- •«1С Бухгалтерия»
- •5В050800 - Есеп және аудит мамандығы үшін
- •1С бағдарламасының сервистік мүмкіндіктер?
- •1С бағдарламаны іске қосу және орнату
- •1С бағдарламасында ұйымның ақпаратын енгізу
- •Ұйымның негізгі ақпаратын енгізу
- •Жауапты тұлғаларды туралы ақпарат енгізу
- •7. Белгісінің қызметі
- •Активті және пассивті шоттар схемасын ашып көрсетіңіз
- •Қандай жағдайларда қолданылады
- •10. Белгісінің атқаратын қызметі
- •11. Тұтқасын сипаттаңыз Бухгалтерский учет кассовых операций
- •Бухгалтерский учет банковских операций
- •12. «Счет-фактуры полученные» мағынасы, 1с бағдарламасында қай жерде орналасқан?
- •13. 1С бағдарламасында іс-сапарға жіберу үшін қандай құжат толтырылады?
- •14. Тмқ сату үшін 1с бағдарламасында қандай құжат толтырылады
- •15 Бухгалтерлік шоттардың анықтамасы, олардың құрылымы мен мазмұны және 1с-те қайда орналасқан Порядок работы с планом счетов в 1с Бухгалтерия 8.2.
1С бағдарламаны іске қосу және орнату
1С төрт режимде іске қосылуы мүмкін:
- Кәсіпорын – ақпараттық базаны қолдану режимі. Бұл режимде жай қолданушылар жұмыс жасайды, мәліметтер енгізеді, есеп берулерді басады және т.б. Бұл режимде конфигурациялар режимін өңдеуге болмайды.
- Конфигуратор – конфигурациялау (программалау) режимі. Бұл режимде программистер жұмыс істейді, жаңа анықтамалар, есеп берулер құрайды, программалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға мәліметтер енгізуге болмайды.
- Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушыларды бақылау режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркеу журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты қолданушының нақты объектіге қатысты жасалған барлық операциялыр жиынтығын алуға болады, және де сүзгілеудің басқа да шарттарын енгізуге болады.
Дұрыстаушы – программамен қиындықтар болған жағдайға негізделген программистерге арналған бағдарлама. Мұнда программаның нақты жүрістеріне қарай бөліп қарастыруға болады. Бұл кезде программа Кәсіпорын режимінде орындалады. 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигураторы 1С-тің іске қосылуының арнайы режимі болып табылады, және ол құрастырушы программистерге арналған. Бұл режимде өндеуші мәліметтер базасында, программалық модульдерді, құрылымын түзетеді немесе құрастырады, әкімшілік жұмыстарды жүргізеді. Конфигурация режимінде ақпараттық базаға, мұрағаттардан мәліметтерді енгізуден басқа, мәліметтерді енгізуге болмайды. Жай қолданушылар басқа «Кәсіпорын» режимінде жұмыс жасайды. Бұл режимде мәліметтерді енгізуге, анықтамаларды толтыруға, құжаттарды енгізуге, еесп берулерді құрастыруға және түзетулерді енгізуге болады. Кәсіпорын режимінде конфигурациялар құрылымын түзетуге болмайды
1С бағдарламасында ұйымның ақпаратын енгізу
«Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия 8.0»-ді бірінші қосқан кезде ақпараттық базаның алғашқы толтырылуы автоматты түрде орындалады.Конфигурациямен жұмыс істегенде бірінші этапында ұйымдар туралы мәліметтерді, олардың құрылымын және солармен байланысты ақпараттарды бейнелеуді, яғни – бөлімше, жауапты тұлғалар туралы мағлұматтар және т.б. енгізу керек. Ұйымдар туралы мағлұматтар «Кәсіпорын»-«Ұйымдар» меню көмегімен ашуға болатын «Ұйымдар» анықтамасында енгізіледі. Әрбір ұйымдар үшін қысқа және толық атаулар және ұйымдардың басқа да мағлұматтарын, яғни ұйымдар шоттарын, контактілі ақпараттарын және т.б. көрсету қажет. Конфигурациямен әріқарай жұмыс істеуде мағлұматтар құжаттарда эәне есеп беру қалыптарында автоматты түрде қойылатын болады. Бірінші кезекте ұйымдардың түрін таңдау керек – заңды немесе жеке тұлға, және барлық қажетті реквизиттерін толтыру керек
Сондай-ақ, мысалға «Кіріс кассалық ордер» құжатында ЖШҚ «Авто-Альянс» ұйымының нөмірі келесідей болады: АА – 00001. Ал ЖШҚ «Авто-Центр» құжатынна тиесілі нөмірдің алдында АЦ- жазылады. Мысалы, «Кіріс кассалық ордер» құжатындағы ЖШҚ «Авто-Центр» нөмірінің басында АЦ-00001 нөмір жазылады. Осылайша әрбір ұйым бойынша нөмірлік құжаттау сақталады.
Ұйымдардың бірі «Установить основной» пернесі арқылы құралдар тақтасындағы ұйымның анықтамалық тізімі негізгі болып табылады.
Маңызды қайта құрылған ақпараттық база «Біздің ұйым» атты негізі болып құрылған бір ұйымды құрайтын болады.
Келесіде бөлімшелері жөніндегі мәліметтерді енгізу керек. Оларды келесідей енгізеді: «Предприятие – Подразделения организации».
Ұйымның жауапты жұмыскерлері туралы мәліметтерді «Предприятие» - «Ответственные лица организации». Жауапты тұлғалар ретінде жетекшілер, бас бухгалтер және т.б. енгізуге болады, бұлар шаруашылық операцияларды тіркеуде қолданылады.
