- •Кейбір билеттердің 3-ші сұрақтарына жауап жоқ болуы мүмкін. Оны ұстаздарыңызбен, атлас сатып алып талдайсыздар. І Нұсқа
- •Жауабы.
- •1. Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.
- •2.1867-1868Жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
- •3.1920-1924 Жылдары Қазақ акср- інің құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картадан белгілеңіз. Қандай әкімшілік- аймақтардың кіргенін анықтаңыз.
- •Жауабы:
- •1.Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын талдаңыз.
- •2.Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызы.
- •3.Хvііі ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.
- •1.Түрік дәуірі .«Түрік» атауы туралы пікірлер.
- •2.1921-1922Ж. Және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
- •3.Хіх ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.
- •Жауабы:
- •1.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басқа көтерілістерден айырмашылығы .
- •2.1979Ж. Целиноград оқиғасы мен 1986ж. Желтоқсан көтерілісін салыстырып, ерекшеліктерін анықтаңдар.
- •3.Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз.
- •Жауабы:
- •Қаңлы мемлекеті (әкімшілік шекарасы, қоғамдық құрылысы, сыртқы саясаты, мәдениеті.)
- •2.1916 Жылғы көтерілісті 1929-1931 жылдардағы көтеріліспен салыстырып, ұқсастықтарын анықтаңыз.
- •3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтары және ортағасырлық қалаларды картадан белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •Андрон мәдениеті туралы мәліметтерді талдаңыз.
- •2.Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары “Қазақстан – 2030„ және “Қазақстан – 2050„ стратегияларына салыстырыңыз.
- •3.1867-1868 Жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •1.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі.
- •2.«Алаш» партиясы.«Алаш» партиясының бағдарламасындағы басты мәселелер.
- •3.Сақтардың құрамына кірген тайпалар және олардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
- •Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері.
- •3.1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс болған жерлерді картаға белгілеңіз
- •Жауабы:
- •1.Ұлы Жібек жолының Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси тарихындағы рөлі.
- •2.Қазақ акср-нің құрылуының тарихи маңызы.
- •3.Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
- •Жауабы:
- •1.Түріктердің рухани мәдениеті (жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері)
- •2.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші жүздер) орналасу аумақтарын картаға белгілеңіз.
- •Қарлұқ қағанаты.(Территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы туралы деректер).
- •2.Ұлы Отан Соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениет, ғылым және ондағы келеңсіз жағдайлар. Е.Бекмаханов, м.Әуезов, қ.Сәтпаевтің тағдырларын талдаңыз.
- •3.Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығы неде?
- •Жауабы:
- •1.Ғұндардың діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарын, әскери өнері.
- •2.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
- •3.Аттила мен Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орнына талдау жасаңыз.
- •Жауабы:
- •1.Батыс Түрік қағанаты (саяси тарихы, этникалық құрамы, мәдениеті )
- •2.«Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтары.
- •3.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
- •Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері.
- •2.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың тылдағы ерлігі.
- •3.Дамыған орта ғасырлардағы (х-хііІғ. Басы) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •1.Үйсін мемлекеті (шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті)
- •2.І және іі дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •3. Майдандағы қазақстандықтар.
- •3.Ерте орта ғасырлардағы (vі-іХғғ.) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •1. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
- •2. ХХғ. Басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер.
- •3. Хііі-хv ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
- •2. Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептері мен тарихи маңызы.
- •3.Қазақстан аумағындағы сақ-сармат дәуірінің археологиялық
- •Қазақстан аумағындағы тайпалық бірлестіктердің орналасқан
- •2. 1993 Жылғы 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасы
- •Жауабы:
- •1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы).
- •2. Қазақстандағы экологиялық проблемалардың негізгі себептері.
- •Аттила мен Шыңғысханның тарихта алатын орыны.
- •Жауабы:
- •2. 1916 Ж. Көтерілістің алғышарттары, сипаты, көтерілістің негізгі ошақтары және маңызы.
- •3. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.
- •Жауабы:
- •Атлах шайқасы және оның тарихи маңызы.
- •2. Ресейдегі Қазан тӛңкерісі және оның Қазақстанға әсері.
- •3.Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығының (көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы) қалыптасқан өңірлерін картаға көрсетіңіз.
- •Жауабы:
- •Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2. 1917 Жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің нәтижесін
- •3. Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің тұрақтарын картаға
- •Жауабы:
- •2. «Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан»
- •3. Қазақстан аумағындағы ашель кезеңінің тұрақтарын картаға
- •1. И.Тайманұлы мен м.Өтемісұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
- •2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу, олардың әдістері, қарқыны және зардаптары.
- •3. Қазақстан аумағындағы мустье кезеңінің тұрақтарын картаға көрсетіңіз.
- •Жауабы:
- •1.Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс және оның тарихи маңызы.
- •2. «Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
- •3. Қазақстан жерінде құрылған ұлыстардың (Жошы, Шағатай, Үгедей) және аумақтарын картаға белгілеңіз
- •Жауабы:
- •1. Жетісудың сақ дәуіріндегі археологиялық ескерткіштеріне сипаттама беріңіз.
- •«Экспо- 2017» көрмесін өткізудің тарихи маңызы.
- •3. Ортағасырлық ғұламалар ж.Баласағұн мен м.Қашқаридің
- •Жауабы:
- •1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
- •2. 1986 Жылы «Желтоқсан оқиғасының» себептері және тарихи маңызы.
- •3. Сақтардың Шығыс Қазақстан өңіріндегі археологиялық
- •Жауабы:
- •Қыпшақ мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
- •Патшалық Ресей және Кеңес империяларының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптары.
- •Сақ тайпалары: аргиппей, исседон, аримаспылардың алып жатқан аумақтарын картаға белгілеңіз.
- •Жауабы:
- •Қазақстандағы жэс: оның жетістіктері және мерзімінен бұрын аяқталуының себептері мен салдары.
- •Жауабы:
- •1. Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі.
- •2. Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы
- •3. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының аумағын картаға белгілеңіз
3. Хііі-хv ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картаға белгілеңіз.
Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы-ХV ғасырдың ортасы). Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда, кейін Сарай-Беркеге көшірілген.
Ақ Орда (ХІV-ХV ғасырдың басы). Жайық өзенінен батыс Сібңр ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.
Моғалстан (ХІV ғасырыдың ортасы-ХVІ ғасырдың басы). Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғыстан аумағы.
Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір (ХІV-ХVІ ғасырлар). Қазақстанның солтүстік-батысы. Алғашқы алып жатқан жері еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы. Нойғалар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.
Әбілқайыр хандығы батысында-Жайық (Орал), шығысында-Балқаш, оңтүстігінде-Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде-Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.
17- билет
Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Астананың Ақмола қаласына көшірілуінің себептері мен тарихи маңызы.
Қазақстан аумағындағы сақ-сармат дәуірінің археологиялық ескерткіштері және олардан табылған алтын киімді адамдардың обаларын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Оғыз мемлекеті (9 ғасырдың соңы-11 ғасырдың ортасы). 9 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ (учук). 8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. 9 ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
9 ғасырдың соңы мен 11 ғасырдың басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғасырлардың басанда араб деректерінде (мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде) айтылады.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.965 жылы Хазария жеңілгенге дейін оғыздар хазар қағандарымен ұзақ уақыт күрес жүргізді. Хазар қағанатының талқандалуы оғыз державасының саяси қуатынын өсуіне себепші болды. X ғасырдың аяғында оғыз жабғулары орыс князьдерімен біріге отырып, Еділ Бұлғариясын да күйрете жеңді. X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әли хан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген салжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әли ханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, салжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енгендігі айтылады.
