Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айк-ортодонтия.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.54 Кб
Скачать

2. Тіс доғалары формасын Хаулея-Гербера- Гербест диаграмма әдісі бойынша зерттеу.

Хаулея-Гербер-Гербст диаграммасы графикалық диагностика әдісіне жатады. Диаграмманы құрастыру үшін қажет:

Үш жоғарғыалдыңғы тістердің(орталық, бүйір күрек тістер мен ит тіс) мезиодистальді өлшемін анықтау, ол АВ радиусы болып табылады.

В нүктесінен АВ радиусын айналдыра шеңберлеу.

АВ радиусы айналасындағы А нүктесінен АС және АД қиындыларын бөліп қою. САД доғасы алты фронтальді тістердің қисық орналасуы болып табылады. Бүйір тістердің орналасуын анықтау үшін тағы да бір шеңбер сызу қажет. Ол үшін:

АЕ диаметрінен Е нүктесінен С және Д түзулерін А нүктесіндегі шеңберге жанасқанға дейін жүргізу керек. Алынған теңқабырғалы EFG үшбұрышының қабырғасы көмекші шеңбердің радиусы болып табылады.

АЕ диаметрін жалғастырып,теңқабырғалы EFG үшбұрышының қабырғасына тең АО радиусын бөліп алып, көмекші шеңберді сызу.

АМ диаметрінің М нүктесінен J және H нүктелерінен АО радиусын бөліп алу.

Н нүктесі мен С нүктесін және J мен д нүктелерін қосып, НСАД J қисығын шығару, ол Хаулей бойынша тіс қатарының қисығы болып табылады.

Гербст Гербердің принципін қосып, бүйір түзу бұтақтарды CN және ДР доғаларымен алмастырды. Бұл доғалардың ортасы АМ диаметріне перпендикуляр диаметрде жатқан L жәнеK нүктелері болып табылады. CN доғасын LС радиусымен сипаттайды, ал ДР доғасын- КД радиусымен. Осылайша Хаулея-Гербер-Гербст NCADP доғасы дөңгелектенген бүйір бұтақтардан тұрып, жоғарғы тіс қатарының қалыпты қисығы болып табылады.

3. Дерхсвайлер аппараты қандай аппараттар түріне жатады және жұмыс істеу принціпі.

Дерихсвайлер аппараты – алынюайтын механикалық аппарат болып табылады және жоғарғы тіс қатарының ең тарылған аймағындағы тістерге(жиі премолярларға) жасалған сақина немесе коронкалардан тұрады. Оған сымды арматураны дәнекерлеп, соңдарын пластмассалы базиске жалғайды. Таңдайдың орта линиясына кеңейткіш винтті бекітеді. Винттің активациясын 2-3 күн сайын арнайы кілтпен таңдай тігісінде кішкене ауыру сезімі пайда болғанша бұрайды. Винттің күші базис арқылы альвеола өсіндісіне, ал сым мен коронка арқылы тістерге беріледі. Аппарат жоғарғы жақтың кеңеюін тездетеді (1,5-3 апта аралығында). Жақ кеңейгеннен кейін ұзақ ретенционды кезең қажет болады (6 айдан кем емес). Бұл аппаратты қолданғанда диастема пайда болады, оны орталық күрек тістерді медиальді ауыстыру арқылы қалпына келтіруге болады. Базис астындағы шырышты қабаттың жағдайын бақылау үшін винтті түссіз пластмассадан дайындаған дұрыс.

3. Хорошилкина апппаратын сипаттап беріңіз және жұмыс істеу принціпі.

Хорошилкина апппарты таңдай тігісін кеңейтуді жылдамдаттыру үшін қолданады. Ол 2 бөліктен тұрады: алынбайтын және тістер мен альвеола өсіндісіне қысым түсіретін алнатын тірек бөлігі.

Алынбайтын бөлік-ит тістерге, молярларға, премолярларға цементпен қатырылатын сақина немесе коронкалардан тұрады. Олар бір-бірімен сымнан жасалып дәнекерленген вестибулярлы доғалармен тығыз байланысқан болады. Бірінші премоляр мен молярларға арналған тірек металл коронкалардың таңдай бетіне екі-екіден вертикал орналасқан параллельді трубкаларды (саіылауының диаметрі 1 мм) дәнекерлейді. Вертикальді трубкалардыорнату үшін параллелометрді қолданады. Ол ортодонтиялық аппараттың алынбайтын бөлігінде трубкалардың параллельді орнатылуын, олардың дәнекерленгеннен кейінгі орналасуын және параллельдігін нақтылауды қамтамасыз етеді. Қатты ортодонтиялық сымнан ілмектәрізді етіп қиындыларды майыстырып алады (диаметрі 1мм). Оның қысқа жағын трубкаға тіс қатарының окклюзионды бетінен енгізеді, ал ұзын жағын альвеолды өсінді 0,5-0,7 мм аттап трубканың бүйірінен майыстырады. Екінші премолярдың сауытының тілдік бетіне қысым түсіру үшін сым қиындыларын кертпемен майыстырады.

Алынатын бөлік – пластмассадан жасалған базистен тұрады, онда кеңейткіш винт пен металл арматураны бекітеді. Металл арматураны бұрағанда тістер мен альвеола өсіндісіне қысым беріліп, оның тірек тістердің парадонтына біркелкі таралуына әсер етеді. Винттен үнемі қысым түсіп тұратындықтан аппараттың алнбайтын бөлігі жоғарғы жақта нық ұсталынып тұрады. Аппараттың әрекет ету принципі Дерихсвайлер аппартымен бірдей.