Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nefrologia_kaz_etalon.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.25 Кб
Скачать

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Педиатрия кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.к., аға оқытушы

________Г.Т.Асилбекова

_________________017ж

«Балалар нефрологиясы»

Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары

Түркістан 2017

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

1. Жедел пиелонефритке анықтама беріңіз,себептерін атаңыз.

Жедел пиелонефрит – бүйректің табақша-түбекше жүйесінің және түтікті-

интерстициальды тіндерінің жедел бейарнамалы жұқпалы (инфекциялы) қабынуы.

Этиологиясы: Көбіне, пиелонефрит, жедел респираторлы инфекция кезінде дамиды, себебі, вирусты инфекциялар қан тамырларына, соның ішінде бүйрекке де, капиллярлы токсикалық әсер етеді де, тамырларда іркіліс, веналарда тромб пайда болады және тамырлардың өткізгіштігі бұзылып, бүйректің аралық тіндерінде инфекциялар тұрып қалып, бірте-бірте көбейіп, дами бастайды. Ауруды негізінен ішек таяқшасы, стафилококк, протей қоздырады. Бүйрекке инфекция бірнеше жолдармен, яғни гематогенді, лимфогенді және өрлеу жолдары арқылы таралуы мүмкін. Көбіне, әсіресе қыз балаларда, бүйрек уриногенді, яғни, өрлеу жолы арқылы зақымдалады . Аурудың қоздырғыштары: ішек таяқшалары, клебсиелла, протей, энтерококк, көкірің таяқшасы, стрептококк, стафилококк, вирустар. Аралас флора болуы мҥмкін.

2. Созылмалы гломерулонефритке анықтама беріңіз, себептерін атаңыз.

Созылмалы гломерулонефрит (СГН) – персистирлеуші үдемелі иммунды-

қабынумен, нефрондарды склеротикалық деструктивті зақымдап, тубулоинтерстициа-

льды және жиі созылмалы бүйрек жетіспеушілігін тудырумен сипатталатын алғашқы

гломерулопатиялар тобы.

Этиология. СГН тұқым қуалаушылыққа бейімділікпен сипатталатын біріншілік

созылмалы ауру болып табылады. Триггерлік факторлар болу мүмкін:

- тиімсіз дәрілік емдер ( полипрогмазия, нефротикалық дәрілерді ұзақ қабылдау);

- созылмалы инфекциялық ошақтар

- персистерлеуші вирусты инфекциялар ( гепатит В, цитомегалия, парагрипоздар т.б).

- шектен тыс антигенді жүктемелер (біріккен қайталамалы инфекциялар, иммуно-

глобулиндерді қайталап құю, ретсіз иммунизация жүргізу).

3. Нефротикалық синдромға анықтама беріңіз, этиологиясына тоқталыңыз.

Нефротикалық синдром (НС) – айқын ісікпен жҽне массивті протеинуриямен

(тәулігіне 1,0 г/м2) көрінетін клиникалық-лабораториялық симптомокомплекс.

НС-ның келесі түрлерін ажыратады:

Этиологиясы. НС этиологиясы толық анықталмаған. Болжамды себептері:

 Тұқым қуалаушылық бейімділікке байланысты. Шамамен 50% науқастарда

аллергиялық аурулар жиілігі жоғары, олардың қанында Ig Е деңгейі жоғары.

 Алдын ала егулер, вирусты, стептококкты инфекциялар әсері болу мүмкін.

 Созылмалы жасырын инфекциялар: ГНС- мен ауыратын 10-25% балаларда НВS

антиген жҽне созылмалы гепатит табылады, жиі – цитомегалия жҽне басқада жәй

ағымды вирусты инфекциялар.

 Стрептококктар, лептоспирлер, ВИЧ, малярия, токсоплазмоздар әсер ету мүмкін.

 Ұзақ уақыт құрысуға қарсы дәрілерді қабылдау, Д-пеницилламин, бутамид, ауыр

металлдар препараттарын және т.б. қолдану.

4. Біріншілік пиелонефрит дегеніміз не, этиологиясы.

Біріншілік (алғашқы , обструкциясыз) ПН – бүйректегі несеп пассажының ішкі және сыртқы бұзылу белгілері болмайтын ПН.

Этиологиясы : Пиелонефрит, жедел респираторлы инфекция кезінде дамиды, себебі, вирусты инфекциялар қан тамырларына, соның ішінде бүйрекке де, капиллярлы токсикалық әсер етеді де, тамырларда іркіліс, веналарда тромб пайда болады жҽне тамырлардың өткізгіштігі бұзылып, бүйректің аралық тіндерінде инфекциялар тұрып қалып, бірте-бірте көбейіп, дами бастайды. Ауруды негізінен ішек таяқшасы, стафилококк, протей қоздырады. Несебі стерильді балалар жеке топ құрайды.

Пиелонефриттің бұндай абактериальды түрлерінің дамуының лептоспирлер, вирустар,

саңырауқұлақтар және бактериялардың L-түрлері ықпал етеді. Бактериялар, антибиотик-

тердің әсерінен клеткалық қабығын толық немесе жартылай жоғалтып, L-түріне айналады.

Ал, антибиотиктердің әсері тоқтағаннан кейін L-түрлі бактериалар бұрынғы өзінің

қалпына ене бастайды. Бүйрекке инфекция бірнеше жолдармен, яғни гематогенді, лимфогенді және өрлеу жолдары арқылы таралуы мүмкін. Көбіне, әсіресе қыз балаларда, бүйрек уриногенді, яғни, өрлеу жолы арқылы зақымдалады . Аурудың қоздырғыштары: ішек таяқшалары, клебсиелла, протей, энтерококк, көкірің таяқшасы, стрептококк, стафилококк, вирустар. Аралас флора болуы мҥмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]