Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
912.83 Кб
Скачать

22. Операциялық бөлменің температурасын табыңыз?

Палаталардың желдетілуі тарту-сору жүйесі және табиғи желдетілу (терезелер) арқылы жүзеге асырылады. Палаталардағы ауа температурасы +20°С, таңу, балаларбөлімшелерінде және жуыну бөлмелерінде +22-25°С, операция және бала туу бөлімшелерінде болу керек +25°С.Бөлмелердегі ауа температурасы бірқалыпты болуы шарт. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% болу керек.

24.Бикстерде зат-саймандарын орналастырудың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз?

Бикске салудың универсалды, мақсатты, түрлі (видовая) түрлері бар:

Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта шариктер.т.б.

Мақсатты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар салынады.

Түрлі кезінде бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады.

Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды дайындау және бикске орналастыру

  • Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды дайындаймыз;

  • Бикстің ақаусыздығын тексереміз;

  • Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;

  • Бикстің ішіне жайма төсейміз:

  • Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;

  • Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта шариктерін т.б

  • Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң тәртіппен саламыз;

  • Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;

  • Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:

  • Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;

  • Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;

  • Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру үшін бос етіп саламыз;

  • Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен салуды қадағалау керек;

  • Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

25.Сүт, ірімшік, сүзбе тағамдары белгіленетін диета түрін табыңыз?

14 диета Тағайындалуы: Несептің сілтілі реакциясы және фосфор-кальций тұздарының дамуымен сипатталатын фосфатурия

Сипаттамасы: несептегі реакцияны қышқыл етіп өзгертуге көмектесетін тағамдар енгізу. Сұйықтықтың жалпы мөлшері 1,5-2л. Дайындалуы – аспаздық өңдеуі әдеттегідей, тәулігіне 4-5 рет.

Дайындалатын өнім мен тағам түрлері: сүт, ірімшік, сыр, сұйықтық жалпы мөлшері 1,5-2л. 80-100г белок, 100г май, 400г сутегі, 2800калорий.

Рұқсат етілмейтіндер: сілтілендіретін әсері бар тағамдар.

26.Жағдайы ауыр науқастарды зеңбілден төсекке ауыстыру әдістері.

Жағдайы ауыр науқастарды ауыстыру әдістері:

  • параллельді әдіс – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына 2-3 метр аралықта орналастыру

  • бұрыш асты әдісі: зеңбілдің аяқ жағын кереуеттің бас жағына перпендикулярлы қояды немесе керсінше, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы қояды

  • реттік әдіс: зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою

Науқасты ауыстыру кезінде зеңбілдің және кереуеттің орналасуы

а – кереуеттің бас жағына перпендикулярлы зеңбілдің аяқ жағын қою; б – кереуетке параллельді, зеңбілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына қою;

в - кереуеттің аяқ жағына перпендикулярлы зеңбілдің бас жағын қою.