- •Мазмұны
- •2.1. Негіздің топырағын нығайту
- •2.2. Іргетастарды нығайту
- •2.3 Өнеркәсіптік ғимараттарды қайта жаңғырту
- •2.5 Объектіліерді жаңғыртудың жағдайлары мен дәләлдерін таңдау
- •3. Объектінің жаңғыртудың жұмыс өндірісін жобалау
- •3.1 Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау
- •Жұмыс өндірісі жобасының техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- •4. Тұрғын және қоғамдық үймереттерді жаңғырту
- •5.Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту
5.Өнеркәсіп объектілерін жаңғырту
Өндіріс объектілерін қайта жаңғыртудың мынандай ерекшеліктері бар: жағдайдың тығыздығы мен көлемінің шектеулігі; материалдарды, құралымдар мен жабдықтарды берудің тасымалдық үлгілерінің күрделілігі; құралымдық және көлемдік жоспарлау шешімдерінің әр типтілігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үймереттері мен ғимараттарының, қатынас жолдарының қайта жаңғырту үшін құрастырмалық деңгейінің жеткіліксіздігі мен бейімсіздігі; қол еңбегін көп қажет ететіндігімен және механикаландырудың күрделілігімен (құрылыс құралымдары мен жабдықтарды қайта құрастыру, жекелеген құралымдарды бұзу, құралымдарды қозғалту және жылжыту, құралымдарды күшейту және басқалар) сипатталатын құрылыс жұмыстарының өзгешелігі; жұмыс істеп тұрған цехтарда құрылыс – құрастыру жұмыстарын орындау кезінде техника қауіпсіздігі жөнінде қосымша шаралардың қажеттігі және басқалар.
Объектіні қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстардың технологиялық құрылымы мен көлемдік – жоспарлау сипатының негізінде процестерді уақыт пен кеңістікке барынша сыйылыстыру мақсатымен жалпы жұмыс көлемін технологиялық және құрылыс тораптары мен торап бөліктеріне бөлу, сондай-ақ жаңғыртуды өндірістік жартылай немесе толық тоқтатып жүргізу қажет болған жағдайда тоқтату кезеңін қысқарту жүзеге асырылады.
Технологиялық торап – ішінде технологиялық жабдықтарды қайта құрастыру, іске қосу – реттеу жұмыстарына дайындыққа және агрегаттарды, механизмдер мен жабдықтарды байқап көруге байланысты құрылыс – құрастыру жұмыстары аралықтарын технологиялық жүйелердің құралымдық оңашаланған бөлігі.
Құрылыс торабы – ішінде үймеретті немесе ғимаратты қайта жаңғыртуға және механикаланған құрастыру жұмыстарына дайындықпен байланысты құрылыс – құрастыру жұмыстары жүргізілетін өнеркәсіп үймереті немесе оның құралымдық оңашаланған бөлігі.
Технологиялық немесе құрылыс тораптарын құрау және өзара үйлестіру кезінде қайта жаңғыртудың деңгейін, түрін және әдісін, өнеркәсіп өндірісі технологиясының жағдайы мен ерекшеліктерін ескеру қажет.
Енді өнеркәсіп үймереттерін қайта жаңғырту кезінде жұмыс істеу ерекшеліктерін қарастырайық.
Жер қазу жұмыстары. қайта жаңғырту жағдайында жер қазу жұмыстарын орындаудың техънологиясын, ұйымдастырылуын және механикаландырылуын таңдау кезінде мыналарды ескеру керек:
жұмыс істеп тұрған өндірістің алмасулығы жұмыс кезіндегі тәртібін, көліктер және жүк көтеру құралдарының тиеу мен оларды құрылыс қажеттеріне пайдалану мүмкіндіктерін, тоқтату кезеңінің болуын;
өндірістік орта жағдайын (былғануын, шаңдануын, шу мен тербелістің шектелу мүмкіндіктерін) ;
кәсіпорындағы жерасты инженерлік жол қатынастарының жеткіліктілігін;
салмақ түсіп тұрған іргетастарға жақын тұста шпунт қағу мен топырақты ауыр тегістегішпен тығыздау, қазан шұңқыр мен оларды қазу кезінде жұмыс істеп тұрған үймереттер құралымдарының бүтіндігін қамтамасыз ету қажеттілігін;
жер асты суларының деңгейін төмендету немесе тартып шығарылатын суды зауыттың жалпы су ағатын және селдік канализациясына қосылар алдында тұтандырғышқа құятын уақытша су құбырларын немесе науалар төсеу қажеттігін;
жер қазу жұмыстарын орындау мен технологиясының техника қауіпсіздігін қамтамасыз етумен алдын ала келістірілген қосымша талаптарын.
Қазан шұңқыр мен орлар қазу. Жұмыс істеп тұрған цехтарда жер асты құралымдары мен ғимараттарын тұрғызу кезінде қазан шұңқырлар мен олардың қабырғаларын бекіту мен олардың беріктігіне баса назар аудару керек, өйткені жақын маңдағы салмақ түскен еден учаскелері мен іргетастарға бүтіндігі соған байланысты.
Сулы топырақтан шұңқыр жасаған кезде жер асты суының деңгейін жасанды әдіспен төмендеткен жөн. Су деңгейін төмендету әдісі құрғатылатын қазан шұңқырлардың немесе олардың тереңдігіне және топырақтың сүзгіштік құрамына байланысты таңдалады.
Таршылық жағдайда қабырғаларды бекітуді қазан шұңқырлар мен оларды көлбете қазып, қосымша жұмыстар көлемін қысқарту үшін шығарылған топырақты орнына қайта төгу және еден қабаттарын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырған жөн.
Қолданыстағы үймереттер мен ғимараттарға жұмыс іргетасынан төмен деңгейге орлар мен қазан шұңқырлар қазу аталмыш үймереттер мен ғимараттардың қалпы өзгермеуін және толық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер қарастырылған жұмыс өндірісі жобасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Экскавациялық жабық түрлері қазан шұңқырлар мен орлардың тереңдігіне, шығарылатын топырақтың көлемі мен тобына, қазан шұңқырлар мен орлардың қабырғаларын бекіткіштердің жеткіліктілігіне және жаңғыртылатын үймереттер мен ғимараттардың көлемдік-жоспарлау шешімдеріне байланысты таңдалады.
Қайта жаңғырту учаскесінде жер қазу жұмыстарын бастамас бұрын қолданыстағы барлық көлік жолдарын бөлшектеу, технологиялық жабдықтарды, үйлердің кірпіш қабырғалары мен аралықтарын бұзу қажет.
Технологиялық жабдықтардың астындағы іргетастарын бұзу. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғырту процесінде бұзылуы тиісқұрылыс құралымдары жұмыс өндірісінің жағдайы мен ерекшелігіне қарай жекелеген құралымдық элементтерін тиісті орындарына пайдалану үшін толық немесе жартылай бұзылатын құралымдарға бөлінеді.
Толық бұзылатын құралымдарға бетон іргетастар жатады. Бұл орайда іргетастардаы бөлшектеу мен бұзу қысылшың жағдайда да, бос алаңда да жүргізіле береді.
Тұтас құйма бетон іргетастарды бұзу үшін бетонды кесектерге, жарықшақтарға бөліп уататын бұзушы жабдықтар қолданылады.
Құрылыс құралымдарын бұзу және бөлшектеу процесі мынандай технологиялық операциялардан тұрады: бұзуға дайындықтан – топырақ пен қоқыстан тазартудан, жапсарлас құралымдардан босатудан, бұзу жұмыстары қамтитын шекаралар мен учаскелерді белгілеуден, шпурлар бұрғылаудан;
материалды бұзудан – жұмыс органын шпурға қосудан, материалға әсер етуден;
материалды бөлшектеуден – материалды уатудан, арматураны жалаңаштау мен одан кейін кесуден, бұзу аймағынан бетонды жинаудан.
Технологиялық жабдықтардың астына туннельдер мен іргетасты орнату. Жұмыстар құрамына мыналар кіреді: қалып орнату; арматура орнату; бетон қоспасын төсеу; жертөле қабырғаларының құрама темірбетон шығырларын құрастыру; туннель аралықтарының темірбетон тақталарын құрастыру.
Қалыптаушы машиналардың астына туннель мен іргетастарды орнату жөніндегі жұмыстар өндірісі басталғанға дейін мынандай дайындық жұмыстары орындалуы тиіс: технологиялық жабдықтарды бөлшектеу; жұмыс істеп тұрған кірпіш қабырғаларды, қоршауларды, іргетастарды, туннель қабырғаларын (бөлшектерін), рельс жолдарын бөлшектеу (бұзу), одан кейін оларды территориядан шығару; құрылыс машиналары мен механизмдері кіретін ойықтар орнату; жер асты жолдарын салу; құрылыс алаңының электр энергиясымен және сумен жабдықталуын қамтамасыз ету; туннель мен іргетастарды орнату үшін қазан шұңқыр қазу; құрылыс материалдары мен құралымдарын қалап орналастыру үшін алаңды тазарту және жоспарлау; алаңға уақытша электр жарығын, өтетін жолдар, т.б. орнату, тиісті белгілер қоя отырып, құрастыру аймағына қоршау орнату; құрамалы элементтерді жеткізу, қалау; құрастыру және такелаждық тетіктерді, жабдықтарды және бұйымдарды жеткілікті мөлшерде дайындау.
Жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату жұмыстарының құрамында мамандандырылған звенолары бар кешенді бригадамен орындау ұсынылады.
Технологиялық жабдықтардың астына туннель мен іргетастар орнату үшін бірыңғай инвентарлық алмалы-салмалы ағаш металл қалып пайдалану тиімді.
Өндіріс объектілерін қайта жаңғырту кезінде бетондау жұмыстарын НИИСП құралымдары ірі және шағын қалқанды қалыптар пайдаланған тиімді. Оларды қабырға, іргетас, тіреуіш және басқа құралымдарды бетондауға арналған және бірлескен құрастырма ретінде де, бөлек те пайдалануға болады.
Құрылыс құралымдарын нығайту. Темірбетон құралымдарын нығайтудың барынша кең тараған әдістері мыналар болып табылады:
құрамалы және берік темірбетон құралымдарын темірбетон құрсаулармен, үш жақты қабықпен және бір жақты бетонмен бекітіп, қосымша арматура орната отырып бетондау. Нығайту құралымы бетонның класы нығыайтылатын құралымының бетоннан бір класс жоғары болуы, бірақ В15-тен төмен болмауы тиіс, іргетастарды нығайту үшін В12,5 бетонын пайдалануға болады;
шойын элементтермен нығайту: алдын ала темірбетон құрсаулардың тарту қабілетін арттыру үшін екі жақты және бір жақты металл тіректереді; алдын ала тіреуіштердің тарту қабілетін қалпына келтіру үшін құрсауларды; әсіресе, динамикалық және вибрациялық күштер әсер еткенде арқалықтардың тарту қабілетін арттыру үшін металл шпренгельдерді.
Алдын ала ширатылған тіректермен нығайту технологиясы орталық жүктелген бағаналарға арналған, олардың жасанды қабілетін ию әдісін қолданып, 1200кН-ге арттыру үшін пайдаланады.
Металл тіреуіштер құрастыру кезінде жұқа планкалармен қосылатын екі элементтен тұрады. Нығайту бұрыштары ВСт3сп5 маркалы болаттан 8509-86 ГОСТ бойынша, қосу планкалары ВСт3сп маркалы болаттан дайындалады.
Көп қабатты үймереттерде тіреуіштерді нығайтуды төменгі қабаттардан бастау, яғни жұмыс өндірісін төменне жоғары қарай жүргізу керек. Келесі қабатқа материал ашық құрастыру ойығы арқылы тельфермен беріледі.
Аса тар жағдайда құрастыру кезінде металл тіректерді элементтен құрастыруға болады.
Кран астындағы темірбетон арқалықтарын нығайту. Технология ашық кран эскадасының кран астындағы темірбетон арқалығының төменгі белдеуін нығайту жөніндегі жұмысты орындауға арналған.
Кран астындағы темірбетон арқалықты нығайту төменгі белдеуде бетонның үстіңгі қабатын орнатумен тиянақталады.
Төменгі белдеуде бетонның беткі қабатын кран асты арқалығының қалыбы ретінде орнатқанда әдетте аспалы дірілдеткішті ажырамайтын блок-форма қолданылады. Бетон ерітіндісін құралымға қалыптың қабырғалық ернеуіндегі саңылаулар және кран асты арқалығының тік қырлары арқылы қиылады.
Арматуралық жұмыстар сапасы, сондай-ақ бетондық беткі қабаты дайындау және бұрынғы арматураны тазарту жасырын жұмыстар актісімен тіркелуі тиіс.
Тұтас темірбетон жабындарын нығайту. Технология қалыңдығы 120мм қырлы тұтас темірбетон жабындарды олардың төменгі жағына бекітілген металл торлармен ток реттеу арқылы нығайтуды қарастырады.
Жұмыс өндірісі басталғанға дейін: нығайтылытын құралымдарға тым жақын (0,7-1м) өтетін инженерлік-технологиялық коммуникацияларды – металл қаптамалар мен технологиялық жабдықтарды – ағаш қалқандармен берік қорғау; аралықтар арқылы технологиялық құбырлар өтетін тұстарға металл құрсаулар – қалыңдығы 3мм табақ болаттан гильзалар қойып, оларды тіреуге қамыттармен бекітілуі; жұмыс орнын инвентарлық қоршаумен оңашалау және қажетіне қарай технологиялық ойықтарды жабу; жұмыс жүргізілетін аймақта уақытша жарықпен қамтамасыз ету керек.
Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған жағдайда тұтас темірбетон жабындар құралымдарын нығайту кезінде жұмыс жүргізуге рұқсат - наряд алу қажет.
Жұмыс істеп тұрған жағдайда нығайту мынандай технологиялық реттілікпен орындалады:
инвентарьлық ағаштар орнатылады;
Темірбетон жабындардың беткі қабаты дайындалады (бетонның коррозиядан бүлінген қорғаныс қабаты берік қабатына дейін тазартылады, қажет болған жағдайда қолданылып жүрген арматуралар тазартылып, тегістеледі); қосымша арматуралардың қосылған тұтастарында арқалықтардың төменгі қырлары 1/2 диаметр ашылады; беткі қабаттың қатпарлығы жеткіліксіз жағдайда кертік жасалады;
арқалықтардың қолданыстағы арматураларының қамыттарына жанасу қырлары бойынша бекіткіш бұрыштар орнатылып, бекітіледі;
жобаға сәйкес қырлы арқалықтардың төменгі бұрыштарына қосымша арматура пісіріп жабыстырылады;
алдын ала дайындалған торлар тірек қырлы бекіткіштердің арасына тартылып, күршектерге бекітіледі; тордың қырлы арқалықтар аралығындағы 10мм-ден артық салбырап тұруын болдырмау үшін ол белдеу – жапсырмалардың көмегімен ПШ-52 құрастыру пистолетінен дюбельдермен атылып, темірбетон тақтаға бекітіледі; бұрыштама фиксаторларға және қырлы арқалықтардың күшейткіш арматураларына арматуралық тор тартылады.
Нығайтылатын құралымдардың беткі қабатын торкреттеу мынандай реттілікпен жүргізіледі: жабын тақтасы – арқалықтардың қабырғалық қырлары. Арқалықтардың төменгі қырларын бетондау алдында торкрет – ерітінді бекігеннен кейін бұрыштық қырларға струпциналармен жұқа асбестті – цемент табақтарынан жасалған қалып қалқандары қойылады. Торкрет – бетон әрқайсысы 15мм-лік қалыңдықпен екі қабат жүргізіледі. Екі қабат алғашқысы әбден бекігеннен кейін салынады. Соңғы қабаттың беті маякпен тегістеліп, ажарланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.
