- •Мазмұны
- •І. Бөгетті жобалау
- •1. Бөгеттің көлденең пішінін құрастыру
- •Бөгет жөтасының белгісін анықтау
- •1.2 Құламаларды бекіту
- •1.3 Сүзуге қарсы және құрғатқыш құрылғылар
- •1.4 Бөгеттін денесімен және оның табанымен су сүзілу есептері
- •1.5 Құламалардың орнықтылығын есептеу
- •2. Жер бөгеттерінің суөткізгіш құрылымдары
- •2.1Су шығарғыш түрін таңдау және оны есептеу
- •2.2Мұнаралы суалғышты жобалау
- •2.3. Суалғышта болатын тегеуріннің шығынын анықтау
- •III. Бәсендеткіштін өлшемдерін анықтау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.2 Құламаларды бекіту
Жер бөгетінің жоғары құламасын жел толқындарының, мұздың, су ағынының, атмосфералық шөгінділердің және басқа факторлардың қирату әсерінен қорғау үшін ҚР ҚНжЕ 04-02-2008 бекітулердің келесі түрлерін ұсынады: тас, бетон және темірбетон, асфальтбетондық, биологиялық.
1. Жоғарғы құлама беткейді жер толқындарынан, атмосфералық жауын – шашыннан, су ағынынан сақтау үшін монолитті темір бетон плитаның есептік қалындығын келесі формула бойынша анықталады:
(1.4)
Мұндағы:
тұтас тақта болғанда;
Pб=2.4 т/м3 бетонның тығыздығы;
P=1.0 т/м3 су тығыздығы;
толқынның
ұзындығы;
в – тақтаның жота жиегінен перпендикуляр бағыттағы өлшемі;
hд – толқынның орташа тереңдігі.
1.3 Сүзуге қарсы және құрғатқыш құрылғылар
Сүзуге қарсы құрылғылар топырақ және топырақ емес материалдардан жобаланады. Оларды қалқан, понур, өзек, диафрагма, тістер, шпунт қабырғалары, бөгетше, инъекциялық шымылдық және басқа түрде орындайды.
Бөгет денесі арқылы сүзілген суды ұстап қалу және қауіпсіз бұру және депрессиялық қисық сызықты төмендету үшін құрғатқыш (дренаж) орнатылады, құрғатқыштың құрылымы бөгеттің түріне, құрылыс материалдарының түрлеріне, төменгі бьефтегі су деңгейіне байланысты ҚР ҚНжЕ 04-02-2008 сәйкес таңдалады.
Төменгі құламанының орнықтылығын жоғарылататын құрғатқыш призмасы орнатылады. Оның биіктігін һд = 0,2*15,3=3.06 деп қабылдаймыз.
Бөгет денесінде қалқан орнатамыз.Егер табан су өтімді болса және су өткізбейтін табан суға төзімді 2-3 м терендікте орналасса, бөгет пен табанның жалғастыруы су өткізбейтін табанға 0,5 ÷ 0,75 м–ге тереңдетілген саздақ немесе қыртысталған топырақтың құлпымен жүзеге асырылады.
Су өтімді қабаттың қалыңдығы 4-5 м болған жағдайда тереңдігі 1 ÷ 1,5 м тіс орналастырылады. Су өткізбейтін табан терең жатқан жағдайда «салбыраған» қада қабырға бар тіс орналастырылады немесе понур көзделеді.
Қалқан жоғары құлама бойы құрылады және мұздау тереңдігінен кем емес құм-қиыршық тас топырағының қорғаныс қабатымен жабылады. Қалқан төбесі (жотасы) желқуманы және толқын қабатын ескере отырын ТТД белгісінен жоғары болуы керек. Қалқанның жоғарыдағы қалыңдығын (құламаға қарсы қалыпты) 0,8 м кем емес, ал төменде 3,0 м кем емес тағайындайды.
1.4 Бөгеттін денесімен және оның табанымен су сүзілу есептері
Нормативтік құжаттарға сәйкес су сүзілу есептерінің мақсаты:
а) бөгеттің, бөгет астындағы жер қабаттары мен өзен жағаларының сүзілу беріктігін анықтау;
б) бөгеттің беткейлері мен өзен жағаларының орнықтылығын анықтау;
в) бөгеттің су сүзілуін азайтатын құрылым – дренаждың тиімді пішіні мен мөлшерлерін дәлелдеп тағайындау.
Бұларды шешу үшін бөгеттің денесіндегі және өзен жағаларындағы депрессия жазықтығының орны анықталып, сүзінді ағынның тегеуріні немесе тегеуріннің градиенті есептеледі. Оған қоса жоғарғы бьефтен төменгі бьефке сүзіліп шыққан судың шамасы анықталады. Депрессия жазықтығының орнын және сүзіліп өткен судың шамасын табудың жолдары көп.
Қалқанды бөгет
Миллиметровка қағазына бөгетті есептеу үлгісін сызамыз.
Замариннің ұсынысы бойынша, бөгеттің жоғарғы көлбеу беткейін тік қабырғамен алмастырамыз. Оның орны жоғарғы бьефтегі су денгейі мен беткейдің қиылысқан сызығынан L1=BН1 қашықтықта деп есептеледі.
Депрессия сызығының көлденен сызыққа проекциясының ұзындығы анықталынады, олның ұзындығы қарапайым түрде табылады.
Lқ=L+[(Kб/Kқ) – 1]Ωорт+sinӨ=43.9+[(0.25/0.0011)-1]*2+0.3=496.8
Мұндағы:
sinӨ=
- қалқанның осі мен көлденең жазықтық
арасындағы бұрыш.
Ωорт= Ω1+ Ω2/2=1+3/2=2 - қалқанның орташа қалындығы;
Lес = m1Нб + bж + m2 (Н1 + hб – hd) – m3 hd=3*2,3+10+2(13+2,3-3,06)-1*3,06=38,3+∆L=38.3+5.6=43.9 м (1.8)
Бөгеттен өтетін сүзілгінің меншікті су өтімі келесі формуласымен анықталады:
qδ=
(1.9)
мұндағы: Kс.б. - бөгет денесінің сүзілу коэффициенті;
Келесі формуларымен депрессия сызығы орналасатын орын анықталады:
(1.10)
Бұл формулалардағы У пен Х депрессия сызығының координаттары. Бірінші формулады Х осі депрессия сызығының басынан басталса, екінші формулада депрессия сызығының аяқталған жерінен басталады. У – осі барлық жағдайда бөгеттің табанынан басталады. Жазылған формулаларды қолданып шешу үшін кесте жасалынады. Оған Х мәндерін “0” – ден “L” – ге дейін бөліп жазып, ал “Y” мәндерін формула бойынша анықтаймыз.
Кесте 2. Депрессия сызығның табу кестесі
Х м |
0 |
10 |
20 |
30 |
40 |
50 |
60 |
100 |
200 |
300 |
496.8 |
У м |
2 |
2.7 |
3.2 |
3.7 |
4.1 |
4.5 |
4.8 |
6 |
8.2 |
10 |
12.7 |
Кестеде “Y” табу үшін екінші формуланы қолдандым.
Бөгет денесіндегі сүзілген судың орташа градиенті:
СНиП
РК 3.04.02-2008 -тегі 8 – кесте бойынша аумалы
градиенті
анықтаймыз.
Өзекті және қалқанды бөгеттер арнайы әдебиеттерде келтірілген, сонымен қатар ӨЖСҚ кезінде оқытушыдан консультацияда алады.
