 Колледждің жетістіктері мен табыстары
- •2 Аналитикалық бөлім
- •3 Арнайы бөлім
- •3.1 Слесарлық жұмыстар жайлы жалпы мәліметтер
- •3.2 Негізгі слесарьлық операциялар
- •3.3 Теориялық оқудың бағдарламасы
- •3.4 Кәсіпорында слесарь-жөндеушіні дайындау жүйесі
- •3.5 Кәсіпорындарда өткізілетін сабақтардың жоспары
- •3.6 Слесарь-монтаж құрал-саймандары және жұмыс орнының жабдықталуы
- •4 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
- •4.1 Қауіпті және зиянды факторлар
- •4.2 Техникалық қауіпсіздік
- •4.3 Өртке қарсы қауіпсіздік шаралары
- •4.4 Еңбектің шарттарын жақсарту
- •4.4.1 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •4.4.2 Есептеулер. Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •4.4.3 Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •4.5 Слесарьлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
Мазмұны |
|
|
Кіріспе |
8 |
1 |
Жалпы бөлім |
10 |
1.1 |
Зайсан технология колледжінің тарихы |
10 |
1.2 |
Колледждің жетістіктері мен табыстары |
15 |
2 |
Аналитикалық бөлім |
18 |
3 |
Әдістемелік бөлім |
20 |
3.1 |
Слесарлық жұмыстар жайлы жалпы мәліметтер |
20 |
3.2 |
Негізгі слесарьлық операциялар |
23 |
3.3 |
Теориялық оқудың бағдарламасы |
25 |
3.4 |
Кәсіпорында слесарь-жөндеушіні дайындау жүйесі |
29 |
3.5 |
Кәсіпорындарда өткізілетін сабақтардың жоспары |
31 |
3.6 |
Слесарь-монтаж құрал-саймандары және жұмыс орнының жабдықталуы |
34 |
4 |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі |
39 |
4.1 |
Қауіпті және зиянды факторлар |
39 |
4.2 |
Техникалық қауіпсіздік |
40 |
4.3 |
Өртке қарсы қауіпсіздік шаралары |
45 |
4.4 |
Еңбектің шарттарын жақсарту |
46 |
4.4.1 |
Механикалық жарақаттардан қорғау |
47 |
4.4.2 |
Есептеулер. Жасанды жарықтандыруды есептеу |
48 |
4.4.3 |
Электр қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
50 |
4.5 |
Слесарьлық жұмыстар кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелері |
51 |
|
Қорытынды |
53 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
55 |
|
Қосымшалар |
62 |
Кіріспе
Слесарь мамандығы адамдар машиналар, механизмдер жасап шығарып және оларды жинау үшін, оларды қадағалау үшін, жөндеу үшін мамандар керек болған кезден бастау алады. Слесарлық іс жайлы ең алғаш рет Вен мұрағатында 1463 жылы айтылған, ал 1545 жылы Германияда слесарлық цех ұйымдастырылған. Мамандықтың атауы неміс сөзі «schlos»- құлпы сөзінен шыққан. Шлоссерлер – құлпы жасаумен айналысқан адамдар.
Біздің заманда өнеркәсіптік өндіріс техниканы пайдалануға негізделген, ал кей жерлерде мүлдем, адамның еңбегін алмастырады. Оны айтпағанда, үй жұмысының өзін қазіргі кезде тұрмыстық техникасыз елестету қиын. Өндірістік болсын тұрмыстық болсын, барлық техника күтімді, профилактикалық шараларды, жөндеуді, оны қадағалауды талап етеді. Сондықтан, осы функциялардың барлығын атқаратын жөндеуші – слесарь мамандығының маңыздылығының жоғары екендігін айтпаса да түсінікті. Мамандық кең тараған және де кез келген техниканың және қосалқы техникалық системаларды жасап шығарудың және оларды эксплуатациялаудың барлық кезеңдерінде қажетті (электрлік, сантехникалық, телекоммуникациялық және т.б.). Жөндеуші – слесарь – техникаға өндірісте де тұрмыста да қызмет көрсететін жұмысшы. Оның еңбегінің бұйымы ретінде әр түрлі объекттер болуы мүмкін, сондықтан жөндеу жұмысымен айналысатын мамандар айтарлықтай тар мамандандырылған.
Әр түрлі саладағы өнеркәсіптердегі машиналар мен механизмдердің үздіксіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету үшін, жөндеуші қызметі бар. Бұл бөлімшенің жұмысшылары, жөндеуші – слесарлар, жөндеу объектімен анықталатын мамандыққа ие болады. Мамандар, жоспарлы профилактикалық, ағымдағы және толық жөндеуді іске асырады.
Жөндеуші – слесарьдің ісі, жөнделіп жатқан құралдың, қуаттық құрылғының, агрегаттардың және машиналардың жұмыс істеу принциптерінің құрылымы туралы білімді, өңделіп жатқан материалдардың, антикоррозиялық сұйық пен майлардың қасиеттері жайлы білімді, істен шыққан бөлшектерді қайта іске қосу, біріккен жерлерді баптау әдістері жайлы білімді, арнаулы құрылғылардың және тексеру – өлшеуші құрылғылардың құрылымы мен оларды пайдалану әдістері жайлы білімдерді пайдалану арқылы жұмыс істеуден тұрады [1].
Жөндеушілер ауыстыруды қажет ететін бөлшекті жасап шығару үшін бөлшектерді қайта жасау жұмыстарын білу керек, жаңа бөлшектерден құралған механизмді жинай білу керек және кесу режиміндегі станокты бапқа келтіре білуі керек. Сондықтан, жөндеуші – слесардың, машиналар мен механизмдер теориясының негізі жайлы білімі болу керек, теориялық механика мен материалдар кедергісі жайлы білімі, электротехника мен пневматика негіздері жайлы білімі болуы тиіс. Жалпы айтқанда, инженерлік білімдер мен қабілеттердің комплексі. Системаны жөндеу үшін, жұмысшы ең әуелі, аппаратураның техникалық паспортымен немесе сызбасымен танысады. Одан соң, ол механизмдердің техникалық диагностикасын жасайды, қажет болса, аппаратты шашады, жұмыс жоспарын құрады. Жөндеуші, зақымданған бөлшектерді ауыстырып немесе қайта жөндеу арқылы істен шығуды жөндейді. Және ол, өлшемдер мен диагностика жасау үшін, әр түрлі құралдар мен жабдықтарды пайдаланады. Құралды немесе техниканы жинау кезінде, ол бөлшектерді олардың бір біріне қатысты орналасуын техникалық шарттарға сәйкес дәл тауып дайындайды, механизмдердің жұмысын реттейді және жөнге келтіреді, оларды жұмысқа дайындайды [2].
1. Жалпы бөлім
1.1 Зайсан технология колледжінің тарихы
1945 жылы 12 наурызда Қазақ ССР Халықтық Жер өңдеу Комиссариатының Зайсан ауданында бір жылдық мал шаруашылық механизация мектебін құру туралы № 23 бұйрығы шықты.
1945 жылы тамыз айында осы аталған бұйрыққа сәйкес Қаратал селосында ауыл шаруашылық механизация мектебі ашылды.
1946 жылы 3 тамызда Қаратал ауылынан Зайсан қаласына көшірілді.
1947 жылы 31 мамырдағы Зайсан аудандық коммуналдық мекемесінің шешімі бойынша сол кездегі Ленин көшесіндегі 23 үй және Шегір көшесіндегі 34 үй механизаторлар дайындайтын курстың оқу орны болып берілген.
1953 жылы 2 қарашада Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің №588 бұйрығына сәйкес №19 ауыл шаруашылық механизация мектебі №19 ауыл шаруашылық механизация училищесі болып өзгертілді. Училищеде осы уақыттан бастап тракторист, комбайн жүргізушілері 6 айлық оқу мерзіміне, соңынан 1 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды.
1962 жылдан бастап училище кең көлемді тракторист-машинист мамандарын 2 жылдық оқыту мерзімімен дайындай бастады.
1965ж 24 маусымда Қазақ ССР Министрлер Советінің № 466 “Ауыл шаруашылық механизация училищелерінің ауылдық кәсіптік- техникалық училищесі болып өзгертілу” жарлығына сәйкес №19 Зайсан ауыл шаруашылық механизация училищесі, №19 Зайсан ауылдық кәсіптік-техникалық училищесі болып өзгертілді. (СПТУ-19)
1976 жылдан бастап училище орта білім және мамандық алып шығатын 3 жылдық топтар ашты.
1985 жылдың қаңтар айынан бастап училище қазіргі Жангелдин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусына көшірілді.
1985 жылдан №23 орта кәсіптік техникалық училищеге айналды. Бұл оқу орнында оқу бөлімі, жатақхана, арнайы оқу залы, асхана, оқу өндірістік шеберханасы, спорт алаңы, әскери дайындық алаңы, кітапханасы, өндірістік оқыту шаруашылығы бар.
1997 жылы №23 орта кәсіптік техникалық мектеп деп аталды.
2004 жылы №23 кәсіптік мектеп деп аталды.
2008 жылғы 4 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің №192 қаулысы бойынша және облыстық Білім Басқармасының бастығы А.В.Гречухиннің 20 ақпан 2009 жылғы бұйрығымен №11 кәсіптік лицей атанды.
2012 жылы атаулы білім ордасына «Зайсан технология колледжі» статусы берілді.
1-сурет- Зайсан технология колледжі
2-сурет-Өлшеу құралдары
Бұның бәрі студенттердің академиялық жинақы болып көтерілуіне әсерін тигізеді, толасыз білімнің мақсаты мен алдына көздеген мақсаттарын байланыстырады, сондықтан маманға бүкіл өміріне толасыз білім алуға, өзінің құқығы мен қажеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Колледж казіргі уақытта білім қызметін жүзеге асыру үшін білім қызметін атқаруға бүкіл квалификациялық ұстанымдарда қолданады. Колледж бітірушілер мемлекеттік үлгіде диплом алып шығады. Колледж мемлекеттік аттестациядан 2007 жылдың майында жақсы өтті.
Колледж жоғары дәрежелі оқытушылармен, заманауи құрылғылармен, зертханалық бөлімдермен жабдықталған және келесі мамандықтар бойынша білім береді.
1305000 –Ақпараттық жүйелер(сала бойынша қолдану)
0516000-Қаржы(салабойынша)
0518000 – Есеп және аудит (сала бойынша)
0601000 – Стандарттау, метрология және сертификаттау
Аталған мамандықта мамандар кеден орындарында импорт және экспорт тауарларының сапасын сараптаушы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, пайдаланатын кәсіпорындарда стандарттау, сертификаттау менеджері қызметін атқара алады.
1514000 – Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
120100 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
1511000 – Жерге орналастыру
1518000 – Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру
1508000 – Орман шаруашылығы, бақ – саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)
1513000 – Ветеринария
0104000 – Кәсіптік оқыту
1502000Агрономия
Кәсіптік педагогика жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кәсіптік білім беру жүйесін жетілдірумен қалыптасты. Басқа ғылымдар сияқты мұның өз ұғымы мен түсіну аппараты бар, оның іргелі ғылым екендігін, сапалық ерекшеліктерін айғақтайтын дәйектемелері бар. Қазіргі кезде нарық талабына сай бәсекеге қабілетгі жұмысшылар дайындау мен олардың біліктілігін арттырудың жаңа тұжырымдамалары әзірленіп, оқыту әдістері мен оны ұйымдастыру формалары жетілдіру үстінде. Кәсіптік педагогика осындай мәселелермен шұғылданып, Егемен елімізде білікті маман жұмысшы дайындауда, оны өркениет деңгейіне көтермекші. Қазіргі нарық жағдайына бейімделген ақпаратты тез, негізді түрде, әрі тиімді игере білуіміз қажет. Білікті педагог, өз ісінің білгір маманы болу үшін, ғылымды игеру жеткіліксіз, оны практикалық тұрғыда өмірге қолдана біліп, кәсіптік әлемдік деңгейіне дейін жеткізіп, нақты іске асыра білетін жан-жақты кәсіп иелері болуымыз керек. Қазіргі ғылымның дамуы оны дифференциялау және интеграциялау үрдісімен сипатталады. Ғылымның дифференциялануы деп кейбір ғылым салаларының өзі дербес ғылым ретінде танылып, тың мәнге ие болуы. Ғылымның тоғысында олардың құбылыстар мен болмыстардың мәнін анықтаудың жалпы заңдылықтары анықталып, зерттеудің ортақ ғылыми әдіс - тәсілдері саралана түсуін интеграциялану десек болады. Бұл педагогика ғылымына да тән құбылыс. Атап айтатын болсақ соңғы кезде ғылымның дифференциялануы арқылы педагогиканың мына салалары даралық сипат бере бастады:
мектеп алды педагогикасы;
мектеп жасөспірімдер педагогикасы;
жалпы білім беретін мектеп педагогикасы;
кәсіптік педагогика (кәсіптік мектептер педагогикасы);
мектептану (білім және оқу-тәрбие мекемелерін басқару); т.б
Осыған орай кәсіптік педагогиканың да өз салалары қалыптаса бастады.
бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік мектептер мен лицейлердегі тәрбие мен оқыту мәселелерімен шұғылданады);
орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледждердегі тәрбие және оқу мәселелерімен айналысады);
жоғары білім педагогикасы (институт, университет және академияларда тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысады).
Атап кету керек, кәсіптік педагогика жалпы білім беретін мектеп ісімен шектеліп, жалпы педагогика аясында қала алмайды. Оның қалыптасуы, техниканың, ғылымның, экономика мен өндірістің өркендеуімен тікелей байланысты. Жалпы педагогика аясында кәсіптік педагогика іргелі ғылым ретінде мына салаларды да қамтиды:
-жалпы және педагогикалық психология;
-инженерлік психология;
-еңбек психологиясы;
-еңбек физиологиясы;
-акмеология (кәсіптік шеберлік шыңына жету туралы ғылым).
«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы ҚР үшін өте жаңа мамандық. Мамандықтың қажеттілігі «Стратегия-2030» президент бағдарламасын орындау, Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіру және бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу шартынан туындап отыр. Себебі, күнделікті тіршіліктен космос кеңістігіне дейінгі барлық қолданылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығын бітіретін сарапшы-аудиторлардың қызметіне жатады. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары (фирмалары) мен ұйымдары бәсекеге қабілетті өнім шығару және қызмет көрсете білу үшін Халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарының талаптарына сәйкес өздерінің сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) әзірлеп, өндіріске енгізуі қажет. Осыған орай, әрбір кәсіпорында ұйымдастырылатын «Сапа менеджменті жүйесі» және «Сапа аудиті» бөлімдерін басқарушылар да осы мамандықты игеруі қажет. Сол себепті, әрбір Қазақстан азаматы үшін осы салада білімді болу – қазіргі заман талабы.
Бүгінде
мемлекет масштабында сапаға деген
ықыластың күшейе түскендігі бәрімізге
мәлім. Экономикалық дамудың маңызды
механизмі болып саналатын рынокты
жаулап алу әдістерін өнеркәсіптерге
үйрететін негізгі мамандық, ол
«Стандарттау, метрология және
сертификаттау» мамандығы, ал экономикалық
жетістіктің бүгінгі күнгі кепілі сапа
болып саналады. Нарықты экономикада
«Сапасыз өнімді шығарудың қажеті жоқ!»
деген қазіргі заманға тұстас ұранның
кезі келді.
Қазіргі
кезде әрбір адам тіршілігінің сапалы
болуын қалайды. Кез-келген кәсіпорын
өз өндірісінің дамуына мүдделі, бірақ
ол үшін бәсекелестіктің негізгі аргументі
болып саналатын, әсіресе әңгіме өнімнің
экспорты туралы болатын болса, сапаны
қамтамасыз ету жүйесін дұрыс таңдауы
қажет. Тәжірибе жүзінде, шетел компаниялары
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарына
сәйкес сертификатталған отандық
кәсіпорындармен ғана жұмыс істейді.
Бұл жағдай кәсіпорын және фирма басшыларын
стандарттау, метрология, сертификаттау
және сапаны басқару саласының мамандарын
тартуға мәжбүр етеді. Келешекте, Қазақстан
Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) енгеннен
кейін, осы профильді бітірген мамандарға
деген сұраныс жоғарылай түседі.
Олар ішкі және сыртқы сауда мекемелері; салық полициясы; санэпидемиологиялық қызмет; кедендік қызмет (тауардың сәйкестік сертификатын тексеру, декларация толтыру, т.с.с.), мұнай-газ салалары; туристік қызмет; қонақ үй, мейрамхана, кафе-бар қызметтері; тұрмыстық қызметтер (шеберхана, шаштараз, түрмыстық заттарды жөндеу орындары және т.с.с.), ҚР Мемстандарт зертханалары мен мекемелері; өнімге сәйкестік сертификатын беретін тәуелсіз жеке сынақ зертханалары; әкімшіліктегі сапаны бағалау және бақылау қызметтері; кәсіпорындағы өнім сапасын басқарудың метрологиялық және сертификациялық қызметтері.
Сонымен қатар, өтім және жабдықтау бөлімдерінде, Мемстандарт жүйелерінің бөлімдерінде стандарттау және сертификаттау бойынша сарапшы ретінде; сертификаттау жөніндегі ұйымдарда; сынақ зертханаларында және ғылыми-зерттеу мекемелерінде жұмыс істеуге болады. Қызмет саласының барлық түрі, өндірісті өндіруден бастап қызмет көрсету саласына дейін стандартталған болғандықтан, бітірушілер сапа бойынша менеджер, сапа бойынша инженер, сапаны басқару бөлімінің, валидация бөлімінің, техникалық бақылау бөлімінің басшысы бола алады.
Адам қауымы пайда бола бастағаннан бері, өмір ережелердің қолдануы мен бекітілуін керек қыла бастады. Жазу, есептеу жүйесі акша бірліктері, өлшем мен салмақ бірліктері – стандарттаудың ең алғашқы қадамдары.
Өндірістің дамуымен қатар стандарттауда дами бастады, ол өз кезегінде өндіріс куштерінің өте тез дамуына жағдай жасайды. Мысыр елінде дұрыс геометриялық сырт пішінді пирамидаларды салғанда бірнеше тонна массалы өте дәл өңделген тастар қолданылғын, олар бір-біріне өте тығыз орналастырылған. Бұл пирамида тастары арасынан осы уақытқа дейін ине өтпейді. Мұнда барлық тетіктердің мөлшерлері бір басты параметірлерге байланысты болған катапульт ататын оқ ұзындығына.
Биіктігі 90м Вавилон мұнарасын салуға 85млн. Стандартталған кірпіштер жұмсалған. Бұл кірпіштерді күйдіру арнайы ереже бойынша іске асырылған.
1761 жылы Тула және Ижевск мылтық жасайтын зауыттарында мылтық тетіктері өзара ауыстырмалық ережелері қолданылып жасалған.
1918 жылы 14 қыркүйекте Халық Комиссарлар Кеңесі декретімен КСРО мемлекетінде салмақ және өлшемдер метрлік жүйесі енгізілді.
1925 жылы 15 қыркүйекте Кеңестік стандарт жөнінде комитет құрылды.
