Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Технология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.95 Кб
Скачать

Сыныптан тыс жұмыстардың оқыту әдістері.

Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақтармен шектелмейді. Ол сабақтан тыс уақытта да жалғастырылады және терңдетіледі. Тек сабақта ғана толық көлемде тәрбиенің күрделі және көп қырлы мәселелерін шешу мүмкін емес. Сабақтан тыс алуан түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Ол әдетте, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар деп бөлінеді. Сыныптан тыс жұмысқа ұйымдастырылған, мақсатты түрде жүргізілетін тәрбиелік және оқыту сипатындағы сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар жатады. Бұл сабақтар тәрбиенің жалпы жүйесінің бөлінбес бір құрамы. Олар оқушының жан-жақты дамуына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына ықпал етеді.

Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар.

Қазiргi таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндeттepінe өте жауапкершілікпен қарауды талап етедi. Оқушыларға бiлiм, бiлiк және кәсiптiк бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәніндe жауапты екендігін сезiну қажет. Осы үлкен мiндеттi aтқapy үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі бiлімдi, бiлiктi, мәдениеттi, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.

Оқушы ic-әрекет арқылы танымын жетiлдiрiп, тәжірибе мен адамгершiлiк құндылыққа ие болады. Оқушының мынадай ic-әркетін ұйымдастыруға болады:

- өмipлік мақсатты көздей бiлуi;

- адамдық қадыр-қасиетiн сақтау;

- қоғамдағы өз оpнын тапа бiлу;

- ceзімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі.

Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi - үйiрме жұмыстары болып табылады.

Үйiрме жұмысының мaқсaты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық iзденітерін, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру.

Үйірме жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру қағидаларын оқып үйрену.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті бойынша үйірме сабақтарының сипаты.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары (топтық жұмыстар).

Оқушылардың іс-әрекеттері. Іс-әрекет — бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.

Үйiрме жұмыстарының мiндеттерi:

- оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарата дамытуға мүмкiндiк жасау;

- оқушының қоғамдық белсендiлiгiн дамыту;

-оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке (болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету;

Үйiрме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талaбы:

- үйipме жұмыстарының қатысатын оқушының қабiлетiн есекеру;

- бiлiм беру. Оқыту мен тәрбие берудiңөзара байланысы;

- оқушылардың еркіндігі;

- нарықтық экномикалық қажеттiлiктiнегiзгеалу.

Үйрімежұмыстары оқушылардың сұранысы бойынша, пәнсабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiрунегiзiндс жүргізіледi.

Үйiрмелергеқатысатын оқушылардыңпрактикалық бiлiм, бiлiк дағдылары бiрдсйболуымүмкінемес. Себебiоның бiлiмi, қызығушылығы, қабылдауы және жұмысқа қабiлеттерiәртүрлiболғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бiрақ,бланыңжасерекшелiктерiне байланыстықызығушылығы мен белсендiлiктерiн дер кезiндедамыту мен жоспарлау - әрбiр ата-ана мен тәрбиешiнiң мiндетi.

Соныменқатар, компьютерлiк жаңа технологияға байланысты оқушылардыңтехникаға деген қызығушылығы арта түстi. Үйiрме жұмыстары арқылыкомпьютерлiк ойындар, әртүрлі бағдарламақұрастырудыүйрету арқылыоқушыныңкомпьютерлiк сауаттылығын аша отырыпоныжоғарғы сыныптардa пайдаланудың негiзiқаланады.

Сондықтан,сыныптан тысжүргізiлетiн оқу-тәрбие жұмыстарын үйiрмелердi зерделегенде төмендегiдей жағдайлардыескеру керек:

1. Сыныптантысyaқыттa жүргiзiлетiн жұмыстардың (жоспарларын, бағдарламарын,мазмұнын,әдiс-тәсiлдерiн,т.б.) коғамдық сұранысқа байланысты жетiстiктерiмен кемшiлiктерiн айкындап,пән сабақтарының мазмұнымен салыстыра және сабақтастыра отырып, сыныптан тыс жүргізілетiн үйiрме жұмыстарының жүйесiн, мазмұнын айқындау.

2. Бүгiнгiәлеуметтiк-экономикалық нарықтыққатынастарға байланысты бастауыш сынып оқушыларын өздсрiнiң қабiлетi мен iскерлiгi бойыншa үйiрме жұмыстарына қатыстыру.

3. Ұсынылатын үйipме жұмыстарының жүйесi оқушылардыңжеке тұлға pетінде дамып, қалыптасуына ықпал ететiндейболуы.