- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •1. Жедел пиелонефритке анықтама беріңіз,себептерін атаңыз.
- •2. Созылмалы гломерулонефритке анықтама беріңіз, себептерін атаңыз.
- •3. Нефротикалық синдромға анықтама беріңіз, этиологиясына тоқталыңыз.
- •4. Біріншілік пиелонефрит дегеніміз не, этиологиясы.
- •5. Екіншілік пиелонефрит дегеніміз не, этиологиясы.
- •6.Созылмалы пиелонефритке анықтама беріңіз, себептерін атаңыз.
- •8. Жедел бүйрек шамасыздығына анықтама беріңіз, себептеріне және
- •9. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне анықтама беріңіз, этиологиясын көрсетіңіз.
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •4. Пиелонефриттің клиникалық көрінісі және патогенезіндегі негізгі факторларды
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
5. Екіншілік пиелонефрит дегеніміз не, этиологиясы.
Екіншілік ПН – несеп пассажы бұзылатын бүйрек және несеп
жолдарының органикалық және функциялық өзгерісі кезінде дамитын ПН.
Екіншілік ПН – обструктивті және обструкциясыз болып бөлінеді.
Екіншілік (обструктивті) ПН – органикалық (туа болған, тұқым қуалайтын немесе
жүре пайда болған) және функциональдық уропатиялар кезінде дамитын патология.
Екіншілік (обструкциясыз) ПН – зат алмасу құбылыстары бұзылғанда, туа болған
немесе жүре пайда болған иммунды жетіспеушілікте, эндокриндік ығысуларда, несеп
жолындағы эпителийдің ферменттерінің жергілікті өзгеруінде дамиды.
6.Созылмалы пиелонефритке анықтама беріңіз, себептерін атаңыз.
7. Альпорт синдромы дегеніміз не, себептерін көрсетіңіз. Альпорт синдромы тұқым қуалайтын нефриттің жиі кездесетін түрі өршімелі бүйрек жетіспеушілігімен,
әр түрлі дәрежедегі сенсоневральды естімеушілік және көз кемістіктерімен сипатталатын
(тұқым қуалайтын саңыраулықпен жанұялық нефрит). Ауру полигенді,
тұқым қуалаудың алты нұсқасын бөледі. Ұл балаларда ауру ауырлау өтеді. Келесі
ерекшеліктер тән:
1) Науқастың отбасында нефритпен аурымайтын саңырау адамдардың болуы.
2) Науқаста алғашында эритроцитарлы циллиндрлармен микрогематурияның пайда
болады
3) Науқастың жоғарғы дыбыстарды қабылдауының тҿмендеуі, көз кемістіктері.
4) 75% науқастарда протеинурия және анурия болу мүмкін.
5) Қан сарысуындағы комплемент деңгейінің қалыпты болуы.
6) Аурудың даму барысында қанда креатинин, азот, мочевина деңгейлері жоғарлап,
бүйрек жетіспеушілігінің басқа да белгілерінің пайда болуы.
8. Жедел бүйрек шамасыздығына анықтама беріңіз, себептеріне және
эпидемиологиясына тоқталыңыз.
Жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ) – клиникалық синдромдарының этиологиясы әртүрлі, бүйрек тінінің гипоксиясынан түтікшенің зақымдалуы және интерстициялық тіннің ісінуі, кенеттен, уақытша немесе қайтымсыз бүйректің гемостатикалық қызметінің жойылуы.
ЖБЖ-де келесі ауытқулар тҽн:
- Ағзадағы сұйықтықтың шығуының бұзылысы
- Арытып келе жатқан азотемия
- Электролиттік дисбаланс
- Декомпенсациялық метоболикалық ацидоз.
ЖБЖ-нің этиологиялық факторлары преренальды, ренальды, постренальды деп
бөлінеді.
Преренальды болып бүйректік гипоперфузияға әкелетін себептер есептеледі:
- кезкелген этиологиялық шок себебінен пайда болатын гиповолемия немесе гипотензия
(септикалық, постгеморрагиялық, күйіктік, пострансфузды, анафилактикалық т.б);
- дегидратация ( құсу, диарея, ұзақ және ауыр қызба);
- қанның коллоидоонкотикалық қысымның біршама төмендеуі (нефротикалық синдром-
да, экссудативті энтеропатияда белокты жоғалту).
- перитонит пен асцит.
- іркілістік жүрек жетіспеушілігі.
ЖБЖ-нің ренальды себептері келесілер:
- жедел түтікшелік некроз немесе тубулорексис (каналдың базальды мембранасының
жарылуы);
- дисэлектролитемия, ауыр инфекциялық токсикоз, тамырішілік гемолиз, күйік, үлкен
хирургиялық операциялар, әсіресе жүрекке жасаған кездерде, түтікшенің зақымдалуы;
- гемолтико-уремиялық синдром, тромбоцитопениялық пурпура, сәйкес емес қан құю,
жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің диффузды аурулары, васкулиттегі тамырішілік
блокадалар.
жаңа туған нәрестелердегі бүйрек тамырларының тромбозы, сонымен қатар ересек
жастағы балаларда нефротикалық синдромда;
- гломерулонефрит (ЖГН, тез үдемелі гломерулонефрит);
- біріншілік немесе екіншілік интерстициальды нефрит;
- түтікшенің обструкциясы (уратты, оксалатты, ксантинді, сульфаниламидті нефропатия,
пигментурия);
- бүйректің құрлымдық ақауы (агенезия, поликитоз, бүйрек дисплазиясы)
Постренальды себептерге зәр шығару жүйесінің тастармен, ісікпен бітелуі жатады.
ЖБЖ-нің дамуына әр түрлі жаста әртүрлі себептер болады:
Жаңа туған нәрестелерде:
- ауыр асфиксия мен тыныс бұзылу синдромы ( транзиторлы ЖБЖ);
- Бүйрек дамуының құрылымдық ақаулары;
- Бүйрек тамырларының тромбозы;
- Жайылған құрсақішілік инфекция, сеписисте бүйректің зақымдалуы.
Ерте жастағы балаларда:
- дегидратациямен байқалатын инфекциялық токсикоз;
- әртүрлі этиологиялық шок;
- ТІШҚҰ синдромы;
- ауыр электролитті бұзылыста.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда:
- Интерстициальды нефриттер (инфекциялық, дәрілік, улану жҽне т.б) жҽне БПГН;
- Бүйректің вирусты және бактериальдық зақымдануы;
- Әр түрлі этиологиялы шоктар (күйіктік, жарақатты, трансфузиялық, септикалық);
- ТІШҚҰ синдромы.
Эпидемиологиясы ЖБЖ нәрестелерде 8–24% жағдайда кездеседі, ал нәрестелер арасында бұл сырқаттан өлім-жітім 51–90% құрайды .Патология науқастың ауыр жағдайымен, ағзаның бір немесе бірнеше өмірлік маңызы зор қызметтерінің айрықша шектелуі не толығымен қызмет атқармауымен сипатталады. 85% жағдайда ЖБЖ преренальды себептермен, 12% — бүйрек паренхимасының зақымдалуымен, 3% — хирургиялық патологиямен сипатталады.
