Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клиниека.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
912.83 Кб
Скачать

58.Дезинфекциялық препараттармен жұмыс жасау барысында тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек?

Тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болғандазақымдалған адамды бөлмеден лезде таза ауаға немесе жақсы желдетілетін бөлмеге шығарады.Ауызды және жұтқыншақты сумен шаю. Формальдегидпен уланған жағдайда бірнеше тамшы мұсатырлы спирт қосылған су буын ішке жұту, натрий гидрокарбонаты қосылған жылы сүт немесе “Боржоми” (минералды су) қабылдау. Көрсеткіштер бойынша жүрекке қатысты, тыныштандыратын, жөтелге қарсы заттар, оттекті дем алу. Ауыр жағдайларда — госпитализация.

59.Шашқа ниттифор ерітіндісін жаққаннан кейінгі іс-әрекетті көрсетіңіз?

1. Науқасты кушеткаға отырғызып, дәке тампонын ниттифордың

0,5% сулы – спиртті ерітіндісіне малып алып, шашына жағамыз.

2. Орамалмен басын ораңыз, 40 минуттан соң, шашын жылы суда

сусабынмен жуыңыз.

3. Шашты майда тарақпен тараңыз.

Ескерту :

- препарат отта қауіпті, сондықтан жанып тұрған оттың қасында қолдануға

болмайды;

- көздің, мұрынның, ауыз қуысының кілегей қабаттарына шашырамаудың

алдын алу керек. Шашыраған сәтте ағынды сумен жуу керек.

60.Бикстерге заттарды салу іс-шарасының орындалуын жазыңыз?

Іс-шараның орындалуы:

1. Бикстің дұрыс жабылуын тексеру;

2. Биксті ішкі және сыртқы жағынан залалсыздандыру 15 минут аралықта екі рет.

3. Биксті ішкі жағынан екі қабат мата салфетканы төсеу.

4. Құрал-жабдықтар мен материалдарды босанқы салу, өйткені олардың арасынан қол өту үшін.

5. Зарарсыздандыру индикаторын берілген заттарды зарарсыздандыруға арналған температуралық режимге сәйкес салу.

6. Салынған материалдарды, заттарды биксқа төсеген салфеткамен жабу.

7. Биксті жабу.

8. Бикстің ұстағышына бөлімшенің атауы, кабинеті, зарарсыздандыруға жіберілген материалдың атауы көрсетілген белгі жапсыру.

9. Биксті орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесіне таза қапқа салып жеткізу.

10. Зарарсыздандыру жүргізгеннен кейін биксті тығыз таза қапқа салып қайта алып келу.

62. Инфекциялық процесс дегеніміз не?

Инфекциялық процесс – бұл макро және микро ағза арасындағы қарым-қатынас арқылы, әр түрлі формадағы (жедел,созылмалы,жасырын, тасымалдаушылық) жұқпалы аурулардың дамуына алып келетін үрдіс. Инфекциялық процесс дамуының негізгі шарты-ауру қоздырғышының болуы.

64.Дезинфекцияның қанша режимі бар және сипаттап жазыңыз?

Дезинфекцияның үш режимі бар: Р-1, Р-2 и Р-3:

Р-1 (қарапайым) ішек бактерияларын және респиратолы вирустарды жоюға бағыттылған, дезинфекциялық құрал ретінде 1% хлорамин ерітіндісі немесе 1,5% гипохлорит кальций

ертіндісі қолданылады (1 сағатқа).

Р–2 (күшейтілген) туберкулез және саңырауқұлақ микобактерияларын жоюға бағытталған, 5% хлорамин 6 сағатқа немесе 2,5% гипохлорит кальций ерітіндісі 4 сағатқа.

Р–3 (анаэробты) парентеральды вирустарды жоюға бағытталған (сіреспе), дезинфекциялау үшін 6% сутегінің асқын тотығы қолданылады.

Іс-шараның орындалуы:

1. Арнайы киімді кию: халат, маска, қолғап.

2. Дезинфекциялық ерітіндіні дайындау.

3. Дайындалған ыдысқа құю.

А)Бірінші ыдыста: қолданғаннан кейін медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру және жуу.

Б) Екінші ыдыста: медициналық заттардың ішкі каналдарын толтыру, ерітіндіге толығымен салып қою, ыдыстың қақпағын жауып бір сағатқа қалдырып қою керек, бір сағаттан кейін құрал-жабдықтарды ерітіндіден алып шығып, астаушаға салу.

4.Ағынды су астында медициналық заттарды бірнеше рет жуу.

5. Қолданылған дезинфиялық ерітіндіні канализацияға төгу.

6. Қолғапты шешу, қауіпсіздік сақталған контейнерлерге утилизацияға жіберу.