Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсавой.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182 Кб
Скачать
☆

3.1 Жаңғыртылатын үймереттің құрылыс бас жоспарын және мерзімдік жоспарын жасау

Құрылыс бас жоспары кешенді немесе жекелеген цехтық қайта жаңғырту белгіленген өнеркәсіп кәсіпорынының жағдайлық жоспары мен бас жоспары негізінде жасалады. Бұл орай­да объектілердің негізгі құрылыс жоспарлары дайындық, негізгі құрылыс және іске асыру-реттеу кезеңдерінің әртүрлі уакытының бөліктеріне арналып құралады.

Құрылыстың бас жоспарлары қайта құрудың әр кезеңінде: дайындық, тоқтатылғанға дейінгі, тоқтатылған кезендерге, сондай-ақ, объектіні қайта жаңғыртудың жекелеген кезеңдеріне: үймереттің негізгі қаңқасын бөлшектеу және құрастыру, ажырату, инженерлік жүйелерді көшіру мен орнату кезеңдеріне арналып жасалады.

Объектінің құрылыс бас жоспарының шешілуіне өз кезегінде өнеркәсіп-саласына байланысты территорияның дайындалуы сипаты елеулі әсер етеді. Бұл әсердің сандық бағасын шығару үшін алаң тығыздығымен сипатталып, төмендегі формуламен айқындалатын коэффициент қолданылады:

кт = (F- f )/ S,

мұндағы F - кәсіпорын территориясының жалпы алаңы; f -үймереттер мен ғимараттар, эстақадалар, көліктер, көшеттер орналаскан алаң; S - жұмыс істеп тұратын кәсіпорынның территориясында жұмыс жүргізу үшін құрылыс ұйымына қажетті алаң. құрастыру машиналары мен механизмдерінің жұмыс істейтін аймағы айрықша бөлінуі және үйлесімді бекітілуі, жұмысшылардың оның ішінде қайта жаңғыртылып жатқан объектінің сыртымен жүруді ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда цехтарды немесе учаскелерді пайдаланатын қызметшілердің жүретін жолдары бөлінуі және бекітілуі тиіс.

Айрыкша тар жағдайда құрылыстың бас жоспарында құрылыс құралымдары мен материалдарын жинайтын, құрылыс жабдықтарын сақтайтын, топырақты уақытша орналастыратын орындар мұқият анықталуы қажет.

Құрылыстың бас жоспарында жұмыс өндірісіне бөлінген учаскелердің шекаралары мен құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің аса қауіпті аймақтары нақтылы белгіленуі тиіс.

Қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстар өндірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспар қайта жаңғыртуды ұйымдастыру жобасының кешенді торлық графигі негізінде және варианттық жобалау мен объектідегі жұмыс технологиясының экономикалық дәлелдемесіне негіз болады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары құрылыс жұмыстары мен қайта жаңғыртылатын өндірістің технологиялық процестерін немесе құрылыс-құрастыру жұмыстары жүріп жатқан кезде кәсіпорынның, корпустың, цехтың уакытша тоқтау мерзімдерін үйлестіру тәртібін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл орайда жұмыс графигі құрылыс-құрастыру жұмыстарының толассыз ұйымдастырылуын қарастыруды және жұмыстың кеңістік пен уақытқа ұйымдастыру тәуелділігін; қайта жаңғырту жұмыстарының жұмыс істеп тұрған өндіріспен әрекеттестіп, қайта жаңғыртудың құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау үшін кәсіпорындардың көтергіш-көлік жабдықтарын жеткізу мерзімін, жекелеген технологиялық жүйелердің тоқтатылу мерзімі мен ұзақтығын; жұмыс істеп тұрған кәсіпорын мен құрылыс-құрастыру ұйымының қайта жаңғырту басталғандағы, жүріп жатқандағы және аяқталғаннан кейінгі жұмыс алмастыруларының санын қамтып керсетуі тиіс.

Мерзімдік жоспар әдетте жекелеген жұмыс түрлерінің технологиялық карталары ескеріле отырып, БМБ негізінде есептеледі. Бұл орайда картаға түсірілген еңбекті қажетсіну мөлшерлері мен жұмыстың ұзақтығы, машина уакытының шығындары, энергетикалық және материалдық ресурстарға сұраным пайдаланылады. Объектілерде қайта жаңғыру жағдайлары әртүрлі болатындықтан аталған мөлшерлер өзге объектілердің ұксас жағдайларында алынған нақтылы деректер негізіне белгіленуі де мүмкін.

Өнеркәсіп объектілерінің мерзімдік жоспарында барлық жұмыстар жүйелі үш кезеңге бөлінуі тиіс, олар: тоқтатылғанга дейінгі, тоқтатылған және тоқтатылғаннан кейінгі кезеңдер.

Тоқтатылғанға дейінгі кезеңде негізгі өнеркәсіп өндірісін тоқтатпай жүзеге асыруға болатын материалдарды жеткізу жолдарын дайындау, қажетті құрылыс машиналары мен механизмдерін, жабдықтарды орнату, энергия ресурстарымен қамтамасыз ету және басқа жұмыстар атқарылады. Бұл кезеңде негізгі жұмыстардан қоршауды, резервтегі коммуникацияларды бөлшектеу; жұмыс істейтін жабдықтардың астындағы іргетасын кейін жарылыспен бұзу үшін шпурлар бұрғылап тесу; технологиялық кұбырларды, желдеткіш қораптарын алдын ала дайындау, бақылау және ірілеп жинау; құрастыру сиықтарың орнату және басқа кейбір жұмыстарды орындауға болады.

Тоқтатылған кезеңде тәртіп бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының және жабдықтарды құрастыру мен іске косу-реттеу жұмыстарының негізгі бөліктері аткарылады. Бұл кезендегі жұмыстың ұзақтығын қысқарту үшін еңбек майданының ресурстармен орынды толықтыруларын, жұмыстың көп алмасулық өндірісін, жұмыстың тек жеткілікті еңбек майданын құру талаптарымен және қауіпсіздік техникасы талаптарымен шектелетін қосарландыруды барынша көбейтуді қамтамасыз еткен жөн.

Учаскені қайта жаңғыртудың тоқтатылғаннан кейінгі кезеңде қайта жаңғыртылып жатқан өндірістің жұмысымен оны іске қосқаннан кейін қосарлана салынатын еденнің таза бөліктерін салу, кейбір өңдеу жұмыстары, құрастыру ойықтарын толтыру, көгалдандыру сияқты жұмыстар орындалады.

Объектілерді қайта жаңғырту кезінде әдетте жұмыс майданының шектелуіне, жұмыс орындарының тарлығына, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге катысты көмекші сипаттағы қосымша жұмыстар мен операцияларды орындау қажеттігіне байланысты жұмыстың орындалу ұзақтығы мен қол еңбегін қажет етуі арта түседі.

Жұмыс көлемінің шектеулігіне, еріксіз тоқтауға, құралымдар мен бөлшектер көлемінің негізгі сипаттамаларға сәйкес келмеуіне байланысты, әсіресе үймереттердің немесе ғимараттардың ішінде жұмыс істейтін машиналардың пайдалану өнімділігі төмендейді.

Кт < 1 мәнінде құрылыс жұмыстары өндірісінің кысылшаң жағдайы орын алады.

Құрылыстың бас жоспарында қолданылып жүрген, бұзылуы, күшейтілуі, арттырылуы тиіс құралымдар мен ғимарат-тар, сондай-ақ косымша тұрғызылатын құралымдар мен ғимараттар көрсетіледі. Онда көтергіш-көліктер және

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]