Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-n_1201_s_1179_a__1178_az_tarikhy_docx-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Жауабы:

  1. Атлах шайқасы және оның тарихи маңызы.

751 жылы қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Таразға жақын жерде Атлах маңында арабтар мен қытайлар арасында шайқас болды.Ол бес күнге созылды.Атлах шайқасының үлкен маңызы; қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.Соғыста қытай әскері талқандалды. Қытай империясының Орталық Азияға ықпалы әлсіреді.

2. Ресейдегі Қазан тӛңкерісі және оның Қазақстанға әсері.

1917 жылы Қазан төңкерісі қарсанында жалпы ұлттық дағдарыстың тууына себеп болған жағдай аштық пен бүлікшіліктің басталуы, уақытша үкіметтің шаруаға жер, жұмысшыға фабрика, зауыттарды халық қолына бере алмауы, анархиялық көңіл күйдің тууынан шықты.1917 жылы 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды.Қазақстандағы Кеңес өкіметі орнауының пролетарлық революция үшін әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың жоқтығы,әлеуметтік-экономикалық мешеулік, қазақ ауылындағы патриархалды-феодалдық қатынастардың үстемдігі секілді өз қиыншылықтары болды.Қазақстанда Кеңес өкіметін орнауы негізінен қалалар мен басқа да ірі елді мекендерде 1917 жылдың қазан айының соңынан 1 918 жылдың наурыз айына дейін созылды.Кеңес үкіметінің бейбіт және қарулы күрес жолымен орнады.Кеңес өкіметі бәрінен бұрын Сырдария облысының маңызды орталықтарының бірі Перовск қаласында 30 қазанда орнады.1917 жылы қарашада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Әулиеата, Черняев қаласында билікті өз қолдарына алды.1917 жылы 1 қарашада Ташкентте кескілескен ұрыспен орнады. 1917 жылы 2 желтоқсанда Бөкейде,25 желтоқсанда Қостанайда, желтоқсанның аяғында Көкшетауда орнады.8 қаңтарда Ақтөбеде Ырғызбен Торғайда орнады.Қаңтарда Оралда, Павладарда қиын жолмен орнады.17 қаңтарда Орынборда,Семейде 16-17 ақпанда Семейде,наурызда Жетісуда, 2-3 наурызда Верныйда қарулы күреспен орнады.

3.Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) қалыптасқан өңірлерін картаға көрсетіңіз.

Қазақстанда кең-байтақ жерінде шаруашылықтың негізі үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық жер шаруашылық, ал оңтүстік-шығыста Жетісуда жартылай отырықшы мал шаруашылығы дамыған.Ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы жанданады.Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Қаратаудың күнгейлі беткейлерінде мал қыстайтын тұрақты қыстаулар бой көтерген.Көшпелі мал шаруашылығы Шығыс Дешті Қыпшақтың (Орталық және Солтүстік Қазақстан) және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп-ұону бағытарына байланысты қалыптасты.

22- билет

  1. Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы.

  2. 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің нәтижесін

салыстырыңыз.

  1. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:

  1. Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы.

1598-1628 жылы Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп,ал Тұрсын Ташкент қаласында өзін тәуелсіз хан жариялады.Есім хан өзінің хандық билігінің Бұхар хандығымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Ал Бұхар хандығы қазақ хандығының бытыраңқылығын пайдаланып,бұрынғы бітім шартты бұзып, қазақ жеріне жорықтар ұйымдастыра бастайды.Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы 1603 жылы Айғыржар деген жерде шайқас болып, Бұхар хандығы жеңіліс табады.1611 жылы Бұхар хандығымен келісімге келеді. Ал Тұрсын хан мен Есім ханның арасында шиеленіс басталады. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалады. Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны » атанды. Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатады.Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған.Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ел билеуге ұтымды пайдалана білді.

«Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған.Қоныс- тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шарлардың шешімдері осы кезде сараланды.Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.