- •1.Амбулатория дегеніміз не?
- •2.Антисептика дегеніміз не?
- •3.Асептика дегеніміз не?
- •61.Инфекция жұғу жолдарын көрсетіңіз?
- •4.Қол деконтаминациясының мақсатын атап көрсетіңіз?
- •5.Пастеризация дегеніміз не?
- •6.Дезинфекциялық заттарға қойылатын талаптар?
- •7.Хлорамин ерітіндісіне сипаттама беріңіз?
- •8.Стерилизация үшін қолданылатын металдық бикстің түрлерін атаңыз?
- •9.Субфебрильді қызба дегеніміз не?
- •10.Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиілігін атаңыз?
- •12.Науқас қақырығын диагностикалық зерттеуге тапсырар алдында, ауыз қуысын немен өңдейді және іс-әрекетін жазыңыз?
- •13.Асептика ережесін бұзу кезінде тері астылық егудің асқынуын және сипаттамасын беріңіз?
- •14.Медициналық көмектің түрлерін атаңыз және сипаттап жазыңыз?
- •15.Көмірсулар адам организіміне не үшін қажет және неге әсер ететінін түсіндіріңіз?
- •63.Көмірсулар неше топқа бөлінеді және оларды атаңыз?
- •66. Көмірсулардың резервті қорын атаңыз?
- •16.Сынапты термометрдің артықшылығы мен кемшілігін жазыңыз?
- •17.Мейірбикелік тексерудің қанша әдісі бар және ол әдістерді анықтаңыз?
- •38.Мейірбикелік үрдістің кезеңдерін атаңыз?
- •18.Соңғы кезде бір рет қолданылған резеңке қолғаптарды қандай әдіспен залалсыздандырады және іс-әрекетін көрсетіңіз?
- •19.Дегмин және Дегмицитпен қолды өңдеу тәсілін түсіндіріңіз?
- •23.Қолды Хлоргексидинмен өңдеудегі іс-әрекетті жазыңыз?
- •20.Қолдың деконтаминациясының қанша түрі бар және сипаттап жазыңыз?
- •21.Әлеуметтік қолды өңдеудің ережелерін ретімен атап көрсетіңіз?
- •22. Операциялық бөлменің температурасын табыңыз?
- •24.Бикстерде зат-саймандарын орналастырудың қанша түрі бар екенін көрсетіңіз?
- •25.Сүт, ірімшік, сүзбе тағамдары белгіленетін диета түрін табыңыз?
- •26.Жағдайы ауыр науқастарды зеңбілден төсекке ауыстыру әдістері.
- •27.Қант диабетімен ауыратын науқастың тамақ рационында органикалық заттардың қайсысын азайту көзделетінін табыңыз?
- •28.Бас битін жою үшін, науқастың шышын қысқа қылып қиып тастау әдісі қолданылады. Егер науқас оған қарсы болса сіз қандай ерітінді қолданасыз?
- •29.А классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? а классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
- •30. Емханадағы хирургиялық кабинет қанша бөлмеден тұратынын талдап көрсетіңіз?
- •31.Хоспис дегеніміз не?
- •32.Термометрдің қанша түрі бар және оларды атаңыз?
- •33.Пероральді тамақтану
- •34.Тәулік бойы адамның қоладанатын сұйықтық мөлшері?
- •35.Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:
- •36.Қай диета жалпы үстел деп аталады және сипаттама беріңіз?
- •37.Сау адамның тамақтану рационында тәуліктік ақуыз мөлшері құрау қажет?
- •39.Ақаулы ентігу түрлерін атаңыз?
- •40.Деконтаминация дегеніміз не?
- •41.Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан айырмашылығын атаңыз?
- •42.Емдік-профилактикалық мекемелеріндегі тазалау түрлері атаңыз?
- •44.Ваннаға әрбір науқас түскеннен соң жуудағы іс-әрекетті түсіндіріңіз?
- •45.Науқастың дене қызуын күніне қанша рет өлшейтінін анықтаңыз?
- •47.Матаға оралып залалсыздандырылған құрал-саймандар мен жапқыштарды қанша сағат сақтауға болады?
- •48.Қолға, мұрынға, құлаққа қан тигенде жүргізілетін өңдеуді түсіндіріңіз?
- •50.Арқасымен, ішімен, қырымен жатқан қалпында ойылуға бейім келетін жерлерді атаңыз?
- •51.Науқастың кеуде шеңберін өлшеу кезіндегі іс-әрекетті көрсетіңіз?
- •52.Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:
- •53.Санивап дезинфекциялық құралын сипаттаныз?
- •54.Қолды ультрадыбыспен өңдеу тәсілін көрсетіңіз?
- •55.Операция жасалатын аймақты Гроссих-Филончик-Пирогов әдісімен өңдеуді сипаттаңыз?
- •58.Дезинфекциялық препараттармен жұмыс жасау барысында тыныс алу жолдарында тітіркену пайда болған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек?
- •59.Шашқа ниттифор ерітіндісін жаққаннан кейінгі іс-әрекетті көрсетіңіз?
- •60.Бикстерге заттарды салу іс-шарасының орындалуын жазыңыз?
- •62. Инфекциялық процесс дегеніміз не?
- •64.Дезинфекцияның қанша режимі бар және сипаттап жазыңыз?
- •65.Тәуліктік рацион калориясының қанша пайызын майлар құрайды?
- •69.№ 1 Диета қандай науқастарға тағайындалады?
- •70.№ 8 Диетада қандай тағамдар қолданылады?
- •71. Аіи дезинфекция жүргізу схемасын түсіндіріңіз?
- •72.Контейнерлерді тасымалдауға арналған арбаға тыйым салынады?
- •73.Кушеткаларды дезинфекциялау ережесін атаңыз?
- •74.Операциялық алаңды өңдеуге арналған антисептиктерге мысал келтіріңіз?
- •75.Шиммельбуш биксінде заттарды орналастыру түрін анықтаңыз?
- •81.Клизма арқылы жіберілетін қоректік заттарды көрсетіңіз?
- •82.Б классты қалдықтар есм қай жерлерде болуы тиіс? б классты қалдықтарды жинау ережелерін атаңыз?
- •83.Спасокукоцкий-Кочергин әдісімен қолды өңдеудің 2-кезеңін көрсетіңіз?
- •85.Дене қызуының жиынтығын өлшеуді көрсетіңіз?
- •86.Ойылудың бастапқы кезеңінде қандай процесстер болатынын көрсетіңіз?
- •88.Клизмалық ұштықтар мен катетерлерді дезинфекциялау ережесі?
- •90.Медициналық қызметкер аив (вич) - жұқтырылған науқасқа манипуляция жасау барысында шприцтің инесімен қолын жарақаттап алған. Аталған апатты жағдайда жасалатын іс-әрекет?
1.Амбулатория дегеніміз не?
Амбулатория(латынша Ambulatorius - жылжымалы) бул профилактикалык мекеме, емхана сиякты халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Амбулаторияның жұмысы емхананың жұмысы мен бірдей, тек мұнда медициналық жәрдемнің көлемі емханаға қарағанда аз. Әдетте амбулатория елді-мекендерде уйымдастырылады, мұнда жумыс істейтін дәрігерлер саны 5 тен аспайды. Амбулагориянын жумыс icтеу принципі емхана сиякты учаскелік дәрігер, учаскелік мейірбике, тек мұнда медбикелердің дербес жұмыс icтеуін жіне жауапкершілікті талап етед. Және ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
2.Антисептика дегеніміз не?
Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.
Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).
Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.
Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.
Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.
Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.
Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.
Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.
3.Асептика дегеніміз не?
61.Инфекция жұғу жолдарын көрсетіңіз?
Асептика деп жараға немесе науқас ағзасына микроорганизмдердің енуінің алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жиынтығын атайды.
Асептиканың мақсаты ағзаның әсіресе науқастың операциядан кейінгі жарасын инфекциядан сақтау.
Инфекция науқастың өзінің организмде (эндогенді) орналасуы мүмкін. Оның көзі – науқас терісі, асқазан – ішек жолдары, ауыз қуысы, түрлі аурулар кезінде болатын инфекция ошақтары (тіс жегісі, созылмалы инфекция). Инфекция ошағынан микроорганизмдер жараға гематогенді, лимфогенді, қарым-қатынас арқылы беріледі. Эндогенді инфекцияның алдын алу үшін емдік – профилактикалық мекемеге ем қабылдауға келген науқастар толық зерттеуден өткізіледі. Бұл зерттеуге жалпы қан және зәр анализдері, RW-ға және 50 формаға (адамның иммунотапшылығын тудыратын вирустың антиденесін анықтау үшін) биохимиялық қан анализдері, нәжісті глистке қарау, ауыз қуысына санация жасау жатады. Аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мақсатында жедел респираторлы аурулармен ауыратын науқастарға немесе жедел жұқпалы аурулармен ауырып болғаннан кейінгі балаларға екі апта мерзім ішінде жоспарлы операция өткізуге болмайды. Жедел операциялар кезінде, уақыттың аздығынан баланы толық зерттеуден өткізу мүмкін болмаса, операциядан кейінгі кезеңде емдеу үшін қосымша антибиотиктер, антисептиктер тағайындалады.
Экзогенді инфекция жараға сыртқы ортадан ауа-тамшы жолымен (шаңның бөліктері бар ауа мұрынға, жұтқыншаққа, жоғарғы тыныс алу жолдарына түседі), қарым-қатынас арқылы (залалсызданбаған құрал-саймандардан, таңуға арналған маталардан, медицина қызметкерлерінің қолдарынан), имплантациялық жолмен (тігуге арналған және пластикалық материалдардан, протездерден) енеді.
Ауа – тамшылық жолмен енетін инфекцияның алдын- алу үшін көптеген шаралар жиынтығы өткізіледі.
