Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-n_1201_s_1179_a__1178_az_tarikhy_docx-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3. Ортағасырлық ғұламалар ж.Баласағұн мен м.Қашқаридің

еңбектеріне талдау жасаңыз.

Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари үш кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл еңбекті жазудан бұрын ол бүкіл түріктердің елі мен жерін түгел аралып шыққан. Атақты орыс ғалымы А.Н.Кононов Махмуд Қашғаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түркі тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды дейді. Ал екінші бір түркі тілінің маманы Н.А.Баскаков Махмуд Қашғари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түркі тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды деген пікірді айтады.Бұл кітаптан бүгінгі ғалымдар сол кезлдегі түріктердің мекен-жжжайлаарының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Сондықтан өзінің деректілігі жағынан бұл ешбір баға жетпес еңбек болып табылады.

Жүсіп Баласағұни Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы , ақын. Оның атақты «Құт негізі-білік» («Құтадғу білік») атты еңбегі ХІ ғасырға дейінгі түркі тілдес халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұндағы ғылыми еңбек. Мұнда түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық саяси өмірі, әдет-ғұрып, наным-сенімдері туралы мағлұматтар көптеп кездеседі. Бұл еңбек бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ. Бұл еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін Ұлы хас-хажип деген лауазым алады.

27-билет

  1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)

  2. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» себептерін және тарихи маңызы.

  3. Сақтардың Шығыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық ескерткіштерін картаға белгілеңіз.

Жауабы:

1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)

Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді. XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.