Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айк-ортодонтия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.54 Кб
Скачать

4.Френкел аппаратының I-II түрі жақ аномалиясының қандай түрлерінде қолданылады және жұмыс істеу принціпі?

Френкель аппараты ұрттық екі қылқаннан, еріндік пилоттан (ілмек) осы екеуін байланыстыратын каркас пен вестибулярлы және лингвалды доғадан, таңдайлық бюгельден және басқа майда бөлшектерден құралған. Ұрттық қылқандар тістерден және альвеоладан қашықтықта орналасып, беттің жұмсақ тіндерін ығыстырып, жақтың трансверсальді бағытта өсуіне мүмкіндік жасайды. Еріндік пилот ерінді апикальді бағытта ығыстырып, жақтың сагиттальді бағытта өсуіне мүмкіндік жасайды. Осылармен қатар ерінді, тілді тістеу, саусақ сору сияқты әдеттер жойылады. Каркас ауызмаңындағы және ауызішілік бұлшық еттердің қысымын тіс қатарына береді де, тісті дұрыс бағыттап, тістемнің дұрысталуына септігін тигізеді. Френкель аппараты қалпына қарай әртүрлі тістем аномалияларында қолданылады. Бет және еріннің тіс қатарына беріп жатқан қысымын жояды, еріннің түйісуін, тілдің орналасуын реттейді. Автор регулятордың 3 типін ұсынған:

Френкель I тип – терең тістемде, дисталды тістемде , тістердің тығыз орналасуы кезінде қиылысқан тістемде қолданады.Екі жанама қалқан, екі жарықша төменгі ерінге, вестибуляр доға, тіл доғасы төменгі жаққа, ит тістерге ілмектер жоғарғы жаққа қолданады.

Френкель II типі – дисталды тістемде, жоғарғы жақтың алдыңғы тістері таңдайға қисайған кезде қолданады. Екі жанама қалқан, екі жарықша төменгі ерінге, тіл қалқанынан тұратын аппарат.

5. Тіс қатарындағы тістердің саны және орналасу аномалиясының клиникасы мен диагностикасы, емделуі.

Тіс аномалиялары- жеке тістердің, тіс қатарының немесе тістемнің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылыстары. Тіс аномалияларының себептері алуан түрлі, және олар шартты түрде эндогенді және экзогенді болып ажыратылады. Эндогенді себептерге генетикалық және эндокриндік факторлар жатады. Генетикалық көріністер балаға ата-анасынан беріледі және келесі аурулар ретінде көрінуі мүмкін: жоғарғы еріннің, жұмсақ және қатты таңдайдың жырықтары, Шерешевский-Тернер синдромы, Секкель синдромы, Даун синдромы,жетілмеген амелогенез, Стейтонг-Кандепон синдромы және т.б. Эндокринді факторлар тіс-жақ жүйесінің түзілуіне айтарлықтай әсер етеді. Мәселен гипотиреоз кезінде тістің шығу, ауысу мерзімдері кешеуілдейді, кіреуке гипоплазиясы, жақ деформациясы мен остеопорозы, адентия дамуы ықтимал.

Экзогенді себептер пренатальді, интранатальді, постнатальді және жалпы, жергілікті болып бөлінеді. Жалпы пренатальді факторларга дамып жатқан ұрыққа сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері жатады:жүктілік токсикозы,құрсақішілік инфекциялар, амниотикалық ауырлық, жүктілік кезіндегі стресс жағдайлар және т.б. Интранатальді факторларға босану кезіндегі қиындықтар: нәресте асфиксиясы, бассүйекішілік жарақаттар, қағанақ суының ерте кетуі және т.б. постанатальді факторларға бала туылғаннан кейіінгі аурулары, соның ішінде рахит, гиповитаминоз, таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, т.с.с .

Тістер санының аномалияларына гипердонтия, гиподентия және адентия(жартылай, толық) жатады. Гипердонтия тістер санының артуымен сипатталады. Оның салдарынан тістер тіс қатарына симай, одан тыс(оральді, вестибулярлы) орналасуы мүмкін. Артық шыққан тістерді жұлып алып тастау керек, ал егер ол тістер басқа тістердің шығуына, орналасуына зардабын тигізбесе оны сақтап қалуға болады. Гиподонтия-тістер санының кем болуы. Оның ауыр түрі-адентия. Адентияның салдарынан сөйлеу және шайнау қызметтері бұзылып, эстеткаға зиян тигізеді. Адентияны жоюдың негізгі әдісі тістері алынатын немесе алынбайтын ортопедиялық конструкцияларды(протездерді) қолдану болып табылады. Тістердің орналасу аномалиялары: Дистопия — дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан шет шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішіне не гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмкін. Онда тісті суырып алып тастау керек. Дистопияның түрлері:

Транспозиция- тістердің тіс қатарында орын ауысып кетуі. Мысалы: ит тіс премолярдың орнында не премоляр ит тістің орнында, т.б

Супрапозиция- тістердің окклюзиялық түйісуден жоғары орналасуы.

Инфрапозиция- тістердің окклюзиялық түйісуден төмен орналасуы.

Тортоаномалия- тістің вертикальді осьімен айналып кетуі.

Френкел аппаратының әрбір түрінің жұмыс істеу принціпі. және қолдануға көрсеткіштері.

Френкель аппараты ұрттық екі қылқаннан, еріндік пилоттан (ілмек) осы екеуін байланыстыратын каркас пен вестибулярлы және лингвалды доғадан, таңдайлық бюгельден және басқа майда бөлшектерден құралған. Ұрттық қылқандар тістерден және альвеоладан қашықтықта орналасып, беттің жұмсақ тіндерін ығыстырып, жақтың трансверсальді бағытта өсуіне мүмкіндік жасайды. Еріндік пилот ерінді апикальді бағытта ығыстырып, жақтың сагиттальді бағытта өсуіне мүмкіндік жасайды. Осылармен қатар ерінді, тілді тістеу, саусақ сору сияқты әдеттер жойылады. Каркас ауызмаңындағы және ауызішілік бұлшық еттердің қысымын тіс қатарына береді де, тісті дұрыс бағыттап, тістемнің дұрысталуына септігін тигізеді. Френкель аппараты қалпына қарай әртүрлі тістем аномалияларында қолданылады. Бет және еріннің тіс қатарына беріп жатқан қысымын жояды, еріннің түйісуін, тілдің орналасуын реттейді. Автор регулятордың 3 типін ұсынған:

Френкель I тип – терең тістемде, дисталды тістемде , тістердің тығыз орналасуы кезінде қиылысқан тістемде қолданады.Екі жанама қалқан, екі жарықша төменгі ерінге, вестибуляр доға, тіл доғасы төменгі жаққа, ит тістерге ілмектер жоғарғы жаққа қолданады.

Френкель II типі – дисталды тістемде, жоғарғы жақтың алдыңғы тістері таңдайға қисайған кезде қолданады. Екі жанама қалқан, екі жарықша төменгі ерінге, тіл қалқанынан тұратын аппарат.

Френкель III типі – пронгения, терең тістемде немесе төменгі жақтың алдыңғы тістері терең жабуында, жоғарғы жақтың алдыңғы тістерді.Екі жанама қалқан, екі жарықша жоғарғы ерінге , төменгі жақтың кіреберіс беткейіне доға, окклюзиялық қапсырма жанама тіске таңдай доғасы, жоғарғы жақтың алдыңғы тістеріне , ерін жарықшақ және жанама қалқанды қосатын сым.

7.Тіс қатарындағы тістердің пішіні мен көлемінің аномалиясының клиникасы, диагностикасы, емделуі. Тіс аномалиялары- жеке тістердің, тіс қатарының немесе тістемнің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылыстары. Тіс аномалияларының себептері алуан түрлі, және олар шартты түрде эндогенді және экзогенді болып ажыратылады. Эндогенді себептерге генетикалық және эндокриндік факторлар жатады. Генетикалық көріністер балаға ата-анасынан беріледі және келесі аурулар ретінде көрінуі мүмкін: жоғарғы еріннің, жұмсақ және қатты таңдайдың жырықтары, Шерешевский-Тернер синдромы, Секкель синдромы, Даун синдромы,жетілмеген амелогенез, Стейтонг-Кандепон синдромы және т.б. Эндокринді факторлар тіс-жақ жүйесінің түзілуіне айтарлықтай әсер етеді. Мәселен гипотиреоз кезінде тістің шығу, ауысу мерзімдері кешеуілдейді, кіреуке гипоплазиясы, жақ деформациясы мен остеопорозы, адентия дамуы ықтимал.

Экзогенді себептер пренатальді, интранатальді, постнатальді және жалпы, жергілікті болып бөлінеді. Жалпы пренатальді факторларга дамып жатқан ұрыққа сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері жатады:жүктілік токсикозы,құрсақішілік инфекциялар, амниотикалық ауырлық, жүктілік кезіндегі стресс жағдайлар және т.б. Интранатальді факторларға босану кезіндегі қиындықтар: нәресте асфиксиясы, бассүйекішілік жарақаттар, қағанақ суының ерте кетуі және т.б. постанатальді факторларға бала туылғаннан кейіінгі аурулары, соның ішінде рахит, гиповитаминоз, таңдай бадамшаларының гипертрофиясы, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, т.с.с .

Тіс пішінің аномалияларына: Гетчинсон тістері - жоғарғы жақтын ортаңғы күрек тістері сауыты отвертка және бөшке тәріздес түрде (мойын жағы кесетін қырға қарағанда үлкен) және кесетін шеттерінде жарты айшық терізді ойықтар болады. Фурнье тістері. Ортаңғы күрек тістері сауыты отвертка тәріздес, бірақ кесетін шеттерінде жарты айшық терізді ойықтар болмайды. Гетчинсон және Фурнье тістері көбінесе туа біткен мерезде болады. Пфлюгер тістері – бірінші молярлардың сауытының мойын бөлігі, шайнау беткейіне қарағанда үлкен, ал төбешіктері жетілмеген және бірігіп келіп тіске конус тәрізді түр береді. Тіс көлемінің аномалияларына: макродентия-тіс көлемінің қалыптыдан үлкен болуы және микродентия-тіс көлемініің кішіреюі жатады.

8.Тістердің қатты тіндері құрылымының аномалиясының клиникасы, диагностикасы, емделуі. Бұл аномалияларға гипоплазия, гиперплазия және флюороз жатады. Тіс тіндерінің гипоплазиясы бала және ұрық организміндегі минерал және белок алмасуының бұзылуы кезінде (жүйелі гипоплазия) немесе тіс ұрығына жергілікті әсер етуден (жергілікті гипоплазия) пайда болады. Гипоплазия – тістердің немесе оның тіндерінің дамымауынан болатын, даму ақауы. Аплазия – тістің, оның бір бөлігінің немесе барлық кіреукенің туа біткен болмауы. Этиологиясы: Гипоплазия ұрық ағзасына ауырған аурулар, жүкті ананың зат алмасуының бұзылуы немесе бала ағзасына ауырған аурулар мен тамақтанудың бұзылуынан пайда болады. Уақытша тістердің гипоплазиясы көбінесе баланың өмірінің алғашқы аптасында немесе алғашқы айларында ауырған аурулардың әсерінен пайда болады да, ол уақытша ит тістер мен молярлардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Гипоплазия келесі клиникалық түрлерге бөлінеді:

Гипоплазияның дақты түрінде шекарасы айқын ақ түсті дақ болады, беткейі жылтыр тегіс, тіс сауыттарының деңгейінде симметриялы орналасқан. Симметриялық тек дақтын орналасуымен ғана емес, сондай-ақ оның түрі және көлемімен сипатталады.

Гипоплазияның эрозияланған түрі тіс сауытының әр жерінде шектелген бөлікте кіреуке қатпарының жұқаруымен сипатталады. Ақаулар әр түрлі, бірақ көбінесе дөңгелек пішінді, тістерде симметриялы орналасады.

Гипоплазияның жолақты түрі кесу қырына параллель орналасқан әртүрлі көлемдегі кіреукедегі жолақты тереңдіктер түрінде көрінеді. Жолақтың түбінде кіреуке қатпары жұқарған, кейде тіпті мүлдем болмайды.

Гипоплазияның аралас түрі жеке тістерде ақ түсті дақтармен эрозиялардың ауысуымен және тіпті бір тісте жолақтар, эрозиялар және дақтардың болуымен сипатталады. Соңғы жылдары ол жиі кездеседі, сондықтан кіреукенің зақымдануын нақтамалауда қиындық тудырады.

Жергілікті гипоплазия бір тіс кей жағдайда сирек 2 тістің тінінің дамуының бұғылуымен сипатталады. Оның пайда болуы себебі фолликула дамыған кезде механикалық жарақат әсерінен немесе сүт тістердің созылмалы периодонтиті кезінде фолликулаға биогенді аминдер және инфекция ену салдарынан болуы мүмкін. Уақытша тістерде жергілікті гипоплазия байқалмайды. Тіс ұрығының механикалық жарақаты жақ сүйегі сынғанда, уақытша тістің ендірілген және толық емес таюы кезінде пайда болады. Уақытша тістің түбір аймағына тараған қабыну процессі, жергілікті гипоплазияға себеп болады, премолярлар ұрығы жиі зақымданады, себебі, олар уақытша тістердің түбірлері арасында орналасады. Жергілікті гипоплазия бортәріздес дақ немесе нүктелі тереңдікте барлық беткейде орналасады. Ауыр жағдайларда кіреуке аплазиясы болуы мүмкін.

Емдеуі . Балалар стоматологиялық практикасында гипоплазияның алдын алу және емдеу үшін кальций, фосфор препараттары және витаминдер тағайындалады. Дәрілік препараттарды тағайындаған кезде дәрігер-стоматолог баланың жасын ғана емес, сонымен қатар ағзалар мен жүйелердің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін, иммунитет жағдайын, организмнің жеке реактивтілігін ескеруі қажет. Реминералдаушы терапияны көлемі 4-5мм ақ дақтар болған кезде арнайы схемамен 8-16 ай аралығында жүргізу қажет. Практикалық дәлеледерге байланысты, реминералдаушы терапияның әсерінен дақтың көлемі 2-3 ай аралығында 1,0-1,5 мм-ге дейін азаяды.Гипоплазия кезінде ем бір жылға тағайындалады, оның қорытындысын және емдік шаралардың жүргізілу нәтижесін 1,5-2 ай сайын тексеріп отырады. Науқас 3 ай кальций глицерофосфат, поливитаминдер, антиоксиданттар курсын қабылдайды да, 3 ай үзіліс жасайды. Науқасты ауыз қуысы гигиенасына үйретеді және күніне 2 рет тістерін тазалау және гипоплазия ошақтарына аппликация жасау үшін құрамында фосфаты бар тіс сықпаларын тағайындайды (барлық емдеу аралығында күніне 15 мин). Кіреукенің гипоплазияланған ошақтарын пломба салу арқылы жоюға болады.

Гиперплазия – кіреукенің тамшыға ұқсап артықша пайда болуы. Олар тұрақты және сүт тістердің мойын бөлігінде, мөлшері 4 – 5 мм диаметрде болады. Көрінісінен кіреукеге ұқсаған, қырып көргенде кейде дентин түзілісін көреміз. Ешқандай кедергі көрсетпегендіктен, оларға көңіл бөлінбейді. Эстетикалық пайыммен қырып алып тастап, фторлак жағып қоямыз.

Жетілмеген амелогенез – тістердің жетілуімен минерализациясының бұзылуынан келіп шығады. Кіреуке пайда болуы, призмалардың орналасуы бұзылып, олардың ара қашықтығы кеңейіп, аморфты заттармен толады. Ол сүт және тұрақты тістердің түзілісі жүйелі өзгеріп, түсінің өзгеріп, жартылай және толық тіндердің болмауы. Сондықтан тіс сауыты сарғыш тартып, тез жейіліп, дентин ашылып қалады да, термиялық тітіркендіргіштерден ауырады.

Науқастың басқа жүйелерінің ауруы байқалмайды.

Патологиялық үрдіс 4 түрге бөлінеді:

- шамалы сандық және сапалық өзгеріс болады: онда тістер қалыпты формада және мөлшерде, кіреуке тегіс, жылтыр, бірақ сарғыш тартқан не аш – қоңыр түсте, құрамында органикалық заттар көбейген болады.

- өзгерістер айқындалған: тістер өз уақытында шығады, алдын сауыты қалыпты түсте болады, кейіннен 1 – 3 жылда кіреуке бұлың-ғыр тартып, аш – қоңыр түске еніп, кіреуке жоғалады.

- тістер өз уақытында шығады, сауыт мөлшері қалыпты жағдайда болады, кіреуке түсі ақ, бірақ жолақтары көп болады. Кіреуке барлық тістерде тез жоғалып, қоңыр дентин көрініп қалады.

- тістердің көрінісімен мөлшері қалыпты болып, тіс шыққан кезде кіреукенің түсі бор тәрізді болып, жылтыры болмайды, кейбір жерлерде кіреуке болмайды. Механикалық әсерден дентиннен оңай ажрайды да термиялық тітіркендіргіштерге сезімтал келеді.

Флюороз – эндемиялық ауру, ішетін суда және жер қыртысында фтордың құрамы жоғары жерлерде тұратын адамдарда байқалады. Фтор адам ағзасының барлығының құрамына кіреді, негізінен тістерде және сүйектерде болады. Флюороздың ерте көріністерінің бірі болып тістердің зақымдануы жатады. Ішетін судағы фтордың оптимальды құрамы 0,8-1,2 мг/л. Ішетін суда және тағам өнімдерінде фтор көп болған сайын, флюороз жиі, ал кариес сирек дамиды. Флюорозбен эндемиялық ошақта тұратын немесе оған 3-4 жасында орналасқан балалардың қатты тіндерінің минералдануы кезеңіндегі тұрақты тістер (сүт тістер сирек) зақымданады. Флюороз біріншіден, жоғарғы жақ сүйегінің күрек тістерінде және премолярларда байқалады, төмеңгі жақ сүйегінде сирек кездеседі. Құрамында 2 мг/л фторы бар ішетін суды қабылдағанда флюороз дамиды. Егер судағы фтордың концентрациясы 6 мг/л асса, онда қалыптасқан тістерде де өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Зақымданған ошақтардағы тістердің кіреукесі өзінің жылтырлығы мен мөлдірлігін жоғалтады да, күңгірттенеді, ол кіреукенің сәуле өткізу ерекшелігімен, яғни созылмалы фторлы интоксикацияның құрылысының бұзылуымен түсіндіріледі. Флюороздың жеңіл түрлері бар науқастарда тіс сауыттарының ерін беткейлерінде шектелген бөліктерде ұсақ жеке дақтар анықталады. Мұндай өзгерістер судағы фтордың мөлшері аса жоғары емес кезде пайда болады (1 мг/л дейін). Басқа балаларда фтордың мөлшері осындай кезде, дақтар өте көп, кіреукенің әжептәуір бөлігін алып жатады және сауытты қарау кезінде көрініп тұрады. Фтордың мөлшері 1,5 мг/л болған кезде дақтардың түсі ақшыл-сары түсті болады.

Тістердің флюорозы бес дәрежеге бөлінеді.

Штрихті түрі. Эмальдың перикимат аймағында орналасатын әлсіз байқалатын жолақтардаң пайда болуы тән, флюороздың бұл түрімен көбіне жоғарғы жақтын ортаңғы және бүйір күрек тістері, сирек төменгі жақтын осы тістері зақымданады. Процесс тістің вестибуляры бетін алып жатады.

Дақты түрі— күрек, ит, кіші және үлкен азу тістердің кіреукесінің өзгерістері едәуір айқын және тіс сауытының әр түрлі бөлімдеріне орналасатын бортәрізді дақ түрінде пайда болады. Дақтың боялу белсенділігі оның орталық бөлімдеріне едәуір айқын дақтың шеттеріне қарай біртіндеп өткір шекарасыз қалыпты кіреукеге ауысады. Кіреукенің бор тәрізді дақ аймағындағы беткейі тегіс, жылтыр. Кейде тіс сауытының жекелеген бөлімшелерінде ашық қоныр және көмескі қоныр түсті жекеленген пигментация бөлімшелері болады.

Бортәріздес-теңбілді түрі. Негізінен, барлық топтағы тістер зақымданады. Зақымданудың клиникалық көрінісі әр түрлі. Кейде тіс сауытының барлық беткейі пигменттелген, бор тәріздес, жылтырлығын сақтайды, бірақ көбінесе күңгірт түсті болады. Кейде кіреуке пигментациясының жеке ошақтары ақшыл-қоңыр немесе қою-қоңыр түсте болады. Дақтар фронтальды тістердің вестибулярлы беткейінде орналасады.

Кіреуке беткейінің жылтырлығын жоғалтқан жағдайда, онда кіреукеде кішігірім дөңгелек пішінді ақаулар диаметр 1,5мм, тереңдегі 0,1-0,3мм ашық –сары немесе көмескі түсі байқалады

Эрозияланған түрі — тіс тіндерінің ауыр зақымдануы, бұл кезде кіреуке дистрофиясы және пигментациясы күрт айқындалған (кіреуке қатпарының бортәріздес өзгеруі). Аздаған теңбілдердің орнына біршама ауқымды және терең ақаулар – эрозиялар пайда болады. Эрозиялардың теңбілдерден айырмашылығы әр түрлі болады. Кіреуке тіпті дентинге дейін желінуі анықталады.

Деструктивті түрі судағы фтордың құрамы көп болатын, флюороздың эндемиялық ошақтарында кездеседі (10—20 мг/л). Флюороздың күрт айқындалған көріністерімен қатар, эрозияның, тістің жеке бөліктерінің желінуі және сынуының әсерінен сауыт түрлерінің өзгерістері байқалады. Бұл түрінде тек кіреуке ғана емес, сондай-ақ дентиннің де зақымдануы пайда болады.

Флюорозды емдеу. Флюороздың терапиясы патологиялық процесстің сатысына байланысты болады. Флюороздың жеңіл және орташа түрлерінде ағарту қолданылады, ашық емес дақтар кіреуке микроабразиясы арқылы алынады. Ауыр түрлерінде ақауларды пломбалау қажет немесе сауыттар дайындау қажет. Құрамында кальций бар, бірақ фторы жоқ тіс сықпаларын қолдану ұсынылады. Тек кіреукенің түсі өзгерген флюороз кезінде реминералдаушы терапияны қолдана отырып, ағарту жүргізген тиімді болады. Емдеу кезеңінде ішке кальций препаратын қабылдау ұсынылады. Кіреукенің табиғи жылтырлығының қалыптасуы 6-8 ай аралығында байқалады. Емдеу курсын пигменттелген дақтардың пайда болуынан бастап қайталау қажет. Жеке гигиена ережелерін мұқият ұстау, реминералдаушы әсері бар сықпаларды қолдану ұсынылады.

Эрозияланған және деструктивті түрлерінде тістің түрін және түсін қалыптастыру әдістері кеңінен қолданылады.

Кейде кіреуке ақауын тегістейді, кейде композитті фотополимерлермен пломбаланады. Флюорозды болдырмауда, сыртқы (фтордың көп болуы) және ішкі ортаның (зат алмасуының бұзылуы) жағымсыз әсерелерін жоюға бағытталған алдын алу шаралары аса маңызды орын алады.

9. Тіс жақ ауытқуларында миогимнастикалық әдіспен емдеу шаралары. Миогимнастика өзін өзі емдейтін емдеу әдісі немесе арнайы апараттар қолданбай емделетін әдіс. Ол 3-тен 7 жас аралығында тиімді. Миогимнастика емінің тиімділігі емнің дұрыс және кунделікті емдеуші дәрігердің бақылауында болғанымен байланысты. Миогимнастиканың маңызы:

Бет жақ аймағының бұлшықетінің сагитальді ауытқулы тістесу кезінде ауызбен дем алу бет сүйегінің қалыптасуының және мойын бұлшықеттерінің тонусы мен дамуының бұзылысына алып келеді. Осының нәтижесінде күштің таралуы кезінде мойын омыртқаларының қисаюы болады,ол III-IVмойын омыртқалары деңгейінде айқын көрінеді. Тіл асты сүйегінің орналасуы және бас сүйектің омыртқаға қатынасы өзгеді,сонымен қатар кейде омыртқа бағанасы мен кеуде торыда өзгереді.

Ауыз айналасындағы және дем алатын бұлшықеттердің қызыметін қалпына келтіру үшін арнайы балаларға арналған үрмелі аспаптармен ойындар түрінде жаттығулар жасауға болады. (Гусарова А.Е.).Бастапқы қалып: науқас орындықта отырып қолына жіңішке мундшутты ойыншық саксафон бар. Балаға келесідей дыбыстарды кезектілікпен шығару ұсынды:

1 — жай дыбысты максимальді ұзақтылығына байланысты шығару , 2 — ораша дыбысты максимальді ұзақтылығына байланысты шығару 3 — ұзақ және максимальді қатты дыбыс шығыру,

1 — дыбысты біртіндеп жоғарылата отрып шығыру , 2 - дыбысты біртіндеп төмендете отрып шығыру , 6 — табиғи соль мажор гаммасын әр түрлі дыбыс қарқындылығымен орындау (жай, орташа, қатты), 7— гамманы біртіндеп жоғарылайтын,сосын біртіндеп төмендейтін дыбыс шығару,

Бірінші комплекс. Жаттығулар баяу темпте 1-2-3-4 санаумен,10-15 рет қайталау керек. 1 жаттығу. Тілді жоғары көтеріп алдынғы қатты таңдай бөлігіне қояды. Тілді қатты таңдай жігі бойымен максимальді жұмсақ таңдайға артқа ауыстыру. 2 жаттығу. Тілді жоғары көтеріп алдынғы қатты таңдай бөлігіне қояды. Тілді тістердің таңдайлық беткейіне оңға және солға қозғалтып,ұшымен әр бір тіске тигізу керек.

3 жаттығу. Тілді максимальді алға созып оны оңға солға қозғалту керек.

Екінші комплекс. Жұтынуды итеру сатысында жаттықтыру.

1 жаттығу. Тілді жоғары көтеріп таңдайдың ортаңғы тігісіне орналастырып тіл ұшымен таңдайды ұру керек.

2 жаттығу. Ауызға су толтырып,еріндерді қосып, тістерді тістеп,тілді жоғары көтеріп алдынғы тістердің төмпешіктері аймағында тілмен тіреліп суды жұту керек (бүкіл мимикалық бұлшықет топтары «тыныштық«сатысында болу керек).

Тіл бұлшықеттері үшін жаттығулар:

Бастапқы қалып: айна алдында түзу отырып,басын тік ұстап,иықтарыназдап артқа жіберіп,кеудені алға жылжытып,ішті тартып,тізесін иіп,аяқтарын біріктіріп, табандры бірге ұстап;

N 1 жаттығу. «сағат». Ауызды ашып тілмен жоғарғы ерін үстіне жеңіл айналмалы қозғалыстар,сосын төменгі ерінде жасау;

- N 2 жаттығу. «тынымсыз тілді жазалау». Тілді төменгі ерінге қойып «на на» деп жоғарғы ерінмен ұру;

- N 3 жаттығу. «шатырды бояу». Тілдің көмегімен таңдайды бояймыз...;

- N 4 жаттығу. Қарқынды жұмыс істеп жатқан балғаны изобразить. ДДДД...;

- N 5 жаттығу. «Атшылар". Столға атқа откандай отырып ауызды барынша ашып тілмен шықырлату керек;

- N 6 жаттығу. Тілді жоғары көтеріп қатты тыңдайдың алдынғы бөлігінде таңдай қатпарлары аймағына басу керек. Тілдің қалпын устап тұрып тісті тістеп сілекейді жұту керек;

- N 7 жаттығу. Тілдің ұшын жоғары көтеріп қатты тыңдайдың алдынғы бөлігінде оналастырады. Тілді қатты таңдай жігі бойымен артқа жұмсақ таңдайға дейін максималді қозғалту керек;

- N 8 жаттығу. Тілдің ұшын жоғары көтеріп қатты тыңдайдың алдынғы бөлігіне орналастырып,тілді тістердің таңдай бетіне әр тістке тие отырып оңға солға қозғалту керек.

Дем алу қызыметін қалпына келтіру:

Жаттығулар таңғы жаттығуда,дене шынықтыру сабағында,демалып жүргенде жсалынады. И.п.: дұрыс омыртқаның жағдайы – басты және денені түзу ұстап,ал иық сәл артқа және төмен,ішті тартып,кеудені алға ,тізе буындары түзетілген. 1. Толық дем алу. Ұзақ демді мұрынмен ішке тарту. Демді ішке тартқан кезде іш үріліп,кеуде қуысы кеңейеді. Ал демді мұрын арқылы шығарғанда керсінше бірінші кеуде қуысы кішірейіп,сосын іш тартылады. 2. Кеудемен дем алу. Терең дем алу. Мұрын арқылы созылған дем шығару.Бұл уақытта кеуде қуысы кеңейіп,құрсақ қуысы тартылады. 3. Ішпен дем алу. Дем алып. Мұрын арқылы созылған дем алу. Бұл кезде іш ісінеді. Ал демді шығарғанда (мұрын арқылы) іш тартылады. 4. Толық ұзартылған дем шығару. Орташа жылдамдықта жүру. Тек мұрын арқылы ғана демді шығарып және дем алу керек. Үш қадамда – демді шығару, төрт қадамда – дем алу. 3-4 күнен кейін демді шығару есебін бір өлшемге көбейту керек (5-6). 5. Кезекпен бір мұрын түтігімен демді шығарып және дем алу керек. Басқа мұрын түтігін саусақпен жауып қойуға болад. Жұтқыншақ бұлшықетін жақсарту: Жаттығулар таңғы жаттығуда,дене шынықтыру сабағында орындалад. И.п.: арқаны тік ұстап,қолдарды белге қоямыз 1. Алға еңкейіп басты кезегімен максимальді артқа итеру керек. 2. Басты артқа итеріп. Осы қалыпта иекті түсірмей кезектестіріп басты оңға және солға бұрады. 3. Басты артқа итеріп. Осы қалыпта кезегімен оң және сол иыққа қояды.

Емнің қорытындысы: Жақтардың өсуі қалпына келтірілді, тіс қатарында тұрақты тістердің дұрыс шығуына кеңістіктер пайда болды. Беттің эстетикасы қалпына келтірілді.Дыбыс шығаруы қалыпты.