Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ 3к. Фарм.каз.13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.85 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Анестезиология және реаниматология курсы мен

мейірбике ісі кафедрасы

ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар мен машықтануды аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау

Мамандық : 5В110300 - «Фармация»

Пән: Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Курс: 3

Шымкент 2016 ж.

ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар мен машықтануды аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқау «ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдылар мен машықтарды аттестациялауға арналған әдістемелік нұсқауларды өңдеудегі инструкция» және Фармация мамандығы бойынша Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек типтік бағдарламасының негізінде (Астана 29 сәуір 2009 ж.) құрастырылды.

Кафедра мәжiлiсiнде талқыланған

№ 8 хаттамасы 25.03.2016 ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сейдахметова А.А.

Әдістемелік кеңес мәжiлiсiнде бекітілген

№_______хаттамасы ________2016 ж.

Кіріспе

«Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек» пәнінің мағынасы жедел жәрдем станциясының ұйымдастыру жұмысы және қызмет апатындағы жағдайда, жәрдемнің түрі және науқасқа көмек беру, экспресс диагностикалық тәсілі және реанимациялық жұмыстар кезінде ашылады. Жедел және шұғыл жағдай деп, өмірге қауіпті және шұғыл медициналық көмек қажет жағдайды айтады. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмектің осындай басты мақсаттарын білмейінше жоғары білімді мейірбике мамандарын қажетті деңгейде деп есептеу қиын. Қарқынды терапияның негізін білу және шұғыл көмек көрсете білу кез келген саладағы медицина кызметкерінің басты жұмысы болып саналады. Медицина кызметкерінен госпитальға дейінгі кезеңде кез келген жағдайда тез және дұрыс нақтама қою талап етіледі. Шұғыл жағдайды емдеу жетістігі сол медицина кызметкерінің кәсіптік дайындық деңгейімен және жеке қасиеттерімен байланысты анықталады.

Қауіпті жағдайдағы науқастың мәселесін шешу үшін төтенше медицина мен жедел медициналық көмекте мейірбике процесін іске асыру, жоспарлау, ұйымдастыру бойынша білім мен дағды қалыптастыру пәннің негізгі мақсаты болып табылады.

Студенттерге мәлімет:

• Емтихан алдында барлық студенттерге нөмірі көрсетілген бейджи, шифры бар қорытынды аттестациялық парағы беріледі.

• Студент шифр нөмірін білуі қажет.

• Емтихан басталуы ысқырықтан кейін басталады.

• Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз студенттердің келесі кезеңге өтуі ысқырықтан кейін басталады.

• Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоюға құқы жоқ.

Емтихан қабылдаушыларға мәлімет:

• Әр емтихан қабылдаушыға емтихан біткенше жауап беретін кезең бекітіледі,

• Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.(қ.9)

• Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.(қ.8)

• Емтихан қабылдаушы қорытынды балды есептеп «Қорытынды аттестациялық параққа» (қ.10) енгізіп, қол таңбасын қойып студент қолына тапсырады.

• Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға құқы жоқ.

• Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын хатшыға тапсыруы қажет.

• Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.

Құзіреттілік:

Білімі:

  • Клиникалық өлім белгілерін анықтау

  • Артериялдық қан кету белгілерін анықтау

  • Байлам салу ережелерін анықтау

  • Небулайзер терапиясының әсер етуін анықтау

  • Тасмалдаушы шендеуішті қою тәсілін анықтау

Іскерлігі:

  • Журекке тікелей емес массаж жасау

  • Өкпені жасанды желдендіруді жасау

  • Небулайзер терапиясын жүргізу

  • Баска «Телпек» байламын салу

  • Ризенкелі қан тоқтату бұрамасын салу

Қарым қатынасы:

  • Науқаспен тиімді коммуникация тәсілін қолдану

  • Байлам салу кезінде науқаспен байланысу

  • Науқасқа небулайзер терапиясын жүргізу тәсілін түсіндіру

  • Тасымал шендеуішін қою кезінде науқаспен байланысу

5. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек бойынша ОҚКЕ сатылы өту кезеңдерінің

СЫЗБАСЫ

(Фармацияс, 3 курс студенттеріне)

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек бойынша емтихан құрамындағы ОҚКЕ үшін клиникалық дағдылардың тапсырмалар тізімі

Кезең№

Студенттерге тапсырмалар

Макс.

балл

Уақыт

мин.

1

Ауруханаға дейінгі этапта клиникалық өлімдегі ересек адамды жандандыру тәжірибелік дағдыңызды іс-қимылыңызды түсіндіре отырып көрсетіңіз.

4

8

2

Волонтердің қолынан сыртқы қан кетуін уақытша тоқтату тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз. Өз іс-әрекетіңізді сипаттап беріңіз.

4

5

3

Білекке Крамер шендеуішін салу тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз. Өз іс-әрекетіңізді сипаттап беріңіз.

4

5

4

Небулайзермен волонтерді емдеу машықтарыңыз бен дағдыларыңызды көрсетіңіз. Өз іс-әрекетіңізді сипаттап беріңіз.

4

5

5

Ауруханаға дейінгі этапта, бас-ми жарақатында, сыртқы қан кетуін тоқтату және «Телпек» таңғышын салу

тәртібі мен тәсілі тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз. Өз іс-әрекетіңізді сипаттап беріңіз.

4

7

Барлығы

20

30

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек бойынша емтихан құрамындағы оқке үшін жабдықтардың, құралдардың және құжаттардың тізімі

Кезең №

Кезеңдердің аталуы

Қажетті құрал-жабдықтар

1

Жүрек өкпе реанимациясын жүргізу

Емтихан қабылдаушыға мәлімет, сағат, калькулятор, студентке тапсырма, резінке қолғап, бетперде, Resusi Anne немесе GODE BLUE тренажеры, бір рет қолданатын сүлгілер, сағат, калькулятор.

2

Қолда сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату

Емтихан қабылдаушыға мәлімет, сағат, калькулятор, студентке тапсырма, латексті қолғап, резіңке бұрама, уақыт көрсетіп жазатын қағаз, қалам, залалсыздандыратын ерітінді құйылған шөлмек, аналгетиктер, бір рет қолданатын сүлгілер, мақта, дәке. Бұл кезең волонтерлердің көмегімен өткізіледі.

3

Білекке Крамер шендеуішін салу

Емтихан қабылдаушыға мәлімет, сағат, калькулятор, студентке тапсырма, латексті қолғап, ұзындығы 80см. ені 8см. Крамер шендеуіші, наркотикалық емес жансыздандыратын дәрілік зат, 2 бинт, мақта, мақтадан жасалған жастықшалар, орамал, қайшы. Бұл кезең волонтерлердің көмегімен өткізіледі.

4

Небулайзермен емдеу

Емтихан қабылдаушыға мәлімет, сағат, калькулятор, студентке тапсырма, латексті қолғап, небулайзер аппараты, вентолин, бір рет қолданатын сүлгілер, дәке. Бұл кезең волонтерлердің көмегімен өткізіледі.

5

Бас-ми жарақатында «Телпек» асептикалық таңғышын салу

Емтихан қабылдаушыға мәлімет, сағат, калькулятор, студентке тапсырма, латексті қолғап, қайшы, пинцет, физиологиялық сұйықтық, изотоникалық сұйықтық, спирт, бір рет қолданатын сүлгілер, дәке, фантом.

1 - КЕЗЕҢ