- •«Технология» және «Кәсіптік оқыту» оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары.
- •Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.
- •Ғылыми көпшілік әдебиеттерді, оқулық және оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену және оларды талдау.
- •Дидактикалық көрнекі материалдарды дайындау және оқып үйрену.
- •Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жүйелерінің ұғымы.
- •Еңбек іс-әрекеттері мен дағдылары, оларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.
- •Жаттығу- іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдістері.
- •Жоспарлау мен сабақ міндеттерінің мәні, жоспарлау түрлері.
- •Кәсіптік біліктілікті арттырудағы инновациялық технологиялар маңызы.
- •Кәсіптік білім мазмұнын жетілдіру проблемалары.
- •Кәсіптік оқыту жүйелері.
- •Кәсіптік оқытудың оқу- материалдық базасы. Кәсіптік оқыту кабинеттері мен зертханаларын жабдықтау.
- •Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны.
- •Қазіргі кезеңде кәсіптік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар.
- •Қазіргі инновациялық оқыту технологияларының мақсаттары, міндеттері және ұғымы.
- •Сабақ өткізудегі оқытудың инновациялық әдістері. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар.
- •Қазіргі инновациялық технологияларды оқыту үрдісін дамытудың тиімділігі.
- •Машинатану курсын оқып- үйренудің әдістері,сабақты ұйымдастырудың формалары материалдық –техникалық базасы, оқу кабинеттері, оқу кабинеттері, олардың жабдықтары.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі, жеке оқушылардың жұмыс орындары.
- •Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына, сыныптан техникалық шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау.
- •Мектептен тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарықтандыру.
- •Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа дайындығы.
- •Өндірістік оқыту формалары мен әдістері.
- •Сыныптан тыс жұмыстардың оқыту әдістері.
- •Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар.
Кәсіптік біліктілікті арттырудағы инновациялық технологиялар маңызы.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен процестердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы ілімдер жиынтығы.
Технология ұғымы тар мағынада – бір нақты объектінің технологиясы ретінде және кең мағынада – ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
дәстүрлі дидактика – әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды;
әдетте, дидактиканың пәні – білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактика пәнін былай сипаттауға болады: бұл – оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері мен принциптері;
дидактиканың міндеттері:
оқыту үрдісін суреттен түсіндіре отырып оны іке асыру жолдарын көрсету;
оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Технология оқу процесімен – оқытушы мен оқушының іс-әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымы мыналардан тұрады:
1) концептуалдық негізі;
2) оқытудың мазмұндық бөлігі:
- оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
3) процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
- оқытушының жұмысының әдістері мен формалары;
- оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс-әрекеті.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықмалар кездеседі. Педагоикалық технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Іnnоvаtіоn) «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды.
Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу процестеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
Кәсіптік білім мазмұнын жетілдіру проблемалары.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген салада бәсекеге қабілетті болуын талапетеді. Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», – деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын Функционалдық сауаттылық білім берудегі жаңа басымдықтарды айқындайды: алынған білімді өмірден практика жүзінде қолдануды, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді, идеялар тудырып және іске асыруды, өзінің көзқарасын негіздей білуді қалыптастырады.Жеке тұлғаның функционалдық сапаларын белсенділік, шығармашылықпен ойлай білу, тосын шешім қабылдай білу, кәсіби жолын таңдай білу, өмірде өзін-өзі дамытып іске асыра білуді қалыптастырады.
Сонымен қатар Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің білім беру жүйесін жаңартуға ерекше көңіл бөлінген болатын. Мұндағы білім беру жүйесін жаңарту шарттары: біріншіден, оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу;екіншіден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық білім беру жүйесіне тарату;үшіншіден, педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;төртіншіден, педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен жоо мұғалімдерінің біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту;бесіншіден, аймақтарда педагогтардың біліктілігін арттырудың кіріктірілген орталықтарын құру.
