- •Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы
- •Тренинг және оны қолдану туралы түсінік
- •Психологиялық тренингтер топтамасы және олардың мазмұны
- •III қабат қанағаттанбаған:
- •II қабат
- •I қабат
- •7 Скульптура «Отбасы және Мектеп ынтымақтастық»
- •Тұлғааралық қарым-қатынас тренингі Мақсаты: қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу.
- •«Бұзылған телефон» жаттығуы
- •«Арқаға арқа» жаттығуы
- •«Қолтырауын» жаттығуы
- •«Ыстық орындық» жаттығуы
- •Қорытынды
- •Исабекова Айжамал Керимбековна Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы
Көкшетау
2014
ББК 74. 204. 2 каз
Д 33
Д 33 Деңгейлік курстарда қолданатын психологиялық тренингтер жинағы. үшінші (базалық) деңгей мұғалімдерін оқытуда қолдануға арналған әдістемелік құрал. Құрастырушы: Исабекова А.К., Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері /«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ», 2014ж- 49 бет
Жинақта үш деңгейлік курстарда мұғалімдермен жүргізуге ұсынылатын психологиялық жаттығулар топтамасы берілген.
Пікір жазғандар:
Наби Л., пед.ғ.к., доцент, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің ЖОО кейінгі білім беру факультетінің деканы.
Кайникенова Г.К., магистр, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің педагогика-психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» Деңгейлік Бағдарламалар орталығының 2014 жылғы 10 -маусым айындағы отырысының
№ 6 хаттамасының шешімі бойынша баспаға ұсынылды.
|
Мазмұны |
|
1 |
Кіріспе |
3 |
2 |
Психологиялық тренинг және оны қолдану туралы түсінік |
4 |
3 |
Психологиялық тренингтер топтамасы және олардың мазмұны |
8 |
4 |
Қорытынды |
52 |
5 |
Пайдаланған әдебиеттер |
|
Кіріспе
Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, жаңа әдістер ретінде психологиялық жаттығуларды қолдану оқыту үдерісінде мұғаліммен тренердің өзара әрекеттестігі ауысады: тренердің белсенділігі тыңдаушының белсенділігіне орын береді, ал тренердің тапсырмалары олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Үшінші (базалық) деңгейлік курстарын өткізу барысында топ ішінде ынтамақтастық амосферасын құру және белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызу үшін психологиялық тренингтер жиі өткізіледі.
Тренерлік тәжірибемде тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқаратынын түсіндім. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды.
Жалпы осы жинақтағы психологиялық жаттығулар интернет және әр түрлі білім көздерінен жинақталды. Осы жаттығуларды қолдану бағдарламадағы модульдер бойынша тапсырмаларды орындау барысында да көмегі болады деп сенемін.
