- •1.Пона-Линдера-Харта әдісі бойынша тіс қатарының енін анықтап беріңіз.
- •2. Тіс доғалары формасын Хаулея-Гербера- Гербест диаграмма әдісі бойынша зерттеу.
- •3. Дерхсвайлер аппараты қандай аппараттар түріне жатады және жұмыс істеу принціпі.
- •3. Хорошилкина апппаратын сипаттап беріңіз және жұмыс істеу принціпі.
- •4.Френкел аппаратының I-II түрі жақ аномалиясының қандай түрлерінде қолданылады және жұмыс істеу принціпі?
- •5. Тіс қатарындағы тістердің саны және орналасу аномалиясының клиникасы мен диагностикасы, емделуі.
1.Пона-Линдера-Харта әдісі бойынша тіс қатарының енін анықтап беріңіз.
Пон-Линдер-Харт әдісі балалардағы аралас және тұрақты тістемдегі тіс қатарының енін анықтауда қолданылады. Пон (Pont) бірінші премоляр мен моляр аймағындағы тіс қатарының ені мен күрек тістердің мезиодистальді өлшемдерінің қосындыларының арасындағы байланысты анықтады. Ол оны премолярлық және молярлық индекстермен белгіледі:80 және 64. Бұл байланыс келесі формулаларда көрсетілген:
=
бірінші премоляр арасындағы қашықтық
=
бірінші моляр арасындағы қашықтық
Жоғарғы жақтың өлшеу нүктелері: бірінші премолярдың бойлық фиссураларының ортасы және бірінші молярлардың бойлық және көлденең фиссураларының алдыңғы қиылысу нүктесі.
Төменгі жақтың өлшеу нүктелері: бірінші премолярдың екінші премолярмен жанасатын дистальді нүктесі (премолярлар арасындағы нүкте) және вестибулярлы беттің орталық нуктесі немесе бірінші премолярдың дистальді-ұрт төмпешігі.
Понның мәліметтері бойынша аталған өлшеу нүктелері тұрақты тістемде қолданылады. Аралас тістемде өлшеу нүктелерінің орнына жоғарғы жақтың бірінші уақытша молярының дистальді шұңқырын немесе төменгі жақ бірінші молярының листальді-ұрт төмпешіктерін алады.
Жоғарғы жақ күрек тістерінің барлығы шықпаған жағдайда(немесе жоқ болғанда), олардың енін Тон индексін қолдана отырып анықтауға болады. Индекс бойынша жоғарғы күрек тістер ені төменгі күрек тістер еніне 4\3 қатынасында болады.
Неміс ортодонттары Линдер және Харт Понның мәліметтерін тексеріп, нәсілдік ерекшелітерінің әсерінен неміс балаларын тексеруде қолданылу мүмкін емес деп анықтады. Н.Г.Снагина орыс ұлтының балаларын зерртей келе, ол да осы шешімге келді. Сондықтан да аталған авторлар Пон ұсынған 80 және 64 коэффиценттерінің орнына 85 және 65 коэффиценттерін қолдануды ұсынды.
Пон-Линдер-Харт әдісімен жоғарғы жақтың моделін өлшеу алгоритмі:
Төрт күрек тістердің енін олардың ең кең айиағынан, яғни кесу қырынан 0,1 мм-ге дейінгі дәлдікпен анықтау.
Күрек тістердің енін Пон формуласына салып, бөлгішке 85 (премолярлар мен күрек тістер арасындағы қашықтықты анықтау үшін) немесе 65 (молярлар мен күрек тістер арасындағы қашықтықты анықтау үшін) индексін қойып, ізделініп отырған шаманы есептеп- премолярлар мен молярлар арасындағы тіс доғасының шынайы енін шығарады.
Бірінші премолярдағы өлшеу нүктелерін тауып, олардың арасындағы тіс доғасының шынайы енін өлшейді.
Бірінші молярдағы өлшеу нүктелерін тауып, олардың арасындағы тіс доғасының шынайы енін өлшейді.
Тіс доғасының ізделініп отырған ені мен шынайы енін салыстырады (премолярлар және молярлар арасындағы).
Алынған нәтижелерді бағалау: егер алдыңғы тістердәі тар орналасуы кезінде премолярлар мен молярлар аймағындағы тіс қатарының тарылуы 6мм-ден жоғары болса, жеке тістерді жұлу көрсетіледі. Тісті жқлу согымен қатар келесі жағдайларда көрсетіледі:
а) егер күрек тістердің тар орналасуында орталық күрек тістер 10 мм, бүйір күрек тістер 7,5 мм, күрек тістердің енінің жалпы қосындысы 35 мм және одан жоғраы болғанда;
б) бет пішіні тар болып, кұрек тістер ені 33 мм-ден жоғары болғанда.
