Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nefrologia_kaz_etalon.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.25 Кб
Скачать

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

1. Пиелонефрит, жіктелуі, патогенезі.Жіктелуі: ағымы бойынша: 1. Жедел 2.Созылмалы А. Манифестілі рецидивті тҥрі Б. Жасырын тҥрі

Патогенезі бойынша: 1. Біріншілік 2. Екіншілік А. Зәр шығару мүшелерінің анатомиялық аномалиясындағы Обструктивті Б. Бүйрек Дизэмбриогензінде В. Дисметболикалық нефропатияларда Обструкциясыз

Кезеңі бойынша: 1.Өршу (активті) 2. Белгілілерінің кері дамуы (толық емес ремиссия) 3. Клиникалық-лабораторлық ремиссия

Бүйрек функциясы бойынша: 1. Бұзылусыз 2. Бұзылуымен 3. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен

Патогенезі Бүйрекке инфекция бірнеше жолдармен, яғни гематогенді, лимфогенді және өрлеу жолдары арқылы таралуы мүмкін. Көбіне, әсіресе қыз балаларда, бүйрек уриногенді, яғни,өрлеу жолы арқылы зақымдалады. Кейбір авторлар инфекцияның гематогенді таралуын негізгі жол деп есептейді, бұл жағдайда, инфекция әр түрлі ошақтардан /кариес, баспа, отит, өкпе, асқорыту

жолдарының аурулары т.б./ қанға өтеді де интерлобарлы артерияларға, одан әрі милы қабатындағы капиллярлар торына, интерстицияға тарайды. Бүйрек табақшалары мен оны

қоректендіріп отыратын артериялары арасындағы байланысты атап өту керек. Түбекшенің

және форникальды аппараттың ішкі беті уротелиймен қапталған ол табақшаның

күмбезінде босаған кезінде олар уротелийдің клеткаларымен жанасып отырады.

Форникальды веналар өте жұқа және зақымдалады, сондықтан, венаның қабырғалары

зақымдалған кезде инфекциялар тамырлар жағынан да, түбекшелердің форникальды

бөлігі жағынан да, өте бастайды. Бірақ, микробтардың түсіп қана қоюы пиелонефрит емес.

Ол үшін несептің іркілісі, яғни уродинамиканың бұзылуы қажет. Уростаздың себептеріне

– табақшалардың алқымының дискинезиясы, мойынның тарылуы, түбекшелердегі тас,

қосымша тамырдың болуы, несеп жолының тасы, несеп жолын басып жатқан ісік, несеп

жолының ахалазиясы, қуық дивертикулы, уретроцеле, ішектің, қуықтың аневрозы, қуық

түбі безінің туа болған аурулары, үрпі каналының құрылысы, несеп жолының құрылысы,

үрпі каналының сыртқы тесігінің тарылуы, фимоз жҽне т.б. жатады. Бұнда рефлюкстің маңызы үлкен. Рефлюкс дегеніміз – несеп жолы жүйесінің тонусының нервтік реттеуінің әсерінен немесе анатомиялық кемістіктерінің әсерінен несептің кейін түсуі (қайтуы). Кедергі болған кезде пиеловенозды және пиелолимфатикалы рефлюкстер пайда болады да, микробты денелер, түбекшедегі қысым көтерілгендіктен, форникальды бөліктен, оған жақын орналасқан веналар мен лимфа тамырларына түседі. Микробтар әуелі уротелий арқылы табақшаларға, сосын табақшалардан интерстиций (форникальды рефлюкс) немесе өзекшелер /тубулярлы рефлюкс/ арқылы бүйректің дәнекер ткандеріне өтеді

Пиелонефриттің патогенезінің звеноларына төмендегілерді жатқызуға болады.

1. Бактериурия

2. Жергілікті және жалпы иммунитеттің бұзылуы

3. Бүйректегі гемодинамиканың бұзылуы.

4. Уростаз, яғни уродинамиканың бұзылуы.

5. Рефлюкс, ол ацидоздың, эксикоздың, анемияның дамуына әсерін тигізеді, ал олар

бүйректің зақымдануының экстраренальды белгілері болып есептелінеді.

2. Циститтер.Жіктелуі және клиникалық көрінісі.

Цистит – зәр қабының (қуықтың) кілегей қабатының қабынуы. Көбіне ішек таяқшасы немесе патогенді алтын стафилококкпен шақырылады.

Жіктелуі: Ағымына қарай: жедел, созылмалы цистит.

Этиологиясына қарай: -инфекциялық (спецификалық, спецификалық емес), химиялық, физикалық, термиялық, аллергиялық, дәрілік, радиациялық, операциядан кейінгі, паразитарлы

Таралуы бойынша: диффузды және ошақты

Цитоскопияда морфологиялық өзгерісінің сипатына қарай: катаральды, геморрагиялық, жаралы, грануляциялық, фибринозды, некротикалық (гангренозды), флегмонозды, полипозды, кистозды, интерстициальдды

Клиникалық көрінісі: Жедел цистит Цистит баланың мазасыздануынан бастап білінеді. Қасаға үсті ауырсынып, дизуриялық белгілер пайда болады: зәрге отыру сезімі жиі байқалып, жиі (поллакурия), аз мөлшерде, ауырсынып зәр шығару байқалады. Кейде зәрін ұстай алмайды. Егер бала шағымын айта алмайтындай кішкентай болсада, зәр шығырада қатты жылап, содан кейін жаялығының су болуынан білуге болады. Зәр түсі мөлдір емес кейде қызғылт. Циститтің ағымы әртүрлі болады: жеңіл түрлерінен, интосикация байқалатын ауыр түрлері байқалуы мүмкін. 3-5 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарып, зҽрі қалыптасады. Егер 2-3 аптада зәр қалыптаспаса, урологиялық зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Созылмалы цистит: туа біткен және жүре пайда болған зәр шығару жолдарының аурулары бар балаларда (даму ақаулары, кіші жамбаста және қуықта қан айналымның бұзылысы, кристаллурия.т.б) жедел циститті адекватты емес емдегенде созылмалыға ауысады

3. Екіншілік пиелонефриттің жіктелуі, патогенезіндегі өзара ерекшеліктері.

Екіншілік ПН – обструктивті және обструкциясыз болып бөлінеді.

Екіншілік (обструктивті) ПН – органикалық (туа болған, тұқым қуалайтын немесе

жүре пайда болған) және функциональдық уропатиялар кезінде дамитын патология.

Екіншілік (обструкциясыз) ПН – зат алмасу құбылыстары бұзылғанда, туа болған

немесе жүре пайда болған иммунды жетіспеушілікте, эндокриндік ығысуларда, несеп

жолындағы эпителийдің ферменттерінің жергілікті өзгеруінде дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]