Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-n_1201_s_1179_a__1178_az_tarikhy_docx-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Жауабы:

1.Түріктердің рухани мәдениеті (жазба ескерткіштері, діни наным-сенімдері)

 Олар  түрікше сөйлеп, көне түркі жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі  35 әріптен тұрған. Ол өздерінің таңбалары негізінде жасалған. Түрік жазуы п.б.: 1.V ғ. 2. 1000 жыл ерте(сақтармен байланысты, 1мың ж). Оны Батыс Түрік қағанаты мен Византия мем-ң арас. Елшілік хаттардан көруге болады.

Түрік жазуымен қатар елде соғды жазуы да болды. Оны қолданғандар: қаған кеңесшілері, елші, есепші. Атақты көпестері Сайрам, Тараз, Баласағұн қала-да тұрған. Бұл жазу түрік жазуының ығыстырылуына әсер етті.Соңғы 30-40ж. Ішінде Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының ескерт.таб. жазудан оның тек билік иесі ғана емес, орташалар-ң болғанын  көреміз.Көне түркі тілінде 200 аса жәдігерлер табылған. Күнделікті тұрмыста ауызекі сөздерді қолданған. Нәтижесінде  VІІІ ғ. түріктердің жазба әдебиеті п.б.

Әдеби туындылар: мақал-мәтел, жоқтау дегендерге бай. Мыс.: өлімнен ұят күшті.

«Қорқыт ата» кітабы 12 жырдың қосындысы. Қызылорда Қармақшыда ескерткіші бар. Кітап мазмұнына қарағанда Қорқыт айтты деген нақыл сөздер жиынтығы көне түрік ауыз әдеб.жинастырылған.Қорқыт кітабы жастарды тәрбиелі болуға, жер, елін қорғауға, батыр, батыл болуға шақырады. Бірлікті уағыздайды. Сонымен оларда жазба әдебиет пен әдеби тілдің жақсы дамығанын көре аламыз.

Наным-сенімдері мен діні

-Отқа табынған. Отпен аластау секілді ескі наным ел ішінде әлі сақталған.табиғатқа табынған. Қаза болған адам-ң туыстары жиналып, киіз үй тігіп, құрбан шалып, оның атын, мәйітін, заттарын бірге өртеген.

Жазда өлсе күзде, қыста болса көктемде топырағын жерлеген. Бұл мезгілге табыну.

 -Күлтегін жазуынан аспан әлеміне, көкке сиынғандығын көре аламыз.

-Ұмай анаға табынған.

-Көк бөріге табынған (Оғызнама) Балаға жақсы бәйге аттарға тіл –көз тимеу үшін бөрінің тырнақ, көз, тіл сияқты мүшелерін кесіп алып, тағып қоятын. Тісі де қасиетті.

VІІІ ғ. Оңт. Қаз. Мұсылман діні етек ала бастады. Орталықтары: Сайрам, Тараз, Отырар, Йасы. Оны Сатұқ Боғра хан мемл. Дін есебінде пайд.

2.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оның тарихи маңызы.

Түркістан АвтономиясыҚоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды