- •«Технология» және «Кәсіптік оқыту» оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары.
- •Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.
- •Ғылыми көпшілік әдебиеттерді, оқулық және оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену және оларды талдау.
- •Дидактикалық көрнекі материалдарды дайындау және оқып үйрену.
- •Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жүйелерінің ұғымы.
- •Еңбек іс-әрекеттері мен дағдылары, оларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.
- •Жаттығу- іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдістері.
- •Жоспарлау мен сабақ міндеттерінің мәні, жоспарлау түрлері.
- •Кәсіптік біліктілікті арттырудағы инновациялық технологиялар маңызы.
- •Кәсіптік білім мазмұнын жетілдіру проблемалары.
- •Кәсіптік оқыту жүйелері.
- •Кәсіптік оқытудың оқу- материалдық базасы. Кәсіптік оқыту кабинеттері мен зертханаларын жабдықтау.
- •Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны.
- •Қазіргі кезеңде кәсіптік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар.
- •Қазіргі инновациялық оқыту технологияларының мақсаттары, міндеттері және ұғымы.
- •Сабақ өткізудегі оқытудың инновациялық әдістері. Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар.
- •Қазіргі инновациялық технологияларды оқыту үрдісін дамытудың тиімділігі.
- •Машинатану курсын оқып- үйренудің әдістері,сабақты ұйымдастырудың формалары материалдық –техникалық базасы, оқу кабинеттері, оқу кабинеттері, олардың жабдықтары.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі, жеке оқушылардың жұмыс орындары.
- •Мектептегі кәсіпке баулу сабақтарына, сыныптан техникалық шығармашылық жұмыстарына әдістемелік талдау.
- •Мектептен тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарықтандыру.
- •Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа дайындығы.
- •Өндірістік оқыту формалары мен әдістері.
- •Сыныптан тыс жұмыстардың оқыту әдістері.
- •Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар.
«Технология» және «Кәсіптік оқыту» оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді әдістері мен формалары.
Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастырылуының сырттай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары, мазмұны, əдістері мен құрал-жабдықтарына, материалдық жағдайларына, қатысушылар құрамы жəне т.б. элементтеріне тəуелді.
Оқушылар санына, оқу уақыты мен орынына, іске асыру тəртібіне орай оқу формасы əрқилы болып келеді. Қазіргі мектеп тəжірибесінде келесідей оқу формалары қалыптасқан: жеке-дара, топтық, толық сыныптық, ұжымдық, жұптастық, дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс сыныптық жəне сыныптан тыс, мектептік жəне мектептен тыс, əлбетте, мұндай топтастырудың (классификация) жетілген ғылыми негіздемесі əзірге болмай тұр. Дегенмен, осы тұрғыдан оқу формаларының көптүрлілігін біршама ретке келтіру мүмкін.
Жеке-дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.
Оқудың топтық формасында оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.
Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен, біркелкі тапсырма, міндет белгілеп, сынып қатысушыларының бəріне ортақ іс-əрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады.
Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тəн ара қатынас, өзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас, мақсат-мүддесі ортақ, біртекті жұмыс бағытында бірігіп, бекіген ұжым ретінде қарастырылады.
Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу əрекеттері екі оқушының қатысуымен орындалады.
Дəрісханалық жəне дəрісханадан тыс, сыныптық жəне сыныптан тыс, мектеп ішілік жəне мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі.
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі кәсіптік білім беру мекемелеріне педагогтар даярлаудың маңызды компоненті болып табылады. Әдістемелік білім оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің кәсіби әрекеттерін қамтамасыз ете отырып, осы әрекеттердің әдістері, тәсілдерімен тығыз байланыста педагогикалық шығармашылығын қалыптастырады.
Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып, оқыту мекемесіндегі нақтылы пән бойынша оқыту үдерісін айтамыз. Мысалы, әңгіме электротехника жайлы болса, онда әдістемелік таным нысаны болып электротехниканы оқыту, яғни пәнді оқыту мақсаты, бағдарлама мазмұны, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру формалары мен әдістері болып табылады. Сонымен қатар, оқыту үдерісі – кәсіптік оқыту педагогикасын зерделеу болып саналады. Әдістеме мен педагогиканың танымдық нысанының жалпылылығы әдістемелік және педагогикалық білімдердің табиғаттарының бірдейлігін сипаттайды.
Педагогиканың негізгі мақсаты оқыту үдерісінің құрылымдық элементтерін жинақтау, өзара байланыстыру олардың диалектикалық біркелкілігін қамтамасыз ету. Әдістемеде көбінесе «қалай оқыту керек?», оқытудың қандай құралдары арқылы оқыту мазмұны оқушылардың білімі мен ептілігіне айналады? - деген сұрақтар басым болады. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің нысаны болып, оқытушының оқыту әрекеті және оқушылардың кәсіби білім, ептілік және дағдыларды меңгеруге бағытталған когнитивті әрекеттерін реттеп отыратын, арнайы дайындалған оқыту құралдарын құрылымдау, қолдану және жетілдіруге байланысты өзбетіншелік салыстырмалы түрдегі педагогикалық білімдер мен ептіліктердің жиынтығы болып табылады. Дегенімен, оқыту әдістемесімен айналысып жүрген бірқатар педагог-зерттеушілер арасында - әдістеме алынған ғылым саласының қалданбалы бөлігі - болып саналады деген пікірлерді алға тартады. Біздің пікірімізше, пәнді білу – оқыту әдістемесін іске асырудың бір факторы ғана. Мәселенің шешімі қандай да болмасын ғылымның танымдық нысанын білуде жатыр. Мысалы техника ғылымының танымдық нысаны техникалық қондырғылар және жүйелер болса, ал арнайы пәндерді оқыту әдістемесі техникалық қондырғылармен, оларды зерттеу әдістерін қалыптастырумен айналыспайды. Оның танымдық нысаны – оқытылып жатқан ғылым құралдары арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастыру. Арнайы пәндерді оқыту әдістемесінің пәні болып – арнайы оқыту құралдарын жасау, дайындауға байланысты кәсіптік мектеп педагогінің әдістемелік әрекеттерінің заңдылықтары. Әдістемелік әрекет толыққанды және ол педагогтің өзбетінше кәсіби әрекеті түрі ретінде зерттелініп бітпеген мәселе.
